Реферат: Әдебиет | Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары

Реферат: Әдебиет | Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары

Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары.
(1875-1921 жж.)

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихы мен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды.
Тарихи ақиқаттың орнауы нәтижесінде Ғ.Қараштың құнды мұралары ортамызға қайтып оралды. Ғ.Қараш туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімді баспасөз беттерінде, мұрағат қазыналарында жиі-жиі кездеседі. Оның есімі ХХ ғасырдың бас кезеңінде татар, башқұрт, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген газет, журналдар мен кітаптардың беттерінен түскен емес, оның өз заманында Ресейдің бүкіл түркі тілдес халықтарын аузына қаратқандығын мақтан тұтуға болады.
Отарлық саясаттың тікелей салдарынан, жаппай орыстандыру әрекетінен жапа шеккен, халқын ұлттық бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, қазақ еліне даналы ақыл бергендердің бірі – осы Құмар Қараш болды. Оның алаш партиясын жақтап, құрамына белсенді мүше болуы, көрнекті қайраткер есімін тарих бетінен мүлде сызып тастады.
Ғ.Қарашты бұрынғы одақ жұртшылығына таныстыруда белгілі ғалым, академик С.З.Зиманов пен зерттеуші-ғалым, М.Ш.Ысмағұлов көп үлес қосты. Сонымен қатар Ғ.Қарашты ақындық қырынан зерттеп, кандидаттық диссертациясына арқау еткен филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әнесұлы Тәжірмұратов болды.
Халқымыздың осынау абзал перзентінің шығармашылығын насихаттауға жазушы, ғалым М.Мағауин біршама еңбек сіңірді. Ол 1978 жылы цензорлық бақылауға қарамастан, Ғұмар Қараштың бірнеше өлеңдерін Ленинград қаласында басылып шыққан «Қазақстан ақындары» жинағына енгізді.
Ғұмар Қараш 1875 жылы Бөкей Ордасындағы Қырқұдық деген жерде (қазіргі Орал облысы, Казталов ауданы) сіңірі шыққан кедей шаруаның әулетінде дүниеге келген. Әкеден жеті жасында жетім қалады.
Жастайынан өз халқының фольклорлық бай қазынасына құштар болған ол небір жыр, криссаларды ой-санасына сіңіріп өседі. Сол заманның талабына сай орта дәрежелі діни білім алады. Жалпақдаладағы Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алып, сол басқарған медресені бітіреді. Осы ғылымды жетік меңгергені соншама, иман, ал одан кейін ахун дәрежесіне ие болады. Өзі басшылық еткен мешітте медресе ашып, қазақ балаларының сауаи алуына біршама ат салысады.
1902-1910 жылдар аралығында медреседе оқитын шәкірттерін жаңа Жадит тәсілімен оқуды қолға алып, біршама жетістіктерге жеткен. Оқушыларды тез арада сауатын ашып, арабша, қазақша, татарша және орысша жазылған басылымдарды оқуға мүмкіндік алған. Мұндай батыл реформалық іс-әрекет дүмше малдар мен шынжыр балаң, шұбар төс үстем тап өкілдеріне ұнамай «ислам дінін бұзып, қазақ балаларын орыс қылды» деген айып тағылды. Бірақ, көкірегі ояу азаматтың мақсат-мүддесі жергілікті зиялы қауымнан қолдау тауып жәдидше оқытуын әрі қарай жалғастырды. Ғұмар жастайынан-ақ өлеңдер шығарып, ел аузындағы әдеби мұраларды жалғастырды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласына тарайтын – арабша, түрікше, татарша, қазақша басылымдарды оқып, заман дәуір жайын оңға бастайды, ол әдеби, тарихи пәлсапалық кітаптарды іздеп жүріп оқыды. Сөйтіп, ислам діні қағидаларын жетік білген Ғұмардың енді дүниелік ғылымдардан да хабары болады.
1907 жылдардан бастап, қазақ, татар тілдерінде шығатын газет-журналдарда мақалалары мен өлеңдерін жариялады. Ол елдің өміріне араласып, халық мұратын көздейтін істерге белсене араласады. Ғұмар Қараштың саяси көзқарасының қалыптасуына 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы өлшеусіз әсер етеді. Ол татар тілінде шығып тұрған «Ульфат», «Шура» сияқты мерзімді баспасөздерде бірнеше мақалалар жариялап, онда қазақ қоғамының көкейтесті мәселелерін шешудің жолдарын қарастырды.
Ғұмар білім алған аясы медресесінен бастап, өмірін ғылым жолында өткерді: арабша, парсыша, түрікше, орысша тілдерді білді, бай кітапханасы болған.
Ғ.Қараштың өзінің тіркеу парағында «қазақша жоғары білімі, ал орысша тек ғана сауатты боллды», - деп өз қолымен жазған. Бұған қарағанда Ғ.Қараш ауыл медресесімен шектелмей, жоғары мектепте тиянақты білім алған.
Халыққа қызмет етуді өмірінің мақсат-мұраты санаған азамат ақын 1918 жылы елге нақты қызмет ету, әлеуметтік-ағартушылық өмірге белсене араласу жолына ойысады. Сөйтіп, туған елі Жәнібекке келеді. Ортадағы педагогикалық техникумда сабақ береді.
1918 жылы 24 қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің съезіне және 1918-1920 жылдарда өткен сол губернияның кеңестерінің І, ІІ, ІІІ, ІҮ съезіне делегат болып қатысады. Ғұмар Қараштың 1920 жылы 21 маусымда ІІ Бөкей губерниялық партия конференциясында пленум мүшесі болып сайлануы, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып бекітілуі – ағартушы қайраткерге халықтың үлкен сенім артқандығын көрсетеді.
Ғұмар Қараш жәдид оқуды ол күнде медреседе деп аталатын өз мектебіне енгізіп, пән сабақтарын жүргізіп, әсіресе, орыс тілі, табиғат, жаратылыстану пәндеріне өте-мөте көңіл бөледі екен.
Ғұмар Қараш оқу үрдісінде хат таныту әдістерін үйретіп, қараны дұрыс таныту жолын, онымен қатар мағынасына түсініп, мәнерлеп оқуға өлеңді сөздерді әнге салып оқып, әнге үйретеді, соған жаттықтыруды тапсырып отырған. Пән сабақтары ішінде жаратылыстану, табиғат, жағырафия сабақтарының оқыту әдістеріне тоқталып, оларды түсіндіріп оқытуға тырысатын.
Ғұмар Қараштың ағартушылық, жасампаздық қызметінің алғашқы кезеңінен бастап, оның дүниетанымында зор төңкеріс жасаған адам Жәңгір хан немересі, қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы көрнекті тұлғаларының бірі – Шәңгерей Бөкеев. Нұғыман Манайұлы «Ғұмардың оянуына бірінші себеп 1905 жылғы төңкеріс, Ресей мұсылман оқығандары арасындағы жәдидшілік қозғалыс болған болса, екінші жағынан оның оянуына қамшы болып тікелей жетекші болған Шәңгерей»,1 - дейді.
Нұғыман Манайұлы осы пікірмен Ғұмардың ағартушы, ұстаз, қаламгер азамат ретінде қалыптасуында шешуші роль атқарған басты-басты үш себепті де қамтып өткен. Рас, «Ғұмардың саяси бетіне, пікіріне үлкен өзгеріс кіргізген 1905 жылғы төңкеріс», - екендігін айтады.
Алайда бұл қозғалыстың Ғұмар тектес жаңашылдар үшін саяси мәнінен гөрі ағарту, рухани саладағы реформаларға мүмкіндік әперген маңызы басым еді.
1917 жыл көптеген зиялылар сияқты Ғұмар өмірінде де ең күрделі, ең маңызды, ең қайшылықты кезең болды. «Ғұмарды екінші көруім 1917 жылы Бөкейліктің орталығы Ордада» - деп еске алады 20-жылдардың қоғам және мемлекет қайраткері, кейін әділет министрі Шафқат Бекмұхамедов. Сол жылы май айында Бөкей қазақтарының жалпы съезі болды. Съезде оншақты Бөкейліктердің иман-молдалары болып, съезд президиумына Ғұмардың үстінен арыз түсірді.
------------------------------------------------------------------
1Манайұлы Н. Шәңгерей. Алматы, 1934, 31-бет.

Арызда отыз шақты кісі қол қойған. Олар ірі байлар, иман-молдалар, өтініштері – Омарды съезден қуу, (Мен съездің президиумында едім). Олардың айтатыны: Ғұмар қазақшылықтан, мұсылманшылдықтан шыққан адам, ол орысқа сатылған, дінді сатқан «кәпір» ол орыс миссионерлерінің агенті, сондықтан оны бұл съездің маңайына да жуытпау керек, абақты салу керек, - депті. Әрине съез Ғұмарды имандарға бермеді, арыздарын қостамайды, Ғұмарды көтеріп, оны Мәскеуде өтетін Ресей мұсылмандарының жалпы съезіне өкіл етіп жіберді. Ғұмар съезде иман-молдалардың реакцияшыл қара күш екенін, ғылым, мәдениет жолына олардың бөгет болып отырғанын, көпшілікті оқыту, жастарға өнер-білім керек екені туралы сөйледі.
Уфа кезеңі Ғұмар өміріндегі азаматтық ағартушылық-шығармашылық жалынға толы, көтерілу, серпілу жылдары болды. «Қазақ», «Сарыарқа», «Ұран» газеттерін, өлең, мақалаларын жазып тұрды. Уфадағы діни басқарманың бай кітапханасында отырып, «Педагогика», «Қара» және «Қан мен жан» дейтін үш еңбек дайындайды.
1918 жылғы 2-қыркүйекте Бөкей губерниясының мұғалімдер съезі ашылды. Съездің жұмысына Ғұмар Қараш та белсене араласты. Съезде ұлттық мектептер, мектептен тыс мекемелер жөнінде мәселелер талқыланды. Ауылдарда жаңадан 90 мектеп ашу белгіленді. 1919 жылы қаңтардың 3-нен 17-сіне дейінгі аралықта Бөкей облысы мұғалімдерінің екінші съезінде Ғұмар Қараш 11 мәжілісті Ғұмар басқарып отырды. Съезд ағарту саласында бағдарламалық, ұйымдық мәні бар бірсыпыра шешім қабылдады. Мұғалімдер съезінің қаулысы бойынша мектептер ашу туралы 4 кісіден тұратын комиссияның құрамына Ғұмар Қараш, Нұғыман Манаев, Ғабдолғазиз Мусағалиев, Шәкгерей Бөкеев сайланды.
Халыққа қызмет етіп, әлеуметтік өмірге белсене араласып, ағартушылық, ұстаздық жолына бет бұрады. 1919 жылы «Мұғалім» атты тәлім-тәрбие ғылыми пән журналының редакциялық алқасын басқарған. Бұл тұңғыш қазақ кеңес педагогикалық журналы еді.
Ғ.Қараштың «Педагогика» атты еңбегі Уфа қаласында жазып, кейін алғашқы «Мұғалім» журналының бірнеше санында жарияланған.
Ғ.Қараш «Мұғалім» мұқабасына эпиграф түрінде:
Тіл көңілдің ақылшысы,
Ілім – жарық, жанға ұя.
Білім – бақтың басқышы,
Қараңғыда жол қия,
- деген шумағын шығарған.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Адебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, Ғұмар Қараштың педагогикалық көзқарастары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]