Реферат: География | Әлемнің жеті кереметі

Реферат: География | Әлемнің жеті кереметі

Әлемнің жеті кереметі
Олар – ақыл-ойдың алып ескерткіштері

Мысыр пирамидалары
Жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстікбатыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, фило-софиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған-тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.
Галикарнас кесенесі
Кіші Азиядағы шағын қа-лалардың бірі Галикарнас-тың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерле-рі жер-жерлерден әйгілі құ-рылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түр-кияның Бодрум қаласы) са-луға пайдаланған.
Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.
Артемида ғибадатханасы
Ғибадатхана гректердің аңшылық құдайы болған Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадат-хананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғыз-ған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құ-шағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ес-кендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадат-хананың жобасын сақтаған-мен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекей-ленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. Қаладан қасиетті орынға қа-рай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұ-мыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер та-былған.
Александрия маягы
Фарос аралының шығысын-дағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қала-сының маңында орналасқан. Қала атын әлемге танытқан Фарос маягы біздің заманы-мыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктың биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғыл-ған құрылыстың бір қабырға-сына ол: «Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым», - деп ойып жазған. Оның үстіне саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұ-нараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағыты-на ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген.

Семирамиданың аспалы бағы
Тигр және Евфрат жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз қойнауында талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдыр-ған аспалы бағы. Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ көркіне ақы-лы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр ашып сөйлеспейді. Жатса-тұр-са елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде сүйіктімнің бабын табам» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп, патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май то-пырақ төгіледі. Құнарлы то-пыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды, күнбатыстан соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады...
Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәти-жесінде аспалы бақтың қал-дықтары Ирактағы Хилла қа-ласынан табылады.
Зевс мүсіні
Әлемнің жеті керемет-терінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орта-лық алаңындағы Зевс ғиба-датханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиет-ті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар. Құдайлардың құдайы Зевстің отырған орын-тағының арқасы мен аяғы піл сүйегінен жасалған әр алуан өрнектермен әдіптеліп қана қоймай, онда Олимп құдайларының бейнелері алтынмен безендіріліп салын-ған екен. Балдақтың төменгі жағында әйгілі суретші Панэн шығармалары мен билеп жүрген Никалар бейнеленген. Еденге қара көк элевсин тастары төселген. Піл сүйегін құрғап кетуден сақтау үшін зәйтүн майы құйылған арнайы су алабы салыныпты. Мүсінді көру үшін Грекияның түкпір-түкпірінен халық таңның атысы, күннің батысы ағылып келіп жататын болған. Сол заман жазушыларының айтуына қарағанда, Зевс мүсінін көрген жан жарасынан жазы-лып, дертіне шипа табады деген сенім болған.
Зевс мүсіні ІV ғасыр шамасында Константинопольдағы орталық ипподромға көшірі-ліп, үлкен бір өрт кезінде жойылып кеткен деген жорамал бар.
Родос алыбы
Мүсінші Харестің қолынан шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Ро дос тұрғындары Гелиосқа айрықша табынған. Күн құ-дайы Гелиос аралды өз қо-лымен теңіз түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. Бұл мүсіннің әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде саналуы тегін болмаса керек. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған. Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы қоламен көмкерілген. Мұндай алып мүсінді тұрғызуға шамамен 13 тонна қола мен 8 тонна темір пайдаланылған көрінеді. Зор ескерткіштің ке- реметтігі соншалық, алып мүсіннің екі аяғының арасынан үлкен желкенді кемелер еркін өтетін болған. Бар-жоғы 56 жыл «өмір сүрген» мүсін б.з.д. 220 жылы аралда болған қатты жер сілкінісі кезінде қирап қалды. 977 жылы Родос аралын жаулап алған арабтар алып мүсіннің қирандыларын бір бай көпес-ке сатып жібереді.
Әлемнің жаңа жеті кереметі анықталды
Сонымен жеті керемет қатарына кіргендер: Ұлы Қытай қабырғасы, Үндістандағы Таж-Махал мавзолейі, Рим колизейі, Иорданиядағы ежелгі Петра қаласы, Бразилияның Рио де Жанейро қаласындағы Христің алып мүсіні және үндістердің инк, майя өркениетінің Перудегі Мачу-Пикчу, Мексикадағы Чичен-Ица ескерткіштері. Швейцариядағы жекеменшік қор бірнеше ай бойы әлем тұрғындарының арасында интернет пен мобилді телефон арқылы ғаламның жаңа жеті ғажайыбы деп 2000 жылға дейін тұрғызылған қандай ғимараттарды атайсыздар деген тұрғыда сауалнама жүргізіп, дауыс жинаған болатын. Жүз миллионнан астам адам дауыс берген байқау нәтижесі қасиетті үш жеті саны қатар келген, сенбі күні Лиссабонда шығарылды.
ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зулкарнайн (Александр Македонский) Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Олар:
1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
2. Вавилонның (Бабылдың) аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткдн. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
3. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде өлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
4. Олимпияда Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фиди алтын мен піл сүйегінен жасаған.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 ж. жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 ж. жер сілкінісі кезінде қираған.
7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
Бұл алғашқы "Әлемнің жеті кереметіне", "Екінші 7 керемет", "Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет", т.б. "кереметтер" қосылып келеді.
"Екінші 7 кереметке" Үлы Қытай қорганы, Стамбулдағы Әулие София шіркеуі енгізілсе, "Табиғаттың өзіндегі 7 кереметке" Бермуд "үшбүрышы", Норвегия түні, Тунгус метеориті, ал "Қиял-ғажайып 7 кереметке" Нүх кемесі, Кар адамы, беймәлім ұшқыш объетілер (НЛО), т.б. жатады.
Ейфел мұнарасы

Эйфель мұнарасы (франсузша: Tour Eiffel) - Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып саналды.
2007 жыл Эйфель мұнарасының 120 жылдық мерейтойы. 2005 жылы осы мұнараның астына су қатырып, мұз айдыны жасалынды. Ол Париждің 2012 жазғы олимпиаданы өзінде өткізуге шақырған жарнама болатын.
Teletex Holіday тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн адам көтерілген. Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион евро әкелетін үлкен табыс көзіне айналды.
Мұнараның салынуы

1888 жыл Маусым, құрылыс кезі.
Эйфель мұнарасын Марс алаңында құрастыруға екі жылдан астам уақыт кеткен. Ол революцияның 100 жылдық құрметіне «Әлемдік көрмеге» арнап салынған. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін ол 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып келді.
Сол кездегі ең биік деп саналған Хеопс пирамидасы (137 м), Кельн шіркеуі және Ульм шіркеуінен (167 м) екі есе биік болған.
Францияның символына айналған Эйфель мұнарасының биіктігі – оның құзар басындағы антеннасымен қоса есептегенде 322 метр. Ал салмағы он мың тонна. Алып мұнара үш бөліктен тұрады. Ең үстінде орналасқан үшінші бөлім 274 метр биіктікте орналасқан. Оның төбесіне не лифтімен, не 1792 баспалдақпен жаяу көтерілуге болады.
Кезінде Гитлер Францияны басып алғаннан кейін Эйфель мұнарасына шығуға келеді. Сол кезде лифті істемей қалып, ол 1792 баспалдақпен жаяу көтерілген деген аңыз бар.
Мұнараны бір мезгілде 10400 адам аралай алады. Оған жылына 6 миллион адам көтеріледі.
Густав Эйфель
Оның атын өзін жасап шыққан конструкторы Густав Эйфельдің құрметіне қойған. Г.Эйфельдің жобасы 700 жобаның ішіндегі ең үздігі деп танылып, конкурсты жеңіп алады.
Густав Эйфель «Бостандық статуясының» темір құрылысын ойлап тауып жасаған, кейіннен оны Франция Америкаға сыйға тартты. Бүгінде ол АҚШ-тың символына айналып шыға келді.
Эйфель мұнарасының құрылымы

Ейфел мұнарасы астынан көрініс.
Алып мұнара француздардың туындай үшке бөлінген. Алғашында оның бірінші қабатында мейрамханаға қажет бөлмелер, екінші қабатында лифтіні көтеруге арналған су қоймасы мен әйнек галереясындағы мейрамханалар орналасады. Ал үшінші қабатында астрономиялық және метеорологиялық обсерватория және физика кабинеті болған.
Эйфель мұнарасының бірінші бөлімі – 57 м биіктікте, екінші бөлімі – 115 м, ал үшіншісі – 274 м биіктікте орналасқан. Бүгінде оның әрбір қабатында барлар мен мейрамханалар және бақылау алаңдары бар. Оның ең үстіңгі қабатында маяк орналасқан. Оған түскен прожекторлардың жарығы 70 шақырым жерден көрініп тұрады. Мұнара басында физиктер жердің тартылыс күшінің принциптерін зерттеген, теңізшілер уақытты айырған. Оның төбесінен 140 шақырымға дейінгі аймақты шолуға болады.
«Құбыжық скелет»
Кезінде Ги де Моппасан Эйфель мұнарасын «құбыжық скелетке» теңеген. Ол оны жек көргені сондай, франcуз элитасын оған қарсы қойып, оны қайтадан құлатып тастауға атсалысқан. Франсуз жазушысы:
«Мен Эйфель мұнарасын көрмес үшін Эйфель мұнарасының ішінде отырып, мейрамханада тамақтанамын. Өйткені бұл мұнараның Парижден көрінбейтін жері өзінің іші ғана болып тұр», – деген.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Әлемнің жеті кереметі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Әлемнің жеті кереметі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы География жоспарымен, казакша реферат жоспар, Әлемнің жеті кереметі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]