Реферат: Әлеуметтану | Әлеуметтік экологиялық мәселелер
Әлеуметтік экологиялық мәселелер
Экологиялық мәселелердi шешу болашағы мамандардың осы сала бойынша берiлетiн бiлiмдi игеру деңгейiне тәуелдi және қоршаған ортаны қорғауға деген адамгершiлiктi қатынасты көздейтiн iс-әрекетке негiзделген. Соған байланысты жоғары оқу орындары студенттерiнiң экологиялық бiлiмiн қалыптастырып дамыту мақсатында меңгертiлетiн пәндердiң барлығының мүмкiндiктерiн барынша тиiмдi пайдалану қажеттiлiгi туындайды. Ғалымдар адамның табиғатқа деген ықпалының арта түсуiне байланысты экологиялық үйлесiмдiлiктiң бұзылуына орай, биосфераның бұзылуына жол бермеу қажеттiгiне мән бере бастады. Сондықтан адамзатты айналадағы экологиялық ортаға ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарауға баулуда, оқу-тәрбие жұмысы барысында баса назар аударып, экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң өз ерекшелiгi бар. Тiрi және өлi табиғаттың өзара байланысын ғылыми тұрғыда аша отырып, экологиялық факторлардың жан-жақты әсерiн түсiндiрде аналитикалық химия пәнiнiң әлеуетiн тиiмдi пайдалану маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Себебi, қоршаған ортаға деген адамның қарым-қатынасы оның бiлiмiне, адмгершiлiктiк қатынасына, өз iс-әрекетiнiң салдарын бiлуiне тiкелей байланысты. Сонымен бiрге, қай жердiң болмасын экологиялық зардаптарын түсiндiруге, сондай-ақ, экологияға зиянды ықпалдарды түзетуге белсене кiрiсу бүгiнгi күнгi негiзгi мақсат болуы тиiс.
Осы мәселелердi ескере отырып болашақ мұғалiм - бүгiнгi студенттiң кәсiби компетенттiлiгiн аналитикалық химия материалдары арқылы экологиялық бiлiм бере отырып қалыптастыру мүмкiндiктерiн қарастырайық.
Қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасындағы қиыншылықтың алдын алу тек ғылыми дәлелмен ғана iске асады. Адамның табиғатқа деген қарым-қатынасын түбiрiмен өзгерту үшiн экологиялық бiлiм қажет. Табиғатқа деген қарым-қатынастың ерекшелiгi – адам ағзасын табиғи дене, табиғаттың бөлшегi деп түсiнуде. Табиғатты адам тiршiлiгiне пайдаланғанда оның тұрақты заңын, үйлесiмдiлiк ерекшелiгiн бұзбауға тырысып, табиғаттың ғасырлар бойы құралған мазмұнын қастерлей бiлуiмiз қажет. Ал оны қорғау негiзiне алынатын экологиялық проблемаларды шешу үшiн, адамның құндылықты бағдарын өзгерту қажет. Ол үшiн әртүрлi оқу пәндерiнен берiлетiн бiлiм мазмұнын ой елегiнен өткiзген жөн. Осы бағытта бiрталай жұмыстар жүргiзiлуде. Бiрақ олар әлi де болса әдiстемелiк тұрғыда жүйелеудi қажет етедi.
Экологиялық тәрбие мен бiлiм беру - табиғаты пайдаланудың ғылыми негiздерi жөнiндегi бiлiмдi, қажеттi сенiм мен практикалық дағдыларды, табиғатты қорғау, оны тиiмдi пайдалану және табиғи ресурстарды ұдайы өндiру бойынша белгiлi бiр бағдарды және белсендi әлеуметтiк позицияны, қалыптастыру мақсатында адамға ықпал етудi көздейтiн психолгиялық-педагогикалық процесс. Оның негiзгi принциптерi: жалпыға бiрдейлiлiк және үздiксiздiк, икемдiлiк, көпнұсқалылық, кәсiби бiлiм мен экологиялық бiлiм мен тәрбиенiң бiрлiгi, практикалық қажеттiлiктермен байланысы, ұлттық мүдделердiң ескеру, iзгiлендiру, экологиялық сана, ойлау және мәдениеттi дамытуға бағдарлану. Осы принциптердi пәндердi оқытуда жүзеге толық асырылылуын қамтамасыз ететiндей етiп жүйелеу қажет сияқты. Соның нәтижесiнде олардың саны толықтырылуы да мүмкiн.
Химиялық бiлiм мен технология қоршаған орта бойынша қазiргi және кейiннен туындайтын проблемаларды шешуде негiзгi рөл атқарады. Соған байланысты қазiргi экологиялық проблемаларды зерделеу мен шешудiң басты бағыттары:
- проблемалардың қойылымына, жинақталған мәлiметтерге мониторинг жасау;
- химиялық заттардың канцерогендi және мутагендi қауiптерiн ескере отырып, улы заттардың қасиеттерiн зерттеу;
- аз қалдықты және қалдықсыз өндiрiстердi, энергия мен ресурстарды сақтайтын технологияларды құру;
- ағынды суларды, газ қалдықтарын тазарту;
- химиялық қару-жарақтарды конверсиялау;
- қауiп-қатерлерге, химиялық апаттарға талдау жасау, оны болдырмау жолдарын iздестiру және химиялық қауiпсiздiк;
- экологиялық жүйедегi, геосферадағы табиғи және антропогендiк химиялық заттардың сипаты мен жайылуы;
- элементтердiң жаһандық биохимиялық циклдары мен биосфераның химиялық орнықтылығы;
- химиялық-экологиялық сараптаулар, болжамдар жасау;
- әлеуметтiк және психологиялық мәселелер;
- экологиялық-химиялық, химиялық-экологиялық бiлiм мен тәрбие беру /1/.
Сонымен қоса бұл жерде студенттердiң компетенттiлiгiн қалыптастыруда олардың оқу процесiндегi өзiндiк iс-әрекеттерiне басымдық берiлуi - басты шарт. Себебi, компетенттiлiк дегенiмiз – оқудың және өздiгiнен бiлiм алудың нәтижесiнде қалыптасатын және адамның әлеуметтiк-мәдени мобильдiгiн анықтайтын, бiлiм мен тәжiрибеге, құндылықтар мен бейiмдiлiктерге негiзделген жалпы қабiлеттiлiктер.
Осы белгiленген проблемаларды шешудегi аналитикалық химияның мүмкiндiктерiн барынша толық пайдалану жолдарын қарастырылғаны орынды деп ойлаймыз. Әсiресе, мына мәселелер басты назарға алынуы қажет:
- ластаушылардың табиғат пен адамға ықпал етуiнiң биологиялық және медициналық аспектiлерi;
- қоршаған орта объектiлерiнiң ластану деңгейiн бағалау критерийлерi;
- өндiрiс қалдықтарының карталары жөнiндегi түсiнiк;
- өндiрiс науаларын және газдық-тозаңдық өндiрiстiк қалдықтарды негiзгi ластаушылардан тазартудың соңғы кездерi басымдыққа ие болып отырған әдiстерi;
- әртүрлi табиғи объектiлердегi улы және зиянды заттарға аналитикалық бақылау жасаудың қазiргi әдiстерi.
Аналитикалық химия экологиялық проблемаларды шешуде ғана емес, экологиялық химия үшiн де маңызды. Сондықтан аналитикалық химияны оқытуда оған тiкелей ғана емес, жанама түрде байланысатын экологиялық проблемаларға баса назар аударылуы қажет.
Сонымен бiрге қоршаған орта объектiлерiнiң зиянды заттармен ластануы жөнiндегi сенiмдi мәлiметтер алудағы аналитикалық химияның рөлi мен мiндеттерi де қарастырылуы қажет. Арнайы ыдыстарды дайындаудың, сынамаларды iрiктеудiң, сандық және сапалық талдау жасаудың, өлшеудi орындау әдiстемелерiн зерттеудiң және аттестациялаудың барлық кезеңдерiнде студенттер өздерiнiң экологиялық бiлiм, бiлiк және дағдыларын тиiмдi пайдалана алулары тиiс.
Талдау жасау барысында талданып отырған объектiде компонеттердiң болуы, мазмұны және өмiр сүру формасы жөнiнде жеткiлiктi деңгейдегi толық, сенiмдi және өз уақытында ақпараттар алынып қана қоймай, жалпы сол объектiнiң сапасы жөнiндегi сұрақтарға жауап алынуы қажет. Сапа мәселесi кең мағынада алғанда нағыз экологиялық проблема болып табылады және ол шикiзат сапасын, алынатын соңғы өнiмнiң сапасын, пайдаланылған технология сапасын, өндiрудi ұйымдастыру дiң өзiнiң сапасын қамтиды. Жалпы талдаудың метрологиялық аспектiлерiн қарастырғанда оның нәтижелерiнде ауытқулардың болу себептерiн, оларды бағалау тәсiлдерiн қамтумен қатар, олардың техникалық-экономикалық, экологиялық және т.б. салдарын көрсету маңызды. Сонымен бiрге мұнда стандарттау мәселесiне де жеткiлiктi деңгейде көңiл аударылғаны орынды.
Осы мәселелердi аналитикалық химияның практикалық және әлеуметтiк маңыздылығын ескере отырып жүзеге асыруда мына мәселелер өз шешiмiн табуы қажет:
- аналитикалық химияны оқытуда студенттердiң экологиялық бiлiмiн қалыптастырып дамыту бойынша жинақталған iс-тәжiрибелерге (оқу бағдарламаларына, оқу құралдарына, лабораториялық жұмыстар жинақтарына, есептер жинағына, әдiстемелiк әдебиеттерге және т.б.) талдау жасау;
- студенттердiң экологиялық бiлiмiн қалыптастырып дамытудағы аналитикалық химияның мүмкiндiктерiн айқындау;
- жасалған талдау нәтижесiн және аналитикалық химияның мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, экологиялық материалдарды қамтуға болатын оқу материалдарын таңдау критерийлерiн жасау;
- сол критерийлерге сүйене отырып таңдалған оқу материалдарына қатысты лабораториялық жұмыстар ұйымдастыру, тапсырмалар құрастыру;
- экологиялық мәселелердi шешуге тiкелей қатысты және жанама сипаттағы материалдарды айқындау, оларға қатысты берiлетiн тапсырмалардың сипатын анықтау;
- экологиялық бiлiмдi қалыптастыруда студенттердiң өзiндiк iс-әрекетiне басымдық берiлетiн оқыту әдiстемелерiн айқындау және т.б.
Осы аталған мәселелердiң өз шешiмiн табуы студенттердiң кәсiби компетенттiлiгiн қалыптастыруға үлкен мүмкiндiк жасайды.
Дегенмен, жоғарыда аталып өткен экологиялық проблемаларды зерделеу мен шешудiң басты бағыттары, осы белгiленген проблемаларды шешудегi аналитикалық химияның мүмкiндiктерi толық қарастырылып отыр деп айта алмаймыз. Олар әлi де болса зерттеу барысында толықтырылуы және жетiлдiрiлуi мүмкiн. Соған байланысты оларды жүзеге асыруда өз шешiмiн табуы тиiс мәселелердiң де сипаты өзгеруi мүмкiн. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: