Реферат: Қазақ тілі | Грамматика және оның салалары

Реферат: Қазақ тілі | Грамматика және оның салалары

Грамматика және оның салалары
Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.
Грамматикалық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады, сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды.
Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы өзгешеліктерге ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалып, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады.
Сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым – сөзден сөз тудырып, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдері де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды.

Грамматикалық категория
Тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсілі) бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Грамматика және оның салалары туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Грамматика және оның салалары на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Казак тили жоспарымен, казакша реферат жоспар, Грамматика және оның салалары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]