Реферат: Медицина | Гольджи аппараты

Реферат: Медицина | Гольджи аппараты

Гольджи аппаратының ашылуы.
Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен шектелген ядро мен цитоплазмадан тұрады. Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан), органоидтардан және кірінділерден түзіліді. Кірінділер немесе параплазмалық құрылымдар дегеніміз клеткалық метаболизмге қатыспайтын, клеткалардың көпшілігінде байқалатын алмасу өнімдерінің жиынтығы. Бұған жататындар: майдың тамшылары, гликогеннің түйіршіктері, белоктардың кристалдары және пигменттік кірінділер. Органоидтар клеткалардың барлығына дерлігінде кездеседі және заттар алмасуында маңызды функция атқарады. Бұларға эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, митокондриялар тағы басқалар жатады. Итальян ғалымы К. Гольджи 1898 жылы ауыр металдардың ерітінділерімен (осий немесе күміс) нерв клеткаларын бояғанда оның цитоплазмасында тор тәрізді қара материялдың барын бірінші болып тапты. Оны «ішкі тор тәрізді аппарат» деп атады. Кейін бояу әдістерін жетілдіру арқылы Гольжди аппаратыныңбарлық эукариотты клеткаларда болатыны толық анықталады. Жарық микроскопы арқылы оның анық көрінуі Гольджи аппаратының мембранасының осмий ерітіндісін өзіне жақсы сіңіретіндігінен екен. Егер осмий ерітіндісімен бояса, кейбір клеткаларда бұл аппарат тор-тор түрінде кездеседі де олардың құыстары бір-бірімен байланысып жатады, ол кейде жеке (диктисома), кейде түйір денешіктер немесе орақ тәрізді болып келеді. сонымен Гольджи аппараты клеткаларда тор тәрізді немесе диффузды түрінде кездесуі мүмкін. Әр түрлі жаңа әдістерді (электорнды микроскопия, афторадиография, цитохимия, биохимия) қолдана отырып, Гольджи аппаратының құрылысы жан-жақты зерттелді. Негізінде бұл аппараттың құрамына цитоплазманың негізгі бөлімдері-цитозольа (глиалоплпзма зонасы), түтікшелері мен көпіршіктерінен тұратын мембрана бөлігі және мембраналардың ішіндегі қосындылар жатады.

Торлы және диктиосомалық Гольджи аппараты.
Электрондық микроскоп Гольджи аппаратының мембраналар қосындыларының тұратын кішірек аймақ екенін анықтайды. Осы мембраналардың шоғырланған аймағын диктисома деп атайды. Бұл аймақ тегіс мембраналардың қапшықтарынан құралған үйінді немесе цистерна түрінде байқалады. Ал мембраналардың ара қашықтығы 20-25 НМ шамасындай. Қатар орналасқан құыстардың саны 5-10-нан аспайды, кейбір бір клеткалы организмді оның саны 20-ға жетеді. Мембраналармен шектесіп топтаса орналасқан құыстардың немесе жазық қапшықшалардың (цистерналардың) қалындығы өзгеріп отырады, егер олардың қалындығы орта шенінде 25 нм болса, шет жағында кеңейген жері немесе қампаймасы болады. Осы шет аймақтарында қампаймадан бөлінген вакуольдер орналасады. Диктиосомма аймағын екі бөлікке ажыратуға болады: біріншісі-ішкі (проксимальдо), екінші клеткадан алшақ орналасқан (дистальды) бөлік. Проксимальды бөлік ядро мен цитоплазмаға, дистальды бөлік клетканың үстіне қараған беті болып табылады. Неготивті контраст әдісі бойынша диктиосома аймағын зерттегенде проксимальды бөліміне тор тәрізді құыстаран туратын мембраналардан келіп түйісетіні айқындалды. Бұл эмдоплазмалық тормен Гольджи аппаратының қосылысқан аймағы дистальдо бөлікте ішіне секрет жинаған үлкен вакуольдер болады, олардың қалындығы 10 НМ-ға жетеді, ал просималь бөлікте вакуоль қалыңдығы 6-7 НМ-ғана. Гольджи аппараты эндоплазмалық тормен тығыз болғандықтан, эндоплазмалық торда цинтезделген заттар аппарат құыстары мен қапшықшаларына түсіп, одан тығыздалып, толық синтезделіп секрет түрінде клеткадан бөлініп шығады. Бұл аппаратта белоктар, майлар, көмірсулар синтезделеді және мезасома оргонойды осы Гольджи кешенінен бөлініп жеке шығады.
Гольджи аппаратының атқаратын қызметі.
Гольджи аппаратының секрет шығаруындағы қызметі қарын асты безінің эндокрин бөлігіндегі клеткаларында жан-жақты тексерілді. Бұл клеткалар көп мөлшерде зимоген секреттерінің түйіршіктері болады. Олардың негізінде қапшықтармен түтікшелерде жиналып, секретке толған вакуольдер түрінде бөлініп шығады. Зимог,ен секретінің химиялық құрамы әр түрлі ферменттерден тұрады: протеазалар, липазалар, нуклиазалар, карбоамуразалар сонымен Гольджи аппараты өзіне түскен заттарды тасмалдауда және клеткадан шығаруда үлкен роль атқарады. Гольджи аппаратының аймағында зат алмасу процесі де жүреді. Өсімдіктер клеткаларының Гольджи аппаратында клетка қабатының матриксы полисахариттер синтезделеді. (гемицелюлозалар, пептиттер). Мұнда сөлдер мен муциндерді синтездеуде оларды шығаруда диктисомалар үлкен қызмет атқарады. Плазматикалық мембрананың бетіне болатын целюлоза арнаулы ферменттер жүйесінің комплексі арқылы синтезделеді. Ал бұл ферменттер жүйесі осы Гольджи аппаратының вакуольдерімен келеді. Гольджи апаратының атқаратын қызметіне қарай ьоның мембраналарына да плазма лемамен тікелей байланыста болады. Клеткалардың бөліну барысында Гольджи аппараты диктисомаға дейін бөлшектеніп кетеді. Клеткалар өскенде диктисомалардың саны да өседі, бірақ бұлардың қалай өсетіне әлі толық анықталған жоқ. Ядро қабаты Гольджи аппаратын мембраналары арасындағы байланысын зерттей келе кейбір оқымыстылар оның ядро қабатынан бөлінген мембраналарынан пайда болады деп жорамалдайды.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Гольджи аппараты туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Гольджи аппараты на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Медицина жоспарымен, казакша реферат жоспар, Гольджи аппараты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]