Реферат: Экономика | Валюталық саясаттың түсінігі және түрлері

Реферат: Экономика | Валюталық саясаттың түсінігі және түрлері

Валюталық қатынастарды реттеу

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады;
- нарықтық реттеу;
- мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысы бала-малылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамассыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.
Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол жанама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып,тікелей араласа бастады. 30-жылдардағы ХХ ғ. алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр экономикалық зардапқа ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі ,бәсекеге негізделген,яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жайлардағы тиімділік және шектеуге байланысты анықтала. Сондықтанда олардың арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс,соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық - экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақ та мемлекет бұл жағдайда да валюталық қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алалды.
Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары; тұрақты экономикалық өсуді қамтамассыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе теңдікті ұстап отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық - экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі одан тысқары жерлердегі валюталық бағалыларымен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісімшарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық реттеу болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу – заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу – нарықтың экономикалық агенттерінің мінез – құлқына экономикалық, валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы – Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге бөлінеді;
1) құрылымдық валюталық саясат;
2) ағымдық валюталық саясат.
Құрылымдық валюталық саясат – дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы.
Ол валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді.
Ағымдық валюталық саясат – валюталық бағамд, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.
Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады;
1) Дисконттық валюталық саясат.
2) Девиздік валюталық саясат.
Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу формалары болады;
а) валюталық интервенция ;
ә) валюталық резервті диферсификациялау ;
б) валюталық шектеу ;
в) валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу ;
г) валюталық бағам режимі ;
д) девальвация ;
з) ревальвация ;
Дисконттық (есепке алу) саясаты - бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.
Мысалы; пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра түседі. Ал егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендете болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.
Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егер де төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оны экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі төлем балансына кері әсер етеді, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол береді.
Девиздік саясат - мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шет ел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.
Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шет ел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шет ел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.
Девиздік саясат көбінесе валюталық интервенция формасында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция ХІХ ғ. бастап қолданыла бастаған. Алтын монометаллизмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары – ХВҚ, сондай-ақ аймақтық - Еуропалық валюталық институт құрылды (1994ж).
Валюталық резервтерді диверсификациялау – бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жүргізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтерді құрылымын реттеуге бағытталған мемлекеттің және банктердің саясаты.
Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.
Девальвация мен ревальвация – валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.
Девальвация – ұлттық валютаның бағамын шет ел валюталарына қатынасы бойынша төмендету.
Ревальвация – ұлтық валютаның бағамын шет ел валюталарына қатынасы бойынша жоғарлату.
Девальвация пайызын есептеу формуласы мынадай:
Б - Б
Д = --------------- х 100,
Б
мұндағы
Б – ескі бағам;
Б – жаңа бағам.
Ревальвация пайызын есептеу формуласы:

Б - Б
Р = --------------- х 100,
Б

Мысалы: фунт стерлинг бағамы арнайы түрде 2.8 ден 2.4 долларға дейін төмендетілді. Мұндағы девальвациялау пайызын есептейік;


2.8 – 2.4
Д = ---------------- х 100 = 14.3 %
2.8

Сол сияқты, фунт стерлингтегі 1 доллардың бағамын анықтайық,
1 фунт ст.= 2.8 доллар.
Х = 1 доллар
1
Х = --------------- = 0.35
2.8
Демек, девальвациялауға дейін фунт стерлингі бағамы 1 доллар =0.35 фунт стерлинг тұрса,ал девальвациялаудан кейін, ол 0.41 фунт стерлингті құрайды. Доллардың ревальвациялану мөлшері мынадай жағдайда анықталады: 0.41 – 0.35
Р = ------------------- = х 100 = 16.7%
0.35
Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу үздіксіз пайдалынылады.
Валюталық шектеу - резиденттер мен бейрезиденттердің валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларына заңды түрде немесе әкімшілік түрде тыйым салуы немесе шектеуі.
Валюталық шектеу валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.
Валюталық шектеудің мақсаттары мынадай:
- төлем балансын теңестіру;
- валюталық бағамды қолдау;
- ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.
Валюталық шектеу мынадай қағидаларға сүйенеді:
- Валюталық операциялардың орталық және өкілетті (девиздік) банктерде орталықтандырылуы;
- Валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының ( лицензия ) берілуі;
- Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;
- Валюталардың қайтарымдылығын шектеу. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Валюталық саясаттың түсінігі және түрлері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Валюталық саясаттың түсінігі және түрлері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Валюталық саясаттың түсінігі және түрлері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]