Реферат: Биология | Ас бұршақтың халық шаруашылығындағы маңызы

Реферат: Биология | Ас бұршақтың халық шаруашылығындағы маңызы

Құрамындағы ақуыз мөлшері жағынан бұршақ тұқымдас өсімдіктерге пара-пар келетін дақыл жоқ, олардың тұқымдарында дәнді дақылдарға қарағанда ақуыз 1,5-3 есе артық – асбұршақта 20,4-35,7 %. Бұршақ өсімдіктерінің ақуызы толық бағалы және жоғары сапалы, өйткені олардың құрамын амин қышқылдарының жеңіл еритін фракциялары – тирозин, триптофан, лизин, т. б. кіреді. Ас бұршақ бағалы тағам, сондықтан ас бұршақ дәнінен жарма, аздап ұн дайындалады. Пісіп жетілмеген дәндері мен жасыл бұршақтарынан консерві жасалады.

Ас бұршақ – жақсы мал азықтық дақыл. Әсіресе, құрамалы жем дайындалғанда таптырмайтын өсімдік белогының қайнар көзі. Зоотехникалық норма бойынша жемнің бір мал азықтық өлшеміне 105-110 грамм қорытылғыш протеин болуы керек, ал ас бұршақтың өлшемінде 150-180 грамға дейін протеин болады.
Мысалы, гүлдену – жеміс түзу кезеңінде шабылған ас бұршақ көк балаусасының құрғақ затында 15-18 % протеин болады. Ас бұршақтың 1 центнер көк балаусасында 16, ал шөбінде 49,5 мал азықтық өлшем бар. Ас бұршақтың сабаны мен топаны өзінің қасиеті жағынан кейбір шөптерден кем түспейді.

Ас бұршақтың арпа, сұлы және басқа дақылдармен қосылып себілген көк балаусасы, сүрлемі, шөбі малға жақсы азық. ТМД-дағы егіс көлемі 4 млн гектарға шамасында. Көбінесе ас бұршақ республиканың солтүстік облыстарында егіледі.
Ас бұршақ тұқымында 20,4-35,7 % ақуыз, 52 % дейін азотсыз экстративті заттар, 1,5 % май, 3,5 % клетчатка және 2 % күл бар. Солтүстік Қазақстанда аудандастырылған ас бұршақтың сортында 24-27 % ақуыз болады.
Ас бұршақ егістігінің көлемі Қазақстанда 100 мың га шамасында, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облыстарында жыл сайын 10-25 мың га жерге себіледі, орташа өнімі 9 ц/га шамасында, ал әр жылдары 4 центнерден 12 центнерге дейін өзгереді. Солтүстік Қазақстан жағдайында бұл дақыл жоғары өнім бере алады. Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының (БАШҒЗИ) және сорт сынау учаскелердің деректеріне қарағанда ас бұршақтың өнімі 14-29 ц/га, бұл арпа өнімімен 1,5-2,0 ц/га жоғары, ал протеин шығымы арпамен салыстырғанда 2-3 есе көп болады.
Ас бұршақ бір жылдық жаздық дақыл, алайда қысы жылы болғанда оңтүстік аудандарда оның қыстайтын формаларын күзде себу жолымен өсіруге болады. Екі түрі өсіріледі: егістік ас бұршақ (Pisum sativum), гүлі ақ және тұқымы бір түсті (ақ, қызғылт, көкшіл) және далалық ас бұршақ (пелюшка) - Pisum arvense гүлі қызғылт-көкшіл, тұқымы қоңыр, кейде сепкіл түсті. Далалық ас бұршақ сабағының айналасында жанама жапырағының қуысында өсімдіктің алғашқы өсуі кезінде анық көрінетін қызыл дақ болады. Далалық ас бұршақтың жемазықтық мәні зор, оны құнарсыз топырақтарда да өсіруге, қуаңшылық жылдары да жақсы астық және көк балауса өнімін алуға болады. Егістік ас бұршақта ол арамшөп болып табылады. Далалық ас бұршақ қуаңшылыққа төзімділігі жөнінен ноғатық пен егістік ас бұршақтың аудандастырылған сорттарының арасынан орын алады. Ыстық, әрі құрғақ күндері оның (жапырақ саңылауы) тыныс тесігі ерте жабылады және ұзақ уақыт жабылып тұрады да транспирацияның күшеюіне жол бермейді.

Ас бұрақ сорттары асханалық, малазықтық, консервілік және әмбебам болып бөлінеді.


Қазақстанда аудандастырылған сорттары:
Неосыпающийся 1 – Луган-МАТС-да шығарылған. Эвадукум түршесіне жатады. Сабағының ұзындығы орташа (67-83 см), түйін аралығының саны 14-22. 1000 тұқымның массасы 180-240 г, ақуыз мөлшері 23-25 %. Орташа мерзімде пісетін сорт. Шашылып қалмауға өте төзімді. Қостанай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Рамонский 77 – Қант қызылшасы Бүкіл Ресейлік ҒЗИ-да шығарылған, Вульгатум түршесіне жатады. Сабағының ұзындығы 60-80 см, түйін аралық саны 12-18. 1000 тұқымның массасы 220-240, ақуыз мөлшері 22-25 %. Сорт орташа мерзімде піседі. Солтүстік Қазақстанның барлық облыстарында аудандастырылған.
Қан (Дружный) – Краснояр АҒЗИ-да шығарылған, сорт орта мерзімде піседі.
Таловец 55 – ОҚ белдеуі АШҒЗИ-да шығарылған. Сорт орташа мерзімде пісді.
Ас бұршақты өсіргенде малазықтық бағыттағы сорттар да пайдаланылады. Донбасс – Луган МАТС-да шығарылған. Эквадукум түршесіне жатады. Өсімдіктері түйін аралықтарының саны 20-30 жететін биіктігі 100 см дейін сабақ қалыптастырады. Жапыраұтануы 37-64 %. 1000 дәннің массасы 219-218 г. Орташадан кештеу пісетін сорт, қуаңшылыққа төзімділігі орташадан жоғары, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Қарабалыкский укосный – Қарабалық МАТС-да шығарылған. Вульгатум түршесіне жатады. Өсімдіктері жалпы түйінаралық саны 13-22 жететін биіктігі 90 см сабақ қалыптастырады. 1000 дәннің массасы 103-109 г. Сорт кеш піседі. Қостанай облысында аудандастырылған.
Зерноградский – Дон АҒЗИ-да шығарылған. Вулгатум түршесіне жатады. Сабағы жасыл, биіктігі 100 см жоғары, түйінаралығы 22-24. 1000 тұқымның массасы 176 г, протеин мөлшері вегетативтік массасының құрғақ затында 24 % дейін. Көкшетау облысында аудандастырылған.
Харьковский Усатый – Украин өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-да шығарылған. Мұртты және биік түршесіне жатады. Сабағы жасыл, биіктігі 120-130 см, түйін аралығы 28-30 дейін. 1000 тұқымның массасы 170-177 г. Сорт ортадан кеш піседі, вегетативтік массасының құрғақ затындағы белок 23 % дейін. Қостанай облысында аудандастырылған.
Ал, жалпы ас бұршақ сорттарын тізетін болсақ:
Ерте (45-60 күнде, жаппай көктеуден кейін):
• Авола,
• Пионер 9900993.
• Ранний 301
• Сфера
• Тропар
• Чудо Кальвебон.
• Альфа,
• Анонней.
• Оскар
• Мастерфон
• Сенатор
• Южный - 47
• Эспайр.
• Алтайский Изумруд
• Азарт
• Беркут,
• Амброзия.
• Вера,
• Воронежский жасыл,
• Деликатесный шуге снеп (sugar snep)
• Овощной 76,
• Премиум,
• Ранний Грибовский 11,
• Сахарный Орегон
• Совинтер - 1
• Янтарь.
Орташа (60–80 күнде, жаппай көктеуден кейін):
• Адагумский,
• Перфекшен 84.
• Союз -10
• Тирас
• Хавский жемчуг
• Шуга Под 2 (Sugar pod )
• Фрагмент
• НЕИСТОЩИМЫЙ 195
• Линкольн
• Илувецки
• Жегалова 112
• Кельвелон вондер.
• Виола,
• Глориоза
• Гигант.
• Превосходный 240
• Динга,
• Изумруд,
• Победитель т-33,
• Фрагмент,
• Хавский жемчуг.
Кеш (жаппай көктеуден кейін, 80 күн):
• Атлант,
• Восход,
• Эра
• Динга
• Топ Под(Top pod)
• Тройка
• Горн
• Юбилейный лущильный.
• Сахарный 2,
• Совершенство 653,
• Перфекшен 37.
• Такома
• Позднеспелый мозговой улучшенный.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Ас бұршақтың халық шаруашылығындағы маңызы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Ас бұршақтың халық шаруашылығындағы маңызы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Биология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Ас бұршақтың халық шаруашылығындағы маңызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]