Реферат: Әдебиет | АРЫС ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҚАЛАСЫ

Реферат: Әдебиет | АРЫС ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҚАЛАСЫ

Кітаптың алғашқы тарауында Арыс өңірінің, мұның ішінде Арыс ауданының тарихына қысқаша шолу жасағанды мақұл көріп отырмыз. Тарихи деректерге қарағанда, Арыс өңірінде, мұның ішінде Арыс ауданы аумағында патшалық Ресей өкіметінің «Далалық ереже» (1881 жыл) Заңына сәйкес бірнеше болыстық болғаны белгілі
Шымкент уезінде 21 болыстық құрылды. 1930 жылы құрылған Арыс ауданының құрамында Арыс, Бадам, Шаян, Боралдай, Сарыкөл, Темірлан, тағы да басқа бір қатар болыстықтардың жері түгелдей немесе ішінара енді.
Арыс ауданы /бұрынғы Сырдария округі/ Арыс ауданының, Қараспан ауданының 1929 жылғы шекаралары, Шаян ауданының 11 ауылдық Советі мен Арыс жұмысшы поселкесі шекаралары көлемінде 1928 жылы құрылды. Халықтың тығыздығы жағынан 1 шаршы шақырымға 5,3 адамнан келді. Аудан Баттыс Еуропаның кішігірім бірер мемлекеті сиятындай байтақ аумақты алып жатты.
Бүкіл Одақтық атқару комитетінің 1932 жылдың 10 наурыздағы қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы құрылып, Арыс ауданы осы облыстың құрамына енді. Осы жылы 11 наурызда Арысқа жұмысшы поселкесі мәртебесі берілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылдың 10 қарашасындағы Жарлығымен Арыс облыстық бағыныстағы қала атанды.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1988 жылдың 25 шілдесіндегі Жарлығымен Арыс қаласы мен Бөген ауданы біріктіріліп, Арыс ауданы аталды. Орталығы Арыс қаласы болды.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1989 жылдың 13 қазандағы Жарлығымен Бөген ауданы Арыс қаласынан бөлінді. Қалалық селолық аумағы құрылып, оған Ақдала, Задария, Монтайтас, Тақыркөл (қазіргі Байырқұм) ауылдық округтері енді. 1994 жылдың 5 қаңтарында Дермене, Жиделі ауылдық округтері қүрылды.
Аудан мен қала тарихын кезең-кезеңімен сөз еткенімізде еліміздің жарқын болашағы үшін маңдайының терін, жүрегінің канын төккен қарапайым азаматтар мен ел тізпнін ұстаған ел ағаларының еңбегі мен ерлігі кейінгі ұрпаққа, көбірек үлгі етуді басшылыққа алғанымызды да қадап айтқымыз келеді.
Сонымен, Арыс ауданының бірнші басшыларының аты-жөні оқырман назарьша сала кеткіміз келеді Олар Арыс ауданының бірінші хатшылары Бекен Жаңабаең /1930-1931/, Сұлтанғалиев /1931, шілде/, Ералин /І933/, Жиенбаев /1937, Горяинов /1938/, Әбдіманап Тілеулиев /1942/, Мырзахан Шораев /1947/, Қосмәмбетов /1949/, Ақшалов /1950/, Иван Трофимович Пупашенко /1951-1955/, Бейсенғали Таңатаров /1955-1957/, Александр Андреевич Просалупов /1957-1959/, Александр Акимович Десятников /1959-1963/, Александр Леонтьевич Борданов / 1962-1963/, Әбжапар Жылқышиев /1962/, Анатолий Иванович Исаев /1963-1965/, еңбекшілер депутаттары, аудандық кеңесі атқару комитеттерінің төрағалары: Қаныбек Патсаев /1956-1958/, Әріпхан Байқоңыров /1958-1960/, Құралбек Жұмжаев /1962-1963/; Арыс поселкелік және қалалық атқару комитеттерінің төрағалары: Әбдікерім Ақмырзаев, Қайтпас Жарасбаев /1932-1940/, Қаьар Ибрагимов /1944-1957/, Жаппар Жұмабаев /1957-1961/, Гүлазия Садыққызы Алтынбекова /1961-1963/, Валентина Никифоровна Шелухина /1963-1966/; Қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары мен қала әкімдері: Всеволод Фадеевич Троян /1966-1971/, Георгий Тимофеевич Филиппенко /1971-1980/, Михайл Кириллович Анищенко /1982-1985/, Анатолий Николаевич Агарков /1985-1987/, Виктор Ильич Гришин /1987-1988/, Қуаныш Айтаханов /1988-1993/, Әлімжан Қүртаев /1993-1999/, Шаймерден Сатымбеков /1999-2004/, Пернехен Салықбаев 2004 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінге дейін.

Арыс—қасиетті ұғым, Арыс—кене түркі сөзі. Биіктік пен тереңдікті, тазалық пен тектілікті, кеңдік пен алыптықты, мәрттік пен жомарттықты, ұлылық пен кішілікті білдіреді.
Қазіргі таңда Арыс қаласы облыс пен республикада ауыл аймағы бар санаулы қалалардың бірі болып отыр. Жер көлемі 634095 гектарды алып жатыр. Халқы 64,180 адамды құрайды. Мұның 38,033 қалада, 26,177 ауылдатұрады. Қаланың үлттық құрамы: қазақтар-88,4 пайыз, орыстар -5,7, татарлар-1,2, қалғаны-басқа ұлт өкілдері.
Шаруашылық нысандары: барлығы-520. Құрылыс-32, өнеркәсіп-14, көлік және байланыс-23, энергетика-8, сауда-118, банк филиалдары, басқалары-322. Мұның ішінде мемлекеттік кэсіпорын-11, ЖШС-228, ӨК-141, АҚ-12, басқалары-128.
Кәсіпкерлік нысандар: барлығы-1838. Мұның ішінде занды тұлғалар-492, жеке тұлғалар -1343.
Білім беру нысандары: мектеп-39, колледж-1, кэсіптік мектеп-1, балалар саз мектебі-1, мектеп жасына дейінгі мекемелер-3, мұның ішінде жеке меншік-1.
Денсаулық сақтау нысандары: аурухана-9, емхана-2, ФАП-21, отбасылық емхана72, өндірістік кооператив-2, жедел-жәрдем стансасы-1, тіс емханасы-1.
Мәдениет және спорт нысандары: мәдениет үйі, клуб-5, кітапхана-14, стадион-1, спорт мектебі-1, бокс мектебі-1.
2005 жылы қала бюджеті 914 млн 070 мың теңге, мұның ішінде жергілікті бюджет кірісі—343 млн 370 мың теңге, субвенция-570 млн 700 мың теңге.
Өнеркәсіп өнімдері орта мерзімді жоспар бойынша 1 млрд 428 млн теңгені құрады.
Тарихты халық жасайды. Өткенсіз бүгін жоқ.
Арыс өңірі туралы сөз қозғағанда оның тарихы тереңде жатқанын, біздің эрамызға дейінгі VI-1II ғасырларға, тіпті одан да әріге жетелейтінін айтқан жөн. Өңір тарихы Ұлы Дала тарихының ажырағысыз бір бөлшегі, алтынның сынығы іспетті. Шындығында, Шығыс пен Батысты жалғастырған Ұлы Жібек жолының бойына орналасқан өлкеміздің тарихи ескерткіштерге бай, мәдениеті мен тұрмысы жоғары, экономикасы сан салалы дамыған (әрине, өз заманына сәйкес) өңір екенін археологиялық зерттеулер дэлелдеп отыр. Ақсу тауынан басталып Сырдария өзеніне құятын, жалпы ұзындығы 378 километрге созылған Арыс өзенінің аңғарында жэне Сырдарияның орта ағысында Оғыз, Қыпшақ, Қаңлы, Дулат, Найман, Қоңырат, тағы да басқа ірі-ірі тайпалар бір-бірімен аралас-құралас ғұмыр кешіп, мал шаруашылығымен қатар диқаншылықпен, қолөнермен, сауда-саттықпен шұғылданғаны белгілі.
Арыс өңірінде әр түрлі құрылымдағы 3 мыңнан аса қорғандар тобы бар.
Арыс-Түркістан каналының бойынан ерте ашель дәуіріне жататын тұрақтар, Арыс каласынан 10-12 км.жерде Тасқотан, Бесқотан, Байтоғай сияқты тас дәуірінің ескерткіштері табылып, бұл өңірде алғашқы адамдардың өмір сүргені дәлелденді.
Арыс өңірінде біздің заманымыздың II-VII ғасырында бой көтерген ондаған қалашықтар мен қалалар археологиялық жэне архитектуралық ескерткіш ретінде ежелгі тарихымыздан ерекше орын алады. Солардың бірі, әрі бірегейі-Байырқұм (Байыркент) калашығы. Сырдарияның сол жағалауындағы бұл қалашық тік төрт бұрышты төбеге ұқсас. Биіктігі-2,5 метр, диаметрі-300-400 метр. Төбенің сыртқы жағында мұнаралардың биіктігі 1,5-2 метр, ені 16-18 метр, олардың ізі сақталған.
1466 жылы Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей сұлтандар болды. Жәнібек "Әз-Жәнібек" деген атпен тарихымызға енді. XVI ғасырда Яссы / Түркістан/ қаласы Қазақ хандығының астанасына айналды. Қазақ даласында бүтін билікке Абылай хан (1711-1781) жетті. Бұл орайда, атағы жер жарған Әмір Темірдің де, Абылай ханның да Арыс өңірінде қайтыс болғанын айта кеткен жөн.
Арыс өңіріндегі аты жоқ Ордабасы тауында үш кеменгер би-Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, кіші жұздің ханы Әбілхайыр хан, дара боз батырлар түпкілікті мәмлеге келіп, қалың елді ұлт-азаттық шайқасына көтерді.
Рухы күшті елдің еңсесі де биік.
Арыс өңірінде, оның ішінде қазіргі Арыс ауданының аумағында қасиетті де киелі орындар көптеп кездеседі. Бұл, әрине, тегін емес. Мұсылман дүниесінің рухани Астанасы Түркістан, Отырардағы Арыстанбаб пен киелі Қазығүрт, сансыз бабты Сайрам аралығындағы бұл өңір халқы ежелден ақ тілі мен дініне қылау түсірмей, әруақтары мен әулиелерін қасиеттеп келеді.
Арыстықтар өз ортасынан жеке тұлғалардың көптеп шыққаннан және шығып жатқаннан нақ осы имандылықпен байланыстырады.
Ең көне, ең қасиетті әулиелердің бірі-Жекеншайық әулие.
Арыс еңірінің жаңа тарихы Орынбор - Ташкент темір жолы құрылысының салынып, пайдалануға берілуі кезеңімен тұспа-тұс басталады. Сайын даланы қақжарып өткен темір жолдың Қазақстан мен Орта Азия үшін әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси ықпалы, сөз жоқ, орасан зор болды. XIX ғасырдың соңында Арыс өзенінің төменгі ағысынан үш шақырымдай жерде Арыс стансасының қазығы кағылып, оның құрылыс жүмыстары қызу басталып жүре берді. Алғашқы кезде құрылысқа үрейлене, үрке қараған жергілікті тұрғындар-казақтар темір жолға бірте-бірте бауыр басып, оның күн көріс үшін болашағының мол екенін ұғына бастады. Ең бастысы, темір жол бойында аштық болмайтынын түсінді. Алғашқы паровоз Арысқа 1904 жылдың 15 қаңтарында келіпті.
1900-1906 жылдары Арыс стансасының аумағы едәуір ұлғайып, өнеркәсіп ғимараттары мен тұрғын үйлер көптеп салынды. Арыс Әкімшілік-басқару opнықты құрылды. Оның құрамына вокзал, темір жол әкімшілік үйі, аурухана, дәріхана ғимараттары, теміржолшылардың қызметтік тұрғын үйлері кірді.
1915 жылдан Арыста паровоз депосы, пактауз, тағы басқа көптеген өндірістік нысандар мен тұрғын үй казармалары салынған.
Арыс стансасы мен теміржолшылар поселкесі алғашқы күндерден-ақ, теміржолшылардың ғана емес, жалпы Арыс өңірінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени орталығы болды.
Осы жылғы мәлімет бойынша аумағы жағынан ауданның жер көлемі 1851,0 мың гектар немесе 18510 шаршы шақырым. Мұнда барлығы 90960 адам, мұның ішінде колхоздарда 66606 адам тұрды. 85785 адам ауылды, 5175 адам қаланы мекендеді, Ал, түрғындардың 92,1 пайызы қазақтар, 7,7 пайызы европалықтар, 0,2 пайызы орталық азиялықтар болды. Аудан халқы негізінен егіншілік және мал шаруашылығымен шұғылданды. Барлық егін алқабы 49079 гектар, мұның ішінде дәнді дақыл 30906 гектар (62%), мұның ішінде колхоздарда 27362 гектар (88%) құрады. Сондай-ақ, 177 гектарға мақта, 4486 гектарға жоңышқа, 167 гектарға бау-бақша, 802 гектарға темекі, 50 гектарға күнбағыс, 30 гектарға картоп және 254 гектарға әртүрлі дақылдар егілді. Мал шаруашылығына келетін болсақ, ауданда барлығы 428898 мал, мұның ішінде колхоздарда 24901 жылқы, 20785 ірі қара, 11070 түйе, 348855 уақ мал болды. Әр үйге шаққанда 4,2 ірі қара және 16 уақ мал келді. Егін және мал шаруашылығымен 99 колхоз айналысты. Коллективтендіру көрсеткіші 61,9 пайыз құрады. Бадам МТС-і колхозшылардың 21600 гектар жерін өндеуге кол жеткізді.
Ауданда бұл жылы 691 адам кәсіпкерлікпен шұғылданды. Олар жалпы 1509982 сомның өнімін өндірді. Сауда, халық ағарту, денсаулық сақтау салалары да дамыды. Барлығы 50 сауда нүктесі, мұның ішінде 3 мемлекеттік, 47 кооперативтік сауда нүктесі; 18 қазақ, 8 европалық, 2 аралас мектеп, бір балалар үйі жұмыс істеді. Арыс стансасында 2 аурухана, Темірланда 1 аурухана, ірі елді мекендерде дәрігерлік амбулаториялар мен медпунктер тұрғындарға медициналық қызмет көрсетті.
1933 жылғы мәлімет бойынша Арыс аудандық партия ұйымында 32 партиялық ұя, 1 кандидаттық топ болды. Оның ішінде 20 ұя мен 1 кандидаттық топ колхоздарда, 3 партия ұясы совхоздарда құрылған еді. Барлық партия ұйымдарында 504 ВКП (б) мүшесі, оның ішінде 224 мүше және 280 кандидат есепте тұрды. Бұл кезеңде әлеуметтік саланы дамытуға жете көңіл бөлінді. Телефон байланысы (2 колхозға, 8 селолык Советке, 2 МТС пен 3 совхозға жеткізілді. 10 колхозға, елді мекендерге радио желісі тартылып, 1712 радио нүктесі жүмыс істеді. Халыққа 25 клуб, 10 қызыл отау, 12 қызыл бүрыш, 6 жылжымалы киноқондырғы, 32 кітапхана, 12 тұрақты клуб мәдени қызмет көрсетілді.
Бұл кезенде Арыс темір жол торабындағы станса, паровоз және вагон деполары, белгі беру және байланыс дистансасы, тағы да басқаларында жүк айналымының артуына байланысты техникалық жарақтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Стансадағы бұрыннан жұмыс істеп тұрған 9 темір жол табанына қосымша тағы да 5 темір жол салыды. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат АРЫС ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҚАЛАСЫ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат АРЫС ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҚАЛАСЫ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Адебиет жоспарымен, казакша реферат жоспар, АРЫС ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ҚАЛАСЫ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]