Реферат: Экология | Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда
Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда
Арал өңірінің экологиясы, Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында Орталық Азиядағы бес мемлекет – Қазақстан, Қырғыстан Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес, көптеген Шығыс елдерінің тыныс - тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі - жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т. б. мемлекеттер.
Мемлекет басшыларының шешімімен, Арал бассейнін қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды.
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия Елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкентте қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1 - інші конференцияда жасалған келісім. Ол “ Арал теңізі және Арал аймағы мәселелері, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы келісім ” деп атады. Келісімге Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев, Қырғыстан президенті А. Ақаев, Тәжікстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э. Ш. Рамонов, Өзбекстан Президенті И. А. Каримов, Түркменстан президенті С. А. Ниязов қол қойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі бассейніндегі экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақты қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және арал аймағының әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіліктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындайдың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылды, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ - ның Бас Хатшысына Орталық Азия Елбасыларының атынан үндеу жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келесі мәселелерін шешуге арналған салаларға дүние жүзілік қауымдастықтың назары аударылды.
Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекет аралық кеңес – Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 жылдың 26 наурызында Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 кісі және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекет аралық кеңесті әр жылда Орталық Аизя елдері кезекпен басқаратын болып шешілді. Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы кеңестің, су мәселері жөніндегі, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми - техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. “ Сырдария ” және “ Әмудария ” бассейндік су шаруалары басқармаларын Кеңестің су мәселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын Халықаралық Арал қорымен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізді.
Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар – Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс - қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім. 1990 жылдың 24 – 26 қаңтарында БҰҰ - ның қоршаған орта бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды. Бұл халықаралық құжат “ Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу ” деп аталды. 1990 жылғы 11 – 12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде беікітілді келісім бойынша оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен “Диагностикалық құжат” жасалды. Бұл ұлкен ғылыми -тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. “ Диагностикалық құжат ” 1992 жылдың 4 тамызында ЮНЕП - тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған ҚР атынан Ұ. Қараманов, К. Салықов, Н. Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т. б. мекемелер қосыла отырып, орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және Халықаралық Арал қорының басшылығымен “ Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек Бағдарламасын ” іске қосты. Бұл тарапта 7 баңдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.
Осыған байланысты, кейінге ығыстыруға болмайтын нақты шара – осы өңірдің тұрғындарының халқының ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу, “Көкарал” бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру.
Теңіздің тартылуы салдарынан, ауаның орташа ылғалдылығы 18 пайызға төмендесе, ауа райының жылы кезеңдері бір айға қысқарды. Бұл өлкедегі бұрынғы 3000 - дай көлден қазіргі таңда 85 - і қалды. Аралдықтардың қазіргі жоспары Кіші теңізді суға толтырып, оны бұрынғы қалпына келтіру. “ Көкарал ” бөгетінің құрылыс құрылыс жұмыстарын аяқтау. Егер, “ Көкарал ” бөгеті болмаса, сырдария суы Үлкен теңіздің тереңдіктеріне ағып барып, үлкен айдынға жайылып, бостан - босқа буланып, ауға ұшатын еді. Кіші теңіз тола бастағаннан бері, оның табиғи байлықтары да көбейе бастады. Оның болашағы баянды болу үшін, Кіші теңізге Сырдарияның суын көбірек жеткізу мәселесін түбегейлі шешу қажет.
Табиғат – бізге ата - бабамыздан мұраға қалған ең қасиеттіміз. Арал өңірін экологиялық апаттан құтқару үшін көпшіліктің күші, күресі қажет.
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал теңізінің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал шаруашылығымен және көкөніс - бақша өсірумен айналысады. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік - экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріедегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты жұмыс істеген.
1960 жылдырдан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікістанда 1,5, Түркменстанда 2,4, Қазақсатнда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтар саны 1960 - 1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970 - 1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды көп қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды.
Орта Азияда су баратын жердің бәріне дерлік мақта егілді. Жердің әр гектарына жүздеген килограмм минералды тыңайтқыштар, ондаған килограмм улы химикаттар қосылды. Әр гектардан 23 центнер мақта алу үшін, мөлшердегіден екі есе артық су жұмсалды. Осындай құйтырқы әрекеттердің негізінде Аралдың табаны жалаңаштана бастады. Жағалау, теңіз порттарынан 40 - 50 шақырымға ұзап кетті. Ауа райы өзгеріп, жан - жануарлар дүниесі құрып, жоғала бастады, 178 түрлі жануарлардың арасынан қазіргі күні 38 - і қалыпты.
Орта ғасырда Сейхун деп аталған Сыр өзенінің Фархад тауын жарып өтетін бір тармағына 1948 жылы Фархад ГЭС - і ашылса, бертін келе, алпысыншы жылдары, Шардары ГЭС - і, мұнан басқа – Тоқтағұл, Әндіжан, Шарбақ су қоймалары пайдалануға берілді. Бұл іс - әрекеттер көптеген суару - суландыру жүйелерін іске қосуға мүмкіншілік жасады. Жол жөнекей Сырдың суын әркім әлі келгенше жарып ала берді. Ақыр аяғы бір кездері кемерінен асып, төгіле аққан лай суының жойқын күшіне қарай Сейхун аталған. Мол өзеннің жұрнағы ғана Арал теңізіне жетіп жатты. Дәл осындай күйді теңіздің сыңарындай Амудария өзені де көріп жатты. Арал теңізіне негізгі суды әкеліп жатқан екі өзен жабылып, 60 - шы жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, 1980 жылдан бастап, жылына орта есеппен, 4 текше шақырым ғана су беріп келеді. Ал теңізге қажетті ылғалды беру үшін, кемінде жылына 40 - 45 текше шақырым су керек. Аралдың бұрынғы 66 мың шаршы шақырым су айдыныннан, қазір небәрі, шамамен 25 шаршы шақырымға жуық су айдыны қалып отыр.
Орта Азияның егіс далаларында көптеген жылдар бойы мақтаның “ Солыма ” деген ауруына қарсы ДДТ химикаты пайдаланылған. Ол адам үшін өте қауіпті, өзі табиғат аясында ыдырау дегенді білмейді. Сол ДДТ және де басқа да улы химикаттар, көптеген жылдар бойы егіс алқаптарынан ақаба күйінде ағып шығып, теңізге келіп қосыла берген. Кейінгі жылдарда Арал өңірінде – малға, балыққа, құсқа қорек болып, адамдарды асырап келген жүздеген табиғи көлдер тартылып кетті.
Аралдың балық аулау ауданында Арал теңізіне құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балық өңдеу зауыттары бұрын Әмударияның атырауынан, Аван кентіне, Бөген ауылында, бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алған Амударияның атырау тұсы Арал теңізі аталып ( аралдардың өте көп болуы себепті ), кейін теңіз түгелдей Арал атанған.
Арал теңізі – Қазақстанның інжу - маржаны, шөл белдеміндегі бірден - бір көгілдір су айдыны еді. Мойнақтан Аралға дейін кемелер ерсілі - қарсылы жүріп жататын. Енді міне, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30 - 200 км - ге дейін қусырылды. Табанының біраз аумағы қолдан жасалған шөлге айналып шыға келді, оған “ Аралқұм ” деген ат та беріліп үлгерді. Аралқұмда улы тұздардың миллиардтаған тоннасы шөгіп жатыр. Судың тұздылығы 40 пайызға артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10 - 15 есеге өскен. Осындай анропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зиянды өте жоғары 2 млн. тонна тұз шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастайды.
Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи - табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
- табиғи ресурстарын пайдалануға жіберген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады;
Осы аталған фактілер Арал теңізінің экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздалуы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1 - 2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13 - 20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Шаңды бұлттар – Памирдің, Алтайдың, Тянь-Шаньға барып түсіп, бастауын сол жақтан алатын өзендердің режимін де бүлдіріп отыр. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте - бірте күрделі, әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Бұл өңірдегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт - дәстүріне, экономикалық - әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтар еріксіз қоныс аударуда. Бір кездері жайнап тұрған Аралдың құты қашып барады. Тұз жеп тастағандай сұрқай үйлер, судың жеткіліксіздігінен қурап кете жаздап тұрған тал-теректер. Өлі теңіздің маңайындағы бұрынғы қалалық портта, қаңсып-қираған балықшылардың кемелері. Арал маңында 29 сасық көлдер пайда болды. Ауыл аймақтардың малы содан су ішеді.
1980 жылдардың аяғында Арал - 88 атты экспедиция ұйымдастырылған болатын. Олар – Арал теңізі, Сырдария мен Амудария бассейндерінде 13 мың шақырым жер жүзіп өтті. Теңіз өз порттарынан 60 - 70 шақырым шегініп кеткенін анықтаған. Балықшылардың – трауерлері, шхуналары, катерлері, моторлы қайықтары мен баркастары, қу далаға айналған, теңіз табанында суырылған құмға жонын тосып, тот басып шіріп жатыпты.
Теңіздің деңгейі жыл сайын жарты метрге төмендеп барады, яғни қажетті шаралар қолданбаса ендігі оншақты жылда, Арал теңіз ретінде жойылып, әр жерде бөлек - бөлек ластанған бірнеше су қоймаларына айналып кетуі әбден мүмкін. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: