Реферат: Құқық | Алаяқтық құрамының негізгі белгілері
Алаяқтық құрамының негізгі белгілері
1. Алаяқтықтың объектісі
Қылмыстың объектісі мен затын дұрыс анықтау – кінәлі әрекеттерінің орындалуы үшін, оның қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтау және жасалғанның дұрыс саралануы үшін қажет.
Қылмыстық құқық теориясында, объект ретінде әдетте қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынтығы түсініледі.
Алаяқтықтың объектісі ретінде, қолданыстағы заңнамаға сүйенсек, меншік қатынастары болады.
Әдебиетте меншік 3 нысанда қарастырылады: меншік – экономикалық категория ретінде, меншік – құқықтық категория ретінде және меншік – меншік құқығы ретінде.
Экономикалық әдебиеттерде қабылданған көзқарас бойынша, меншікке материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастары кіреді. Демек, бұл қылмыстың тектік объектісі, құқық нормаларының жүйесімен реттеліп бекітілген, жеке тұтынуға арналған материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және айырбастау бойынша қоғамдық қатынастар. Міне, осындай меншік қатынастарына қол сұға отырып, кінәлі оларға кіретін қоғамдық қатынастарының әр тобына залал келтіреді.
Өмірлік күнделікті жағдайларда қылмыс объектісін анықтау қиынға соғуы мүмкін. Мысалы, азамат мемлекеттік ұйымға мүлікті сақтауға берген кезде, мүлік азаматтың жеке меншігінде қалады. Дегенмен де, осы мүлік талан-тараждалса, бұл мемлекеттік меншікке қол сұғушылық деп саралану керек. Себебі, ұйым оған сақтауға берген мүлік үшін материалық жауапкершілікті көтереді.
Қылмыс объектісін зерттей келе, біз, тікелей объект түсінігіне тап боламыз. Бұл түсінік бойынша ортақ пікір жоқ. Мысалы, В.А.Владимиров ойынша тікелей объект бір уақытта объект болады.
Өзге авторлар ойынша, біз қарастырып отырған қылмыстардың тікелей объектісі – мемлекеттік меншік, үшіншілері – қоғамдық меншік дейді. Жалпы, 1926 ж. мен 1995 жылдар аралығындағы қылмыстық құқық оқулықтарында, “қылмыстың тікелей объектісі – жеке бір қылмыс қол сұғатын нақты бір қоғамдық қатынас” түсіндірмесі классикалық болып саналған.
Менің ойымша, тікелей объектіні түсіндіруде И.И.Рогов пен М.А.Сарсембаевтың көзқарастары дұрыс. Олардың ойынша, қылмыс объектісін топтастыруда “мүдде” түсінігін қолдану керек. Мүдде де қоғамдық қатынас, бірақ ол қоғамдық қатынастың нақтырақ көрінісі. Субъектілердің және олардың мүдделерінің қатысуынсыз қоғамдық қатынас болмайды. Сонымен қатар әр мүддеде өз объектісі болады. Ол материалдық немесе идеалдық ігілік. Осы мүдде арқылы топтастыру жүргізіп, мысал келтірейік. Тұлға біреудің мүлкін талан-тараждағанда, біріншіден сол меншік иесінің мүддесіне нұқсан келтіреді, ол арқылы ол мемлекеттің маңызды әлеуметтік құндылығына нұқсан келтіреді, ол арқылы ол мемлекеттің экономикалық негізіне нұқсан келтіреді.
Ал тікелей объектіге келер болсақ, оны анықтағанда жеке белгілерге сүйену керек (кімнің және қандай мүддесі бұзылды). Мысалы, алдау арқылы біреудің пальтосы талан-тараждалса, бұл жерде тікелей объект ретінде жеке меншік емес, белгілі бір субъект – Омарбеков Талғаттың өз 48 размерлі қара түсті пальтосына деген құқық болады.
Қылмыстық құқықтағы қылмыс заты ретінде – қоғамдық қатынас белгіленетін материалдық объект танылады. Қылмыс затының болуы, яғни белгілі бір мүліктің болуы – алаяқтықтың міндетті белгісі болып табылады.
ҚР ҚК 177-бабы 1-бөлігінің диспозициясына көз жүгіртсек, алаяқтық бұл:
а) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтен мүлікті ұрлау (талан-тараждау), немесе,
ә) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтен мүлікке құқықты алу.
Өзге талан-тараж нысандарынан алаяқтықтың тағы да бір айырмашылығы – бұл қылмыс заты ретінде тек мүлік қана емес, сонымен қатар мүлікке құқық та болуында. Мүлікке құқық ретінде меншік құқығы өзінің толық көлемінде түсініледі. Демек, кінәлі мүлікке құқық алғанда, мүліктің өзін де иемденеді. Мысалы, алаяқ алдау нәтижесінде ірі жеңіс түскен лотореялық билетті иемденеді. Байқайтын болсақ, мүлікке құқық алу сәті мүліктің өзін алудан бұрын немесе бір уақытта пайда болады.
Мүлік, алаяқтықтың заты ретінде, белгілі бір белгілерге ие болу керек. Ең алдымен, оның құны болу керек. Ол, әдетте, баға арқылы белгіленеді. Ал бұл белгі тек заттарға ғана тән емес, сонымен бірге ақпараттық түрлі нысандарына тән. Мысалы, компьютерде сақталатын ақпарат.
Сонымен қатар, талан-тараждың заты ретінде әр түрлі мүліктік сипаттағы игіліктерді алуға болмайды: қоғамдық көлікте тегін жүру немесе қол жүгін өткізу т.б.
Мүлік дегеніміз – бұл зат. Оны жасауға еңбек жұмсалып, нәтижесінде оның құны пайда болады, қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті пайда болды. Бірақ мүлікті жасауға еңбек міндетті түрде жұмсалу керек тезисі күннен күнге күмәнді туғызады. Мысалға, жер учаскесін алайық. Олар сату-сатып алу, кепіл, айырбас, сыйға тартудың пәні болады. Демек, қылмыстық қол сұғушылықтың да заты болуы ықтимал. Әсіресе алаяқтықта. Қалай десек те, тауарлы-материалдық құндылықтар және ақша алаяқтықтың заты ретінде болатынына күмән жоқ.
Зерттеліп отырған қылмыстың заты ретінде – еркін айналыстағы мүлік болуы керек. Мысалы, егер алдау жолымен қызметтік жағдайын пайдалана отырып, тұлға қаруды талан-тараждаса, бұл бойынша ҚР ҚК-нің 255-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды.
2. Алаяқтықтың объективтік жағы
Кез келген қылмыстың объективтік жағы қылмыстық әрекеттің сыртқы белгілерімен сипатталады.
Алаяқтықтың объективтік жағына алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен, өз пайдасына немесе өзге тұлғалар пайдасына айналдыру мақсатымен, бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты ақысыз, құқыққа қарсы иеленіп кетуді жатқызамыз.
Кінәлінің жоғарыда аталған іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі алаяқтық ретінде саралануы үшін екі тәсіл: алдау немесе сенімге қиянат жасау болу керек.
Алаяқтықтағы алдаудың өзге алдаудардан айырмашылығы – оның нәтижесі мүлікті талан-тараждау немесе мүлікке құқықты алу. Сәйкесінше, бұл алдаудың сипаты, тәсілі, мақсаты өзгеше болады.
Жәбірленуші алдаған кезде кінәлі одан жауапты әрекетті күтеді. Яғни, жәбірленушіні тек “басын айналдыру” үшін алдамайды, одан жауапты әрекет, мысалға, мүлікті беруді тілейді.
Алаяқтықтағы алдау жәбірленушінің жүріс-тұрысына әсер етудің тәсілі болып табылады, сондықтан ол адамдар арасындағы сөз-қатынасын көздейді. Алайда, тәжірибеде, жәбірленушінің психикасына әсер етуге байланысты емес әрекеттерді саралаумен қиындықтар туады. Мысалы, автомат-кассаларына ақшаның орнына өзге металл заттарды түсіру.
Сонымен бірге, алдау немесе сенімге қиянат жасау әрекет қабілеттігі бар тұлғаларға қатысты жасалу керек деген ойлар айтылады. Себебі бұл тұлға мүлікті немесе мүлікке құқықты өз еркімен береді. Толық әрекет қабілеттігі жоқ тұлғаны алдау (жас баланы, есі дұрыс емес адамды) және одан мүлікті алу алаяқтық ретінде емес, ұрлық ретінде саралану керек. Бұл жағдайда, әрекет қабілеттігі жоқ тұлға құқықтық маңызы бар мәмілелер жасай алмайды, оның еркінің құқықтық маңызы жоқ.
Алдау – фактілік немесе заңды деректерді бұрмалау болып табылады. Ол екі нысанда болады: белсенді және бәсең.
Белсенді алдау – бұл тұлғаларға белгілі бір фактілерді, жайдайларды бұрмалайтын жалған мәліметтерді айту. Бәсең алдау – ақиқатты жасыру, жәбірленушіге, оның мүлікке билік етуден тоқтататын фактілер мен жағдайларды айтпау.
Алдаудың мазмұнын, кінәлі жәбірленушіні белгілі бір нәрселерге байланысты алдауға қатыстыжағдайлар құрайды.
Бұл жағдайлар әртүрлі болуы мүмкін. Алдау заттар, тұлғалар, әрекеттер, оқиғалар, олардың фактілі және құқықтық қасиеттері бойынша бола алады.
Алдауға түсетін оқиғалар - өткен шақ, қазіргі шақ және болашақ уақытқа байланысты болуы мүмкін.
Әдебиетте, алаяқтық алдауды мазмұнына қарай топтарға топтастыру әрекеттері жасалынған. Г.Н.Борзенков алдауды 4 топқа бөлген: тұлғаға байланысты; заттарға байланысты; оқиға және әрекетке байланысты; боашақта істеуі мүмкін әрекеттерге байланысты.
Тұлғаға байланысты алдаулар арасында: құқықтық сапаға байланысты алдауларды, яғни құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік бойынша, лауазымдық немесе қоғамдық жағдайға байланысты алдауларды, және де өзін басқа тұлға ретінде алдауларды атаған жөн. Олардың ішінде жиі кездесетіні - кінәлінің өзін билік өкілі және лауазымды тұлғасы ретінде көрсетіп, заңды немесе билік органдарының нұсқауларын орандау сылтауымен, мүлікті немесе мүлікке құқықты талан-тараждауы.
Тұлғаға байланысты алдау бойынша қателік кетпес үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумы арнайы нормативтік қаулы шығарды. Ол бойынша, лауазымды тұлға немесе коммерциялық тұлға, өкілеттіктері (әрекетсіздігі) үшін ақша, құнды қағаз немесе өзге материалдық құндылықтар алса, онда, егер аталған құндылықтарды иеленуге қасақаналық болса, бұл алуды алаяқтық ретінде саралау керек.
Және де, егер тұлға лауазымды немесе өзге де басқарушы функциялар атқаратын тұлға пара беру үшін ақша немесе өзге құндылықтар алса, және оларды беруге алдын ала жоспары болмай иеленіп кетсе, бұл жасалған әрекетті алаяқтық деп саралау керек.
Аталған нормативтік қаулыға қарсы, әдебиетте бір көзқарас бар. Ол бойынша, егер кінәлі өзін лауазымды тұлға ретінде көрсетіп, пара алса, бұл алаяқтық емес, пара беруге азғырып-көндіру болады.
Бұл көзқарас доктриналды екенін атап өткен жөн. Ал Жоғарғы Сот қаулылары, ҚР Конституциясының 4-бабына сәйкес, қолданылатын құқық қатарына жатқызылған.
Алаяқтықтағы алдаулар арасында кеңінен тарағандардың бірі – затқа қатысты алдаулар болып табылады . Алдау: затты басқа затпен алмастыру бойынша болуы мүмкін. Заттың құқықтық сипаттамасына, әдетте, мүліктің тиістілігін және тұлға құқықтарының көлемін жатқызады.
Мөлшер немесе көлем бойынша алдау кезінде, кінәлі жәбірленушіге белгілі бір шартты эквивалентті береді, бірақ одан аз көлемде. Ал орнына мүлікті толық көлем үшін алады.
Сапаға байланысты алдау кезінде, әдетте, мүліктің құнын, қызметін едәуір төмендететін жағдайлар жасырылады.
Затқа байланысты алдауға мысалдар көп. Оларға жатқызатынымыз: жалған тауар сату, асыл тастың орнына шыныдан жасалған бұйымдар сату, “қуыршақ” (“кукла”-ор. – ақшаның орнына кесілген қағаздар пачкасын беру), зейнетақы алу үшін жалған құжат көрсету және т.б.
Аталғандардың ішінде жалған құжат көрсетуге байланысты саралау қиындығы тууы мүмкін. Бұл жерде алаяқтық пен жалған құжат жасау, өткізу және пайдаланумен (ҚР ҚК 325-бабы) бәсекелестік шығуы ықтимал. Жалған құжаттар бөлек мүлікті немесе мүлікке құқықты алу үшін пайдаланылса, онда бұл алаяқтықтың объективтік жағына кіреді де, жеке қылмыстық бағалауға жатпайды. Бұл жердегі алаяқтық пен ҚР ҚК-нің 325-бабы 3-бөлігімен көзделген қылмыс арақатынасы – бүтін мен бөлшек арақатынасы болады. Бұл жерде бүтін басым болып саналады. Демек, аталған әрекет алаяқтық болып табылады. Өзге әңгіме жалған құжат жасау болады. Бұл әрекет жеке қылмыс болып табылады. Яғни, егер алаяқ басқа біреулер жасаған жалған құжатты пайдаланса, ҚР ҚК 325-бабы 3-бөлігі бойынша қосымша саралау қажет емес. Ал егер алаяқ құжаттарды өзі жасап, өзі талан-тараж үшін оларды пайдаланса, қылмыстар жиынтығы бойынша саралау тиістілігі туады.
Сонымен бірге, әртүрлі әрекеттер мен оқиғалар алаяқтық алдаудың мазмұнын қарауы мүмкін. Мұндай жағдай, егер аталғандар мүлікті (мүлікке құқықты) беруге негіз болғанда іске асады. Әрекеттер мен оқиғаларға байланысты алдаулардың толық тізімін іс жүзінде беру мүмкін емес. Себебі, нәтижесінде жәбірленуші алданып мүлікті немесе мүлікке құқықты беретін кез келген әрекеттер мен оқиғалар алаяқтықтағы алдаудың мазмұнын құрай алады.
Алаяқтық қол сұғушылықта болашақта істеуі мүмкін әрекеттерге байланысты алдаулар кездеседі. Бұл алдаудың ең көп тараған түрі десек те қателеспейтін шығармыз. Оған мысал ретінде, жәбірленушіден ақшаны машина сатып алу сылтауымен, немесе қарапайым қарызға алу жатады.
Алдаумен қоса, ҚР ҚК-нің 177-бап диспозициясында өзге де алаяқтық тәсілі көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, ол сенімге қиянат жасау.
Сенімге қиянат жасау кезінде, кінәлі оның мүлік меншік иесі немесе өзге заңды иеленушісімен пайда болған сенімгерлік қатынастарды пайдаланып, бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты иеленеді. Әдетте, бұл қатынастардың бастауында белгілі бір негіздер жатуы керек. Олар: азаматтық-құқықтық (сату-сатып алу, айырбас, тапсырма шарттары), еңбектік, туыстық, достық және т.б. негіздер.
Сенміге қиянат жасаудың көп тараған нысандарына төмендегілер жатады:
- өз міндеттемелерін орандау ниетінсіз, белгілі бір тауарларды сатып алу бойынша делдалдық қызмет көрсету;
- қарызды қайтару ниетінсіз, қарыз алу шартын жасасу;
- мердігерлік немесе еңбектік шарттар бойынша, міндеттемелерін орындау ниетінсіз ақшалай аванс алу;
- қайтару ниетінсіз банкілер мен өзге қаржы ұйымдарынан несие алу;
- сақтандыру, қаржы, құнды қағаздар бойынша алаяқтық және т.б.
Зерттеліп отырған алаяқтықтың екі тәсілі арасындағы байланысты атап өткен жөн. Заң шығарушы оларды дербес екі тәсіл етіп бөлгенімен, екеуінің арасында ұштасулар бар. Әдетте, алаяқ алдауды жүзеге асыру оңай болу үшін, жәбірленушінің сенімін орнатуға ұмыталады. Көп жағдайда алдау іске аспай қалуы мүмкін еді, егер де жәбірленуші кінәліге белгілі бір сенім артпаса. Жоғарыда айтқанымыздай, алдауды жүзеге асыру оңай болу үшін, алаяқ, жәбірленушінің сенімін орнатуға ұмтылады. Ал осы сенім орнату да алдау арқылы болуы мүмкін. Демек, алдау және сенімге қиянат жасау жиі ұштасып тұрады. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: