Реферат: Тарих | Антик философиясы

Реферат: Тарих | Антик философиясы

Атомистер ілімі.
Ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармаларында кейін матералистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар фиософиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікте алақұйын қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әр қайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп , жоғалып жатады.
Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс)және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Атомдардың негізгі қасиеті: мәңгі, бөлінбейді, өзіне- өзі тең, қозғалмайды. Бұл қасиеттер атомдардың ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар бұрыш, шар, қармақ, оймақ, т.б. тәріздес болады. Атомдар бос кеңістік болып тұрады.
Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығысқанда өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.
Атомдарды бояу түрлері, иіс дыбыс т.б. сияқты сезімдік қасиеттер жоқ. Бұл қасиеттер атомдар түйсітерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит-алғашқылардың бірі болып сезімдік қасиеттердің субъективті түрде болатындығын айтқан ойшыл.
Тіршіліктің шығуы Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсіндіреді. Бұл жерде ешқандай да жоғары күштердің әсері жоқ. Барлық тіршілік иелері, оның ішінде өсімдіктердің де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған-жылылық. Жандар әр түрлі болады. Космостық жаны жоғары деңгейде емес одан гөрі жануарлардың жаны жылылықты көбірек қабылдағандықтан әлде қайда жоғарырақ. Ал адамның жаны болса, ол ең жоғары сатыда тұр, себебі, онда жылумен қоса от та бар. Демокриттің іліміне ақылды жан – «сана» ұғымы мен синонимдес ұғым.
өмір сүрудің қажетті жағдайы – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық шығып кетпеуіне қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары денеден толығымен шығады. Днеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді сөйтіп денемен бірге жан жа өледі.
Демокрит қоғамның дамуы және мемлекет мәселелері туралы пікірлер айтқан. Адмдар аңға ұқсас кезінде аңдар сияқты өмір кешті, ал аң сияқты қалыптан мұқтаждықтың арқасында өркениетке өткенде, олар бір-біріне көмектесіп, бір жерде жинақталып, үңгірлерде, ағаштың қуысында өмір сүрді. Бұл кезде олар патшасыз, әскербасыларсыз, бір-бірмен соғыспай, ұрлықсыз, қарапйым да, еркін өмір кешті. Кейінірек келе отты пайдалана алатын болды, қулық – сұмдықтар да көбейді, осымен қатар өнер де пайда болды. Осы айтқан жағдайға адамдарды мұқтаждық пен өздерінің тәжірибелері жеткізді. Адамдар әлім сақта сөйлей алмайтын-ды. Адамдардың бір-бірімен араласып қарым-қатынасқа түсуінің арқасында түсініксіз дыбыс шығарудың орнына сөз арқылы қатынас орнады. Сөйтіп, тіл пайда болды. Тіл көп турлі болып, адамдардың тұрған ортасына қарай қалыптасты.
Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің шығуына себеп болған – адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін білмей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мәнінде құдай емес, тек олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана.
Демокриттің атомистік ілімдарін әрі қарй жағастырған ежелгі грек философы Эпикур (шамамен б.д.д. 342-271/270ж.ж.)болды. Эпикурдың еңбектері сақталмаған, бізге тек үш хаты мен шығармаларының кейбір фрагменттері ғана жеткен. Эпикурдың ілімінше, атомдар – дуниенің алғашқы бастамасы. Оларға Демокрит атған қасиеттерден басқа көле, салмақ сияқты мәнді қасиеттер тән. Салмақтың арқасында атомдар «құлайды» және жолдан ауытқиды. Осындай «өздігінен ауытқитын атомдар» қозғалыстың себебі және қайнар көзі. Солардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген денелер пайда болады. Космоста сансыз көп жекелеген әлемдер бар. Осы әлемдердің арасындағы бос кеңістікте мәңгі өлмейтін бақытты құдайлар өмір сүреді. Олар әлем және адамдар жағдайын ойламайды. Өмірге келіп және одан кететіндер тек тіршілік иелері мен жаны ғана. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ және тынымсыз атомдардан тұрады.
Эпикур жолын ұстап, оның ілімін ары қарай дамытқан ежелгі Рим философы және ақыны Лукреций Карр болды. Негізгі еңбегі «заттардың табиғаты туралы» Лукреций Эпи кур сияқты атомдардың қозғалыс барысында ауытқуы материалдық денелерді қалыптастырады, ал олардың пайда болуы және өзгеріп дамуы қатал себептілік заңына бағынады дейді. Бұл заңдылық адам тағдырына бейтараптылықпен қарап, олардың қайғы қасіретін көбейтеді. Осыған қарамастан, адамдар тағдырға мойын бірге ұсынбаулары, керісінше, қолдарынан келгенше тағдырдың тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары керек.
Лукреций әлемдегі заттардың бәрі себептілік заңына бағынады десе де оларда себептілік заңынан басқа жасырын күштері бар екенін мойындайды. Бірақ ол құдайға байланысты емес, себебі, құдай жердегі өмірге араласпайды.
Қазіргі кездегі ғылымның нақты отаны Ежелгі Греция болып табылады.. Ғылымның іргетасы - математиканы, астрономияны, механиканы, оптиканы, биологияны, медицинаны гректер қалаған. Грек астрономдары мен математиктері тұңғыш рет ғылыми болжам мен дедуктивтік дәлелдеуді қолданған.
Математиканың теориялық білімінің салыстырмалы түрде дамыған үлгілелері антикалық полистер контекстінде алғаш рет пайда болып, қарастырылды. Бір пікірдің екіншісінің алдындағы артықшылығы дәлеледемелер арқылы анықталды. Негізделген білімнің пікірден артықшылығы антикалық философияда өзінің дамуын одан әрі жалғастырды. Антикалық ғылымда әдістерге, ақиқаттың дамуына ерекше көңіл бөлінді.
Тұңғыш рет диалектиканың әдіс ретінде қабылдауға қадам жасалды. Математика саласында негізделген және дәлелденген білімнің идеалын қолдану білімді баяндаудың жаңа принциптерін бекітті. Грек математикасында білімді теория түрінде баяндау үстем болды: «берілді -дәлелдеу керек - дәлелі». Антикалық философтар математиканың дамуының теориялық жолына өтуге қажетті құралдарды өңдеп, математикалық білімдерді дәлелдеулер әдісін қолданулар арқылы жүйелендірудің алуан түрлі қадамдары қабылданды. /Фалес, пифагоршылар, Платон/. Бұл процесс Евклидтің дамыған геометриясының теориялық жүйесінің құрылуымен аяқталды.
Атомдық ілімнің негізін салушы ежелгі грек философы-материалисі Демокритке /б.з.д. 460-370 жж./ мынадай қанатты сөздер тән: «Мен үшін бәр ғылыми ділелдемелер табу бүкіл Парсы патшалағын меңгеруден гөрі маңыздырақ».
Дәлелдеу-математиканың іргетасы, онсыз математиканың дамуы мүмкін емес.
Математикадағы рационалдық ойлаудың тұңғыш өкілі Фалес /б.з.д. 6258-548 жж./ болып есептеледі. Фалес - мемлекеттік қайраткер, инженер, астроном, философ, математик. Белгілі американ математигі мен ғылым тарихшысы Д.Я. Стройк қазіргі математиканың шығу тегін зерттей келіп, былай деді: «Аңыз бойынша, грек математикасының атасы милет көпесі Фалес болып есептеледі. Ол алтыншы ғасырдың бірінші жартысында Вавилон мен Египетте болған. Ол қаншалықты аты аңызға айналған фигура болғанымен толық шындық ашылған жоқ. Ол қазіргі математиканың негізін ғана салушы емес, сонымен бірге бүкіл қазіргі ғылым мен философияның негізін салушы болып есептеледі».
Алғашқы кезде гректер математикамен шұғылданды. Олардың алдында бір ғана мақста тұрды. Әлемдегі адамның орны қандай? Математика Хаостан тәртіп табуға, идеяларды логикалық бір ізге келтіруге, негізгі принциптерді табцуға ұмтылды. Математика бүкіл ғылымдардың ішінде телоиялық түде болды. Фалестің геометрия саласындағы білімі жан-жақты болды. Оған геометриялық құрылымның мынандай негізгі қасиеттері белгілі болды: «диаметр шеңберді тең екіге бөледі».
Ежелгі грек математикасы біртіндеп дамыды, бірнеше мектептерге бөлінді. Солардың бірі Пифагордың мектебі болып табылды. Пифагор Самосский /б,з,д, 580-500жж./ - ежелгі грек математигі. Милетке жақын Самос аралында дүниеге келген. Фалестің шәкірті. Пифагордың ілімі бойынша, сандар заттардың мәні болып табылады. Математикалық абстракциялар әлемде белгілі бір тәртіп орната отырып, жасырын жетекшілік етіп отырады. Сандар-бүкіл тіршіліктің бастамасы, дүние туралы түсініктің кілті.
Пифагор мектебінің ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады». Пифагоршылардың ілімінде ерекше орынды 1,2,3,4 сандары алды. Осы сандардың қосындысы /1+2+3+4=10/ текрактис деп аталды. Аңыз бойынша, пифагоршылардың анты: «Текрактистің атынан жан дүниеммен ант етемін. Мәңгі гілденіп тұратын табиғаттың қайнар көзі мен тамыры сонда жатыр. Тетрактиске кіретін сандардың қосындысы онға тең. Сондықтан он саны идеалды сан болып табылдаы және әлемді бейнелеп көрсетеді.
Пифагордың ең жоғарғы жетістігі - «гипотенузаның квадраты катеттердің квадартының қосындысына тең» деп аталатын атақты теоремасы, кейіннен ғылымға «Пифагор теоремасы» деп енген атақты дәлілдеуі.
Бұл теорема ертедегі Мысыр, Вавилон математиктеріне де мәлім болған, бірақ олар дәлелденбеген.
Ғылым саласында Пифагор мен пифагоршылдар мынандай жаңалықтар ашып, ғылымның дамуына үлкен үлес қосты: дедуктивтік геометрияны жасады, кеңістік геометриясы бойынша куб, пирамида, додекаэдр деп аталатын үш көпжақтың қасиеттерін зерттеді.
Пифагор ғылымының төрт саласын қарастырды. Оларды грек тілінде «математа» деп атайды, оысдаен математика деген термин қалыптасты. Ол төрт сала: сан туралы ғылым /арияметика/, музыка теориясы /гармония/, фигуралар жайындағы ғылым /геометрия/ және аспан жайындағы ғылым /астрономия/.
Пифагор музыканы да математикаға жатқызып, негізгі музыкалық интервалдарды – октаваны, квинтаны, квартаны тағайындады. Пифагор музыкалық дабыстарды сандар арқылы, ал музыкалық интервалдарды сандардың қатынастары арқылы кескіндеген.
Демокриттің көзқарастарының ғылымда өзіндік орны бар. Оның атомизм ілімі универсалды философиялық ілім болып табылады. Бемокрит математика, физика, философия туралы бірқатар шығармалар жазған. Бірақ оның шығармалары бізге дейін жеткен доқ. Олардың мақмұны бізге басқа авторлардың еңбегі арқылы мәлім. Демокрит атомдар туралы ілімін жасады. Дүниенің негізі - атом мен бостық. Атомдар бөлінбейді. Және сезім мүшелері арқылы қабылданбайды. Олар формасы, көлемі және кеістікте орналасуымен ерекшеленеді. Атомдар ұдайы қозғалыста, өзара әрекетте болады және шексіз материалдық дүниелерді құрайды. Демокрит ұлы болжамды дүниенің құрылымы туралы гипотезаны ұсынды. Демокриттің атомистік гипотезасы философия мен ығылымның дамуында маңызды рөл атқарды. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар осы гипотезаны жетекшілікке алып, эксперименталдық жолмен атомдарды тауып, оның табиғатын түсіндірмекші болды. Аотмистік ілім дами отырып, қазіргі жаратылыстанудың негізі болды. Атақты ойшыл, физик М. Борн «атомдық физикаға шешуші қадам осыдан 2500 жыл бұрын жасалды» дегенді айтады.
Демокрит математик те болып есептелді.
Б.з.д. IV ғ. Математиканың дамуына философиялық және жаратылыстану ғылыми мектептері үлкен әсер етті. Олардың бірін Платон /б.з.д. 427-347 жж./ басқарды. Ол Академия деп аталды. Пдатон математикаға үлкен мән берді. Платон математиканы ғылым ретінде өте жоғары бағалады, оны философиямен табысты шұғылдану үшін қажет ғылым деп есептеді.
Платон Демокриттің гипотезасын өткір сынға алды.
Демокриттің атомдары - көлемді денелік бөлшектер. Платонның атомдары-геометриялық, иделды геометриялық фмгуралар: тік бұрыш, үшбұрыштар. Платон үшін идеалды геометриялық фигуралар, объектілер дегеніміз-тек қана аспанда өмір сүретін идеялар. Ал, жер бетіндегі бізді қоршаған дүние олардың дөрекі бейнесі ғана деп есептеді.
Математика денелік дүниеден бөліп қарастырылды, тәжірибеге көңіл бөлуге тыйым салынды. Платонның шәкірттері дедуктивті пайымдауларды ғана қолдануға ұмтылды, бұл таңдау математиканы түбірімен өзгеріске ұшыратады. Көптеген грек философтары мәігілікті және ақиқатты іздестірді. Дедукциялық әдіс қана абсолютті бірден-бір нәтижелерге әкеледі.
Дүние туралы білімдердің жинақталуына сәйкес оларды жүйелендіру қажеттілігі пайда болды. Бұл мәселені ежелгі ойшылдардың бірі ПАристотель /б.з.д.. 384-322 жж./ табысты шешті. Ол Греция мен Македония шекарасында дүниеге келген. А. Македонскийдің ұстазы болды. 366 жылы Афинаға, Платонның Академиясына келіп 20 жыл тұрды. Аристотель Платонның сүйікті шәкірті болды. 335 жылы Афинада өзінің перипатетикалық сектебі-лицейді ашты. Перипатетка-грек сөзі: peripateo –серуен құру деген мағынаны білдіреді. Аристотель әңгімелесу, сұхбат құру барысында шәкірттерімен серуен құруды ұнатқан. Аристотель - өз заманының ірі энциклопедист ғалымы. Аристотель ғылыми жүйелендіруге алғаш қадам жасады.
Аристотельдің ілімі бойынша-дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі-заттық нәрсе. Табиғат мәңгі қазғалыстағы, өзгерістегі материалдық заттардың жиынтығынан тұрады. Дүниені тану деген-еі әуелі табиғи құбылыстарды білу деген сөз. Зат туралы түйсік, елес, ұғым болу үшін ең әуелі сол бізден тыс тұрған заттың болуы қажет.
Аристотель өзінен бұрыңғы грек ғылымының жетістіктерін жалпылай логика ғылымын негіздейді. Аристотельдің логикасы математиканың дамуына күшті ықпал жасады, ол дедуктивті-логикалық әдістің қалыптасыуына әкелді. Қазіргі математикалық құрылыстың негізгі іргетасы саналатын аксиома, анықтама, теорема, дәлелдеулер дейтіндер Аристотельдің логикасы негізіндк жасалған.
Аристотель-жанды, жансыз табиғат жөніндегі ғылымдарды жасауға көп ат салысқан философ.
Аристотельдің жаратылыстану жөніндегі пікірлері оның философиялық идеяларымен ұштасып жатады.
Арситотель қозғалыс жөнінде ілім тудырды, бұл ілімнің негізгі қағидалары теріс болғанымен, ғылыми механиканының бастамасы болды деп айтуға болады.
Аристотельдің жануарлар дүниесі туралы еңбектері биологиялық ғылымдардың шығуына үлкен үлес қосты. Ол шәкірттерімен бірігіп 500 түрлі жануарларға сипаттама берді, жануарлар классификациясын жасауға ұмтылды.
Аристотель саяси экономия ғылымының бастамасын жасады. «Экономия» деген терминді Аристотель енгізген, ол грекше «Эйкон» -«шаруашылық», «Намос»-«Заң» деген маңынаны, яғни шаруашылық заңы дегенді білдіреді.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Антик философиясы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Антик философиясы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, Антик философиясы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]