Реферат: Экология | Антропогендік фактор

Реферат: Экология | Антропогендік фактор

Экологиялық фактор – тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтері, ағза бейімделушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы. Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктеу бойынша оларды абиотикалық, биотикалық, антропогендік деп бөледі. Соның ішінде біздің айтайын деп отырғанымыз антропогендік фактор.
Антропогендік фактор – адам қызметінің қоршаған ортаға тигіззетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттарды атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы және т.б.), адамның шаруашылық қызметін қарекетінен тікелей ненсе жанама түрде туындайтын фактор. Жанама әсер – биосфераның басқа компоненттерде экологиялық тепе – теңдіктің бұзылу салдарынан атмосфераның жағдайына әсердің тиюі. Бұған ормандар, жойылған алқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларын ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Ал тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді: күлді, металл оксидтері мен тұздары, күкірттің газды қосылыстарын, аммиакты, көмір сутектерін, радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды, сутекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады.
Адамның шаруашылық іс - әрекеті салдарынан қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгергені соншалық, табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендерімен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.
Дүние жүзіндегі шөлдердің шығу тегі негізінде антропогендік болып саналады. Қазіргі уақытта шөл аумағы 10 млн. Шаршы км – ге жетті, бұл бүкіл құрлық аумағының 7 % - на жуық. Көптеген жер көлемінің өзгеруі шаруашылықтың, мыс, егіс алқаптарының тым үлкен болуы, олардың дұрыс күтілмеуі, қорғаныш орман- тоғай белдеулері мен ықтырма белдеулердің болмауы, құрылыс салу, пайдалы қазбалар өндіру кезінде үстінгі қабаттың жалаңаштануы, малдың тым көп жайылуы тағы да басқа жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан орын алды.
Қазіргі кезде антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар: көшетхана эффектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т.б. туындады. Антропогендік факторға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ, тау – кен өндіріс салалары т.б. жатады.
Жоғарыда антропогендік факторларды кең ауқымды мағынада қарастырсақ, енді адам - өндіріс объектісі – қоршаған орта жүйесіндегі оның бір негізгі бөлігінің бірі болып саналатын антропогендік өндіріс факторларға тоқталған жөн. Антропогендік өндірістік фактор дегеніміз тікелей өндіріс процесіне қатысатын қызметкерлердің ден – саулығын өте – мөте қолайсыз зардаптарға ұшырататын және белгілі өндіріс процесінің нәтижесінде қоршаған ортаны антропогендік өзгерістерге итеруге қабілеті бар фактор. Антропогендік өндірістік фактор әртүрлі нышанмен топтастырылады. Өзінің табиғатына байланысты антропогендік өндірістік факторлар физикалық, химиялық, биологиядық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Антропогендік өндірістік фактор тигізетін әсеріне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:
- зиянды әсерлері белгілі жағдайларда өндіріс қызметшілерін ауыртатын немесе олардың жұмысқа қабілеттілігін төмендететін антропогендік өндірістік факторлар (шу, діріл, электромагниттік өрістер, зиянды заттектердің шығарымдылары)
- қауіпті - әсерлері белгілі жағдайларда өндірісте жэұмыс істейтіндерді жарақаттандыратын немесе басқа да денсаулықтың күрт төмендеуіне апаратын антропогендік өндірістік факторлар (электр тогы, белгілі деңгейдегі газ түріндегі хлордың мөлшері, шу, діріл)
- ерекше қауіпті – белгілі жағдайда өнеркәсіптік апаттар туғызатын, яғни өнеркәсіптік кәсіп орындардың өзіне тиісті энергия қорының талқандататын түрі мен мөлшерінің бөлінуі, сонымен қатар кейбір шикізат түрлері, аралық өнімдер, кәсіпорынның негізгі өнімдері, өндіріс қалдықтары, өнеркәсіп алаңында орнатылған технологиялық құрал – жабдықтар апаттық процеске тартылып халыққа, қызметкерлерге, қоршаған ортаға және өнеркәсіп кәсіпорындарының өзіне алапаттық зардап шектіретін факторларды тудыратын (иондандыратын сәулелену, өрт, жарылыс, көп мөлшшерде газ тәрізді хлордың шығуы) антропогендік өндірістік фактор болып саналады. Зиянды антропогендік факторлар әдетте детермендейтін ( төмендететін, бүлдіретін), ал қауіпті және ереғкше қауіпті стохастиялық қасиеті бар факторға жатады. Егер де антропогендік өндірістік фактор айқындалып және талданып, адам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттерін үйлесімділікке жеткізетін әдістер мен құралдар жасалып отырса, онда өндіріс процестері инженерлік – экологиялық тұрғыдан қамсыздандырылған болып саналады.
Адам мен қоршаған орта арасындағы байланыстарды үйлесімді ету проблемасын шешу үшін әртүрлі бағытта: техникалық, ұйымдастырушылық, әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік – күш жұмсауына назар аудару қажет. Осы жүйелі проблеманы келісті заңдылық негізі бар нормаларды қолдана отырып шешуге болады.
Атмосфералық ластанудың антропогендік көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, құрал – жабдықтар, материалдар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б.
Антропогендік фактор – бұл басқа түрлердің тіршілік ету ортасы ретіндегі табиғаттың өзгеруіне әкелетін немесе олардың тіршілігінен тікелей көрінетін адамзат қоғамының әрекеттілігінің түрлері. Адамзат тарихының барысында алдымен аң аулаудың, содан кейін ауыл шаруашылығының, өндірістің, көліктің дамуы біздің ғаламшарымыздың табиғатына өзгерістер әкелді. Жердің бүкіл тіршіліктер әлемінде антропгендік әсер ету күрт өсіп келеді.
Адамның антропогендік әрекеттілігінен шығып жатқан табиғи ортаны сарқу, ластау және бүлдірудің себептерінің ішінен объективті және субъективті себептерді бөлуге болады. Объективті себептерге мыналар жатады:
1. бұл жер табиғатының өздігінен тазалануға және өздігінен реттелуге деген шекті мүмкіндіктері. Белгілі бір уақытқа дейін жер табиғаты адамзат өндірісінің қалдықтарын қайта өндеп, твазалап, сонымен өзін олардың зиянкесті әсерінен қорғайды.
2. бұло жер территориясының бір ғаламшар аясында физикалық шектеулігі. Осының салдарынан пайдалы қазбалардың – адам пайдаланатын тас көмірдің, мұнайдың және т.б. қорлары біртіндеп жұмсалып, одан кейін мүлде түгесіледі.
3. бұл табиғаттағы өндірістің қалдықсыздығы және адамзат өндірісінің қалдықтылығы. Табиғатта өқндіріс тұйық цикл бойынша жүзеге асырылады. Одан қалдық шықпайды. өндірістік әрекеттіліктің соңғы өнімі жаңа өндірістік цикл үшін бастама болып табылады. Табиғат өндірісінен айырмашылығы, адамзат өндірісі қалдықты болып табылады. Адамның тіршілік әрекеттілігі үшін жылына 20 т. кем емес табиғи ресурстардың жұмсалуы керектігі есептеліп шығарылған. Оның небәрі 5 – 10 % ғана өнімге жұмсалады, ал 90 – 95 % қалдыққа кетеді.
4. бұл адамның табиғаттың даму заңдылықтарын табиғатты пайдалану мен тәжірибе жинақтау үрдісінде тануы және пайдалануы.
Субъективті себептерге жатады:
1. мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты ұйымдастырушылық – құқықтық және экономикалық әрекеттілігінің жетіспеушілігі.
2. экологиялық тәрбиелеу мен білім берудің олқылықтары.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған орта, жер, су тазалығын сақтау, олардың зиянды заттармен ластануына жол бермеу – көкірегі ашық, көңілі ояу әрбір азаматтың парызы. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Антропогендік фактор туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Антропогендік фактор на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Антропогендік фактор

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]