Реферат: Экономика | Ақша несие ерекшеліктері

Реферат: Экономика | Ақша несие ерекшеліктері

Ақша несие ерекшеліктері
Қазіргі дүниежүзілік ақша ролін номиналдық алтын мазмұны бар қағаз пқша атқарады. Олар металл ақшадай тозуды, салмағы кемуді, құны азаюды білмейді.
Ақша және тауар мөлшері тепе-теңдікте болуы шарт. Егер біріншісінің шамасы көбейіп кетсе құнсызданады, инфляцияға қызмет етеді. Белгілі бір елдің айналыстағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кету салдарынан оның құнсыздануын – инфляция дейміз. Ол тауарлардың бағасын шамадан тыс көтеріп жібереді.
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау немесе дұрыс қалыпқа келтіру шаралары бар. Олар: девальвация және ревальвация.
Қағаз ақшаның ресми құнын өзінің тұрақты қалпына келтіруді – девальвация дейміз. Ашық және бүркемелі жолдары бар. Девальвация шараларының негізгілері: ұлттық ақша өлшемінің алтындық мамзұнын кеміту; шетел валюталары мен қатынас курсын төмендету; толық құнды несие билеттерін шығару, бағасы төмендеген ақшаларды айналымнан алып тастау; айналымдағы қағаз ақшаны ресми төмендету мақсатымен ақша реформасын жүргізу.
Ревальвация – ақшаның ресми құнын тұрақтандыру және бағаның инфляция зардабынан өсуіне қарсы ықпал жасаудың әдісі. Ақша курсын өсіру деген сөз.
Айналыс құралы қызметін атқаратын ақша арқылы тауарлар бағасы жүзеге асатын болғандықтан, айналысқа қажетті ақша мөлшері ең алдымен тауар бағасының сомасына байланысты болады. Ақша неғұрлым шапшаң айналса, ол соғұрлым айналысқа аз керек болады. Мұнан мынадай қорытындыны жасауға болады: айналысқа қажетті ақша мөлшері тауар бағасы сомасының белгілі ақша өлшемінің (баға, марка, доллар т.т.) айналым шапшаңдығына бөлінуіне тең болады. Сөйтіп, айналысқа қажетті ақша мөлшері (М), үш факторға байланысты болады 1) тауар мөлшері (Т), 2) тауар бағасының дәрежесі (Б), 3) ақшаның айналыс шапшаңдығы (АШ). Бұл тәуелділікті мына төмендегі формула түрінде көрсетуге болады:

Ақша айналысының халі ақша айналысы сферасынан тыс жатқан жағдайларға байланысты және оған объективті түрде болатын бірқатар факторлардың әсерін көрсетеді. Тауарды сату-сатып алу процесі, оның шапшаңдығы, сондай-ақ ақша айналымының шапшаңдығы өндіріс жағдайына, транспорттың даму дәрежесіне, қала мен ауыл арасындағы экономикалық қарым-қатынастарға, несие жүйесінің жағдайына және т.с. байланысты болады.
Ақша тек айналыс құралы қызметін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар ол төлем құралы қызметін де атқарады, сондықтан несие қатынастарының дамуына байланысты ақша айналысы заңының формуласы мына түрге көшеді: .
Айналыста болатын ақша мөлшері мынаған тең болады: сатылуға тиісті тауарлар бағасының сомасына (тб), несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы (Кр), төлеу мерзімі жеткен төлемдер (Т), өзара өтелетін төлемдер сомасы (ӨТ), ал осының бәрі белгілі бір ақша өлшемінің айналым санына бөлінеді (АС).
Несие – қарыз капиталының қозғалысы, несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік принциптеріне құрылған. Экономикалық категория ретінде несие құл иеленушілік қоғамда өсімқорлардың ақшаны қарызға беруінен басталып, өзінің айтарлықтай даму дәрежесіне буржуазиялық қоғамда қарыз капиталын пайдалану арқылы жетті. Несие нарықтық экономика тұсында маңызды қызметтер атақарды.
Несие (латын сөзі - сreditum - қарыз) кең мағынада, экономикалық әріптестер (партнер) арасындағы қарыз түріне мәміле (келісім) яғни екінші адамға (жеке немесе заңды тұлғаға белгілі бір уақытта қайтаруға және пайдаланғаны үшін белгілі мөлшерде пайыз төлеу жағдайында қарызға берілген мүлік немесе ақша.
Несиенің қажетгілігі: жалпы алғанда, нарық-экономикадағы капиталдың табиғаты мен оның ұдайы өндіріс процесіндегі айналуы мен қайта айналу заңдылығынан туындайды.
Өндіріс ақша қаражатына тұрақты мұқтаждықта болады. Ондай жағдай мына төмендегі факторларда туындайды:
1) барлық уақытта өндірісте авансыланған капиталдың қайтарылу моментімен өндіріске пайдалануға берілген (салынған) моментінің арасында айырмашылық болады. Ол өндірістік циклдың ұзақтылығының салдары;
2) экономиканың көптеген салаларында өнімді маусымда өндіреді (мысалы: ауыл шаруашылығында және т.б.);
3) экономиканың кейбір салаларын дамьпу, өндірісті реконструкциялау немесе ұлғаймалы ұдайы өндіріс үшін біркезде және үлкен мөлшерде инвестициялық қаражат қажеттілігі туындайды;
Несие қажеттілігін туындататын факторлар мұнымен шектелмейді, біз тек негізгі ауқымды бағыттарды атадық, Ал өмірде күнделікті іс-әрекетте несие қажеттілігін туындататын факторлар жеткілікті.

Несиенің пайда болу көздері:
1) Негізгі капиталды толық қайта қалпына келтіру үшін амортизациялық қорды қалыптастыру процесінде пайда болатын қаражат. Оның себебі, өндіріс құралдары дайын тауар құнына өзінің тозған бөлігінің құнын ғана қосып отырады, соңдықтан кәсіпорын ай сайын немесе квартал сайын амортизациялық бөлектеуді есептейді, бұл процесс тұрақты жүріп отырады. Амортизациялық қорды жарату бір мезгілде емес дүркін-дүркін болады. Сондықтан амортизациялық қордың көп бөлігі уақытша бос ақша қаражаты болады, ол қарыз капиталын пайда болу көзіне айналады.
2) Кәсіпорынның шикізатқа жанар-жағармайға материалдарға және т.б. жұмсалатын айналмалы капиталы сатылған өнімнің төлем сомасының түсімімен оның төленетін уақытының бір-біріне сай келмеуінің нәтижесінде уақытша бос ақша қаражатын құрайды;
3) Айналмалы капиталдың жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге жұмсалатын белігі уақытша бос ақша қаражатын құрайды. Себебі, жұмысшылар еңбек ақыны белгіленген уақытта төленеді, ол уақытқа дейін ақша қозғалыссыз болып, бос ақшаны құрады.
Несиенің принциптері:
1) Қайтарымдылығы. Бұл принцип несиенің негізі уақытша бос ақша болғандықтан, оны екінші пайдаланушыға да уақытша беріледі, сондықтан, ол, қайтарылуы тиіс;
2) Жедел мерзімді (срочность). Бұл принцип бірінші принциптен туындайды. Несие қайтарылуға тиіс болғандықтан, белгілі бір уақытқа беріледі.
3) Материалдық қамтамасыз ету. Несие сенімге негізделген келісім. Сондықтан несие беруіні, несие алушыдан кепілдемелік мүліктер т.б. талап егуге құқылы.
4) Ақылылы. Несие алушы басқа тұлғаның ақшасын пайдаланады, осыған байланысты ол несиені пайдаланғаны үшін ақы төлеуге міндетті. Несиені пайдаланғаны үшін төленетін ақыны қарыз пайызы деп атайды. Оның белгілі нормасы белгіленеді. Сонымен, пайыз нормасы - қарыз пайызының сомасының қарыз капиталының мөлшерінің қатынасымен анықталады. Пайыз нормасы пайыз ставкасы деп аталады. Оны мемлекет Орталық банк арқылы реттейді. Орталық банкінің реттеу саясаты рестрикция (коммерциялық банктердаң беретін несие ресурстарын қысқарту) немесе несиелік экспансия (берілетін несиенің мөлшерін көбейту) түрінде жүргізіледі.
Несиенің атқаратын қызметтері (функциялары):
1) несие ақша капиталын аккумуляциялау және мобилизациялау қызметін атқарады. Несие осы қызмет байланысты қоғамдық өндірістің өсуіне жағдай жасайды.
Несие нысандарына (объектілеріне) байланысты төмендегі бағыттар бойынша бөлінеді:
1) несие беру уақытына байланысыты:
- қысқа мерзімді бір жылға дейін;
- орта мерзімді — бір жылдан 6-8 жылға дейін;
- ұзақ мерзімді - 6-8 жылдан жоғары;
2) қамтамасыз ету туріне байланысты:
- кепілдемелі, яғни несиені белгілі бір мүлікке және т.б кепілдікке беру;
- кепілдемесіз (бланковалық) несие бергенде ешқандай кепілдік мүліктер және т.б талап етілмейді;
3) несие алушылардың туріне байланысты:
- жеке адамдарға;
- фирмаларға;
- басқа банкаларға, оның ішінде шетелдік те банктер;
- мемлекетке;
- шет мемлекеттің ресми органдарына;
4) пайдалану бағытына байланысты:
- инвестициялық;
- бағалы қағаздармен операцияларға.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Ақша несие ерекшеліктері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Ақша несие ерекшеліктері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Ақша несие ерекшеліктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]