Реферат: Құқық | Азаматтың құқықтық қабілеттері

Реферат: Құқық | Азаматтың құқықтық қабілеттері

Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі.
Азаматтық кодекс тің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Респцбликасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарфын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда қабылданған «Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы» Заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады». Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі». Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.
Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13- бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұртың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне , дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтарды құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және біріңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтаржы құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберәіне жекеленген азматтарға берілетін міндеттілік теңдікті корсетіле қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру мумкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі деген заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабының 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарыңда көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен қабілеттілігін шектеуге болмайды». Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот укімі алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігін толықтай айрылмайды. Қазіргі қылмыстық заңдаазаматтың құқықғын айыру мына жағдайларға:
1. Белгілі бір дауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.)
2. Елдің аумағында емін-еркін жүріп тұруға (жер аударумен шектелу)
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен катар, құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандайда бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз, нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мумкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауакершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Құқық қабілеттілігі адамның - құқық субъектісін өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара мұра қысқарады, ішінара мұрагерге көшеді. Өлім – бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туылғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік еті немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіру қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей емес , бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін. Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18-жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарды ғана болады. 18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады. Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымына толық құқықлы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады. Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша азмат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.
Жасы кәмелетке толмағанжар келиірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе қамқоршысы өтеуге тиісті бөлігін, оның ата-анасы немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиын келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірілген зиынды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
Азаматтың есімі мен тұрғылықты жері.
Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу және жүзеге асыру тиісіншеғ дербестікке ие болу керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің 15-*бабының 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз есімін, содай-ақ қаласа, әкесінің атын да қоса алды. Азаматқа туылған кезде ат қояды. Ал ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының ыамилиясы беріледі. Егер әртурлі фамилияда болса, онда ат-аналары қайсысын біреуді өздері келісіп шешеді. Некесіз туылған балаға әкесі жоқтыңынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасының фамилиясы беріледі. Біздің елімізде 1998 жылдан бастап ата-анаға ұлттық дәстүрді ескере отырып, баланы әкесінің атымен мүмкіндігі беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтарының фамилиясы мен әкесінің атын ауыстыру жөніндегі тілек Республика Үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26 қыркүйекте қабылдаған Ережесімен айқындалады.
Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісі нақтылай түседі. Өмірде аты, фамиилиясы және әкесінің аты бірдей болатын жағдайлар аз кездеспейді. Егер азаматтың атында әкесінің аты көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау қиындай береді, Сондықтан да тұрғылықты жері бойынша азаматтың жеке басын куәландыру мәліметтер нақтыланады. АК-тің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе тұратын елді-мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы тұжырымдалады. Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай келеді. ДЕйтұрғанмен, өзі бір жерде тұрып, екінше жерде жұмыс істейтін жағдайлар да кезедеседі.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Қорыта келгенде, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады? – деген сұрақ туады.
Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән. Ал берілген әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындар, б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәлімелер жасай береді. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәлімелерді, яғни мәлімелерді ата-анасының, асырып алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды.
Біздің білуіміз бойынша тұлғаның екі категорисы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл – ұжымдар, тоып жатқан ұйымдар және т.б. құқық пен міндеттердің иелері. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Азаматтың құқықтық қабілеттері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Азаматтың құқықтық қабілеттері на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, Азаматтың құқықтық қабілеттері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]