Реферат: Биология | Адамның қалыптасу тарихы

Реферат: Биология | Адамның қалыптасу тарихы

Жеке адам психологиясы
Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі,сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды; бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, коллективтік өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады.Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқаан анатомия-физиялогиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
Сонымен,адам дегеніміз биологиялық,психикалық және әлеуметтік сапалардыың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеументтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жасай арфиметикалық қосындысы емес,олардың табиғи бірлігі екенін білу керек.
Қоғамдық ғылымдардың да,сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке адам» , «даралық» түсініктері кеңінеп қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады.Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір .
Адам туралы түсінік түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам-бұл, ең алдымен,Нomo Sapuens түріндегі сүтқоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі.Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар,ягни ол сыртқы ортаның мәнін де,өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.Адам биологияльқ тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын.
Айрьқша дене бітімімен сипатталады: денесін тік ұстап жүру, тану мен еңбекке бейімделген екі қолының болуы, әлеументтік жағдайларда өмірді өз танымында бейнелеп және оны өз қажеттігіне, мүддесі мен мұраттарына қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының барлығы.
Адам, сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі әрі бұл оның ең елеулі белгісі. Қоғамдық өмір мен еңбек адамның табиғи құрылымын жетілдіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ оны өз еркіне бағындырды да. Адам - өзінен-өзі қоғамдьқ өмір жемісі болып табылатын сананың таратушысы. Тек қоғамда және қоғамның игі әсері арқасында ғана адам танып-білуге және еңбек етуге қабілетті болып қоймайды, сонымен қатар өзінің ішкі процестерін сезінуге, тілегі мен жағдайын сыртқы өмір жағдайларымен үйлестіре білуге, парасатты түрде іс-әрекет жасауга бейімделеді.Өзіндік сана-сезім адам санасы дамуының филогенездегі (тектің тарихы) де, сондай-ақ онтогенездегі
(индивидтің өмір тарихы) де шыңы болып табылады.
Адам алуан қырлы міне, сондықтан да, ол жаратылыстану ғылымдарының да, қогамдъқ ғылымдардың да зерттеу обьектісі болып табылады.
«Жеке адам» түсінігі «адам» түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Жеке адам-қоғамдық-тарихи категория. Оның қоғамдьқ мәні мен әлеументтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тек қана қоғамдьқ ғылымдардың:
тарих, философия, социология, этика, эстетика, психология, педагогика тағы басқалардың зерттеу объектісі.
Жеке адам-қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық ролъ атқаратын, саналы индивид.
Роль дегеніміз - жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі, мәселен, ата-ананың ролі - балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі-муұғалімдер коллективін басқару және оқушыларды оқыту процесін ұйымдастыру.
Жеке адамның позициясы дегеніміз-оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдьқ жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне-өзі мойнына алған міндеттерге, қоғамдьқ, еңбек міндеттеріне деген т.б қатынастар жатады. Бүл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін,оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай - ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады.
Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қтынастар дегеніміз - қуанту мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз - принципті қатынастар, олар ситуация таланттарымен емес, жеке адамның қалыптасқан адамгершілік мұратымен, ішкі сенімімен, парызбен міндеттерді сезінумен аньқталады.
Сөйтіп, материалистік философия мен психология жеке адамда әлеументтік мәні тұрғысынан қарастырады.Жеке адам дегеніміз-ол да сол адам, тек ол бұл ретте қоғамдық мәні мен қоғамдық іс-әрекеті жағынан
қарастырылады. Физиолог адамда организм ретінде зерттейді, социолог адамда жеке адам ретінде қарайды. Міне,сондықтан да жеке адаммен оның құрылымын анықтағанда әлеуметтік және биологиялық жағына бірдей орын беретін кейбір психологтармен келісуге болмайды. Жеке адам дегеніміз-саналы индивид.Жеке адамның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай турып түсіну мүмкін емес: іс-әрекетпеи айналысу себебін, қабілеті мен мінез-құлқын, ал кейбір жағдайларды тіпті дене құрылысын тексеруге болады.
Жер бетінде адамнан қастерлі,адамнан артық еш нәрсе жоқ. Себебі адам бір бойына бүкіл әлемді сыйғызып тұрған ерекше құбылыс.
Ұлы ойшылдар адамға мынадай анықтама береді: «Адам-ақыл иесі», «Адам-сана иесі», «Адам-бостандық иесі». Ақыл, сана және бостандық-адамның адамдық жігерлігінің сипаттамасы.
Адам жөнінде психологияда сөз қозғасақ, онда нақтылы жеке адам туралы айтатынымыз рас. Сонымен қатар адам жөніндегі ұғымда басқа да бір-біріне өзара жақын көптеген түсініктер бар: «адам», «индивид», «даралық», «тұлға». Жалпы алғанда бұл ұғымдар бір ғана мағына бергенімен,ал өмірде, ғылымда олардың әртүрлі түсініктері болады.
Индивид /жеке адам/ -бұл әлдебір тұтастықтың өкілі ретіндегі жеке кісі (адамзатқа қатысты бір адам, белгілі бір әлеументтік топтың өкілі).Жеке адам ретінде жарық дүниеге келгенде адам біртіндеп жеке адам ретінде қалыптасады. Бұл процестің тарихи сипаты бар: дүниеге келгеннен кейін адам қоғамдық қатынастардың белгілі,тарихи тұрғыда қалыптасқан жүйесіне қосылады.
Жеке адам дегеніміз-әрбір кісінің әлеуметтік сипаттамасы, яғни мұның мәнін оның сацалы, не қаны, не дене құрылысы ғана білдіріп қоймайды, оның әлеументтік сапасы айқындайды.
Еңбектену арқылы пайда болган тіл-ойлау мен сөйлеуді тудырады. Ал тілдің негізінде сөз жасалады. Сөз арқылы , сөйлесудің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы қалыптасып, жоғары тиімділікке қол жеткізеді.
Адамдар тіл арқылы өздерінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені тусіндіруге ұмтылады.
Адам жаратылысынан іс-әрекет етуші тұлға, оның барлық ерекше қасиеттері еңбектің нәтижесінде,тарихи даму арқылы қалыптасқан.
Жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде бойына жинақтайтын сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсапалы қатынастарын анықтайды. Даңқ, ақыл, байлық, тартымдылық және дарын-бәрі де адамның сапасы.
Бұлардың әрқайсысы шын мәнісінде мазмұнды,себебі бір адамның мақсат-мүддесі адаммен қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Жеке адамның осы қасиеттері қоғамнан ажыратылса, оның жеке басының сапасы затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалады.
Даралық- жеке адамның өзіне ғана тән белгілі бір сипаттамасы. Мұны әр адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген жөн.
Даралық-адамды басқадан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі.
Әрбір адам айналадағы дүниені өзгеше түсініп, өзгеше қабылдайды,оның ақыл есінің,ойының , зейінінің өзіне гана тән ерекшеліктері бар құштарлығы мен өзімдік қиялы,өз қызығуы мен ұғатып, жаратпайтыны; көңіл-күйінің ерекшеліктері, азды-көпті эмоциялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік-жігері, түрлі мінез-бетістері,т.б болады. Адамның ішкі жан дүниесі, яғни қалыптаса келе қол жеткізген «мені» - ең тереңде жататын барынша нәзік те бағдарланатын өлшем. Жеке адамның ішкі жан дүниесі сол адаммен бірге туып, дамып жетілетін соның өзіне ғана тән нәрсе. Жеке адамның белгілі дәрежедегі психикалық және әлеуметтік тұрғыда даму деңгейі сол адамның өз алдына маңызды мақсаттар қойып,оларды орындай алуына мүмкіндік тудырады, оның бойында дербес көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасып, өзіндік адамгершілік талаптар қойюмен іс-әрекетіп бағалауларна түрткі болады.
Жеке адамға белгілі дәрежеде сипаттама берегенде оның белсенділігін бірінші кезекте қарастыру керек. Белсенділік-адамға өмірдегі өз орнымен жағдайын анықтауға, ұстаған адамзаттың позициясын аңғаруға мүмкіндік тудырады.
Адамның адамдығы негізінен алғанда оның іс үстінде немесе адамдар арасында болсын, өзін-өзі көрсете білуі арқылы анықталады.Жеке адамның «өзін-өзі жасай алу» қабілеті оның тағдырын, қоғамға қаншалықты бағалы екендігін, әрине,сондай-ақ бағалардың соған деген қатынасты мәнді түрде белгілейді.
Орыс жазушысы К.Г. Паустовский:Адам ақылды, кішпейіл, әділ, батыл да қайрымды болуга тиіс.Тек сонда ғана оның осынау «Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»,-деп жазған еді.
Жеке адам-белгілі бір әлеуметтік ортада атқарылатын елеулі іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес,оның себепшісі де.Қоғамдағы эканомикалық саяси, әлеументтік қатынастар әр түрлі көріністерге ие болады. Олар әрбір жеке адамның әлеуметтік сапасын және оның іс-әрекетінің мазмұнын айырып, ажыратады.
Атап айтқанда,адам осы процестің барысында өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады және сыртқы әлемге деген өзінің көз қарасын қалыптастырады. Адамның әлеуметтік қатынасы әлеуметтік сапа ретінде оның іс-әрекетінде және тәртібінде көрінеді. Адамның әлеуметтік сапасының элементтеріне оның белгілі бір іс-әрекетінің мақсаттары: әлеуметтік орнымен атқаратын әлеуметтік; нормалармен құндылықтар, пайдаланатын жүйе белгілері: әлеуметтік ролін орындауда мүмкіндік беретін білімдердің жиындығы; білім дәрежесі мен арнаулы дайындығы; әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері; жігері және шешім қабылдауға дербестік дәрежесі жатады.
Осы элементтердің жиындығы-жеке адамның әлеуметтік сапасы жөніндегі түсінікті айқындайды. Даралық жеке адамнан жоғары немесе төмен әлдеме емес.Даралық дегеніміз-өзіндік өзгешілігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр -сипатын айтады.Әдетте «даралық» деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп туратын қандайда бір басты қассиетін көрсетеді. Кез-келген адам өзінше дара,бірақ кей бір адамдардың даралығы тайға-таңба басқандай, мен мұндалап айқын көрініп турады да, басқаларыныкі онша байқала қоймайды.
Даралық интелектілік, эмоциялық, еріктік сфераларда немесе психикалық іс-әрекеттің барлъщ санасында бірден көрінуі мүмкін. Интеллектің өзіндік ерекшілігі оның басқалар байқай бермейтінді көре білу қабілетінде, информацияны өңдеу ерекшіліктерінде, яғни алдына проблема қойып, оның шеше білуінде болып табылады.Сезімдердің ерекшелігі олардың белгілі біреуінің шеттен тыс дамуынан/эмоциясының өте шапшаңдыгғнан көрінуі мүмкін. Ерік ерекшелігі ерік-жігердің күшінен, таңғажайып ерліктен немесе асқан ұстамдылықтан көрініс табады. Өзінділікті нақтылы адамның бойындағы қасиеттердің оның мінез —құлқы мен іс-әрекеттеріне ерекше өң беріп, үйлесін табуы деу керек.
Даралық жеке адамды нақтырақ, дәлірек,солай болған соң да толығырақ сипатайды. Ол жеке адамның психологиясын зерттеген кезде де,сондай —ақ психологияның басқа бағыттары қарастырылғанда да зерттеудің тұрақты обьектісі болып табылады.
Күнделікті тұрмыста, сондай-ақ ғылымда «даралық» сөзімен қатар, «индивид» деген сөз де қолданылады. Индивид деп өзіне тән барлық ерекшеліктерімен бірлікте алынған нақтылы адамды айтамыз.
Кез-келген ұйым сияқты,психикалық өмірдің де өзіндік құралы бар. Психикалық қалыптың даралық ерекшеліктерін ауызға алмайтын болсақ жеке типтік құрылымын анықтай аламыз.
Құрылымның бірінші кампоненті жеке адамның бағыттылығын, немесе адамның болмыс қатынасын сипаттайды. Бағыттылық әр алуан қасиеттерден өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, идеялық және практикалық пиғыл-әрекеттер жүйесінен құралады.Соның өзінде баеыттылық компоненттерінің бірі дараланып шығады және жетекшілік мәнге ие болады,ал қалғаны көмекшілік ролін атқарады. Дараланып шыққан бағыттылық. жеке адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін анықтайды. Мысалы,танып білу қажеттілігінің дараланып шығуы соған лайықты ерік-жігер және көңіл күйін туғызады,ал мұның өзі интеллектілік іс-әрекетті жандандырады.
Осымен бір мезгілде табиғи қажеттіліктер біршама тежелеске ұшырайды, күнделікті тірлік мәселелері артқы кезекке жылжытылады. Жеке адам өз әуестенудің мақсаттылығын негідейді, оған ерекше қоғамдық және жеке мән бере бастайды.
Екінші блокты жеке адамның мүмкіншілігі анықтайды және іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттік жүйесін қамтиды. Қабілеттіліктер өз ара байланысты және бір-бірімеп өзара әрекеттес болады.Әдетте қабілеттіліктердің бірі үстем күйде болады да, қалғандары оған бағынышты болып келеді. Мысалы, А.С. Пушкин өзінің тарихшы ретінде танытса да, тәп-тәуір сурет сала білсе де оның ақындық дарыны басым түсті. М.Ю.Лермантов жайында да пақ осыны айту керек.
Ал Ф.И. Шаляпиннің негізгі қабілеті-сахналық қабілет. Ол да өзіне бейнелеушілік қабілеттерді багындырған да,оларды сахна үшін қызмет етуге мәжбүр еткен. Заңды түрде багынышты қабілеттер пегізгі , жетекші қабілетті күшейте түседі.
Тегінде, қабілеттер ара қатынасына бағытылықтың құрылымы әсер ететін болса керек . Ал қабілеттерді саралау өз тарапынан жеке адамның болмысқа қандай қатынаста болуына әсер етеді.
Жеке адам құрылымындағы үшінші блок мінез немесе адамның әлеуметтік ортадагы мінез- құлқына сипаты болып табылады.
Мінез дегеніміз-күрделі синтетикалық құралым, онда адамның рухани өмірінің мазмұны мен формасы бірілікте көрініс танытады. Мінез жеке адамды толық сипаттай алмайды,алайда оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен еркінің, интелектілік және эмоциялық сапарларының, темпераменттен басталатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін құрайды.
Мінез жүйесінен де жетекші қаситеттерді бөліп алуға болады.Оларға ең алдымен,моралъдік адамдармен қатынастагы мейрімділік немесе қатігездік қоғамдық міндеттерге деген жауапкершілік, қарапайымдылық, екінші кезекте-ерік —жігер саналары жатады,бұл белгі бір мінез — құлық сипатымен практикалық міндеттерді шешу әдісін қамтамасыз етеді. Міне, сондықтан да мінездің нақтылы негізін моралъдік —еріктік қасиеттер құрайды дейміз.
Басқа барлық блоктардан үстем тұратын төртінші блок басқару жүйесі болып табылады, оны әдетте «мен» сөзімен белгілейді. «Мен» өзін-өзі реттеу қызметін атқарады: іс-әрекеттің күшейе түсуі немесе әлсіреуі , өзін-өзі бақылау әрекеттер мен мінез құлықтардың түзетілуі, алдын ала таң-тамаша болу және өмір мен іс-әрекетті жоспарлау.
Егерде оны құрамынан психикалық процестер мен күйді алып —тастаса, онды психикалық құрылым толық болмайды.
Психикалық процестер дегеніміз-болмыстың психикалық құбылыстардың әр алуан формасында динамикалық түрде бейнеленуі......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Адамның қалыптасу тарихы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Адамның қалыптасу тарихы на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Биология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Адамның қалыптасу тарихы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]