Реферат: Биология | Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар

Реферат: Биология | Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар

Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар.
Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады дедік. Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.
Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.
Табиғи сұрыпталудың күші қоғам өмірінде барған сайын әлсіреуде, өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік институттар жеке адамдардың биологиялық жағынан өзгергіштігін ұдайы әлсіретеді. Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж. 1млн адамнан 4000 адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды, ал бұл құрт ауруының емдеуге қарсыласуы бойынша сұрыпталуы мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды басқа аурулар бойынша да келтіруге болады.
Бүгін таңда, бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал, екінші жағынан, мәдиниетпен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі, әлеуметтік өзгерістердің аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан мәдени эволюцияның көрсеткіші болып табылады. Сондықтан қазіргі адамның эволюциясында мәдириет шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды. Егер жануарлар үшін табиғи сұрыпталу эволюцияның басты факторы болса, адам үшін оның рөлі- генофондыны (геннің қорын) сақтауда және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауда ғана.
Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан денісау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетекалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан көп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ өліп кететін фактілерінен көруге болады.
Адамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруімен бірге оның биологиялық табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде өзгере ме? Денесі мен ақыл-ойы жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гөрі дамығандайә болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін.
Алдымен дене құрылысы жағынан алып қарасақ, Homo sapiens түрінің даму тарихы барысында оның дене құрылымы мен денсаулығы айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа өмір жасы өсті. Ертедегі дүние азаматтың орташа жасы 20-22жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа деиін өсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа елдерінде ортша жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және медицинлық зерттеулерге қарағанда, қазіргі адамның “қалыпты ” орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен.
Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60 жылдары өскен жастардың бойы 30-40 жылдарда өскен жастардың бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың бойы одан бұрынғы 60-70 жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей ұзын көрінеді. Бұл, әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен жақсаруының алдары деуге болады.
Енді адамзаттың ақыл-ой қабілетінің дамуы туралы мәселні қарастырып көрелік. Евгеника (адамның тұқым қуалаушы денсаулығы және оны жақсарту туралы теория) деген ілімнің негізін салушылардың бірі, ағылшын психологантрополыгы Ф. Гальтон қазіргі адамның ақыл-ойы барған сайын төмендейді деп сендіруге тырысады, өйткені дейді ол төменгі таптарының өкілдері ақыл-ой коэфицент көрсеткіші төмен ал олардың отбасы әдетте көп балалы болады, олай болса қоғамдағы адамдар саны негізінен төмен сол еңбекші топтарының балаларының есебінен өсетін болғандықтан, адамдардың ақыл-ой деңгейінің төмендеуі де табиғи нәрсе деп қорытындылайды Ф. Гальтон. Бұл пікір XX ғ-ң 60-жылдарына басына қарай адамның ақыл-ой коэфиценті әлеуметтік жағдайы және балаларының саны арасында тікелей тәуелділік бар деген пікір жалған деп мойындалды.
Қазіргі балалар бұрынғы ұрпақтан гөрі ақыл-ой жағынан дамығандай ма, қалай?- деген сұрақ бүгін таңда талас мәселе деп есептеледі. Кейбір зерттеушілер айтқандай, балалардың ақыл-ой дамуы бас миының эволюциялық дамуымен генетекалық байланысты деп пайымдауға негіз болатын мәлеметтер бүгін таңда жоқ. Туғанынан немесе жастайынан көру есту мүмкіндіктерінен айырылып, қолмен ұстап көрүден басқа сыртқы дүниемен байланыс мүшелерінен жұрдай болған балалар алғашында жануарлардың даму деңгейінде болды. Алайда, оқытудың арнаулы жүйесін, әдісін қолданудың нәтижесінде олар ақыл-ойы дұрыс адамдардың қалпына келді, ал кейбіреулері МГУ-дың психология факультетін бітіріп шықты.
Сонымен бірге ойлаудың басты органы болып табылатын мидың эволюциясын растайтын мәлеметтерде бүгін таңда жоқ. Мидың эволюциясының тоқтағанын тікелей негіздейтін дәлел болмағанымен, бірақ Homo sapiens пайда болғаннан бергі 30-40 мың жыл ішінде оның мөлшері өзгермей келе жатқаны жанама дәлел бола алады, ал оғандейінгі адам тектес маймылдардың эволюциясы кезінде олардың миы үнемі дамып, өсіп отврған болатын. Мысалы: австралопитектің миының мөлшері 500-600 см3 болған болса , питекантроптың миы 900см3 , синантроптардың миы 1000 см3 –ге дейін болады. Ал қазіргі адам миының орташа мөлшері ересектерде-1400см3 , әйелдерде-1270см3 . Сонымен қатар адамның жеке басының дарындылығы оның миының мөлшеріне тікелей тәуелді бола бермейді.
Қазіргі заманғы биологтар мен антропологтардың пікірінше, адамның түр ретіндегі биологиялық эволюциясы Homo sapiens пайда болғаннан бері тоқтады деуге болады. Мұның дәлелі ретінде сол уақыттан бері адам миының өзгермегендігін, оның морфологиялық өзгерісінің аяқталғанын келтірсе де болады. Бұған қарама-қарсы пікір айтуға жеткілікті негіз жоқ.
Сонымен антропогенез процесінің дамуы адам түрінің қалыптасуының аяқталуымен тоқтайды. Ал ол бұдан 30-40 мың жылдай бұрын болған. Сол уақыттан бастап адам эволюциясының шешуші факторы ретінде топтық сұрыпталудың әсері де тоқтайды. О сы кезден бастап эволюция әлеуметтік өмірмен байланысты іске асып, адамның болашағы мәдиниеттің деңгеіне тәуелді бола бастады. Эволюцияың негізін адамның ақыл-ойы және саналы іс-әрекеті құрады. Сондай-ақ адам мен қоғамның пайда болуына байланысты генетикалық информация адамның өмірінде жетекші маңызынан айырылып, оның орнына әлеуметтік инфомация келгенін атап айту қажет.
Адамзатты қандай болашақ күтіп тұр, яғни түрдің даму тұрғысынан қарағанда, адамзаттың болашағы қандай деген сұраққа кейде кейбіреулер геномның әлсіреуі салдарынан жануарлармен өсімдіктердің барлық түрлері біртіндеп өледі деген пікірді айтып жүр. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірінше, басты қауіп түрлердің қартаюында емес, биосфераның түрліше қалдықтармен барған сайын көп ластануында, радиациалану деңгейінің барған сайын өсуінде, экологиялық себептерінде болып отыр. Генетикалық ауытқуларының салдарынан кесел нәрестелердің тууының көбеюі , ақыл-есі нашар адамдардың сананың артуы, генетикалық ауытқулар адамзаттың болашақ өміріне төніп басты қауіп-қатер ең алдымен біздің ьәдени дамуымыздың төмендігінде екендігін көрсеткді.
Адамның жеке басының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар (онтогнез).
Адмның жеке басының дамуындағы биологиялық факторлармен әлеуметтік факторлардың алатын орны мен рөлі жайлы түрліше пікірлер болад және қазір де бар. Мәселен: Ч. Дарвиннің Ілімін насихаттауда көп еңбек сіңірген неміс биологы Геккель адам мен қоғамның дамуын негізінен анықтаушы биологиялық фаторлар, ал қоғам дамуымен адам эволюциясының қозғаушы күші тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу деп есептеді. Сондықтанда дәл осындай қөзқарасқа негізделген әлеуметтік дарвинизмнің тууын көбінесе Геккельдің есімімен байланыстырады.
1869ж. Евгеника ілімінің принциптерінің тұңғыш тұжырымдаған Ф. Гальтон деген Дарвиннің немере інісі екенін жоғарыда ескрткенбіз. Сол Гальтон адамның болашақ ұрпақтарының тұқым қуалаушы сапаларын (денсаулығын, дарындылығын,ақыл-ой қабілеттерін) жақсартуға әсерін тигізетін факторларды зерттеуді ұсынды. Сонымен бірге озат ойлы ғалымдар евгениканың алдына гуманистік мақсаттар қойған болатын бірақ оның идеялары көп жағдайларда нәсілшілдікті, атап айтқанда фашистік нәсілшілдік атап айтқанда фашистік нәсілшілдік теорияларды актау үшін пайдаланылады. Қазіргі заманғы ғылымда евгениканың көптеген проблемалары, медициналық генетика саласында шешімін табуда.
Фашизм жеңілгеннен кейін түрлі нәсілдердің өзара қосылысуы зиянды болуы былай тұрсын, қайта биологиялық жағынан пайдалы екендігін дәлелдеген еңбектер щыға бастады. 1950 және 1951 жылдары ЮНЕСКО-ның барлық нәсілдерінің теңдігін жариялаған Мәлемдерінің зор иаңызы болды, өйткені оларда түрлі нәсілдердің ақыл-ой қабілетінің әр-түрлі екндігін көрсететін ғылыми мәлеметтері жоқ екендігі, сондықтан нәсіл аралық неке қауіпсіз екені айтылған.
Дегенмен, түрлі нәсілдер арасында түрлі генетикалық айырмащылықтар бар, негрлердің ақыл-ой коэфиценті төмен, өйткні ақыл-ой қабілетінің коэфиценті тұқым қуалау арқылы, нәсілі арқылы анықталады деп насихаттаушы еңбектер әліге дейін шығуда. Шындығында, нағыз ғылыми, жан-жақтыда терең зерттелген еңбектер генотиптің ерекшеліктері нәсілдік деңгейде емес, жеке адамдық деңгейде көрінетінін дәлелдеді. Әрбір адамның генотипі - әр-түрлі, ерекше (тек бір ұрықтас егіздерде ғана генотип бірдей болады). Ақыл-ой коэфицентіндегі айырмашылық тек тұқым құалауға байланысты емес, сыртқы орта жағдайларына да байланысты. Р. Иннес деген белгілі қоғамдық негр қайраткері дамыған индустриялуық Солтүстік АҚШ-тың негірлерінің және дамымаған ауыл шаруашылықты Оңтүстік АҚШ-тың ақ нәсілдерінің ақыл-ой қабілетінің деңгейі жоғары екні анықталған. Нәсілшілдік теориялардың жалғандығын дәлелдеген басқада зерттеулер бар.
Әлеуметтік және биологиялық факторлардың жеке адамның эволюциясына тигізетін әсері жайлы қазіргі ғылыми әдебиетте бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт бар. Олардың бірі панбиологизм деп, ал екіншісі пансоциологизм деп аталады. Панбиологизм бағытын жақтаушылар адамның жеке басының дамуы бүтіндей генмен анықталады деп, биологиялық фактордың рөлін абсолюттендіріді. Ал пансоциологизмді жақтаушылар жеке адамдардың бәрі дүниеге келгенде бірдей гендік қабілетпен келеді, олардың қабілеттердің дамуында оқу-тәрбие басты, шешуші рөл атқарады деп есептейді.
Бұл мәселені қарастырғанда адамның жеке басының дамуының екі кезеңі бар екенін, ол эмбриондық және эмбриондықтан кейінгі кезеңдерден тұратынын ескеру керек. Бірінші кезең- бала туғанға дейін ана құрсағында өсіп-өнуі кезеңі. “Бұл эмбриондық кезеңде ,- деп жазады академик П.Н.Дубинин,- организмнің дамуы генетикалық программаға қатаң сәйкес жүреді де оған сыртқы физикалық және әлеуметтік ортаның әсері (анасының организмі арқылы) әлсіз болады. ” Эмбриондық дамудың ең басты кезеңінде-ақ ата-анасының көшкен, сөйтіп ДНК-ның хромосомдарында берік орныққан генетикалық программа іске аса бастайды. Дамудың әсіресе бұл ерте кезеңіндегі адамның эмбрионы мен басқа омыртқалылардың эмбрионының өсіп-өнуі өте ұқсас болады. Ал адамның эмбрионы мен маймылдардың эмбрионының ұқсастығының ұзақ сақталуы олрдың тарихи шығу тегінің бір екндігінің тағы бір дәлелі екндігі табылады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Биология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]