Реферат: Педагогика | Адамгершілік тәрбиесінің әдістемесі

Реферат: Педагогика | Адамгершілік тәрбиесінің әдістемесі

Адамгершілік тәрбиесінің әдістемесі.

Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық психологиялық ерекшеліктің болғаны.Сондықтан барлық халықтың мақсатыөзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып және рухани адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра білген.
Адамгершілік тәрбиесі- белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез құлық дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақды дамып жетілуіне бағыталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелікжолдарын қарастырады.
- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.
- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
- Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.
Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту. Адам- тарихи үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл- әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғұлмат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі. Адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасай алатын тұлға. Адамның түрт түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік. Бұл өлшемдер өзара байланысты. Осы төрт өлшемде байланысты адамның бойындағы кісілік тұлғалық қасиеттері үш дәрежеге бөлінеді: -әр адамның өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады, өмір сүру ортасына байланысты адамдар бір-біріне ұқмайды.
- адам әртүрлі елдердің, тарихи дәуірдің, материалдық-рухани мәдениетімен жетістіктерін үргі алады. Оған әлеуметтік, этикалық, ұлттық ортасы әсер еседі. Сонымен, дәірге, қоғамға, тарихи ортаға байланысты. Қалптасқан білім және тәрбие жүйесінен сабақ алады. Осының бәрі адамның жан дүниесіне әсер етеді.
- адам адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсіліне, туысына, ұлтына, туган жеріне тәелсіз, барлық адамдарда ортақ адамгершілік қасиет болады: батырлық, ерлік, сатқындық, мейрімділік, қатігезділік, әділдік т.б. Осы рухани-псхологиялық қасииеттерді адам бойында қалыптастыратын –тәрбие. Халық батыры Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырларды биік дәріптеп, азамтаттық пен кісіліктің символы, үлгісі ретінде санаған. Батырлық, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққаата дәстүрі болып қала бермек. Өткенін білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы- тұл, келешегі – тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық» - деген.
Демек, рухани-психологиялықі қасиеттердің бірі – ерлік болса, ол тәрбиеден бастау алады. Әр халық өзінің ержүрек батырларын, олардың елін, жерін қорғана батыл істерін мақтан етіп үлгі өнеге алған. Өлең-жыр, дастарына, аңыз әңгімелеріне қосқан. Себебі, елін бүкіл әлемге танытатын сол халықтың батырлаты. Сондықтан, оқу-тәрбие барысында, тәлім-тәрбие сабақтарында халқын, елін қорғап, жерін жауға бермей, ұлан-байтақ жерлерін жаудан сақтаған батырлардың ерлігін дәріптеп, құрметтей білуіне үйретуіміз керек.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрім-тәрбиесә, ұлт қаһармандаының өмірі мен ероік істерінің тарихы, даналық сөздері – адамгершілік тәрбие беруде үлкен рол атқарады. Батыр бабаларымыз қазақ елін басын қосып, ұлттық жауынгерлік- ерлік мектебінің негізін салған. Сондықтан бабалардың ерлігі- адамгершілікке толы, асқақ рухты күні бүгіде дейін ел аузында, халық тәрбие ісіне үлгі етеді.
«Өнегелі сөз – асыл қазына» - деп М.Әлімбаев айтқандай, халық қазынасының бірі – мақал мәтелдер. Мақал дегеніміз- сөзді тұжырымдылап, нақты айтылатын ойды ажарлап береді. Сондықтан халық (Мақал сөз сәнін келтіреді» деген. Мақал арап сөзі «орынды сөз» деген мағынаны білдіреді. Ал, мәтел дегеніміз- тұжырымы тиянақталмаған, қортындысы болмайтын ықшамдалғын, кестелі сөз. Ол ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтел – ойдың дәлелдәгәмен, тереңділігімен, ықшамдылығымен ерекшелінеді. Ұлттық ерекшілігіімізге байланысты мақал-мәтелдерге, шешендік сөздерге баймыз. Қазақ халқы сөзді қадыр тұтқан, қастерлеген, өнеге ретінде өлеңмен өрнектеп, тәрбиелік мәні бар сөздерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Мақал-мәтелдер аламды адамгершілікке тәрбиелейді. «Жақсы туса- елдің ырысы, жаңбыр жауса – жердің ырысы» деген мақал жақсы адамның көпшіл, халқының қамын ойлайтын адал азамат егенін дәлелдейді.
Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Морльдық жағынан кіршіксізтаза болу дегіміз адамгершіліктің асқар шыңы. Адам қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиееттерімен, қайырымдылығымен, адалдығыменардақталады.
Адамның іс әрекет барысында бір-бірімен байланыс жасайтын қарым қатынас түрлері:
- Материалдық қарым-қатынасы – іс-әрекет нәтижесі барысында заттармен алмасу.
- Мотивациялық (септілік) қарым – қатынасы біліммен алмасу.
- Кондициондық қарым-қтынасы адамның психологиялық физиологтялық жағдайы.
- Әрекеттік қарым-қатынасы –көзқарасты білдіру, хабарлма беру.
Сухомлинский айтқандай, «Адам баласының сан қилы, мын саналы жолмен дүниенің құпиясын анықтап, оны ішкі жан дүниесімен түсініп, сыйлап, негізгі ойыменұштастыра білу» Олай болса, адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениетті рухани қоғамдастықтың нәтижесі. Толып жатқан түнінбеушіліктің, түрі қайшылықтарының болуы, дұрыс қарым-қатынас жасай алмауынан. Ғұлама, философ әл-Фалаби өз еңбегіндеадамдар арасындағы қарым-қатынас мәселелерін қарастырған. Адамдардың ойлы, парасатты болуының қажеттілігі «адам» деген ардақты атақты алып жүрудің өзі бақыттылық еекенін айтқан. Қазақ халқының ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов т.б.өз еңбектерінде адам арасындағы қарым-қатынас мәселесін философиялық, психологиялы, педагогикалық тұрғыда қарастырған. А.Құнанбаев адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірі- адамгершілік мәселес ігне тоқталған.
1. Адамгершілік дегеніміз – қоғамның, өмірдің объективиік заңдылықтарына сәйкесадамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын, талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді біріктіретін жалпы адамзаттық қғым. Адамгершілік қоғамдық сананың басты белгілері болғандықтан, адамның мінез құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы, арқылы сипатталады (әдептілік, мейрімділік, қайырымдылық т.б.) Адамгершілік - әлеументтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының нгегізін қалаушы, халық мәдениеті, басқалардан айырмашылығы- адамның рухани байлығымәңгілік. Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілерің бірі адамдардың бір-біріне қоршаған ортаға қарым-қатынасы.

Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістемесі
"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім Мұның өзі "қиын оқушылар" санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда "қиын оқушыларға" көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан "қиын оқушыларды" ерте жастан - бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. "Қиын оқушыларды" тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор.
Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі.
Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше категория болып табылатын "қиын оқушыларға" адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.
Құндылық проблемасы өмірдің өзінен алынған. Табиғат пен-қоғам құбылыстарына құндылық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Құндылық қатынас адам мен қоғам өмірінде қажетті, жалпыға ортақ және мәңгілік фактор болып табылады.
Құндылық проблемасы қоғамдық ғана емес, жеке тұлғалық та проблема. Құндылықсыз адам болуы мүмкін емес. Құндылықты зерттеуде алға қойылатын мақсат - адам өмірін байытатын нақты, дәл құндылықтарды таңдап алу. Сондықтан бұл проблема танымдық және әлеуметтік проблема болуымен қатар, тәрбиелік проблема ретінде ерекше мәнге ие болады. Көрнекті философ В.П.Тугариновтың айтуы бойынша, құндылықтар болмысты таңудан келіп шығады, олар танып білуге болатын нақты фактілер, қоғам мен табиғаттың мәнді жақтары адамзаттың іс-әркеті мен қоғамдық тарихи тәжірибесі процесінде жасалады.
Ғылыми әдебиеттерде "құндылық" түсінігіне әртүрлі анықтамалар беріледі. Философиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, яғни адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады. Психологиялық тұрғыдан, құндылық ретінде қоғам үшін әлеуметтік-тарихи мәні бар және жеке адамдар үшін тұлғалық мағынасы бар болмыстың белгілі бір құбылыстары сипатталады. Сонымен бірге құндылық қоғамның моральды қатынастарының көріну формасы ретінде әрекет етеді. Сондықтан құндылық біріншіден, жеке тұлғаның адамгершілігі, абыройы және олардың адамгершілік әрекеттері немесе адамгершілік сипаттары, екіншіден, моральдық нормалар, принциптер, мұраттар, қайырымдылық, әділеттілік, бақыт ұғымдары деп айқындалады.
Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке, қоғам өмірінде, тұрмыста, көпшілік орында өзін ұстауынан, басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс-тұрыс, іс-қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бағытты, ел-жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді, яғни маңындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан "қиын оқушыларды" жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу, олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік сананы қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; б) адамгершілік мінез-құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта "қиын оқушыларды" адамгершікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершшік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады.
Сабақ үстіндегі адамгершілік тәрбиенің тиімділігі сабақ мазмұнының ғылымилығы, мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік-эмоциялық сипатқа ие болуы, сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасында қалыптасатын өзара түсіністікке құрылған қарым-қатынас стилі, мұғалімнің адамгершілік келбеті негізінде мүмкін болады. Сондықтан "қиын оқушыларға" әртүрлі сипаттағы жеке тапсырмалар беруде этнопедагогика құндылықтарын пайдалана отырып, адамгершшік тәрбие беруді іске асырудың маңызы зор.
Этнопедагогика құндылықтарының ішінде халықтың ауызекі шығармашылығы ерекше мәнге ие болады. Қазақ халқының ауызекі шығармашылығы - ұлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ауыз әдебиет түрлері. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесін жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиімді тәсілдер болған. Сондықтан қазақ халқының ауызекі шығармашылығы – тәлімдік-тәрбиелік ой пікірдің бастауы, халықтың рухани мұрасы. Олардың қайсысының болсын педагогикалық мүмкіндіктері жоғары, өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері бар. Халық ұғымымда адамгершілік қасиеттік өзекті мәселесі қайырымдылық пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандық, ерлік пен ездік – адамдық қасиеттің бір-біріне қарама-қарсы сипаттары. Мәселен, халқымыз қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды "Ел қамын жеген ер", "Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей", "Жақсы туса - ел ырысы, жаңбыр жауса - жер ырысы", "Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші" деген мақал-мәтелдер арқылы жұрт қамын ойлайтын абзал азаматтың портретін алға тартады. Керісінше, қара басының қамын бәрінен жоғары қоятын өзімшіл, алдамшы, опасыз жандар жайында: "Жаман қорыққаннан сыйлайды", "Жаман адамға мал бітсе, жақынын танымас", "Бір жаман мың қолды ірітер, бір құмалақ бір қарын майды шірітер" деп, жас ұрпақты мұндай жаман қасиеттерден аулақ жүруге шақырады. Халық даналығы жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, сайып келгенде, жақсының жақсылығын халыққа тигізер пайдасына қарай бағалайды. Міне, осындай даналықтың мәнін сипаттайтын мақал-мәтелдерді сабақтарда "қиын оқушыларға" талдау, түсіндіру арқылы оларға адамгершілік тәрбие беруге болады.
Халық адамгершілік қасиеттің жоғары түрі – ар-ұят, намыс, ождан сақтау деп біледі, "Жаным-арымның садағасы", "Өлімнен ұят күшті", "Ақылың болса - арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта", "Жігіттің құны - жұз жылқы, ары - мың жылқы" іспеттес мақал-мәтелдер соның айғағы.
Жөргегінен бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген халқымыз адамды аздырып-тоздыратын: өтірік, өсек, еріншек, мақтаншақ, қыңыр, есер, бейбастақ, жәдігөй, жантық, т.б. сияқты мінездерден сақтандырып келген. "Өтірік өрге баспас", "Өтіріктің құйрығы бір-ақ, тұтам'', "Өзін-өзі мақтаған өліммен тең" деу арқылы өтірік-өсек айтудан, мақтаншақ болудан жас ұрпақты аулақ болуға шақырады.
"Атаңның баласы болма, адамның баласы бол", "Көпті жамандаған көмусіз қалар", "Көппен көрген ұлы той", "Көпті сөкпе, кенді төкпе", т.б. мақал-мәтелдер адамгершілікті, бірлікті, ел тілегін ойлауды дәріптейді. Көпшіл болу - атадан балаға ғасырлар бойы өсиет етіліп келе жатқан нұсқа. Ол халықтың ұғымында азаматтықтың, адамдықтың басты белгісі.
Жалпы, бастауыш буында қай сабақта болмасын "қиын оқушыларды" адамгершілікке тәрбиелеу үшін этнопедагогика құндылықтарын пайдаланудың мүмкіндіктері мол. Сондықтан біз оларды былай ашып көрсеттік:
1) білімділік; бағдарламалық талаптарға сай білім, білік және дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, оқу материалын меңгертуге септігін тигізді, білімді күнделікті өмірде, нақтылы жағдайларда қолдана білуге баулиды;
2) тәрбиелік: ұлттық сана-сезімді қалыптастырады, адамгершілік асыл қасиеттерді бойға сіңіреді, кәсіби еңбекке бейімділікті, халықтық дәстүрге сыйлы қатынасты тәрбиелейді;
3) қамытушылық: ақыл-ойды, логиканы дамытады, психикалық қасиеттерді (зейін, ес, қабылдау, ой, қиял, т.б.) жетілдіреді, танымдық қызығушылығын арттырады, сабаққа белсенділікті оятады;
4) танымдық: халықтың тұрмыс-тіршілігімен, өмір тәжірибесімен, кәсіби еңбегімен таныстырады, дүниетанымды байытады (жан-жандар, өсімдіктер, тас атаулары, т.с.с); оқудың өмірмен, практикамен байланысын көрсетеді.
"Қиын" оқушыларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының формасы, адамдық мәдениеттің бір бөлігі – мораль туралы түсінікті қалыптастыру, соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой-пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогика құралдарын пайдалану арқылы "қиын оқушылармен" ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын былайша беруге болады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Адамгершілік тәрбиесінің әдістемесі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Адамгершілік тәрбиесінің әдістемесі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Педагогика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Адамгершілік тәрбиесінің әдістемесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]