Реферат: Құқық | Азаматтық құқықтық қатынастар

Реферат: Құқық | Азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтық – құқықтық қатынастың
мазмұны және түрлері

Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері құрайды . Қоғамдық қатынастарды азаматтық – құқықтық реттеуді жүзеге асыру кезінде қатысушылары кейін олардың әрекеттерін анықтайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерге ие болады . Құқықтық қатынастар өзара әрекет, қатысушылардың субъективтік құқтары мен оларға жүктелген міндетттерге сәйкес жүзеге асырылады.
Субъективтік құқық дегеніміз – құқыққа ие тұлғаның заңмен белгіленген әрекеті болып табылады . Құқыққа ие тұлға белгілі әрекеттерді өзі жүзеге асыруы мүмкін . Азаматтық заңға байланысты меншік иесі өз мүлкін иелену , пайдалану және оған билік ету құқығына ие. Сондықтан , азамат өзіне тиесілі мүлікті қалай пайдалануды өзі шешеді . Құқыққа ие тұлға белгілі бір әрекеттерді орындауды немесе орындамауды екінші тұлғадан талап етуге құқылы . ҚР АҚ 224- бабына сәйкес сатып алушыдан сатылған затты беруді талап етуге құқылы . Бұдан көріп отырғандай , құқыққа ие тұлға белгілі бір әрекеттерді екінші тұлғаның орындауын талап етеді , бірақ бұл олардың арасындағы шарттың негізінде болуға тиіс.
Субъективтік міндет дегеніміз – міндетті тұлғаның заңда көрсетілген тиісті әрекеттері болып табылады . Мысалы ҚР АҚ 239-бабы бойынша жеткізіп беруші сатып алушыға шартта көрсетілген өнімді әкеліп беруге міндетті.
Азаматтық – құқықтық міндет дегеніміз – азаматтардың әрекеттері реттейтін амал болып табылады . Ол азаматтық құқық нормасымен құқыққа ие тұлғаның мүдделерін қанағаттандыру мақсатында міндетті тұлғаның белгілі әрекеттерді орындауын қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
Субъективтік – азаматтық құқық пен азаматтық – құқық міндеттері тікелей азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұнын құрайды . Олар бірлесіп азаматтардың әрекеттерін реттейтін бірден – бір әдіс ретінде, азаматтардың мүдделерін қанағаттандыруды азаматтық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырады.
Азаматтық – құқықтық қатынастың мазмұны мен нысан бірімен – бірі тығыз байланысты .Азаматтық – құқықтық қатынастың қатысушыларының субъективтік құқықтар мен міндеттері, оның құқықтық нысанын құрайды . Бұдан біз мазмұн нысансыз өмір сүрмейтінін және керісінше, нысан мазмұнсыз болмайтынын көріп тұрмыз . Қандай да болмасын мазмұн белгілі нысаннан тыс өмір сүре алмайды, ал нысан әрдайым белгілі мазмұнның нысаны болып табылады .Сол сияқты құқықтар мен міндеттер құқықтық қатынастан тыс пайда болмайды , ал құқықтық қатынас , өз кезегінде қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін білдіруге уақытқа дейін өмір сүреді.
Субъективтік құқық пен оған жауап беретін субъективтік міндеттер субъектілердің мүмкін және тиісті әрекеттерінің сипатына байланысты ажыратылады . Құқыққа ие тұлғада белгілі әрекеттерді өзі жасау мүмкіндігі болған жағдайда , оған ешкім кедергі жасамау керек , яғни міндетті тұлға пассивтік жағдайда , әрекетсіздікте болды . Егер құқыққа ие тұлғаның құқығы белгілі бір әрекетті талап ету мүмкіндігінен туса , міндетті тұлғаның міндеті сол әрекетті орындау , яғни оның белсенді әрекетінде. Барлық жағдайда да құқықтарды жүзеге асыру міндеттерді орындау құқықтық қатынаста құқыққа ие субъектінің құқықтық мүдделерін қанағаттандыруға бағытталады .
Азаматтық құқық ғылымы азаматтық – құқықтық қатынастарды әртүрлі белгілеріне байланысты бірнеше түрлерге бөледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің жалпы бөлімінде , азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар көрсетілген , яғни азаматтық заңдармен қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік қатынастар , сондай – ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі , өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен өзгеше туындамайды.
Барлық азаматтық – құқықтық қатынастар субъектілердің арасындағы құрылымдық байланысқа байланысты салыстырмалы және абсолюттік болып екіге бөлінеді. Салыстырмалы құқықтық қатынаста құқыққа ие тұлғаға нақты анықталған міндетті тұлғаға қарсы тұрады . Бұл бір немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін . Мысалы, үлесті меншіктің қатысушыларының арасында салыстырмалы құқықтық қатынас пайда болады , себебі осы құықтық қатынас субъектілік құрамы анықталған . Абсолюттік құқықтық қатынаста құқыққа ие тұлғаға міндетті тұлғалардың анықталмаған саны қарсы тұрады . Мысалы , авторлық құықтық қатынаста міндетті тұлға ретінде шығарманың айналасындағы барлық тұлғалар танылады.
Азаматтық – құқықтық қатынастарды мұндай топқа бөлудің практикалық маңызы мынада , құқыққа пе тұлғаның құқығын абсолюттік құқықтық қатынасқа кез келген тұлға бұза алады. Салыстырмалы құқықтық қатынаста құқыққа ие тұлғаның құқықтары осы құқықтық қатынасқа қатысушы нақты түрде анықталған нақты тұлғалардың тарапынан бұзылуы мүмкін. Мысалы, кез келген адам автордың шығармасын заңсыз пайдаланс, автордың осы шығармаға деген құқығын бұзады. Үлесті меншіктің қатысушысының айрықша сатып алу құқығын тек қана үлесті меншіктің басқа қатысушысы бұзуы мүмкін . Осыған сәйкес, абсолюттік құқықтық қатынастағы құқыққа ие тұлғаның құқығы кез келген адамның тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғалады , ал салыстырмалы құқықтық қатынастағы құқыққа ие тұлғаның құқығы нақты анықталған тұлғалардың тарапынан болатын бұзушылықтан қорғалады.
Азаматтық – құқықтық қатынастардың пайда
болу негіздері

Азаматтық заңдардың нормалары өздігінен азаматтық құқықтық қатынасытарды қалыптастырмайды , өзгертпейді және тоқтатпайды . Ол үшін құқық нормаларымен көрсетілген белгілі бір жағдайлардың болуы қажет , оларды азаматтық заңды фактілер деп атаймыз . Заңды фактілер құқық нормалары мен азаматтық – құқық қатынас арасындағы байланыстырушы түйін ретінде жүреді . Заңды фактілерсіз бірден – бір азаматтық – құқықтық қатынас қалыптаспайды өзгермейді және тоқтатылмайды . Мысалы Азаматтық кодекстің 29 – тарауында мүліктік жалдау құқықтық қатынасының пайда болу, өзгеру немесе тоқтау мүмкіншілігі көрсетілген. Бірақ айтылған азаматтық – құқықтық қатынас пайда болуы үшін АК 393 бапта көрсетілген шарттың жасалуы қажет . Пайда болған мүлікті жалдау құқықтық қатынасы тараптардың өзара келісімі арқылы сату – сатып алу қатынасына өзгертілуі мүмкін немесе жаға берушінің талабымен мерзімінен бұрын тоқталуы мүмкін.
Заңды фактілер азаматтық – құқықтық қатынатың негізінде жатыр және олардың пайда болуына , өзгеруіне және тоқталуына алып келеді , сондықтан оларды азаматтық – құқықтық қатынастың негіздері деп атайды.
Біздің азаматтық заңда азаматтық – құқықтық қатынастың негізгі ретінде әртүрлі заңды фактілер көрсетілген.
Азаматтық құқық пен міндет заңдарда көзделген негіздерден , сондай – ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әректінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық – заңдарда көрсетілген.
Осыған сәйкес азаматтық құқық пен міндеттер:
- Заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ
заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
- Заңдарға сәйкес азаматтық – құқық қатынас қалыптастыратын туғызатын әкімшілік құжаттардан;
- Азаматтық – құқық пен міндеттерді белгілейтін шешімінен;
- Заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иелену нәтижесінде;
- Өнер табыстар , өнеркәсіптік үлгілер , ғылым , әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалды қызметтің өзге де нәтижесін жасау;
- Басқа тұлғаға зиян келтіру салдарынан сол сияқты басқа тұлға есебінен мүлікті негізгі иелену немесе жинау салдарынан;
- Азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де салдарынан;
- Заңдарда азаматтық – құқықтық салдардың басталуын байланыстыратын оқиғалар нәтижесінде пайда болады;
Бірақ бұлармен заңды фактілер шектелмейді . Азаматтық – құқықтық қатынастар заңда тікелей көрсетілмеген , бірақ оның жалпы мәніне қайшы келмейтін басқа да заңды фактілер негізінде пайда болады , өзгереді және тоқтатылады.
Азаматтық – құқықтық қатынастардың
субъектілері

Барлық азаматтық – құқықтық байланысқа кем дегенде екі тұлғақатысады , ал керісінше жағдайда бұл азаматтық – құқықтық қатынас болмайды.
Осы азаматтық қатынастың қатысушыларын оның субъектілері деп атайды.
Барлық қоғамдық қатынастар сияқты азаматтық құқықтық қатынастар адамдардың арасында жүзеге асады . Сондықтан азаматтық – құқықтық қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлға заңда азаматтарды атайды . Осы жеке тұлғамен бірге азаматтық – құқықтық қатынастың субъектісі ұйымдар қатысады , оларды заңды тұлғалар деп атаймыз. Тағы да азаматтық – құқықтық қатынастың ерекше субъектісі ретінде мемлекет пен әкімшілік – аймақтық бөліністер қатысады .
Қазақстан Республикасында азаматтық – құқықтық қатынастың қатысушыларының тізбегі . Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1 бабында көрсетілген , яғни азаматтық – құқықтық заңдармен реттелетін қатынастың қатысушылары азаматтар , заңды тұлғалар , мемлекет , сондай – ақ әкімшілік – аумақтық бөліністер болып табылады.
Азаматтық – құқықтық нормалармен реттелетін қатынастың субъектісі ретінде азаматтармен бірге шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адам қатысады.
Азаматтық құқық қабілеті ол туған кезден басталып , қайтыс болған соң тоқтатылады . Азамат туды деп саналған уақыттан бастап , нәресте азаматтық құқық қабілетіне ие болады.
Барлық әрекет қабілеттілігі бар азаматтар сонымен бірге құқықтық қабілетке де ие болады , бірақ құқыққа ие тұлғалардың бәрінің әрекет қабілеттілігі болуы мүмкін емес.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарына да белгіленген шарттар мен тәртібінің немесе олардың кәсіпкерлік өзге де қызметпен айналыу құқығының сақталмауы тиісті шектеудің белгіленген мемелекеттік немесе өзге де органның құжатын жарамыз деп тануға әкеліп соқтырады.
Азаматтық құқықтық қатынаста азаматтармен қатар заңды тұлғалар субъект болып табылады .
Заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып , өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады . Бірақ , тек қана азаматтар ғана иеленетін құқықтарға заңды тұлғалар ие бола алмайды . Заңды тұлғалар кейбір қызметтерді жүзеге асыру үшін мемлекеттен арнайы рұқсат алуы керек.
Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің құқық қабілеттілігіне заңмен белгіленген шектеулер болуы мүмкін.
Азаматтық – құқықтық қатынасқа азаматтар мен заңды тұлғалармен қатар мемлекет пен әкімшілік аумақтық бөліністер қатыса алады . Олар азаматтық – құқықтық қатынастың ерекше субъектісі болып табылады яғни олардың құқық қабілеттілігі болады . Бірақ мемлекеттің құқық қабілеттілігінің өз ерекшеліктері бар. Мемелекет билікті жүзеге асырады .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Азаматтық құқықтық қатынастар туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Азаматтық құқықтық қатынастар на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, Азаматтық құқықтық қатынастар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]