Реферат: Тарих | ХVІІІ ғ. басындағы Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан

Реферат: Тарих | ХVІІІ ғ. басындағы Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан

Негізгі бөлім:
Ресей патшалығы қазақ жеріне біршама ерте уақыттан көз алартқан. «Ресейдің Орталық Азиямен нақты қарым-қатынасының басталған кезеңі белгісіз... Алайда орыстардың Солтүстік Азияны жаулауы ХҮІ ғасырдан бастау алады. Осы мерзімнен бастап Ресей патшалығы мен Қазақ хандығының арасында саяси, мемлекетаралық байланыс орнатылады. Алайда патша үкіметінің осы өңірдегі түпкі мақсаты отарлау, қазақ жерін игеру, өзіне қосу еді. Бұл мақсатты олар сол алғашқы кезеңнен-ақ іске асыруға кірісті.
Ресейдің қазақ өлкесін отарлауы мен қоныстандыруын, негізінен, бірнеше кезеңге бөлуге болады.
1. ХҮІ ғасырдың аяғынан ХҮІІІ ғасырдың басына дейінгі кезең. Бұл уақыт патша өкіметінің қазақ даласымен танысуымен, зерттеуімен, Қазақ хандығымен саяси-мәлімгерлік қатынас орнатуымен, қазақ өлкесі шекарасын қоршай әскери қоныстар, қамалдар мен қалалар салумен ерекшеленді.
2. Қазақ елі Ресей империясы құрамына қосылған кезең (ХҮІІІ ғасырдың 30-жылдары – ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары). Бұл – қазақ жерін жоспарлы отарлау, әскери қамалдар, өндіріс орындарын салу, әскери қоныстандыру кезеңі.
3. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ХХ ғасырдың басында (1917жыл ) дейінгі кезең. Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақстанға топ-тобымен жоспарлы, жүйелі қоныстандыру, жергілікті халықты шет аймақтарға күшпен ығыстыру.
Ресей-қазақ қатынастары
І Петрдің шығыстық саясатының қазақтарға бағытталуының қалыптасуы уақыты жағынан орыс қоғамындаРесейдің халықаралық аренадағы тарихи рөлін қайтадан ой елегінен өткізумен және империялық доктринаның ресімделуімен тұтас келді. Оның дүние танымдық негізі еуропалық рационалисттік теориялар арсеналы алынған идеяларды және Мәскеу патшалығының дәстүріне сүйенген Ресей ресми топтарының ортағасырлық идеологиясының эклектикалық құрастырмасы болды.
Империялық санаға Византия мен Рим империясының «мұрагері» Ресейдің басқа халықтардың тағдырына «құдайлық» негізде де, «табиғи құқықпен» де билік ету құқығына сенімділік негіз болды. Ортағасырлық ресми доктринаға толық сәйкес алғанда, мемлекеттің күш-қуаты және билік етуші монархтың даңқы оған бағынышты аумақтың мөлшерімен және бодандардың санымен анықталады, ал соңғыларын алу ұрыс алаңындағы жеңістің не дипломатиялық күрестің күрестің күрделі айла-шарғыларының табиғи нәтежесі болып табылады. Осы түсінікті негізге алған І Петр Астраханда бірсыпыра уақыт болып, «бағы заманнан естіліп келген және сол кезде беймәлім деуге болатын қырғыз-қайсақ ордаларын» Ресей бодандығына келтіру туралы тілек білдіріп, осы жорықта тілмаш міндетін атқарған А. И. Тевкелевке «миллионға дейін жұмсалса да, аса көп шығындарға қарамастан... жан-тәнін салуды, түптеп келгенде, бір парақ қағазбен-ақ Ресей империясының қарамағында болуға міндеттенетін болсын» деп ұсынған болатын еді.
Сонымен бірге орыс-қазақ қатынастарының даму серпінділігінің жеделдеуі мен олардың мазмұнының тереңдеуі ол кезеңде Ресейдің стратегиялық мүдделерімен және сыртқы саясатының мақсаттарымен ғана анықталған жоқ, сонымен қатарбүкіл халықаралық қатынастар жүйесінің даму серпінділігімен, аймақаралық географиялық шекаралардың айқындығымен және тұтастығымен, Ресей державасының халықаралық беделі мен еуразиялық дүниедегі халықаралық ықпалының бір факторы ретіндегі оның әскери-саяси құдіреттілігімен, демек, Қазақстанның билеуші топтарындағы солтүстік көршісімен сауда-экономикалық, әскери-стратегиялық және саяси байланыстардың маңызын түсінумен, қазақ қоғамы саяси көшбасшыларының Ресеймен жақындасуының артуымен анықталды.
Қазақстанның көшпелі халқы мен орыс халқының өзара байланысының дамуында тарихи ұзақ уақыт бойы сауда-саттық маңызда орын алды. ХҮІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХҮІІІ ғасырдың алғашқы үштен бірінде қазақтардың жайық казактарымен, еділ қалмақтарымен және башқұрттармен өзара саяси қатынастарының шиеленісуі, сондай-ақ жоңғарлардың Орта жүз бен Ұлы жүз аумағына әскери басып кіруінің күрт жиелеп кетуі тікелей орыс-қазақ және қазақ даласы арқылы көктеп өтетін Ресей – Орта Азия саудасының дамуына елеулі кедергіге айналды.
ХҮІІ ғасырдың аяғы – ХҮІІІ ғасырдың басында Ресей мен қазақ жүздері арасындағы дипломатиялық қатынас жандандырыла түсті. Екі тараптың өкілетті өкілдері дүркін-дүркін келіссөздерінің аясындағы талқылау мәселелері: тұтқындар алмасу рәсімі, қазақтар мен Ресей бодандары – қалмақтар, орал және сібір қазақтары және башқұрттар арасындағы әскери жанжалдарды реттеу, сондай-ақ орыс көпестерінің Кіші жүз бен Орта жүздің қазақ халқымен сауда байланыстарын дамыту үшінқолайлы жағдайлар жасау болды.
Әбілқайыр ханның 1715 жылғы башқұрттар жеріне жасаған әскери жорықтары мен башқұрттардың жақын жердегі Кіші жүз ауылдарына жауап ретінде басып кіруі қазақ билеушілерінің Қазан губерниясы мен Батыс Сібірдегі орыс шекаралық өкімет орындарымен саяси қарым-қатынастарының жаңғыртылуына тікелей себеп болды. Осыған байланысты 1715 жылдың күзінде «башқұрт және қырғыз-қазақ дауларын тыю және олардың тұтқындар алмасуы туралы» мәселені шешу мүдделерін көздеп, Әбілқайырдың жеке елшісі, Тайқоңыр Құлтабаев батыр Қазанға барып, онда жергілікті губернатор П. С. Салтыковпен келіссөз жүргізді. Келіссөз аяқталмай қалып, үш жыл өткен соң қазақ ханының өз бастамасымен қайта жалғастырылды.
Келесі жылдың қыркүегінде Тобылға құрамында Бекболат Әшекеев пен Байдәулет Бөриев батырлар бар Қайып ханның елшілігі келді, оларға қазақтардың солтүстіктегі көшпелі көршілерімен шекаралық жанжалдарын реттеп, Сібір губернаторы М. П. Гагаринмен «мәңгілік бітім» жасау, Ресеймен Жоңғарияға қарсы әскери одақ құру туралы келісімге қол жеткізу және «оларға сауда-саттық жолымен Тобылға баруға мүмкіндік беру үшін» Ресейдің жақын жеріндегі рыноктарына қазақ малшыларының кедергісіз баруына кепілдік алу тапсырылған болатын.
Сібір астанасына жаңа қазақ елшілігінің жіберілуі фактісінің өзі мен Тәуке мирасқорының Ресей губернаторына жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтанға қарсы бірлескен соғыс қимылдары туралы ұсыныс жасауы көп жағынан И. Д. Бухгольцтың әскери отрядының Ертіс бойымен ілгерілеуінің нақта мән-жайларымен және оның Ямышев көлі ауданында ойрат әскерлерімен қақтығысуына байланысатын болатын. Қайып ханның айтуына қарағанда, « қоңтайшының Ұ.М.И.-ға қарсыласатынын» орыс офицері Маркел Трубниковтан біліпті, ал оны полковник И. Д. Бухгольц 1716 жылғы 1 қаңтарда Ертіс өңірінен жоңғар ханының ордасына жіберген екен, бірақ Ямышев бекінісінен шыға бергенде ойраттар тұтқынға алған да, олардан шекаралық жоңғар қарауылдарынан жақын жердегі Іле өзенінің жағасында қазақ жігіттерінің тобы тартып алыпты. Орта Ертіс алабындағы Ресей – Жоңғар әскери жанжалдары туралы өздерінің білетінін көзге растау үшін Бекболат Екешев пен Байдәулет Бөриев М. Трубниковты қазақ ханының ордасынан Тобылға апарған. М. Трубников та өз кезегінде, губернатор М. П. Гагаринге «өзін бүкіл қазақ ордасының келісімімен жіберілгендігін, ал оған Ұ.М.И. адамдарымен тату болып, қалмақтармен бірлесіп соғысу керек екенін айтқандығын» мәлмдеген.
Қазақ елшілігінің Тобылға келуі және оның жоңғарларға қарсы Ресеймен әскери одақ жасасу туралы ұсынысы Сібір губернаторын 1716 жылғы 16 қазанда Қайып ханға Никита Белоусов бастаған арнаулы жауап елшілігін жіберіп, оған орыс шекаралық өкімет орындарының Орта және Кіші жүз қазақтарымен «тату тұруға» әзір екендігіне сендіруге және «бір кезде өзінің ұлы мәртебелі патшасы қонтайшыға әскер жіберуге құзыры түссе, осы келісімді ескеретінін және сонда оларға ведомость жіберетінін» хабарлауды тапсырады. Ресей елшілері Түркістанға аман-есен жетіп, бір жылдай уақыт бойы Қайып ханның жанында болады. Тобылға қайтып барғаннан кейін 1717 жылғы 26 қыркүйекте Н. Белоусов губернатор Гагаринге қазақ билеушісінің хатын береді, онда хан өзінің «қоңтайшысымен соғысу» жөніндегі бұрынғы ниетін қуаттап, сол жылдың жазғы айларында башқұрттар айдап әкеткен көптеген жылқы табындарын қазақтарға қайтарып беру туралы өтініш жасаған еді. Алынған өтінішке қайтарған жауабында Гагарин ханға айдап әкетілген жылқыны табуға және Тобыл қаласында орыс-қазақ айырбас саудасын дамытуға қамқорлық жасауға тырысатынын хабарлады.
Алайда 1717 жылы күзде Әбілқайыр Қазан губерниясының ішкі уездеріне тағы да бір жорық жасады, содан кейін башқұрттар мен сібір казактары шекаралас қазақ ауылдарына жауап ретінде басып кірді. Осы негізде тұтқындар алмасу мен мал жағдайы, сондай-ақ Қазақстанның Ресеймен шекарасындағы әскери-саяси ахуалды ретке келтіру мәселесі қайтадан маңыз алды. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат ХVІІІ ғ. басындағы Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ХVІІІ ғ. басындағы Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, ХVІІІ ғ. басындағы Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]