Реферат: Тарих | 1986ж. ҚАРАҒАНДЫДАҒЬІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОБЛЫСТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ

Реферат: Тарих | 1986ж. ҚАРАҒАНДЫДАҒЬІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОБЛЫСТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ

1986ж. ҚАРАҒАНДЫДАҒЬІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОБЛЫСТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ
1986 ж. ызғарлы және қанды күнінің өткеніне биыл 20 жыл толып отыр. Сол бір күні КСРО шын мәнінде құлдырады және Қазақстан мемлекеті егемендікке бір қадам жақындады.
Желтоқсан оқиғалары туралы көп айтылып және жазылып келеді. Дегенмен, әлі де қозғалмай жатқан жайлар бар. Осы күнге дейін оның мәні мен мазмұнын, шын келбетін толығымен ашатын деректер мен құжаттар жарияланып, қалың жұртқа ұсынылмады. Сонымен қатар баспасөз беттерінде, ғылыми зерттеулер мен сұхбаттарда көбінесе Алматыда еткен оқиға талданып жүр. Ал шындап келгенде бұл оқига жалпы қазақстаңдық сипатта болған еді. Жастар наразылығы Алматыда басталып, ол Қазақстаннын көптеген аймақтарына, соның ішінде Қарағандыға да тарап кетті. Қарағандылықтар оңы сырттай бақылаушы болып қана қалмай, оған үн қосып, белсене ат салысты. Студенттер мен жұмысшы жастар алматылық құрбыларына жасалып жатқан қиянатты білсе де, тәуекелге бел буып, топтасып алаңға шықты, әділетсіздікті тыюды талап етгі. Жергілікті халық санын келімсектер әлденеше рет орап алғанына қарамастан, жалындаған жастарымыз қаймықпай, сол кездегі сыңаржақ саясатқа қарсы шықты. Алайда сол кезде облыс орталықтарында не болып жатқаны туралы ешкім жұмған аузын ашқан жоқ. Кейбіреулер сол жағдайды қозғап керегі не, ұмытсақ қайтеді дегенді айтады. Халықтар достығын нығайтып, олардың өзара түсіністігі негізінде бірлікке шақыру бізден осыны талап етеді деген сылтауды алға тастайды. Алайда бұл дәлелді себеп емес. Тарихи беттерге жүгінсек, бүтін бір халыққа жауыздық көрсетіп, онын мүддесіне қысым көрсету ешқашан ұмытылмаған. 20-шы жылдардағы әскери коммунизм, күштеп жер аудару мен ұжымдастыру, 30-шы жылдардағы қолдан жасалған аштық, 30-50-ші жылдардағы ұлттық интеллигенцияның талантты бөлігін қуғын-сүргінге ұшырату тәрізді қайғы-қасіреттердің халқымыздьщ санасынан шьиып, ұмыт болуы мұмкін емес. Қазақстан тарихында осындай кайғылы беттер өте көп. Соның бірі — ызғарлы желтоқсан оқиғасы. Мақаламыздың негізгі максаты — Желтоқсан көтерілісі Қарағандыда қалай өрбіді, оның негізгі алғышарттары мен салдары, облысымыздың қоғамдық өміріне әсері деген сұрақтарға жауап беру.
Сонымен, Қарағандыда ол қалай басталды? 80-ші жж. 2-жартысында СОКП Орталық Комитеті (ОК) Қазақстан басшыларын өзгерту жөніндегі қадамды Қарағандыдан бастады. Облыс қүрылуының жартығасырлық мерекесін қазан айында салтанатпен атап өткен сол кездегі обкомның бірінші хатшысы В.Г.Коркин күрестен орнынан алынды. Облыстық партия комитетінің 1-ші хатшылығына Қазақстанға беймәлім, республиканың, соның ішінде Қарағандының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен тыныс-тіршілігімен мүлдем таныс емес В.И.Локотунин Мәскеудің тікелей бұйрығымен тағайындалды. 1986 ж. кузінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің 2-ші хатшысы О.С.Мирошхин Қарағанды обкомының кезектен тыс пленумыңда облыс активін жаңа басшымен таныстырды. Сол жылдары барша еліміздегідей Горбачевтің еспе сөзіне елтіп жүрген қарағандылықтар Коркиннің орнына тағайындалған В.И.Локотунинге зор үміт артты. Себебі облыстағы экономикалық құлдыраудың, әлеуметтік әділетсіздіктің көріністері айқын байқалатын. Облыс халқы өайта құру әкелетін жаңа лепті жаңа басшыдан күтті. Қарағанды басшысын орнынан алу республика басшыларын өзгерту жолындағы алгашқы қадамы болатын. Себебі сол кезде Қарағаңдының республика өмірінде алатын орны ерекше болды. Алматыда Желтоқсан оқиғасы басталғанда Локотунин облыс басшылығына келгеніне небәрі бір ай ғана еді. Оның астанада орын алған оқигалардан елден бұрын хабардар болғанында сөз жоқ. Себебі Алматыдағы жайлар елдің құлағына жетер жетпестен-ак обком алдын ала шаралар белгілеп, оның шапшаң түрде іске асыруга кірісті. Көздеген басты мақсат Алматыдағы толқуга байланысты ел ішінде наразылықты болдырмау еді.
Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің нұсқауы бойынша саяси баяндамашылар еңбек ұжымдары мен оқу орындарын аралап, Алматы қаласындағы уәжге елдің көңілі толмай, облыс басшылығы әлдеқандай жағдай болып кете ме деген қауіппен милиция қатарын халық жасақшыларымен толықтырды.
Алматы қаласындағы толқулар желтоқсанның 17-18 жұлдыздарында болды. Астанадағы окиғалар әуел бастан-ақ құпия ұсталды. Желтоқсанның сол күндерінде Алматы мен Қарағанды арасында телефон-телеграф байланысы екі ортада үзілді. Сөйтіп, Алматыдағы жағдайдан хабарсыз қалған қарағандылық жастар баспасөзде жарияланған қысқа ресми хабарын ғана оөып, көңіл жұбатарлық ештеңе таппай, іштей тынған.
Тек 19-шы желтоксан күні ғана республикалық газеттер «Алматыдан хабар» деген тақырыппен ТАСС-тың хабарын басып шығарды:
«Алматы. 18 декабръ.(ТАСС). Кеше кешкісін және бүгін күндіз Алматыда ұлтшыл элементтер арандатып салған оқушы жастар тобы көшелерге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жуырда болған Пленумының шешіміне наразылыц білдірді. Бүл жагдайды бүзақылар, арамтамақтар және басқа да қоғамға жат адамдар пайдаланып, право тәртібінің өкілдері жөнінде правоға қарсы әрекеттер жасады, сондай-ақ бір азық-түлік магазинін, жеке меншік автомобильдерді өртеді, қала азаматтарына қарсы намысты қорлайтын әрекеттер жасады...» .
Сөйтіп, Алматыдағы оқиғаларға «ұлтшылдық» сипат беріліп, жастардың іс-әрекетгері заңға, қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталған деп жарияланды. Осы шағын хабар қарағандылық жастардың көңілін аласапыран күйге түсіріп, кешеге шығуға итермеледі.
Қарағанды қаласындағы желтоксанның 19-20-дағы оқиғалар Алматыдағы толқулардың заңды жалғасы болып табылады. Желтоқсанның ызғарлы желі Сарыарқаның жеріне де жетті.
19-шы желтоқсан күні Алматыдағы жағдай туралы күнделікті ақпарат құралдарынан құлақтанған қарағандылық жастар Гагарин атындағы алаңға жинала бастады. Бейбіт түрде жиналғандар республиканың талантты басқарушы Д.Қонаевті ешкімге белгісіз адаммен алмастыру себебін түсіндіруді талап етті. Мәскеудің кадр мәселесін бұлайша шешу жастар үшін қазақ халқының мүддесін мұқалту, оның ар-намысына кір келтіру болып көрінді. Осындай кезде олар барлық одақтас республикаларда бірінші басшы жергілікті ұлт өкілі екенін алға тартты. Алайда мұның бәрі желеу ғана еді, жастарды осындай шешуші қадамға итермелеген негізгі себеп әлдеқайда тереңде жатыр. Бұрыннан бері өз шешімін таппай жүрген қоғам өміріндегі келеңсіз көріністерге көңіл толмаушылық (ұлттық тіл мен мәдениетті дамытуда халық құкығын шектеу, көпшіліктің кайыршылық жағдайы, кадр мәселесіндегі біржақтылық, енбекке жарамды адамдардың жұмыспен қамтамасыз етілмеуі, әлеуметтік саланың берекесіздігі, Семей ядролық мәселесінің өз шешімін таппауы т.с.с.) болды.
Өкінішке орай, алаңға жиналган студенттер мен жұмысшьшармен бейбіт түрде тіл табысуға ешкімнің ниеті болған жоқ. Жастармен сөйлесудің орнына оларға қарсы милиция мен КСРО Ішкі істер министрлігі Жоғары мектебінін курсанттары жіберілді. Тәртіп сақшылары жиналған жастардың тобырын бөлшек-бөлшек шағын топқа бөліп, қолға іліккендерді дарылдата сүйреп, автобустарға өңгерді. Ұсталғандардың бәрін ішкі істер органдарына жеткізіп, олардан түсініктемелер алынды. Осы кезде әкімшілік органдардың қызметкерлері сол алаңның маңында кезігіп, демонстрацияға мүлдем қатысы жоқ студенттерді де қоса ұстады. Қолға түскендердің әрқайсысы өз әрекетін түрліше түсіндірді. Мәселен, сол кездегі Қарағанды университетінің 1 курс сгуденті Сәрсенбаев Бекболат Әкімбайұлының берген түсінігі: «1986 ж. 19 желтоқсанда Совет даңғылы бойымен келе жатқанымда үлкен шоғырды көрдім, содан-ақ республика басшылығының өзгертілуіне қарсы демонстрация өтетінін ұқтым. Олар бірге болуымды ұсынды, мен соларга қосылдым».
Жалпы 1986 ж. 19 желтоқсандағы Карағандыдағы оқиғаға қатысқаңдардың ішінде ресми тізімге 269 адамның есімі іліккен. Мұның 206-сы — студент жастар. Солардың ішінде университеттің 120, медициналық институтының 42, кооператив институтының 26, политехникалық институтының 13, педагогикалық институтыныи 5 студснті бар. Оларға мәдени-ағарту училищесінің 2 оқушысы қосылды. Бұлармен бірге қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары мен ғылыми мекемелерінен барлығы 28 адам алаңға шықты.
19 желтоқсанда басталған толқулар келесі күні өз жалғасын тапты. Тәртіп сақшылары қаланың ірі қоғамдық орындары мен көшелерін бақылауга алды.
20 желтоқсанда облыстық партия комитеті ғимараты алдында митинг ұйымдастырмақшы болған жастар индустриалды-педагогикалық техникумның жанында жинала бастады. 19 желтоқсандагы оқиға қайталанды. Бір өзгешелігі сол, бұл күні милиция қызметкерлері кідірместен батыл қимылдады. Кешегі тәсілмен қалық елді топтарға бөліп, олардың бәрін жеке қоршауда қалдырды.
Тағы да жастарды желкелеп, автобустарға тией бастады. Жастар арасында бұл бассыздықка төзбей қарсылық көрсеткендер де болды. Ішкі істер органдарына жеткізілгендермен мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметкерлері оңаша әңгімелесіп, түсінік алды. Ұсталғандардың бірі ҚММИ студенті Римма Нұрғалиева: «Алаңға ешкімнің үгітімен емес, өз жүрек қалауымен келдім», —деді.
Ет қызуымен милиция қызметкерлері кала көшелерінде көзге іліккен қазақтарды да топырлатып автобусқа мінгізіп әкетті.
20 желтоксан күні ішкі істер органдарына жалпы 127 адам жеткізілді. Олардың 90-ы студент еді. Соның ішінде университеттің 51, мединституттың 21, кооператив институтының 12, политехникалық институтының 4, пединститутының 2, бұлармен бірге орта кәсіптік-техникалық арнаулы оқу орындарының 27 оқушысы бар.
Желтоқсан оқиғасынан кейін облысымыздың қоғамдық өмірі, әлеуметтік жағдайы күрт өзгере бастады. Қарағандыда реакциялық кезең басталды. Облыс басшылығы халық қатарынан «ұлтшыл элементтерді» іздеп, жазалау үрдісін бастады. Орталық баспасөз беттерінде қазақтың ұлттық намысын қорлайтын мақалалар жиі басылды. Бұдан өзіміздің «Казахстанская правда», «Ленинская смена» газеттері де қалыспады. Қазақ көзге түрткі болып, оның басына бұлт үйірілді. Ұлты қазақ болған лауазымды қызметкерлерге сенбеушілік білдіріліп, олардың сол ортаға қалай жеткендігі астыртын тексеріле басталды. Процентке шағу деген пәле пайда болды. Сол кездегі Қарағандыдағы табысы мол кәсіпорындардың есігі қазақтар үшін жабылды. Қазақ үлтының өкілдері көбінесе жалақысы аз жұмыс орындарда жүрді. Қазақ тілі отбасы қасынан тысқары шыға алмады. Ата-аналар, балаларын орысша оқуға берді. Қоғамдағы осындай әділетсіздіктерге шыдай алмаған кейбір қазақ ұлтының өкілдері маскүнемдікке бой ұра бастады.
Облыс бойынша тырнақ астынан «кір іздеу» науқаны жүргізілді. Содан жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамына шүйлігу басталды. Сөйтіп, Қарағандының жоғары оқу орындарындағы оқытушы-профессорлардың және студенттердің ұлттық құрамы жіктеліп, процентке шағылып шыға келді. Алайда процентке шағу облыс басшыларының күткеніндей нәтиже бермеді. Сөйтсе де, жоғарыдан түскен нұсқау негізінде желтоқсан оқиғасына қатысы барларды қудалау, оқудан шығару мен жұмыстан босату, жазалау шарасынан ешкім қалмады.
Алдымен басты соққы 19-20желтоқсан күндері алаңға шыққан, ішкі істер органдарына жеткізіліп, аты-жөндері қағазға түскендерге тиді.
Қарағандыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бәрі де тиісінше жазаланды. Көшеге шыққан жастардың ата-аналары да бала тәрбиесінде жіберген қателіктері үшін жазаға тартылды.
Атақты журналистеріміз Амантай Сағындықов пен Зарқын Тайшыбаевтер «балалары желтоқсан оқиғасына қатысқан» деп айыпталды. Кеше алаңга шыққандардың сенімсіз дегендері сотталды. Қалғандары еңбек ұжымымының, партия, комсомол ұйымдарының тарапынан сөгіс алды. Жоғары оқу орындарының студенттері қатаң жазаланды, тіпті оларды оқудан шығару фактілері орын алды. Қарағандыда желтоқсан оқиғасына байналысты соттау науқандары жүре бастады. Сонын бірі Қарағанды жүк автокөлік басқармасында бухгалтер болып істейтін Р.М.Сәрсембекованың сот процесі болды. Жоғарыдан түскен нұсқау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары «басбұзар» Сәрсембекова туралы жарыса жазды. Қарағанды облыстық сотының шешімімен Р.М.Сәрсембекова, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60-бабында көрсетілгендей, қылмысқа айыпты деп танылды. Ол жергілікті жерде міндетті еңбекке қаттыстырылып, шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айырылды. СОКП ОК-нің жолдаған мәліметінен «19-20 желтоқсан күндерінде оқиғаға қатысуына байланысты Қарағанды университеті 12 политехникалық институт 6, мединститут 28, пединститут — белгісіз, кооператив институтынан 3 студент оқудан шыгарылды. Мәдени-ағарту училищесінен 9, индустриалды-педагогикалық техникумынан 2, есеп-кредит техникумының 4 оқушысы да оқудан шығарылды. Жоғары оқу орындарындағы 59 адамға қатаң сөгіс берілді . Желтоқсан оқиғасынан кейін арада бірнеше күн өткеннен соң, яғни 1986 ж. 25 желтоқсанында, облыстық партия комитетінің бюро мәжілісі өткен болатын.Оған обкомнын 1-ші хатшысы В.И.Локотунин төрағалық етті. Мәжілісте партиялық ұйымдастыру,идеологияяық жұмыстар, кадр саясатындагы, еңбекшілерге, әсіресе жастарға интернационалдық-патриоттық тәрбие берудегі елеулі кемшіліктерді жою жөнендегі мәселелер талқыланды. Мұнымен желтоқсан мәселесі тыйылған жоқ. Облыстық партия комитеті желтоқсан оқиғасына дүркін-дүркін қайта оралып отырды. Соның ішінде ең үлкен бас қосу Қарағандыда 1987 ж. 21 наурызында өткен болатын.
Пленумде қазақ халкының намысын қорлайтын сөздер айтылды. В.И.Локотунин баяндамасынан:
«келіп түсіп жатқан хаттар мен шағымдарда, сұрақтарда авторлар Алматыда және Қарағандыда орын алған жастардың ұлтшылдық әрекеттерін өткір сынға алған. Көптеген адамдар тәртіпсіздіктерге қатысқандардың қатаң жауапқа тартылуын ұсынады. Қазақ ұлтының өкілдері өздерінің хаттарында саяси жағынан жетілмеген жастардың сиықсыз қылығын айыптайды, мұндай жағдай ешқашан қайталанбайтындығына сенім білдіреді...1.
Сол кездегі жағдайда ендігі күнде азаматтарының қызметте өсуі, өз қарымы мен біліктілігін таныту қиынға соқты. Қазақтар баскаларға халық жауындай көрінді. Алайда қазақ халқы сол бір қиын сәтте болашаққа сеніммен қарап, акиқаттың ақ таңы атар күндерді асыға күтті.
80 жылдардың 2 жартысында қоғамдағы өзгерістер шапшаң жүрді. Әйтсе де, халық желтоқсан окиғасын бір сәт естен шығармады. Елдегі оң өзгерістердің, жариялылықтың арқасында оның түпкілікті шешілуін талап етті. М.Шаханов бастаған комиссияның мол еңбегі арқасында желтоқсан оқиғаларына жаңадай сипат беріліп, дұрыс жауап табылды. Комиссия былай деп көрсетті: «Қазақ жастарының 1986 ж. желтоқсанда Алматы және Қазақстанның бірқатар областарында бой көрсетулері ұлтшылдық сипатта болған емес. Мұның өзі Конституция кепілдік берген және қайта құру жарияланған азаматтық және саяси айқындаманы еркін білдіру правосын пайдаланудың алғашқы әрекеті еді. Жастар наразылығының тереңге бойлаган тамырлары тұрмыстың төмен деңгейінде, әлеуметтік әділетсіздік пен әміршіл-әкімшіл жүйенің кемшіліктерінде жатқан болатын».
Комиссияның бұл шешімі Қазақстан жұртшылығынан үлкен қолдау тапты.
Желтоқсан оқиғасынан бері елімізде көптеген өзгерістер болды. Қазақстан тәуелсіз ел атанды. Биыл тәуелсіздігімізге 15 жыл толып отыр. Елбасымыздың жүргізген байсалды, қалыпты саясаттың нәтижесінде, халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасында Қазақстан әлем жұртшылығына танылды, ішкі жагдайымыз тұрақтанып, экономикамыз нығайды.
Қазақстан Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев 1991 ж. желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы жарлығына қол қойды. 17-ші желтоқсан Республикамыздың Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.
Алайда желтоқсан күндеріндегі оқиғалардың мән-жайы түбегейлі зерттеліп, жауабы қайтарылған жоқ, жазықсыз жазаланған жастар жүрегіндегі реніш пен нала толық айықты деп те айта алмаймыз. 1986 ж. Алматы мен Қазақстанның баска облыстарында халқымыздың рухын көтере білген азаматтарға хал-қадірінше құрмет көрсету жайын ойластыруымыз жөн. Желтоқсан оқигасы халқымыздың жадында мәңгі сақталмақ. Алайда оған әділ бағанына берілуі тарихшьшардың қажымас еңбегін қызмет етеді.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат 1986ж. ҚАРАҒАНДЫДАҒЬІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОБЛЫСТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат 1986ж. ҚАРАҒАНДЫДАҒЬІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОБЛЫСТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, 1986ж. ҚАРАҒАНДЫДАҒЬІ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОБЛЫСТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]