Реферат: Тарих | 1925-1933 жылдар арасындағы халықаралық қатынас
Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі қатынастардың ұшығуы
ХХ ғасырдың 20 - жылдарында мемлекеттер арасында өткізу нарықтары үшін күрес, және Таяу Шығыстағы шикізат көзі үшін күрес басталды. Англия дипломатиясының мақсаты - Таяу Шығыс территорияларын бақылау және француздардың әсерінен босату болды. Англия француздарды Сириядан шығаруға тырысты. Сондай-ақ, Франция арабтардың Англияға қарсы болуын қолдап отырды. Оларды қолпаштап отырған болатын. Иракта өз мандатын сақтап қалу мақсатында Англия ағылшын - ирак келісіміне қол қойылуына қол жеткізіліп, 1924 жылы қабылданды. Келісім Англияның Орта Шығыстағы орталық ауданында үстемдігін берді. Ал Ирак Үндістанға, Мосул мұнайына және Мысырға өтер жолды жауып тұрды. 1922 жылы - ақ Англия Мысырдын тәуелсіздігін ресми түрде мойындады. Ал Суданда Египет - Судан мемлекетін құруды талап ететін шиеленіс болғанда, Лондонда Макдональд пеп Мысыр үкіметінің басшысы Загул-Паша арасында келіссөздер өткізіле бастады.
Мысырдың ағылшын әскерлерін өз территориясынан шығаруды талап етуі; ағылшын кеңесшілерінің төмендетілуі, Мысырдың сыртқы саясатындағы еркіндікті, Мысырдың Суданға құқығын мойындауды талап етулері толығымен ескерілмеді. 1924 жылы 6 қарашада Булупд үкіметіне Чемберленнің келуі ағылшын - мысыр қарым-қатынастармен мүлдем бұзып жіберді. Бұл кезде 1925 жылы Мароккода Риф облысында жаңа толқулар болды. Оның қатысушылары Риф мемлекетін өз еркімен құрды. Испандықтарға қарсы Риф тайпаларының соғысы ұзаққа созылып, экономикалық саяси дағдарысқа әкелді. Испания диктаторы Пимо де Ривьера Франциядан көмек сұрады. Мароккоға жіберілген француз әскері 1926 жылы көтерілісті басты. Ағылшын дипломатиясы Францияның ішкі істеріне араласпады. Әскери қимылдардың Танжерге ауыспағандығынан қорықты. Сол себепті ол Франциямен Мысыр және Таяу Шығыс мәселелерін шешуге асықты. Одан кейін Англия Рим мемлекетін отарлауға көмектесті. Бірақ Риф мемлекеті Испания астында қалды. Рифтермен бір уақытта Франция Сирия друздармен соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Көп өтпей -ақ друздардың көтерілісі кең етек алып, бүкіл мемлекетке жайылып екі жылдай уақытқа 1927 жылдың күзіне дейін созылды. Англия Сириядағы соғысты Шығыста өз мәселелерін шешу үшін пайдаланды. 1924 жылы Ұлттар Лигасының отырысында Англия өкілі Эмери Ирак парламенті атынан Ирак үстіндегі мандатты ұзарту талабымен шықты. Келесі жылы Ұлттар Лигасы одағы Туркияның қарсылығына қарамастан Иракқа
Мусоль ауданын берді. 1927 жылы Ұлыбритания мен Ирак арасындағы келісім барысында,Иракты тәуелсіз мемлекет етіп мойындады.
Кіші және Орта мемлекеттердің одағы. Кіші Антанта
Австр- Венгрияның құлауы нәтижесінде мемлекеттердің саны өсті. Австрия, Венгрия, Чехословакия, ішінара Польша 1929 жылы Югославия, Румыния да өз территорияларын үлкейтті. Енді оның құрамына Солтүстік Буковина және Бессарабия, сондай-ақ Оңтүстік Добруджа кірді. Шығыс Еуропа картасында Финляндия және Прибалтикалық республика пайда болды. Ұзақ мерзімге созылған одақ Кіші Антанта болды. Ол 1920-1921 жылдарда құрылған. Оған Румыния, Югославия, Чехословакия одағы кіріп, 1938 жылға дейін өмір сүрді. Одақтың мақсаты Орталық және Оңтустік -Шығыс Еуропада статус-квоны сақтап қалу және Ресейге қарсы санитарлы кордон ретінде қолданды. 1920 жылдың ортасында Белградта Чехословакия мен Югославия арасындағы конвенция қабылданып, Кіші Антантаның рәсімделуін аяқтады, 1920 жылы Чехославакия -Югославия келісімі, 1921 жылы Румыния -Чехославакия келісімі. 1921 жылы Румыния -Югославия одақтық келісімі болды. Барлық келісімдер Ұлттар Лигасында тіркеліп, 2 жылға созылды. Ал 1929 жылдан бастап 5 жылға ұзартылды. Кіші Антантаның белсенді жұмысы Генуя конференциясына дейін созылды. Кіші Антантаның саясатындағы маңызды кезең Еуропалық сахнада 1925 жылы Локарн конференциясы болатын. Ол Францияның позициясының әлсіреуіне әкелді. Кіші Антанта Одағының кемшілігі ол Мемлекеттердіц өзара мықты экономикалық қарым-қатынастың жоқтығы болды. Ал бұл аймақта саяси экономикалық қатынасты нығайтар еді. 1934 жылы Германия Шығыс пактісіне қатыспайтынын айтты. 1934 жылы қыркүйекте Женевада Шығыс пактісі тездетіп қабылдау рәсімі террористік актпен тоқтатылуына Л. Бартуның өлтірілуі де себеп болды. Батыс Еуропалық державалардың агрессорларды бейбітшілікке келтіру процесі басталғанда Кіші Антантаның құлдырауы басталды. Ол 1938 жылы Мюнхен келісімін де тоқтата алмады. Германияның Чехословакияны жаулап алуы Кіші Антантаның толық құлауына әкелді.
Балқандық Антанта
Билікке Гитлердің келуі, Кеңес Одағының Балкандағы үрейін тудырды. Италия агрессиясы төрт балкан мемлекетінің Румыния, Туркия, Югославия, Грецияның жақындасуына әкелді. Олар Балканда Статус-квоның сақтап қалуын ойлады. 1934 жылы 9 ақпан күні «Балкан Антантасы пактісі» құрылды. Ол кепілдік болатын Балкан шекараларының кепілі болатын. Пакт өз күшіне 1934 жылы шілдесінде енген болатын. Қорытындылай келе, 1925-1933 жылдар аралығында Локарн конференциясынан кейін Еуропадағы мемлекеттер өздеріне серіктес іздей бастады. Еуропадағы үстемдікті басқа мемлекетпен бірігіп тұрып шеше алатынына сенді. Әрбір мемлекет өзінің экономикалық жағдайын көтеруге тырысты Ол үшін басқа мемлекеттермен экономикалық тұрғыдан жақындасуға қадам жасап, екі елге де пайдалы болатындай келісімдерге отырды. Осы кезең Еуропалық мемлекеттер үшін дағдарыс кезеңі болған бәрімізге де мәлім. Сондықтан әрбір мемлекет осы дағдарыстан өзі үшін зардапсыз шығу жолын іздеді. Қиындықтарды бірлесіп шешуге тырысты. Франция мен Германия бір-біріне жақындасу қадамын жасады. Италия мен Испания достық қарым - қатынас орнатты. Англия Италияға дипломатиялық көмек жасады. Мұның нәтижесінде Италия өз сыртқы саясатын күшейтіп алды. Дегенмен де, бұл кезең талас -тартыссыз болған жоқ. Еуропадағы мемлекеттер Еуропадан Азияға өтетін қысқа тасымал жолдары үшін күресті. Англия Жерорта теңізінде өзінің үстемдігін ұстап қалуға тырысты. Сол кезеңдегі дағдарыс әр елге негізінен экономикалық соққы берді. Мемлекеттердің барлығы әлсіреп қалды. Ең алдымен банк жүйесі күйреді. Бірақ, АҚШ-тың экономикалық жағдайы өсе түсті. 20 - жылдардың соңында АҚШ мықты елдерден де асып кетті. Бірнеше жаңа мемлекеттер құрылды. Сонымен қатар, бұл кезең толқулар мен сғысқа да толы болды. Ұлыбритания Иракты тәуелсіз деп мойындады. Бұл кезде Еуропада бейбітшілікті қалпына келтіретін мемлекеттер арасында келісімдер жасалып отырды. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Шығыс мәселесi
» Реферат: Тарих | XIX ғасырдың 70 жылдарындағы халықаралық қатынастар
» Реферат: Отарлық империялардың құрылуы Голландия Англия
» Реферат: Тарих | 1938 жылғы Мюнхен шиеленісі
» Реферат: Тарих | XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай

Іздеп көріңіз: