Реферат: География | Бразилия Федеративті Республикасы
Бразилия Федеративтік Республикасы
Бразилия (Brasil) – Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет.Жері – 8,5 млн.км².Халқы – 163 млн.(1996).Халқының этникалық құрамы:ақ нәсілдер – 54,7%,зәңгілер – 5,89%,мулаттар – 38,45%.Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон,италиялық,неміс,араб,француз,т.б.) тұрады.Астанасы – Бразилиа.Мемлекеттік тілі – португал тілі.Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады.Ұлттық мейрамы – 7 қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.Бразилия – президенттік федеративтік республика.Елдің басшысы,Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент.Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады.Әкімшілік жағынан 25 штатқа,1 федералдық (астаналық) окрукке бөлінеді.Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады.
Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі),субэкваторлық,тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі),субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерінде орналасқан.Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр.Климаты,негізінен,ыстық,жауын-шашын мөлшері әртүрлі.Батыс жағыц ылғалды экваторлық,шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте.Суы мол,энергия көзіне бай өзендер көп,ішінде ірілері: Амазонка,Сан-Франсиску,Парнамба,Парана.Стратегиялық маңызды ниобий,уран,торий кендері бар.Одан басқа темір,марганец,мыс,мұнай,газ,көмір қорлары мол кездеседі.
Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған.16 ғасырдың басына дейін бразилия жерін тупигуарани,тупинамбас,ботокуд тамойос,короадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген.Олар аңшылықпен,балық аулаумен,жер өңдеумен шұғылданады,темекі,какао, т.б. дақылдар өсірді.1500 жылы Бразилия жағалауына португалдық П.А.Капрал келіп түсті де,өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады.Ол паубразил атты құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасып,елдің аты осы ағаштың атынан шыққан.1549 жылы генерал-губернаторлық құрылып,астанасы Баия (Салвадор) қаласы болды.1517 жылдан бастап құлдар әкеліне бастады да,құл еңбегінің нәтижесінде ірі жер иеліктері пайда болып,онда қант қамысы,мақта,күріш,жүгері өсіріледі.Кейіннен алтын мен алмас шығаруына байланысты Бразилия Португалияның ең бай отарына айналды.1763 жылы астана Баиядан Рио-де-Жанейроға көшірілді.18 ғасырдың 60 – 70-жылдары үндістерді құл ретінде тыйым салынды және мануфактуралар салуға,саяуда компанияларын құруға рұхсат етілді,бірақ Лиссабон сарайы 1785 жылы мануфактура құруға,кітап басуға,кеме жасауға тыйым салды.1807 жылы Портуғалияға Наполеон әскері сбасып кіргеннен кейін,Португалия корольдігінің әкімдері Рио-де-Жанейроға қашып барды.1815 жылы Бразилияға корольдік статус біріліп, «Португалия,Бразилия және Алварга біріккен корльдігінің» құрамдас бөлігіне айналды.Португалияда 1820 жылғы тамыз төңкерісінен соң,король Жуан (Жоао) IV Бразилиядан кетуге мәжбүр болды даөзінің ұлы Педруды регент етіп қалдырды.1822 жылы қаңтарда Педруды I Бразилияның тәуелсіздігін жариялады.1824 жылы наурыз айында елдің тұңғыш конституциясы қабылданып,конституциялы монархия орнады.Келесі жылы Португалия Бразилияның тәуелсіздігін мойындады.1850 жылы елге құл әкелуге тиым салынып,1888 жылы құл иелену мүлде жойылды.1889 жылы 15 қарашада либерал помещиктердің өкілдері әскери төңкеріс жасап Бразилияны федеративтік республика деп жариялады.1891 жылы ақпанда құрылтай жиналысы АҚШ үлгісінде жаңа конституция қабылдады.Елдің баяу дамып,ағылшын-америкалық капиталына тәуелді болды. I дүние жүзілік соғыста Ұлыбритания мен АҚШ-тың қысымымен Бразилия Германияға соғыс жариялап,1918 жылы Еуропаға бірнеше әскери бригадаларын жіберді. II дүние жүзілік соғыс кезінде бразилияда АҚШ-тың ықпалы күшейе де,1942 жылы тамызда Германия мен Италияға,1945 жылы маусымда Жапонияға қарсы соғыс жариялады.1944 жылы 50 мыңдық әскери корпусын Италия майданына жіберді.1950 – 1960 жылы Бразилия аграрлы елден аграрлы-индустриялы елге айналды.Сан-Паулу,Рио-де Жанейро,Ресифи, т.б.өнеркәсіп орталықтары өсіп,аграрлық,финанс,оқу реформалары жүргізілді.1960 жылы 21-сәуірде ел астанасы Бразилиа қаласына көшті.Бұдан кейін 20 жылдай (1964 – 1985) елді әскери генералдар басқарды.
Бразилия – тропик алыбы.Бразилия – Латын Америкасындағы үлкен аймақтардың ең ірісі,онда бүкіл аймаққа тән көптеген белгілер айқын байқалады.
Бразилия – дүние жүзіндегі табиғат қорларына бай елдердің бірі.Мұнда минералдық шикізаттардың,әсіресе кенді шикізаттардың 50 шақты түрі өндіріледі.Ел өңделетін жерлерлің көлемі жөнінен жетекші орындардың бірін алады.Оның су қоры,оның ішінде су энергетика,орман қорлары орасан зор.Осының бәрі экономикалық даму үшін өте қолайлы алғышарттары түзеді.
Бразилия халқының саны жөнінен дүние жүзі елдерінің «алғашқы бестігіне» кіреді,елдің халқы жыл сайын 3 млн.адамға өседі.Бұл да экономикалық дамуға қолайлы жағдай туғызады,бірақ сонымен жұмыспен қамтамасыз етілу, «жалған урбандалу» және т.с.с. проблемаларды шиеленістіреді.
Бразилия – дамушы дүниедегі түйінді елдердің,оның көшбасшыларының бірі.Ал жалпы ішкі өнімнің көлемі жөнінен Латын Америкасында ғана емес,сондай-ақ дамушы елдердің ішінде бірінші орын алады,ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен – дүние жүзіндегі аса ірі елдердің ондығына кіреді.
Бразилия жыл сайын қант құрағын алынатын этиль спиртімен жұмыс істеуге бейімделген (сұйық отынды үнемдеу мақсатында) 1 миллионнан астам автомобиль шығарады.ол микрокомпьютерлер мен микрокомпьютерлер шығару жөнінен АҚШ,Жапония және ГФР-ден кейінгі орынды алады;ғылымды көп қажет ететін басқа да өндірістер дамуда.Ірі әскери өнеркәсіп жасалды.Дүние жүзінде аса ірі СЭС-тер салынды.Осымен қатар,Бразилия кофе,қант құрағын,банан өндіруден дүние жүзінде бірінші орынды сақтап отырса,соя,апельсин жинаудан АҚШ-тан кейінгі орында тұр.
Осыған қарамастан,Бразилия экономикасының салалық құрылымы әлі де ойдағыдай жетілмеген.Мұның ең алдымен кең – байтақ территорияны аз өнімді тұтыну дақылдары алып жатқан ауыл шаруашылығына қатысы бар.
Шаруашылықтың территориялық құрылымдағы өзгерістер: батысқа қарай ығысқан.Бразилия – халқы мен шаруашылығының мұхит маңына орналасуы айқын байқалатын ел.
Мысалы: Ені 350 – 500 км мұхит маңы алқабына Бразилия халқы мен өндірісінің 9∕10-ны шоғырланған.Оның ішкі территориясы нашар игерілген әрі аз қоныстанған.Амазонияға қарағанда Рио-де-Жанейро ауданында халықтың орналасу тығыздығы 800 есе артық.
Бразилияның аса ірі қалалары
Рио-де-Жанейро – порт-қала,банкир-қала,туризм қаласы ретінде ұзақ уақыт бойы Бразилияның астанасы болып келді.Алайда 1960 жылы елдің астанасын көшіргеннен кейін және Сан-Паулудың бәсекесі өскен соң оның маңызы біраз кеміді.
Рио-де-Жанейро дүние жүзіндегі ең әсем қалалардың бірі болып саналады.Ол кең байтақ Гуанабара қойнауының жағасына орналасқан.Бұл қойнауды бойлай атақты Копакабана жағажайы бар тұрғын үйлер мен әкімшілік кварталдар,порт және өнеркәсіпті аудан созылып жатыр.Етегіне Корковадо тауында Христостың 40 метрлік бейнесі асқақтап тұр.Ұлы ораза алдында төрт мен бес түнге созылатын карнавалдарымен,дүние жүзіндегі аса ірі «Маракана» футбол стадионымен Рионың аты шыққан.Бірақ осымен бірге бұл үлкен әлеуметтік қайшылықтар қаласы.Қала шетіндегі лас кварталдарда – «фавелдерде» жүздеген мың кедейлер – «фавела достар» тұрады.
Сан-Паулу – Бразилияның аса ірі қаласы әрі «экономикалық астанасы».оны Бразилия экономикасының бүкіл құрамын тартып келе жатқан локомотив деп атайды.ХIХ ғасырдың ортасында бұл шағын провинциялық қалап еді.Ол кофе дәуірінде Еуропа және Жапониядан иммигранттардың ағылып келуінің арқасында тез өсті.Мұнда бірітіндеп Бразилияның,бүкіл Латын Америкасының және оңтүстік жарты шардың басты өнеркәсіпті ауданы қалыптасты.Осында барған сайын ғылымды көп қажет ететін салалар кәсіпорындары,сондай-ақ банктер шоғырланған.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: