Реферат: Тарих | Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі

Реферат: Тарих | Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі

Бұхар жырау шығармаларының басты көркемдік ерекшелігі


“Бұхар жырау толғауларының көркемдігі өз алдына үлкен тақырып.Ол толғау жанрының өзіне дейінгі көркемдік өрнектерін бойына сіңіріп,өзіндік қол таңбасын жасағанын жоғарыда атап өткен едік. Бұлардың әр біреуі тек толғау жанрына ғана тән абстракциялы ойлар,көркем түйіндер, қиыннан қиыстырылған салыстырулар арқылы бой түзеп тұрған шағын шығарма. Бұл жырларда артық буын, жасық сөз,амалсыз қайталаулар кездеспейді”(М.Жармұхамедов).
Асанқайғы жырларында көрініс тапқан жұмбақ үлгісінде келетін орағыта астарлау, пернелеу тәсілдері де Бұхарда өз көрінісін тапты.
Бұхар толғауларында “Құрсағы құшақ байлардан дәулет таймас демеңіз,өйткені дүние өтпелі, соны да ескер, деген ақылды айту үшін: “Айналасын жер тұтқан Айды батпас демеңіз, Айнала ішсе таусылып,Көл суалмас демеңіз”сияқты шендестірулер кездеседі.
Бұхар толғауларындағы әдеби бейне жасаеудың қалыпты түрі егіз ұғымды салыстыруларға құрылып отырады. Мұның үш түрі бар десек, біріншісі, айтар ойға іштей астасып, соның тікелей көрінісі, нәтижесі ретінде құрылатын сипаттамалар болса ( “Жар басына қонбаңыз, Дауыл болса үй кетер, Жатқа тізгін бермеңіз, Жаламенен бас кетер”т.б), екіншісі, ой-пікірдің қарама-қарсы құбылыстармен келген шарттылығын айғақтайды.Мұнда авторлық мақсат сол құбылыстың ешбір дәлелдеуді керек етпейтін қисын ұтымдылығымен дараланып отырады.
Асқар таудың өлгені-
Басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені-
Аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені-
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені-
Қар астында қалғаны.
Өлмегенде не өлмейді:
Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді.
Шендестіре салыстырулардың үшінші бір түрі жаратылыстағы ұқсастықты адам өмірімен ұштастырып, екеуінің сапалық белгілерін оқшаулап даралай айтып жырлау болып келеді.Мәселен, жырау ақ сұңқар құстың баласы ұяда алтау өскенмен,соның біреуінің-ақ жемді ұзақтан ілетін алғыр боп туатынын меңзеп айту арқылы ( “Ақ сұңқар құстың баласы, ұяда алтау болмас па...Алғырының белгісі, ұзақтан жемді ілмес пе...Айырып жемін бермес пе...Алғырынан айрылса, қанаты түптен қайрылса, құс жаманы жапалақ,оған да қор болмас па”) адамдар арасындағы игі жақсылардың өлмес істерін сол сұңқар бейнесімен астастыра сипаттайды.
Бұхардың теңеулері де өмірден , айналадан алынған әрі бұрыннан бар кәнігі образдар. Мысалы: Ұрғашының жақсысы Әбжыландай есіліп...Боз жорғадай бұлғаңы деген теңеулер халық ауыз әдебиетіндегі әдеміліктің, көз тартар сұлулықтың символы ретінде бұрыннан бар суреттеулер.
Бұхар адамның жас ерекшелігі туралы толғауларында мынадай теңеулер кездеседі:әр бір он жылдық адам өмірінің бірін,ағып жатқан бұлаққа, екіншісін, ерттеп қойған құр атқа, үшіншісін, жарға ойнаған лаққа теңейді. Сол сияқты аттың сынын бергенде, от орнындай тұяқтым,саптаяқтай еріндім деген теңеулер бар.
Академик Қ.Жұмалиев Бұхар жырларында метафораның төмендегідей түрлерін көрсетеді:
1.Жіктік жалғаулары арқылы жасалған түрі кездеседі. Оған:
Сен бұзау терісі шөніксің,
Мен өгіз терісі талыспын.
Мен арғын деген арыспын,
Аузы кере қарыспын.
Абылай алдында сен бітсең,
Құдандалы таныспын.
2.Бұхарда метафораның көлденең бір нәрсені екінші бір нәрсеге балау арқылы жасалатын түрі бар.
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен,
Қарғиын десең екі жағы ор екен,
Түсіп кетсең түбіне
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен.
Жырау бұл жерде бір ғана тоқсан бесті “терең орға”, “қорға”, “торға”, “найза бойы жарға”, “түбі жоқ көлге”, “ел қонбас шөлге” балап отыр.
Бұхар қолданған тұрақты есім сөз эпитеттерді санаулы ғана деп бағалаған Қ. Өміралиевтің пікіріне профессор Р.Сыздықова қарсы пікір айтады,яғни олар сан жағынан мол екендігін айта келіп,мындай есім эпитеттерді келтіреді: үшкілсіз көйлек, бес уақытты бес намаз, сегіз қиыр шар тарап, еңсесі биік кең сарай, қу таяқты кедей, ақ сұңқар құс, толғамалы қамшы, он сан алаш, төрт құбыла, көк дабыл, тең құрбы, алтын тұғыр т.б.
Екінші топта, яғни –ған жұрнақты өткен шақ есімше арқылы келген эпитетті тіркестер тобына, ардақталған сұлулық, желкілдеген ту, жер қайысқан қол, омыртқасы үзілген, тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен бала т.б.
15-17-ғасырлардағы қазақ поэзиясы тілінен келе жатқан көркемдеуіш құралдың бірі – кейбір мағыналық топтағы сөздердің тек қана эпитеттермен жұмсалатындығы. Мысалы, орда сөзі: қалайылаған қасты орда, ақ ала орда, еңсесі биік боз орда; жұрт, алаш сөздері: ауыр жұрт, он сан алаш тіркестерінде келеді. Бұл жердегі ауыр сөзі – “көп”, алаш – “халық” деген мағынаны білдіреді.
Табиғат атауларын білдіретін жон, тақыр,дала, тау, көл, су сияқты сөздер де өзінің номинативті мағынасынан гөрі образды эпитеттермен қолданылады.Оған мысал, Бұхардың: қу тақыр, құба жон, асқар тау, қара жер т.б тіркестері.
Бұхар жырау шығармыларында есім эпитеттермен бірге есімше тұлғалы эпитеттер де кездеседі. Мәселен, Тар құрсағын кеңіткен. Тас емшегін жібіткен Анаң бір аңырап қалмасқа дегендегі алдыңғы екі жолдағы есімшелі эпитеттер болса, екінші жағынан, сурет – ананың портреті, үшіншіден, өлең жасап тұрған “құрылыс материалы”.
Бұхар толғауларындағы қайталауларды М. Жармұхамедов үш жүйеге жіктейді.
1.Жеке бір сөзді әр жол сайын қайталау.Оған: “Төрде отырған қарт бабаң төресін жаңлар малдан соң, Төркіндеген бикешің, тіркеусіз о да қайтар малдан соң...Төсі аршынды сұлуың,сілкіп төсек салмас малдан соң, Байдың ұлы көрпелдес,шұбалаңқы тартады, айдап жүрген малдан соң”.
2.Бастан – аяқ ұйқас үшін алынған риторикалық сұрау күйінде келеді: “Көкте бұлт сөгілсе,көктеп болмас, не пайда. Көкіректен жан шықса, қайтып келмес не пайда”.
3.Табиғи салыстыруларды үнемі шендестіріп қарама – қарсы қою арқылы жасалады. Мысалы: “Асқар таудың өлгені – басын мұнар шалғаны. Көктегі бұлттың өлгені – аса алмай таудан қалғаны. Ай мен күннің өлгені – еңкейіп барып батқаны. Айдын шалқар өлгені – мұз болып тастай қатқаны”.
Бұхардың дидактикалық мазмұнының сипаты туралы М.Жармұхамедов былай дейді: “бұлар да өзіне дейінгі нұсқалар секілді өмірді пәлсапалық тұрғыда тану,бағалау арқылы соны адам санасына сіңіріп тәрбиелеу мақсатына құрылады. Жырау осыған орай кейде дайын үлгіні өзгертпей алуға да, не соны сөз орамы мен ұйқас үшін аз – кем түрлентіп қолднуға да, тіпті тыңнан жол салып өзінше кестелеуге де бейім.
Бұхар жырау сол тұстағы әр алуан өмір көріністері мен адамдар арасындағы қарым – қатынас жайларын да өз назарынан тыс қалдырмаған. Жырау мұнда жалпы өмірді үнемі жаңғырып, жаңару, түрлене құлпырып, өзгеру барысында ашып бағалауға мән береді. Соған орай жыраудың “құрсағы құшақ байлар”, мен “қу таяқ кедейдің” тағдыры туралы түйген ойлары да көңіл аударуға тұрарлықтай. Ол бұлар арасындағы аспан мен жердей айырмашылықты тұрақсыз ауыспалы құбылыс ретінде түсіндірмек болады. ( “Айналасын жер тұтқан айды батпас демеңіз, Айнала ішсе азайып көл суалмас днмеңіз. Құрсағы құшақ байлардан дәулет таймас демеңіз... Жарлы байға тең келіп, жайлауға жарса көшпес демеңіз”). Алайда Бұхар бұл жанрда дәулет пен ырыс шалқыған байлық бір құдайдан денген көкейдегі ойын ашып айтпай, жай емеурінмен ғана сездірсе де, мұсылман дінінің талаптарына орай панасыз жетім, момын мен жарлыға, пақырға іш тартып, солардың тілеуін тілейді, бұлары шын адамгершілік, ізгілік талабы тұрғысынан көрінеді.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Тарих жоспарымен, казакша реферат жоспар, Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]