Реферат: Педагогика | БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МӘНІ

Реферат: Педагогика | БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МӘНІ

БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МӘНІ
Диалектикалық материализімнің позициясы бойынша мән — бұл заттың ең басты, ішкі, біршама тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының жиынтығы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан оның барлық басқа жақтары мен белгілері тарайды. Осы анықтамаға сүйене отырып, мысалда көрсетілгендей элементарлық кереге көз арқылы талдау негізінде педагогикалық процестің мәні, екі жақты сипатылынады — ең әуелі, жұмыс істеп тұрған әлеуметтік жүйе ретінде, содан соң өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде.
Әлеуметтік жүйенің бір түрі ретіндегі педагогикалық процесте де оларға тән ұқсас белгілері болады:
- жүйе жалпы мақсатқа ие болады, оның жұмыс істеуі мақсатқа
лайықты жүреді;
- өз-ара байланысты элементгерден тұрады (бөліктерден);
- жүйені шектеуге әкелетін қоршаған ортада өмір сүреді;
- оның жұмысын қамтамасыз ететін белгілі бір қорға ие болады;
ішкі құрылым жүйесінің қоршаған орта мен байланыстылығының және деңгейлерінің тәуелділігін көрсетеді;
- жүйе өзінің ішкі карама-кайшылықтарына байланысты дамуға
қабілетті;
- ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады.
- Педагогикалық процесс біртұтас объект ретінде оның бөліктеріне емес, тек сол нақтылы объектіге ғана, өзіне тән интегративтік қасиеттерінон туындайтын өзіндік ерекшеліктеріне болады. Әлеуметтік жүйелерде, жүйе құрушы фактор болып мақсат саналады. Педагогикалық процесте мақсат, қоғамның өсіп келе жатқан адамды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға байланысты қоғамның әлеуметтік тапсырысынан туындайды, ал оның нәтижесі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттеріне байланысты болады.
«Педагогтар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен педагогикалық процесстің ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері арқылы анықталады. Демек, педагогикалық процестің негізгі интегративтік сапасы деп өзара қиылысқан қосалқы жүйелердің оқушының қалыптасуына ететін ықпалын айтамыз, ол белсенділікпен өзгертуші субъект ретінде көрінуі керек.
Қандайда болмасын объектінің сапалары оның қасиеттерінен көрінеді. Педагогикалық процестің интегративтік сапасы оның мынадай белсенділік пен қарым-қатынас қасиеттерінің бірлігінен көрінеді, ол процесске қатынасушы барлық субъектілердің бірлескен іс-әрекеттерін анықтайды:
- әртүрлі реттегі қосымша жүйенің функциялдық арнайы
бағытта мамандану;
- субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын
әртүрлі қатынастардың қосындысы.
Педагогикалық процестің интегративтік сапалары мен қасиеттері негізінен оның қызмет істеуінің шартын алдан ала анықтайды. «Жүйе элементтерінің арасындағы байланыстар мен қатынастардың болуы, және олардың жүйенің біртұтас бірліктерінің қасиеттерін тудыруы, жүйенің салыстырмалы дербес, өзімен-өзі жеке дара өмір сүретін, (ал кей жағдайда дамуын да) жұмысын істеуін қамтамасыз етеді» 1 (Біздің ұсынуымызша — У. К.С.).
Интегративтік сапалар мен қасиеттердің пайда болуының нәтижесінде, біртұтас жүйе сондай болатын педагогикалық процесте бөліктерінің ішкі тіректестіктеріне ие болады, осыған байланысты жүйенің ішкі байланыстарының сыртқы ықпалдарға жауабы тұрақталына түседі.
Біртұтас педагогикалық процестің негізгі интегративтік қаситеттері оның бөліктерінің ерекшеліктерінде де, құрылымында, заңдылықтарында, педагогикалық мақсатқа жетудің құралдарында, қозғаушы күштерімен тетіктерінде көрінеді.
Педагогикалық процестің мәнін талдаудың қажеттілігі мұғалім қандай мөлшерде оның барысына әсер ете алатындығын анықтау үшін керек, яғни мұғалімнің бұндай өз іс-әрекетінің объектісіне ықпал етуі мүмкіндігі негізінде болжанған, белгілі нәтижелерге жетуге болады. Процес (латының procesuus — алға басу) деген ұғым мағынаны білдіреді:
1) жағдайлардың, даму деңгейлерідің бір ізді өзгеруі,:
2) белгілі бір нәтижелерге жету мақсатындағы бір ізді әрекеттердің
жиынтығы
«Процесс» деген ұғымның мағынасы педагогикалық процесте түпкі нәтижеге жету қозғалысы бір ізді әрекеттердің жиынтығы арқылы қандай нақтылы әрекеттер керектігін және қандай жағдайларды өзгерту қажеттілігін ұстаздар жақсы білуі керектігін талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап педагогикалық процестің құрылымын білумен тікелей байланысты болады, бұл өз тарапынан педагогикалық процестің бөліктерінің еркешеліктерін жеткілікті тиянақты білуімен тығыз байланысты.
Педагогикалық процестің құрылымдық бөліктері оның мақсаты мазмұны, формалары және жұмыс атқару әдістері, педагогикалық процесті материалдық-техникалық ұйымдастыру болып есептеледі Ұстаздар мен оқушылар педагогикалық процесстің Құрамдас бөліктеріне жатады
Педагогикалық процестің мәнін терең және жан — жақты түсіну үшін оның тек бөліктерін ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінің ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процестің бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну олардың арасында объективті өмір сүретін нақтылы бір ішкі байланыстарын айқындауға мүмкіншілік береді.
Советтік педагогикада тәрбиенің м а қ с а т ы гуманистік идеядан туындайтын жеке тұлғаны жан —жақты дамыту болады, ал бұл
Р.Г. Гурованың еңбегі бойынша, оның басқада - қоғамның тәрбие мақсатының қазіргі қойып отырған талаптардан асып түсетін құндылығын көрсетеді. Бірақ советтік педагогикада кабылданған бұндай тәрбиенің мақсаты, философтардың анықтауынша мақсат-идеал болады. Дегенменде мақсат-идеал немесе іс-әрекет нәтижесінің идеалдық моделі нақтылы мақсаттарды шешу арқылы жетеді, ол функциялық жүйенің ішінде қалыптасатын мақсат-міндеттер деп анықталады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сәйкес мақсат-идеалға жету, педагогикалық процесті кейбір шартты бөліктерге бөлу арқылы, нақтылы бір кезеңнің м і н д еттерін шешуді қамтамасыз етеді.
Педагогикалық процесті «жағдайдың өзгермелілігі» ретінде қарастыра отырып, В.С. Ильин оның осы ерекшелігіне аса көңіл бөледі; «Осылайша «процес» деген ұғымды методологиялық тұрғыдан түсіндіру, тәрбие процесін талдаудың басында мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерін бөлшектеуге емес, процестің «бір ізді өзгеруіне», оның барысын, ағымын, уақыт кеңестігінде өмір сүру тәсілін, оның жағдайының өзгеруіне, құлпыруына әкелетін бөліктерге бөлуді талап етеді».
Егер мақсатты-идеалға жету бір мезгілде біртұтас ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесінің міндеттерін шешумен тығыз байланысты болса, онда педагогикалық процестің жеке бір үзіндісінің мақсат-міндеттері өзінің көлемі мен мазмұны жағынан әрине кішірек және нақтылы болады (балалар коллективінің қалыптасуының кейбір мәселелері, оқушының қоғамдық белсенділігін қалыптастыру т.с.с).
Кейбір мақсат-арман мен мақсат-міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан, міндеттер дегеніміз қойылған мақсатқа жету бағытынадағы жасалған ерекше бір қадам болып табылады.
Сондықтанда ұстаз үшін оқушылардың алға қойған мақсатына сай саналы алда істелінетін жұмыстың міндеттерін тиянақты тұжырымдау арқылы жүрісін- қамтамасыз етудің маңызы зор. Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет) адамдардың әрекеттерін үйлестіру мен интеграциялауда өте зор маңызы болады, ол адамдар коллективтерін ұйымшылдығын қамтамасыз етеді. Мәдениетті тұтастық бағытында адамзат іс- әрекеттерінің белсенді жасампаз түрі ретінде көрсету, даму барысындағы адамның үш қабат мәдениеттерді — материалдық, рухани және әлеуметтік-нормативтік немесе адамгершілік мәдениеттерін меңгеру қажеттілігімен байланысты.
Э.С. Маркарян көрсеткен жалпы адамзат мәдениеттерінің қабаттарының әрбірінің өзіндік ерекшеліктері бар, біріншіден жан-жақты жеке тұлғаның даму шарттарының бірі адамзат мәдениеттерінің барлық байлықтарын сай меңгеру екендігі дәлелденген. Екіншіден, мәдениет қабаттарының әрбірі тәрбиенің іақсатына сай кдндайда болмасын адамды дайындаудың бір жағын көрсетеді. Үшіншіден, әрбір қабаттардың мазмұнының ерекшеліктерін белсенді жасампаз сиппаттағы адамның іс-рекеттерін марксистік тұрғыда баяндағанда, үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда қолдануға болатын қажетті құралдарды анықтауға әкеледі.

Қарама - қайшылықтар педагогикалық процест ің қозгаутшы күштері ретінде.
Педагогикалық процесс — бұл «мұғалім — окушылар» жүйесінің үздіксіз қызметі, ол осы жүйе жағдайының алмасуьшан көрінеді. Бұндай мүмкіншілік қарама-қайшылықтарды түсінумен оны дұрыс шешетін қажетті жағдай жасауға бағытталған, ол осы нақтылы процесстің қозғаушы күші болады. Педагогикалық процестің қозғаушы күштерін білу мұғалімге оның белгілі бағытта дамуына, қоғамның әлеуметтік заңдылығына байланысты жеке тұлғаға қажетті қасиеттерді қалыптастыруға әсер етеді.
«Даму қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен оны жеңбей мүмкін емес. Заттар мен құбылыстардың өз-ара байланыстылығын, олардың қозғалысы, дамуы мен өзгеруін қарастырғаннан бастап, ал бұнсыз табиғат пен қоғамды зерттеуде ғылыми дұрыс амал мүмкін емес, - біз онсыз қарама-қайшылықтар аймағында қалып қоямыз. Табиғат пен қоғамда әрқашанда бірдеңе пайда болып дамиды, бұзылады немесе өмірден өтеді» 1 /Біздің ұсынуымызша — У.К.С./. Бұл қарама-қайшылықтардың дамуына байланысты анықтама диалектикалық материализмнің менін көрсетеді.
Қозғалыс туралы мәселені зерттей келе Ф.Энгельс былай деп көрсетеді: «өзара әсер-қозғалыстағы материяны қазіргі жаратылыстану тұрғысынан тұтас алып қарастырғанда... өзара әсер заттардың ақиқат causa finals болып табылады» 2. Өзара әсер-қозғалыс мәселесін заттың себебі деп қарастыра отырып Ф. Энгельс «Анта-Дюринг» деген еңбегінің қолжазбасында мынаны көрсетеді: «егер заттарға қарама-қарсылық тән болса, онда бұл зат өзімен-өзі қарама-кдйшылықта болады»
Зат өз ішінде бір жағдайда қайта-қайта болу арасындағы қарама-қарсылықтар мен өзін-өзі өзгертуден тұрады. Қарама-қайшылықтың мәні міне осыда. Ф.Энгельс «Қандайда болмасын дамудың қозғалысының бастамасы қарама-қарсылыққа бөлінуден, олардың күрестерімен шешілімдерден тұрады» 2. Ф. Энгельстің еңбектерінде өте айқын заттың, құбылыстың ішкі қайшылықтарының шектері, және құбылыстары, заттар арасындағы оларға тән қарама-қайшылықтар яғни сыртқы қарама-қайшылықтары көрсетілген.
Дамудың қозғаушы куші туралы марксизм-ленинизм классиктерінің ілімдері В.И. Лениннің еңбектерінде одан әрі өңделіп және толыға түсті. Лениндік даму концепциясы негізінен, әртүрлі құбылыстармен процесстердің қозғаушы күштерін түсінудің, «барлық тірі организмдердің қимылдың өзіне бағытталуның» кілтін береді. Даму тек қарама-қайшылықтардың күресі болғанда ғана «әрбір анықтаманың, сапаның, белгінің, жақтың, қасиеттің әрбір басқа нәрсеге ауысуы» мүмкін болады .
Келтірілген материалистік диалектиканың өте жаллы анықтамасы советтік психологтардың еңбектерінде психикалық құбылыстардың дамуын талдауына негіз бодды (Л.С. Выготский, С.Л. Выготский, С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Г.С. Костюк және т.б.)
20 —шы жылдардың өзінде-ақ совет педагогикасында педагогика-лық құбылыстардың қозғаушы күштерін зерттеу бағыты айқындалды. Н.К. Крупскаяның еңбектерінде педагогикалық құбылыстардың диалектикасын зерттеудің бағыттары сабақ беру барысында, оқушының жеке тұлғасын зерттеуде, жеке тұғамен ортаның өзара тығыз байланыстылығы арқылы көрсетілген. Бұл бағыттарды практика барысында зерттей отырып А.С. Макаренко қандай да болмасын педагогикалық құбылыстың диалектикасы болады деген қортындыға келді. Сондықтан ұстаз өз әрекетін педагогикалық қисыны түсінігіне сай әрекет ету керек, онда ең бастысы педагогикалық тиімділік: «Жағдайларға, уақытқа, коллективтен жеке тұлғаның ерекшелігіне, жақын мақсаттардан бастап, жаңа ана аяқталған конъюнктураға байланысты қандайда болмасын қолдану өрісі толық жалпылыққа ұлғаюы немесе толық жоққа шығарушылыққа шейін кемуі мүмкін» /Біздің ұсынуымызша - У.К.С./ 1.
Совет ғалымдарының қозғаушы күштердің қарама-қайшылықтарын зертеудегі жұмыстары белсенді болды. М.А. Данилов өзінің «Процесс обучения в советской школе» деген донографиясында оқыту процесінің қарама-қайшылықтарының фекшеліктерін жан-жақты қарастырып, оның бірқатар қарама-қайшылықтарын тұжырымдап, оның ерекшеліктеріне сиппаттама берді, және оларды шешу, оқытудың тиімділігін кдлай арыттыруға әсерін тигізетіндігін көрсетеді
Педагогика ғылымында жинақталған қозғаушы куш туралы материалдарды талдау бізге теориялық бағытта бірнеше маңызды қорытынды жасауға мүмкіншілік береді:
- қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдауға
болмайды, олар зерттелетін объектінің мәнінен туады және өзі
белгілі бір нақтылы жүйе ретіндегі педагогикалық процесті
көрсететін жүйе болып саналуы керек;
- ұсаздар мен окушылардың іс-әрекеттерін көрсететін қарама-
қайшылықтарды «белгілі бір жүйемен» бейнелеу керек;
- қарама-қайшылықтарды дәлелдеу және оны шешу жолдары
педагогикалық процестің өңделген мазмұндары, мұғалімдер мен
оқушыларға арналған оқу құралдарында болуы керек;

Бұл түжырымдамалар біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы күштеріне қатысты біздің ұстайтын бағытымызды нықтауға қажетті алғашқы анықтама ретінде қызмет етеді. Элементарлық бірлікті («клеточканы») педагогикалық процесті сиппаттау тәртібіне енгізу, педагогикалық процестің өзі құрамында іркатар қосымша жүйелер бар, ұстаздар-оқушылар жүйесінің қызметі екендігін көзімізді жеткізді.
Жеке тұлға әлеуметтік ортаға араласып кете қоймайтын автономиялық бірлік, яғни микро жүйе ретінде көрінеді. педагогикалық процестің мақсаты әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Демек, карама-қайшылықтардың бірінші және негізгі топтары — бұл даму үстіндегі жеке тұлғаның қарама-қайшылықтарын әлеуметтік тәжирбені объективтік заттың өзіндік әлемінен адамзаттың іс-әрекетіне айналдыруға (распредмечивание), яғни оны оқушының қалыптасу барысында меңгеруімен тығыз байланысты. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобы даму барысындағы жеке тұлғаның қарама-қайшылықтары ретінде жеткілікті дәрежеде совет психологтары ашып көрсеткен. Олардың санына мына қарама-қайшылықтар жатады;
- жаңа мұқтаждықтар, мүдделер, ұмтылушылықтар мен жеке
тұлға мүмкіншіліктерінің дамуының жеткен деңгейі арасындағы;
жаңа танымдық практикалық міндеттер мен бұрын қалыптасқан ойлау әдістері арасындағы;
- жеке тұлға дамуындағы жеткен деңгейі мен оның тұрмыс
қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесінде алған орнымсн, атқаратын
қызметі арасындағы;
жағымды жетістіктерге жету ұмтылушылықтары
тәуелсіздікке ұмтыушылық пен жеке тәжірбиенің жеткіліксіздігі арасындағы;
- салғырттық, стереотиптілік, тұрақтылық тенденциясы мен
ширақтылық, құбылмалылыққа ұмтылушылық арасындағы;
- жеке тұлға әрекетінің еріктілігі мен қоғамдық қажетті іс-әрекет
арасындағы .
Қарама-қайшылықтарды білу Г.С. Костюктің көрсетуінше педагогикалық әрекеттердің бағдарламасын жеткілікті дәрежеде шебер жасауға мүмкіндік береді: «Тәрбие қарама-қайшылықтарды жеңіп шығуға ықпал етеді, ол жеке тұлғаға сай қоғамдық талаптарды табуға көмектесе отырып және оның дербес идеал түрі тәуелсіздікке, жеке тұлға ретінде қабылданып бекітілуінен көрінеді. Дұрыс шебер басқарылмаған бұл процес жағдайында қоғамдық талаптар мен жеке адамның ұмтылушылығы арасында қайшылық пайда болады, ол жиі өте күшті дау жанжалға әкеледі. Қарама-қайшылықтар шешілмесе, дамуда кідіріс пайда болады, оны жиі дағдарыс дейді 2. Г.С. Костюктің ескертуінің қызықтылығы біріншіден, ол дау — жанжалдың пайда болуы, мұғалімнің дұрыс жұмыс істей алмауының нәтижесінде болады деп көрсетті, екіншіден, бұл сондықтан да бұл пайда болған қайшылықтарды шешу ұстаздың қарама-қайшылықтардың ерекшеліктеріне көңіл бөлуін талап етеді, себебі олардың ерекшеліктері бір жағдайларда қарама-қайшылықтарды «ұстаз — оқушы» жүйесі арқылы шешуге болатындығын (танымдық-оқу біліктерін меңгеру), ал басқалары «оқушы-оқушы» жүйесі арқылы (коллектив жеке тұлға болып өмірде өз орнын табудағы әлеуметгік әлемі), үшінші қарама-қайшылықтарды шешу «ұстаздар — оқушылар» жүйесінде одан үлкен әлеуметтік әлемде оқушылардың белсенділігін талап етеді....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МӘНІ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МӘНІ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Педагогика жоспарымен, казакша реферат жоспар, БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МӘНІ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]