Реферат: Педагогика | Білім беруді ақпараттандыру
1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс.
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен «білім» түсінігі көп мәнділігімен ерекшеленеді. Әдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім – жалпыадамзаттық құбылыс, білім - әлеуметтік мәдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нәтиже.
Категориялық тұрғыдан білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде танылады. XX – ғасырдың 60 – жылдарынан адам, мораль, гуманизімге, жалпы субъктив жағдаяттар ( фактор) проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория филасофиялық деңгейде қарастырыла бастады.Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орын аксиология ғылымы зертейді.
« Құндылық » термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құблыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақы идеяларды белгілеу, әрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан және субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатнастардың өнімі және олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар – бұлар бағалау – баға негізінде алынған өлшем – шектері (критерий), өрнек үлгілер, әлеуметтік стандаттар. Бұлардың бәрә идеялар, принципттер, мұраттар, іс - әрекет мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт – бағдарын айқындап отырады.
Құндылық ретінде әлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды мән – мағналы оғиғалар мен құбылыстар ғана танылады. Әрқандай тарихи нақты қоғамдық формация әлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тән құндылықтар жиынтығына ие. Сол құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға қалыптасады, қоғамда қабылданған тәртіптер жүйесі қолдау табады.
Адамзат дамуының әрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай құндылықтар: өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, әсемдік, шығармашылық және т.б. – адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар мәңгілік, ешбір төңкеріс не идялогия, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Әр тарих кезңде олар мәні қайта қарастыцрылып, жаңа көзқараспен бағалануы ықтимал.
Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз алдына дербес топ құрайды. Олардың мәні тәрбиелеу және білім беру қызметінің ерекшелігі, оның әлеуметтік ролі және жағымпаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама және тікелей байланыстырушы ретінде, әрі педагогикалық іс - әрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған.
Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатнастарға тәуелді. Олар тарих желісінде қалыптасып, ерекше танымдық бейне және ұғымдар түрінде қоғамдық сана формасына енеді. Өмірдің әлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.
Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дәлелі – көпшілік елдер Ата заңында келтілірген әрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл құқық әртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына сәйкестендірілген нақты дәуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық және тұлғалық құндылықтарға ие.
Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі – мемлекеттің адами – инабаттық, ақыл – парасаттық, ғылыми – техникалық, рухани – мәдени және экономикалық мүмкіндіктерінің негізгі- білімде. Осыдан, білімді ел – мықты, мызғымас ел.
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен анықталады. Алайда, мемлекет және қоғам тарапынан болатын білім дамуына орай түсіністік пен ұмтылыс әрқашан сәйкес бола бермейді. Мысалы, осы күні ҚР он екі жылдық өқуға өту – мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан түсінбеушілікке ұшырауда.
2. Білім - әлеуметтік қажеттілік.
Әрқандай адамзат қауымдастығының шарты – оның мүшелігін мойындаған әр тұлға сол қауымның нақты табиғи және әлеуметтік тарихи жағдайларына байланысты қалыптасып, қабылданған құндылықтарын мойындап, қылық - әрекет талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдеме білуі ғана емес, ол ішінде жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды.Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірді мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы, ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен және жеке адамның ынта – ықласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы әлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық – тарихи құбылыс, оның мән – жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз- ақ.
Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің «Bildung» - «бейне» сөзі негізінде пайда болған әрі оның бұл күндегі көпшілік таныған анықтамасы келесідей:кейбір иделды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи шарттарға тәуелді қоғамдық санада түбегейлі әлеуметтік өрнек – эталонға сай бекіп, жүзеге келетін тұлғалық және рухани қалыптасу мен әлеуметтену процесі.
Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивитер өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен әлеуметтік құбылыс.
Білімнің әлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен әлеуметтік тәжирбиені ұрпақтан – ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік әректтеріне өз алдына бөлініп және тәрбие мен оқуды іске асыратын арнайы кәсіби адамдардың пайда болуы дәуірінен басталады.Дегенмен, мәдинетке мұралық ету әлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал – тәсілі ретінде білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек әрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өрениетжолында өзөрісін тауып келеді.
Алғашқы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу заңдылықтарын зертеген ғалымдардың топшылауынша, ол дуірдегі білім игеру процесі қоғамдық өндірістің нақты іс - әрекетіне тікелей араласу нәтижесінде атқарылатын болған. Оқу мен тәрбие, мәдени құндылықтарды әулеттен әулетке жеткізу қызметтерін орындау әрбір ересектің борышты міндеті есептеленг де, ол міндет балалардың еңбек және әлеуметтік іс - әрекеттерге тікелей араласып отыруының арқасында шешімін тауып отырған.
Қоғамның әрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік процесінде педагог қызметін атқаратын болған,ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу тайпасында ) бұл жұктемені, яғни жас балаларды тәрбиелеу негізінен жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайда да білімқоғам өмірінен ажыралмай, оның ажыралмас бірлігіне айналған. Балалар үлкендермен бірге қорек, тауып, ошақ – отбасын қорып, еңбек құралдарын жасай отырып, білік, өнеге үйренген. Әйелдер қыздарын үй шаруашылығына үйретіп, бала бағуға баулыған, ал ер адамдар ұлдарын аңшылыққа, қару – жарақ қстауға, пайдалануға тәрбиелеген. Жастар аға ұрпақ өкілдерімен бірге жүріп, жануарларды қолға үйреткен,көкеніс өсірген, сонымен бірге бұлттар мегн аспан денелерінің қозғалысына ден қойып, табиғат сырларын таныған, табысты аңшылық, әскери жеңістерге қуана асыр сала билеп, ән шақырған, тайпаластарының бақытсыздығы мен ашаршылығын, жеңілістерді мен күйреулерін бірге басынан өткізіп, налыған да жапырған. Осыдан адам білімденуі комплексті іске асып, өмір бойы үздіксіз дамуда.
Қоғамдық қатынастар шеңберінің өрістеуі, тіл мен жалпы мәдениеттің дамуы жас ұрпаққа өткізілуі тиіс ақпарат пен тәжірбиенің молыға түсуіне жол ашты. Бірақ оны игеру мүмкіндіктері шектелуі болды. Осы қарама – қарсылықтың үйлесімді шешімі білім топтау мен көпшілік арасында тартуға арналған арнайы әлеуметтік құрлымдар мен әлеуметтік(инстут) мекемелердің түзілуіне байланысты болды.
Әлеуметтік құблыс ретінде танылған білім – ең алдымен шынайы қоғамдық құндылық. Әрқандай қоғамның адамгешілік, интеллектлау, ғылыми – техникалық, рухани - мәдени және экономикалық мүмкіндіктерді білім беру саласының даму деңгейіне тәуелді. Алайда білім қоғамдық – тарихи сипатта бола тұрып, өз кезегінде, әлеуметтің білімдену функциясын іске асырушы қоғамның тапихи типіне байланысты. Әр дәуір білімі сол кезеңдегі әлеуметтік даму міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мәдениет деңгейі, саяси және идеологиялық талаптар сипатын аңдатады. Себебі аталған факторлардың арасында қоғамдық қатынастар субьекті болған педагогтар мен оқушылар тұр.
Сонымен, білім – салыстармалы дербес жүйе. Оның қызметі – нақты ғылыми біліктерді, идеялық – ізгілік құндылықтарды, ептіліктер мен дағдыларды, әрекет – қылық нормаларын игеруге бағытталған қоғам мүшелерінің тәрбиесі мен оқуын іске асыру. Ал бұлардың бәрініңастарында болатын мазмұн нақты қоғамның әлеуметтік – экономикалық және саяси құрлымы мен оның материялды – техникалық деңгеймен айқындалып барады.
Білімнің жеке тұлғалық құндылығы әрбір адам үшін өз алдына бөлек. Әсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді.
Білім, әлеуметтік – қажеттілік болуымен бірге біршама қызметтер атқарады. Ғалымдардың пайымдауына (Н.В.Берковский А.А. Реан) білім қызметтері төменднгіндей:
- Адамның ғылым және мәдениетәлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы. Бүкіл дүние қазіргі таңда әлем және барша планета азаматын тәрбиелеуге ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш – қуатын тотастыруда. Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дауда. Сондықтан да әлем қауымдастығы адамның жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тәуелсіз жаһандық білім стратегиясын қалыптастыру талаптарын алға тартып отыр;
- Тұлғаның әлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тәсілі. Адамдардың идеологиялық көзқарасы мен талғамдарынаң, әлеуметтік танымдарының, мұраттары мен тіршілік климаттарының түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи және әлеуметтік тәжірбиені әулеттен әулетке өткізу процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа саяси және экономикалық жағдайларды, қоғам және мәдениет дамуын жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге көмектеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне бола, адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икғемделіп, бейімделеді.
- Адамның қоғамдық және рухани өмірін, сонымен бірге жалпы халықтық рухани сана қалыптастыру тетіктері. Білім беру және тәрбиелеу мекемелерді белгілі дәуір адамының әлеуметтік – мәдени іс - әрекеттерінің ең жоғарғы өрнек – үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің әлеуметтік құндылығы білімді де ізгілікті қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилык(гуманистік) құндылығы әрбір жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Бір тұтас білім жүйесінің барша түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал және рухани – инабаттық мүмкіндіктері жинақталып, даму жолына түседі.
- Мәдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық және қимыл - әрекет үлгілері мен қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып (транслясия)бару. Оқу және тәрбие барысында адам өркение дамуына қажет әрі мәдени – тарихи маңызы бар әлеуметтік – мәдени нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның әлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен бірге ортақтасу, жеке тұлғалық және іскерлік қатнастардағы моралдық және ізгілік талап өлшемдері. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Мәдениет | Әлеуметтік таным белгісі
» Қазақша реферат: Педагогика | Білім беруде озық технологияларды пайдалану
» Реферат: Педагогика | Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттары мен ғылыми педагогикалық негіздері
» Реферат: Әдістеме | Мұғалім мен тәрбиеші іс-әректінің ерекшелігі туралы
» Реферат: Қазақ әдебиеті | Бәйеке Жазыбайұлы

Іздеп көріңіз: