Реферат: Экономика | Банктік емес кредиттік ұйымдар

Реферат: Экономика | Банктік емес кредиттік ұйымдар

Банктік емес кредиттік ұйымдар
Сұраныс пен ұсынысты ұтымдылығына сәйкес пайдалану үшін ресурстардың бөлініп таралуы арқылы нарық экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Қаржы нарығының және осыған сәйкес мекемелердің жақсы жүйелері ақшаларын жоғары пайдасы бар инвестицияларға аудару арқылы осы процестің бір бөлігі болып табылады. Әлемдік тәжірибе бойынша қаржы жүйесі жоғары дамыған елдер бұл жүйесі нашар дамыған елднрмен салыстырғанда тез, әрі өседі. Сонымен қатар бұл елдер экономикалық жағдайларының шұғыл өзгеруіне жақсы бейімделе алады. Сондықтан, экономикасы дамушы елдердің барлығы үшін кез келген қаржылық жүйесінің ажырамас бөлігі – банктік емес қаржылық институттардың дамуын тездетудің маңызы зор.
Белгілі қоғамдық қажеттілікті қаржыландыру үшін және өз бетімен оперативті түрде жұмсалатын қаржылай қаражатты пайдалануды мемлекет тарапынан, қайтадан таратудың бірі бюджеттен тыс қордың қордың формасы болып саналады.
Бұл қорлар қаржы нарығының қатысушы ретінде және инвесторы болып шыға алады. Өйткені, біріншіден, ақшалай қаржыны пайдалану олардың құрылу уақытымен үйлеспейді, ал екіншіден, инвестициядан түскен табыс басқа немесе бөгде қорды қосымша қаржыландырудың көзі болып саналады.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға мыналар жатады:
• Зейнетақы қоры;
• Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қоры;
• Әлеуметтік сақтандыру қоры;
• Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ).

Зейнетақы қоры. Олардың негізгі міндеті:
• Балаларға жәрдемақы мен зейнетақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражатты жинақтау, оларды қаржыландыру мен ұйымдастыру;
• Халықты әлеуметтік қолдау бойынша аймақтық бағдарламаға келісімшарт негізінде республикалық тұрғыда қаржыландыруға қатысу;
• Өзін-өзі қаржыландыру негізінде ұдайы өндіру қаржы қорын кеңейту.
1993 жылдан бастап ол Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынышты. 1994 ж зейнетақы қоры бюджетке енгізіліп, 4 айдан соң оның құрамынан шығарылды. 1995 жылдан бастап зейнетақы қоры бюджетке кірмейді.
Зейнетақы қоры кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің түріне және меншігіне қарамастан азаматтардың сақтандыру жарналарын аудару есебінен қалыптасады. Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қорын бірге алғанда еңбектен төлеу қорының 20%-ын құрайды. Жиналған жарнамалардың 85% қаржысын – Зейнетақы қоры, 15% - Әлеуметтік сақтандыру қоры мен Міндетті медициналық сақтандыру қоры құрайды.
Қордың бюджеттік жобасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде әзірленіп, қордың басшылығына беріледі. Басшылық құрамына Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық банктің, Үкімет пен Президент әкімшілігінің өкілдері кіреді.
Әлеуметтік сақтандыру қоры – аумақтық дәл осындай, осы салалық тұрғыда бөлінетін жалпы мемлекеттік ресурстардың орталық қоры. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалар мен меншіктің түрлі формасындағы ұйымдар мен кәсіпорын қаржыларының міндетті түрдегі қатысуы арқылы сақтандыру әдісімен құрылады. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы еңбекке төлеу қорынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылымдары есебіне қалыптасады. 1993-1995 жж аралығында осы аталмыш қорға аударымның жалпы сомасының 50%-ы түсті. 1996 ж 1 қаңтарынан бастап, бұл сан 5% төмендеді. Әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысы әр түрлі төлемдерге (еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жүкті кезде және босанғанда, бала туғанда бірмезгілдік, жерлеуге) емдеу-сауықтыру орындарын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қордың негізгі шығындарының үлесі жәрдемақы төлеуге тиеді.
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асыру шараларының өткізілуін қаржыландыру үшін арналып жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет шеңберінде дербес жүйе ретінде 1991 ж. Жұмыспен қамтудың мем- лекеттік қоры құрылды. Қаулыда анықтап көрсеткендей оның қаржысы бюджеттік құрамына енбейді, яғни қор бюджеттен тыс болып есептелінеді. Соған қарамастан қор 1993 ж бюджетке енгізілді, оның қаржылық жағдайының жақсылығымен және артық қаржыны бюджеттің қажеттілігіне жұмсалуының мүмкіндігімен түсіндірілді. 1995 жылдың мамырынан бастап, Жұмвспен қамтудың мемлекеттік қоры қайтадан бюджеттен шығарылады.
Оның қаржылық көздерін қамтитындар:
• Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, еңбекке төлеу (296) қорының белгіленген мөлшерінен және шаруашылық жүргізу мен меншік түрлерінің формасынан тәуелсіз, өзге де жұмыс берушілер мен кооперативтердің міндетті аударымдарынан;
• Мемлекеттік бюджеттен дотациялар және де олардың бөліну шарттары нақтыланған жоқ;
• Отандық және шетелдік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдармен азаматтардың ерікті жарналары, коммерциялық қызметтің табыстары мен басқадай түсімдер.


Міндетті медициналық сақтандыру қоры. ҚР Үкіметінің жанынан 1995 ж 29 қыркүйекте ҚР Үкіметінің №1295 қаулысымен ММСҚ құрылған болатын. ҚР-ң заңында азаматтардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде өзін сақтандыруға құқылы екендігі және осы саладағы мемлекеттік қаржы саясатын жүзеге асыру үшін және оны әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ететіні қарастырылған. Сонымен қатар жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру мен Қазақстанның барлық аумақтарындағы сақтандырылған азаматтарға ұсынылатын медициналық көмектің сапасын және оның көлемін теңестіру үшін жағдай жасау.
ҚР Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық сақтандыру қоры қаржылай қаражатының медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет меншігінде. Ол бюджеттің және басқа қордың құрамына кірмейді, сондықтан да тиісінше алынуға жатпайды. Олар мыналардың есебінен құралады:
• ҚР Үкіметі белгілеген міндетті медициналық сақтандырудың көлемінде жұмыс берушінің сақтандыру бөлімінің төлемдерінен;
• Мөлшерленген басы артық (запас) сақтандырудың қаржылай қаражат қоры;
• Қордың уақытша босаған қаржысын пайдаланудан түскен табыстардан;
• Ерікті жарналар мен заңды және жеке тұлғалардың сыйлықтарынан;
• ҚР заңында тыйым салынбаған басқа түсімдерден.



ҚР бюджеттен тыс қорына аударымдардың пайызы.


2.2 Кредиттік одақ (КО)
Кредит серіктестігі (КС)
Кредиттік серіктестіктер, қоғамдар, одақтар Еуропада ХХ ғасырдың екінші жартысында, АҚШ-та алғаш рет ХХ ғасырдың басында пайда болды. ХХ ғасырдың аяғында олар әлемнің 90 елінде жұмыс істеп, 95 млн адамды біріктірді. Сонымен, 55 мың кредиттік одақтың тұтастай активінің көлемі 4,3 трлн АҚШ долларынан артып отыр. Канада, АҚШ, Ирландия, Австралия, Оңтүстік Корея мен Тайванда кредиттік одақтар барынша кең дамып отыр.
Кредиттік серіктестік туралы ең негізгі міндетті орындайтын іс жүзінде барлық жерде қолданыстағы арнаулы заң бар:
- Өзара көмек көрсету үшін бірігетін кредиттік серіктестіктердің, коммерциялық емес ұйым ретіндегі одақтардың, азаматтардың мүдделерін қорғау;
- Кредиттік одақтарды бақылау және жол берілген қызмет түрлерін белгіленген шектеу арқылы одақтың кредиттік жарнашыларының өз мүдделерін қорғау.
1994 ж кредит серіктестігі, қоғам, одақтардың қызметтерінің негізгі принциптерін бекіткен Дүниежүзілік кеңес құрылды. Олар төмендегідей:
- КС (кредиттік серіктестік) демократиялық институттар болып саналады;
- Мүшеліктің еріктілігі мен ашықтығы. КС мүшелерінің барлығының мүдделерінің сақталуы, қызмет көрсетуді пайдалануға келісімі мен өзіне тиісті міндеттемені қабылдауға әзір екендігі. Сонымен, нәсіліне, ұлтына, дініне және тұтынатын наным сеніміне қарап кемсітуге жол бермейді;
- Бизнестің немесе жинақ ақшасының салынған мөлшеріне қарамастан КС істері бойынша дауыс бергенде бірдей құқықты пайдаланады. Осының барлығы, яғни бақылау мен басқарудың демократиялығына байланысты. Кредит серіктестігі (КС) – өзінің қатысушыларына қызмет көрсететін кредиттендіру мақсатымен құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлға. Бұл ҚР «Кредит серіктестігі туралы» заңымен белгілегендей Ұлттық банктің лицензиясының негізінде өз қызметін қарыз және басқа банктік операция түрлерін жүзеге асыру үшін жүргізеді.
Кредит серіктестігі коммерциялық ұйым болып саналады, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде ұйымдастыру-құқықты формасында қызметін жүзеге асырады.
КС мүліктері меншіктікке құқылы ретінде өзінің иелігіне жатқызылады және міндетті салымдар есебінен, қатысушылардың қосымша жарналарынан, КС алынған табыстарынан, Заң рұқсат ететін табыс көздерінен оның қаржысы қалыптасады. КС өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілмейді.
Кредит серіктестігінің қатысушылары өкілдік, атқарушы және сот билігі органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекетке жататын жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы, сонымен қатар оны тіркеген мемлекеттің заңдарына сәйкес офшорлық аймақта тіркелген компанияның мәртебесі бар заңды тұлғаны қоспағанда үш заңды және жеке тұлғадан аз болмауы керек (резиденттер мен резидент еместер).
Кредит серіктестігі ҚР аумағында және одан сыртқары жерде филиалдар, өкілдіктер мен еншілес серіктестіктер құруға құқы жоқ.
Кредит серіктестігі мыналарды жүзеге асыра алады:
- Кассалық операциялар – қабылдау, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, монета мен банкнотты сақтау мен орау;
- Қарыз операциялар кредит серіктестігінің қатысушыларына ақшалай түрде кредиттер ұсыну;
- Аудару операциялары, ақша аудару бойынша кредит серіктестігінің тапсырмасын орындау;
- Сенімгерлік (трастовые) операциясы сенімгердің тапсырмасы бойынша (кредит серіктестігіне қатысушы) және ақшаны мүддеге сай басқару;
- Кредит серіктестігінің қатысушылары үшін клирингтік операциялар-алым, салыстырып тексеру, сұрыптаумен дәлелденген төлемдер, сонымен қатар олардың өзара есепке алуын және клиринг қатысушылары позициясын анықтау (кредит серіктестігі);
- Сейфтік операциялар – бағалы қағаздарды клиенттің бағалы заттарымен құжаттарын сақтау үшін қызмет көрсету, үй-жай мен шкафтарды, сейф жәшіктерін жалға беру;
- Кредит серіктестігіне қатысушылардың заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;
- Кредит серіктестігіне қатысушылардың тапсырмасы бойынша олардың банкідегі шотымен есеп айырысуларын жүзеге асыру.
Жоғарыда аталған операциялармен қатар, Ұлттық банктің лицензиясы болған жағдайда кредит серіктестігі келесі операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
- Факторингілік операциялар – төленбеген төлемді тәуекелдікке барумен қабылдаудың тауар сатып алушының төлем талаптарының құқығын сатып алу (қызмет көрсету, жұмыс);
- Форфейтинг операциялары – сатушыға айналымсыз келмейтін вексельді сатып алу жолымен тауарларды сатып алушы борышқорлық міндеттемесін өтеу (төлеу) (қызмет көрсету, жұмыс);
- Жалға берілген мүліктің келісімшарт күшінің барлық мерзімінде жалға берушінің жалға берілген мүлкіне меншіктік құқығының сақталуы (лизинг).
КС кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынады қолданылып жүрген банкі заңдарында қарастырылғандай банкілік және өзге де операцияларды кредит серіктестігі Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгемен ғана жүзеге асырады. Кредит серіктестігі Ұлттық банкіден немесе екінші деңгейдегі банкілерден оның келісімімен корреспонденттік шот ашуы мүмкін.
КС қатысушылардың жалпы жиналысныда бекітілген ішкі кредит саясатының ережесімен байланысты КС қарыз операцияларын жүзеге асырады. КС қатысушыларға берілетін кредиттің барынша сомасы, кредиттендірудің шектемесі, кредиттің орнын жабу мен оның жағдайын қамтамасыз етуі мен оның мерзімі баяндалуы керек. Кредит тек қана КС қатысушыларға беріледі.
КС қатысушыларға кредит қамтамасыз етіліп немесе қамтамасыз етілмей берілуі мүмкін ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Банктік емес кредиттік ұйымдар туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Банктік емес кредиттік ұйымдар на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Банктік емес кредиттік ұйымдар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]