Реферат: Экономика | Банктің несиелік саясаты

Реферат: Экономика | Банктің несиелік саясаты

Банктің несиелік саясаты.


Несиелік саясат, оның элементері


Несиелік саясат банктің несиелік қызыметінің міндеттерін,оларды іске асыру құралдары мен әдістерін,сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиелік саяасат-баніктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажеті құжаттар жүйесін жасау шартары.
Кең мағанасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағанасында, несиелік саясат- бұл несиелік процесті ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саяасат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы
стратегиаларына сай ұйымдастыру негізіне және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар жүесін (ұйымдастыру) жасау шартын білдіреді .
Жалпы несиелік саясат мынандай сипатта болуы тиіс:

- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиді;

- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағаналы анықтауға мүмкіндік береді;

- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;

- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.

Несиелік саяасат банктің стратегиасын, оның тәуелділік басқару облысындағы саясатарын ескерте отырып жасалады.
Несиелік саясат несиелік қызыметін төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.

* несиенің берілуіне және несиелік поротфельді басқаруға жауап беретін банк қызыметкерлері жетекшілікке алатын объективті стандарттар мен критерийлерін;

* несиелеу обылысындағы стратегиалық шешімдерді қабылдаитын тұлғалардың басты іс-әрекетерін;

* сыртқы аудит қызметтертерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалыған;

* ішкі бақлау қағидаларын;

Несиелік саясат банк қызметін девирсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Неиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжербиеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қаблетіне қарап «өз клиентін»таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелер(айналым қаражатын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңартуға, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы.
Несиелік саясатың маңызды элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады ( потенциалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау;банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішіне проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялақ мақсаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталған соң, оның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік саясатын және оған қоса стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жатады.
Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі айақталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжербиелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет( немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекеленген ережелерді де қамтиды. Мысалы, несиелік саясатта бір қағаз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қортынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжербиесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қортындысын қарайды;

- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

- несиелік тәуекелдіктерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;

- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;

- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;

- несиелеу шартын бекітеді ( несиелік лимит, несиелік желі);

- берілген несиеге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

- банктің несиелік стратегиясын жасайды;

- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;

- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін тағайындалатын несиелер туралы да айтылуы тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болыптабылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төменгідей элементтер көрсетілуге тиіс:
• несиелік қызметті ұйымдастыру;
• несиелік портфельді басқару;
• несиелеуге бақлау жасау;
• құзыретті бөлу принциптері;
• несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
• несиелеудің жекеленген бағыттары бойынша шектеулер;
• несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
• несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау;

Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төменгідегідей үш құжат түрінде көруге болады:
1.несиелеу саясаты;
2.несиелеу стандарты;
3.несиелеу нұсқаулықтары;

Сондай- ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта- «Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету»- біріктіріледі.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмысшыларының қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты- бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
• қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

• несиенің кепіл-хаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

• әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

• қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тіртібі;

• құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

• несиелеудің айырықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша).

Барлық банктер бойыншақұжаттар айналымын стандарттау мақсатында несиелеу стандарттарына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондац құжаттарға: несиелік келісім- шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т.б. жатады.
Несиелік нұсқаулық – несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау және несиелік қаблетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.

Несиелік саясат мынадай қызметтер атқарады:

• банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақлау жасауға негіз ретінде болу;
• несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
• несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық ссудалармен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақлау жасалуға тиіс.
Клиенттердің өтініштерін қараудың басты сатылары

Қарыз алушы банкқа келген кезде банк немесе банк филиалының қызметкері ауызша түрде:
1. клиентке қарыз беру шарттарын, банкпен қарыз беру шартын жасасқан жағдайдағы құқықтары мен міндеттері бойынша кеңес береді;

2. клиенттен қарыз алу сомасын, алатын жылжымайтын мүліктің орналасқан жері мен оның шартты бағасын анықтайды;


3. клиенттен табысы туралы мәлімет алады, сонымен қатар алған табыстың қарызды өтеуге жіберілетін соммасын анықтайды;

4. алдын-ала клиенттің төлеу қабілеттілігін есепке алады, төлеу қабілеттілігі бойынша сұрақтар болса клиенттен қосымша құжаттарды сұрайды;


5. клиентке қарыз алу бойынша қажетті құжаттар туралы мәліметтейді;

Клиент жеткізген толық құжаттарды тексергеннен кейін, франт-офис қызметкері клиенттке қарыз алу бойынша өтініш пен анкетаны толтыруды сұрайды.
Франт-офис қызметкері немесе бағалаушы кепілдік затын сараптама жасайды. Содан кейін кепіл затын бағалау акті клиенттің келісімімен жасалады. Банк филиалы директорына бекітуге жіберіледі.
Дерек құжатпен бірге филиалдың қауіпсіздік қызметінің сараптауына жіберіледі, егер қарыз сомасы көбейіп кетсе:

- 30000 $ АҚШ немесе эквиваленттік сома тенге мен, Алматы, Астана, Ақтөбе филиалдарына.

- 12000 $ АҚШ немесе эквиваленттік сома тенгемен қалған банк филиалдарында.

Заңды қызметпен қауіпсіздік қызметінің қортындысын алған соң, франт-офистің қызметкері, банк филиалының несие комитетіне құжат пакетін қарау үшін дайындайды.
Франт-офис қызметкері қарыз алушының алдын ала кеңесм үшін банк қарыз беруі міндетті емес екендігі жайлы мәліметтейді. Қарыз беру шешімі банк филиалының несие комитетімен қабылданады.



Несие пакетіне керекті құжаттар

Қарыз алушының құжат пакетіне керектілер:

1. Арыз (қосымша№ 1)
2. Қарыз алушының анкетасы
3. Жеке күәлік көшірмесі
4. Салық төлеуші күәлігінің тұпнұсқасы, салық комитетінен берілген,оның көшірмесін банк филиалының қызметкері алады.
5. Отбасы жағдайын дәлелдейтін құжат көшірмесі (неке туралы күәлік, баланың туылуы туралы күәлік, ажырасу туралы күәлік).
6. Кепілді органмен берілген, мөр басылған үй кітабының көшірмесі немесе тұрғындардың учет кітабы.
7. Қарызгердің соңғы 12 ай ішіндегі жалақы көлемі туралы жұмыс орнынан берілген анықтама. Егер қарыз алуға жеке кәсіпкер сұраныс білдірсе онда салық комитетінің мөрімен расталынған соңғы жыл ішіндегі табыс деклорациясын көрсету керек.
8. Қарызгердің қосымша жұмысынанжәне қарызгердің жұбайының жұмысынан сонымен қатар бірге тұрып жатқан туыстары яғни әке-шешесі, балалары және тағы басқа туыстары (заңға сәйкес отбасы мүшелері болып табылытындар) соңғы жыл ішіндегі алынған бүкіл табыс көздерін анықтама арқылы көрсету қажет.
9. Мүлікті қамтамасыздандыру есебінде көрсетілетін құқықты негіздейтін құжаттар және тағы басқа құқықтар талаптандырады. Бұл Қазақстан Республикасының нормативті құқық актісінің негізіне сәйкес келеді және банктің ішкі құжаттары үшін мүліктің кепілі жасалынады.
10. Клиенттің зейнетақы қорын ақпаратты тексеруге берген рұқсаттама.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар тізімін әр банк заңға сәйкес өзгерте аладыжәне банктің ішкі құжаттары әр ұсынатын қарыздың спецификациясын есептеп отырып жасайды. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Банктің несиелік саясаты туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Банктің несиелік саясаты на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Банктің несиелік саясаты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]