Реферат: Педагогика | Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі.
Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист – ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.
Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздаңы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Алайда қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелер проблемасы толық шешіліп болды деген тумаса керек. Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі.
Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. Өйткені баяндауыш, алдымен, синтаксистік категория, сонымен бірге тілімізде баяндауыш қызметінде жұмсалмайтын сөз жоқ. Ал әр сөз табына енетін сөздердің білдіретін жалпы грамматикалық мағыналары да әр алуан. Сондықтан анықтамада баяндауыш болатын сөздің мағыналық түрлерін түгел қамту мүмкін емес. Ал баяндауыш қай сөз табынан жасалмасын, оларға ортақ белгілі бір грамматикалық белгісі болады. Олар, алдымен, баяндауыштың предикативтілікті білдіруі, екіншіден, сөйлемдегі ойды біршама тиянақтап тұруы. Себебі предикативтілік ұғымы тек грамматикалық бастауыш пен баяндауышты байланыстырумен ғана шектелдмейді, сондай-ақ логикалық субъектпен предикаттық қатынасын да білдіреді. Ал баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтау қызметін ешбір сөйлем мүшесі ауыстыра алмайды.
Тұрлаулы мүшелер категориясында нақтылауды қажет ететін проблеманың бірі – бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғалары. Сондықтан аталған мәселені бөліп қарастыруды жөн көрдік.
Бастауыштың грамматикалық тұлғалары
а) атау тұлғалы бастауыш
Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш арқылы барлық қасиеті айқындалатын, арнаулы тұлғада тұрып, онымен тікелей байланысатын тұрлаулы мүше.
Бастауыш басқа сөйлем мүшелерімен салыстырғанда ойдың иесі ретінді қолданылумен ерекшеленеді. Бірақ бастауыш жеке қолданылып өмір сүре алмайды, ол қалайда басқа сөйлем мүшелерімен оның ішінде баяндаушпен синтаксистік байланыста айтылғанда ғана грамматикалық табиғаты айқындала түседі. Ал бастауыштың ой иесі болу қасиетін логикалық және грамматикалық аспектіде айқындаған жөн. Осыған сәйкес тіл білімінде бастауышты грамматикалық және логикалық бастауыш деп екіге бөліп қарайды. Тіл мен ойлаудың тығыз байланысынан туындаған бұл бірегейлердің (единицалардың) өзіндік ерекшеліктері бар. Байымдаудың логикалық субъектісі мен сөйлемнің грамматикалық бастауышының бір-бірімен кейде сәйкес келетіні бар. Мысалы: Мен оқимын деген сөйлемдегі мен сөзі әрі қимылдың субъектісі, әрі атау тұлғалы бастауыш болып бір-бірімен сәйкес келіп тұр. Бірақ пікір білдіруде бұл сәйкестік үнемі сақтала бермейді. Қимылдың, ойдың субъектісі басқа грамматикалық тұлғада тұрып, сөйлемде өзгеше синтаксистік қызмет атқаруы да мүмкін.
Грамматикалық бастауыш – атау септігінде тұрып ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен жақ және жекеше, көпше түрде қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. Бастауыштың грамматикалық тұлғасы – сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады. Алайда оқулықтар мен зерттеу жұмыстарында бастауыштық тұлға әр түрлі авторларда әрқалай көрсетіліп жүр.
Бастауыштық тұлға жөніндегі пікір алалығы өзге түркі тілі зерттеушілерінің еңбектерінде де орын алған. Қырғыз тілінде А.Жаппаров «менің оқығым келіп тұрады. Саған қорқуға болмайды» деген сөйлемдердегі менің, саған сөздерінің логикалық жағынан бастауыштық мәні бар екенін, бірақ ол сөздердің грамматикалық жағынан бастауыш бола алмайтыны көрсетеді.
Ал өзбек әдеби тілі синтаксисінің авторлары бастауыштың нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғада, кейде шығыс жалғаулы тұлғада (Магазинге ажойб узумлардан келди) келуін өз тілі материалдары негізінде дәлелдейді. Шығыс жалғаулыбастауышты Г.Д.Санжеев те көрсетеді.
Е.И.Убрятова якут тілінде негізінен бастауыш атау тұлғада болу керектігін айта келіп, бірақ атау тұлғадағы сөздер тек бастауыш қана емес, анықтауыш, баяндауыш, т.б. сөйлем мүшелері бола береді дей келіп, якут тілінде бастауыш болатын сөздерді тек мағынасына қарап ажыратуды ұсынады.
Ал қазақ тіл білімінде М.Балақаев атау, түбір, тәуелдік жалғаулы бастауыштарды көрсете келіп, формаланбаған ілік септігінің де бастауыштық қызметін көрсетеді. Ал Т.Сайрамбаев көптік, тәуелдік, атау тұлғаларының бастауыштық қызметіне тоқталады. Қ.Шәукенов бастауыш болуды атау септігі шеше бермейтінін, сөйлемдегі мағына шешетіндігін, бастауыш болатын сөздердің түрлі тұлғада (түбір тұлға, септік, тәуелдік жалғаулы) келетіндігін айтады. Бұл фактілер бастауыштың тұлғасын анықтау мәселеінің күрделілігін танытса керек.
Қазақ тілі грамматикасын зерттеушілердің бастауыштың грамматикалық тұлғасын анықтауда кейбір тұлғалардың сыртқы формасының ғана ұқсастығына қарап, олардың грамматикалық мәнін, соған сай синтаксистік қызметін шатастыру фактілері орын алып жүр. Әсіресе, бұл түбір және атау тұлғалы сөздердің грамматикалық мәнін ажырата білмеуден көрінеді. Аталған екі тұлғаның ара жігін ашуда С.Исаев: «Рас, атау септігінің басқа септік түрлері сияқты арнайы грамматикалық көрсеткіші (формалары) жоқ. Сондықтан атау септік тұлғасы сырттай зат есімнің түбір тұлғасымен сәйкес, ұқсас келеді. Бірақ бұл екеуі бір емес,-деп, атау септігінің өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмағанымен, зат есімнің түбір тұлғасынан өзгеше болып келетін арнайы грамматикалық мағынасы (субстантивтік-заттық мағына) бар және сол арқылы формасыз атау септік тұлғасы басқа септік тұлғаларындай семантикалық мән синтаксистік қызмет атқаратындығын айта келіп: «сырттай бір-біріне ұқсас болса да, зат есімнің түбір тұлғасы мен атау септік тұлғасы бір емес, бөлек-бөлек грамматикалық тұлғалар, зат есімнің түбір тұлғасы септік тұлғаларының түрленуіне негіз болатын, соның ішінде атау септігіне де негіз болатын тұлға болса, атау септігі – септелудің парадигмалық жүйесіндегі түрлену тұлғасы,-дейді.
Шындығында да, аталған екі тұлға – сырт формасы жағынан ұқсас болғанымен, білдіретін грамматикалық мәні, өзге сөздермен байланысу тәсілі, соған сай синтаксистік қызметі мүлде басқа формалар. Айталық, темір кереует деген тіркестегі темір сөзі мен «Темір – металл» сөйлеміндегі темір сөзінің грамматикалық тұлғасы, өзі бағынған сөзбен байланысу формасы, сөйлемдегі синтаксистік қызметі өзгеше. Бірінші тіркестегі темір түбір тұлғада тұрып, өзі бағынған сөзбен атрибутивтік қатынасқа түссе, сөйлемде берілген темір сөзі атау тұлғада тұрып, сөйлем баяндауышымен жақ жағынан қиысып, предикаттық қатынасқа түседі. Түбір тұлғаның грамматикалық мәні мен қызметінің өзгеше болуына байланысты оны бастауыштық тұлға ретінде тануға болмайды. Егер аталған тұлғаларды бастауыштық тұлға деп танитын болсақ, онда бұл тұлғадағы сөздердің бәрі сөйлемде тек бастауыштық қызмет атқаруы керек.
Ал тілдік фактілер тілімізде бұл тұлғалардың әр түрлі синтаксистік қызметін дәлелдейді. Көптік жалғауы да бастауыштық тұлға болып танылмайды. Көптік жалғаудың негізгі грамматикалық мағынасы – заттың көптігін білдіру. Ол көптік мағынаны білдіргенде, септік жалғауларындай сөз байланыстырушылық қызметті атұара алмайды. Оған төмендегі сөйлемдер арқылы көз жеткізуге болады: Ол келді, олар келді. Бірінші сөйлемдегі ол сөзі өз баяндауышымен 3 жақта, жекеше түрде қиыса байланысып, предикаттық қатынасқа түссе, екінші сөйлемдегі көптік жалғаулы бастауыш өз баяндауышымен қиыса байланысқан кезде баяндауыш тұлғасы еш өзгеріссіз (алдыңғы сөйлемдегідей) қалады.
Тәуелдік жалғауы да бастауыштық тұлға болып саналмайды. Апам келді, інісі ақылды тәрізді сөйлемдердегі бастауыштың грамматикалық тұлғасы, дәлірек айтсақ, сөзді бастауыштық позицияға түсіруші форма – атау септігінің нөлдік тұлғасы. Бастауыш болып тұрған сөздің құрамындағы тәуелдік жалғау оны өзінің алдындағы ілік септікті сөзбен (менің апам, оның інісі) матаса байланыстырып тұр, ал бастауышты баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланыстырып тұрған – атау септігі мен жіктік жалғаудың нқлдік тұлғалары (апа-м-0 келді, іні-сі-0ақылды-0)
Атау және түбір тұлғалы сөздердің әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мәні мен синтаксистік қызметі болатынын, өкінішке орай, көптеген оқулықтар мен грамматикаларда, зерттеу жұмыстарында ескерілмей келеді. Қазақ тіл ғылымында бұл мәселені көтеріп жүрген С.Исаевтың еңбектері тілші ғалымдардың осы мәселеге аса жауапкершілікпен қарауын талап етеді.
Бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде келетіндігін М.Балақаев: «Атау тұлғалы сөздер әр уақытта бастауыш қана бола бермейді, сөйлемнің басқа да мүшелері болады. Дегенмен, атау септігін, негізінде, бастауыштық тұлға деп қараймыз», - деп түсіндіреді.(7;85).
Міне, осы сияқты «бастауыш атау тұлғада тұрады», - дей келе, атау септік тұлғасы бастауыштың ғана тұлғалық көрінісі емес, сонымен қатар «...атау тұлғалы сөз мағынасына, орнына қарай анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш және баяндауыш қызметін де атқара береді», - деген пікір академиялық грамматикада да көрсетіледі (11;56).
Шынында да, атау септігі сырттай зат есімнің түбір тұлғасымен ұқсас келетіндіктен, жоғарыда қазақ тілі грамматикаларында көрсетіліп, танылып жүрген атау тұлғасындағы сөздің анықтауыш, баяндауыш болу қызметтері, сондай-ақ кейбір септеулік шылаулар тіркескен сөздер атау септіктегі сөз емес, одан бүтіндей бөлек зат есімнің түбір тұлғасы болатындығын С.Исаев толық дәлелдеген.
Атау септіктің арнайы грамматикалық тұлғасы болмағанымен, бір жағынан, оның түбір тұлғадан бөлек етіп танытатын, екінші жағынан, сол арқылы басқа септік түрлерімен белгілі дәрежеде бірлікте тұрып, іштей олардың саралануына негіз болатын субстанттық мағынасы, сөйлемнің предикатымен жақ жағынан қиыса байланысып, грамматикалық субъект сияқта атқаратын қызметі бар екенін ескермеуге болмайды. Атау септіктің бұл ерекшелігі басқа сөз таптарының сөйлем ішінде атау тұлғада тұрып, бастауыш қызметін атқарып, субстантивтенуінен айқын көрінеді. Сондықтан сөйлемдегі атау тұлғалы бастауышты, демек грамматикалық бастауышты тек сұрақ қою арқылы тауып алуға болады. Ал баяндаушсыз сөйлем болмайды, сөйлемде тек бастауыш қана өз баяндауышымен қиыса байланыса алады. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: