Реферат: География | Батыс Қазақстан экологиясы мен географиясы
Климаты. Облыс аумағындағы ғасырлар бойы үстем болған табиғи құбылыстардың әсерінен тым континенттік климат басым қалыптасқан және бұл сипат солтүстік-батыстан оңтүстік–шығысқа қарай күшейе түседі. Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама–қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады. Бүкіл облыс жері үшін атмосфералық жауыш–шашынның тұрақты болмауы мен тапшылығы, қар жамылғысының жұқалығы мен ашық далада ұлпа қардың жел екпінімен ұйытқып ұшып кетуі, ауа мен топырақтың тым құрғақтылығы, бүкіл вегетациялық (өніп-өсу) кезеңінің өн бойында жер бетіне тікелей күн жарығының өте көп түсуі және топырақтың қарқынды булануы тән. Қысы суық, көбіне бұлтты, бұлыңғыр, бірақ қысқа, ал жаз ыстық және әжептәуір ұзақ болады.
Бүкіл облыс аумағы үшін ауаның орташа жылдық температурасы 5,90С жылы келеді. Қыс маусымы, әдетте, тәуліктік температураның 00С-тан төмендеуінен басталады; бұл құбылыс облыстың солтүстігінде қазан айының соңғы күндерінде, оңтүстігінде 5-10 қарашада болады. Тұрақты қар жамылғысы солтүстік аудандарда желтоқсанның алғашқы он күндігінде, ал оңтүстүстік аудандарда желтоқсанның екінші он күндігінің ақырында түзіледі. Қыс ерте түскен жылдары облыстың солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы қарашаның алғашқы күндерінде, ал кеш түскен жылдары қаңтарда түзіледі. Оның қалыңдығы облыстың алғашқы жартысында 25-30 см-ге және оңтүстік бөлігінде 10-20 см-ге жетеді. Қар суының орташа жылдық қоры облыстың солтүстігінде 90 мм-ге, оңтүстігінде 30-55 мм-ге дейін жиналады; қар жұқа болған жылдары орташа көп жылдық қор мөлшері 1,5-2 есеге дейін азаяды.
Ең суық ай – қаңтар, бұл айда температура облыс солтүстігінде -14-110С аяз болады., орташа температура -12,90С. Қысқы кезеңде облыс аспанына арктикалық ағын енген кезде ауаның суықтығы оқта–текте -30-350С-қа дейін төмендейді, өте сық күндерде абсолюттік ең төмен температура -40-440С-қа дейін барады. Кейде қаңтар мен ақпанда 1-3 күнге созылатын жылымық болуы мүмкін.
Қысы айларында желдің қарқыны 4,5-5 м/сек-қа жетеді. Әсіресе ақпан мен наурызда күшті жел соғып, қарлы боран мен бұрқасын ұйтқиды. Көп жылдық қарлы боран күндерінің қыстағы орташа мөлшері облыстың солтүстігінде 30-35 күнге, оңтүстігінде 15-20 күнге жетеді. Ауа температурасының 00С-тан жоғары тұрақты шамасы облыстың солтүстік жағында сәуірдің алғашқы бес күндігінде, оңтүстік батысында наурыздың үшінші он күндігінің басында байқалады. Бұл кезеңде қар жамылғысы сетінеп, жылғалардан су ағып, өзендер деңгейі көтеріле бастайды. Көп жылдық бақылаулардың мәліметтері бойынша Орал қаласында 24 көкекте ауаның орташа тәуліктік температурасы 100С-тан жоғарылайды да, ауыл шаруашылық дақылдарының басым бөлігі белсенді өсіп-өну кезеңіне өтеді. Көктем облыста ерте және жаппай
басталады, бірақ күннің жылынуы үнемі ауытқулы болады, оқтын–оқтын ызғырық еседі. Жалпы, аязсыз кезең облыстың солтүстігінде 130 күнге, оңтүстігінде 170 күнге дейін жетеді. Кей жылдары аязсыз кезең бұл шамадан едәуір ауытқуы мүмкін.
Жаз айларына ыстық, қуаң әрі шаңқай ашық ауа райы тән. Бүкіл аумақтағы ауаның орташа температурасы шілдеде 23,60С құрайды, абсолюттік максимум 41-450С ыстыққа жетеді.
Облыс жағдайында топырақтың жеткілікті ылғалданып, егіннен мол өнім жинау көрсеткіші атмосфералық жауын-шашын түсіміне байланысты. Олардың жылдық мөлшері солтүстігінде 300 мм-ден және оңтүстігінде 140 мм-ге дейін ауытқиды, бүкіл облыс аумағы үшін орташа шама 263 мм-ге сәйкес келеді. Бірақ жауын–шашын әр жылда әркелкі мөлшерде болады. Агроклиматтық аудандарда 100С-тан жоғары температуралық кезеңнің ішінде орташа алғанда солтүстікте 100-135 мм, оңтүстігінде 90-100 мм жауын–шашын түседі, бұл жылдық жауын – шашыннның 45-55%-і ғана, ал бұл кезеңдегі булану шамасы солтүстікте 850 мм-ден оңтүстігінде 1300 мм-ге дейін шарықтайды. Вегетациялық кезең ішінде жауын–шашын мөлшері өсімдіктің қалыпты өсуі мен дамуы үшін жеткіліксіз болады, оның үстіне жылы кезеңдегі жауын–шашын жоғары температурамен ұштасады да, іс жүзінде өсімдік үшін пайдасыз, мардымсыз болып қалады. Жылы кезеңдегі бұлыңғыр күндердің саны айына 5-8 күннен аспайды, ал желдің орташа айлық жылдамдығы жазғы кезеңде 3,5-4,5 м/сек. болады. Облыс ауа райы көктем соңында және ерте күз айларында шаруаға аса қолайсыз. Осы шақта ызғар есіп, атмосфера және топырақ құрғақшылығы артып, аңызақ тұрып, шаңдақ пен құм борататын екпіні 15 м/сек-тан асатын күшті дауыл соғып, бұршақ жауу, көк мұз басу, т.б. табиғи құбылыстар жиілейді.
Рельефі. Облыс табиғаты ерекшеліктерінің бірі-оның жер бедерінің тегіс, шола жазықтығы. Жерінің беткейлік сипаты солтүстік-шығысынан оңтүстік-батысқа қарай төмендей түседі және өзіндік ерекшеліктері жағынан бес ірі геоморфологиялық аймаққа: Орал таулары шеткі үстіртінің батыс бөлігіне, Жалпы Сырт қыратының оңтүстік бөлігіне, Сырт алды кемеріне, Каспий маңы ойпатының солтүстікбөлігі мен Жайық өзені орта ағысының аңғарына бөлінеді.
Облыстың солтүстік бөлігін Жалпы Сырттың оңтүстік сілемдері алып жатыр, оның өзі де жонды–белесті қыратты жазық болып келеді де, өзен аңғарларымен жекелеген адырларға мүшеленген. Жалпы Сырттың абсолюттік биіктігі 100-ден 200 м-ге дейін жетеді және тек кейбір көтеріңкі тұстары ғана 200 м-ден асады. Шаған мен Деркүлдің аңғарлары Жалпы Сырт шегінде өте терең тілімделген және аллювийлік шөгінділерден түзілген. Облыстың солтүстік – шығысын Орал таулары шеткі үстіртінің батыс бөлігі алып жатыр, ол негізінен көтеріңкі Шыңғырлау-Елек су айырығымен және оған неғұрлым жақын жатқан бірқатар басқа да ұсақ геоморфологиялық аймақ элементтерімен сәйкес келеді. Бұл өңір едәуір кең аңғарлар жүйесімен мүшеленген, абсолюттік биіктіктері 100-260 м жонды-белесті жазық болып келеді. Орал таулары шеткі үстіртінде, Ақбұлақ қыстағының оңтүстік-шығыс жағында, теңіз деңгейінен жоғары 263 м абсолюттік биіктігі бар, бүкіл Батыс Қазақстан облысының ең биік жері-Ақтау тауы жатыр. Сырт алды кемері Жалпы Сырттың оңтүстік және Орал таулары шеткі үстіртінің батыс беткейлерін қамтиды, бір жағынан Жалпы Сырт пен Орал таулары шеткі үстіртімен, екінші жағынан Каспий маңы ойпатының жағына тік құлама жасап, ендік бағытта тар алқап ретінде созылып жатыр, бұл жерде оның абсолюттік биіктігі 45-100 м-ге жетеді. Кемер жер бедері жағынан алғанда жазық болып келеді және Жалпы Сырт пен Орал таулары шеткі үстіртіне қарағанда болмашы мүшеленген су айырығы учаскелеріне бөлінеді. Өзен аңғарлары түгел солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған.
Облыс аумағының басым бөлігі солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай жалпы еңістенген Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігі шегінде жатыр. Солтүстігінде ойпаттың абсолюттік биіктігі 25 м-ге жетеді де, оңтүстік бағытқа қарай біртіндеп аласара береді. Оңтүстігінде, шамамен Тайпақ ауылы ендігінен бастап ол теңіз деңгейінен төмендеп, 10 м-лік Каспий маңы депрессиясына айналады. Жазықтығына қарамастан, ойпат рельефі неғұрлым ұсақ учаскелерге молынан мүшеленген. Осы жерде Жалпы Сырттан құлаған шағын өзендердің суы жиналатын Шежін-Дүре-Балықты депрессиясы айқын бедерленіп тұр. Облыстың шығысында Орал таулары шеткі үстірті мен Сырт алды кемерінен аққан су жиналатын Байғұты депрессиясы қалыптасқан. Каспий маңы ойпаты өзендерінің аңғарлары әлсіз тілімделумен сипатталады және тек Жайық өзенінің аңғары ғана ойпатты солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтеді. Ойпаттың бүкіл аумағында дерлік көктемде су басып қалатын онша терең емес ойпаңдар, қазаншұңқырлар мен көлтабандар жиі кездеседі.
Облыс жерінің оңтүстікжәне шығыс бөліктерінде ойдым-ойдым құм басқан шағын өңірлер бар, негізінен олар едәуір дәрежеде жел мүжіген атыраулық және қайраң теңіз шөгінділерінен түзілген. Сонымен бірге облыстың бүкіл аумағы тұзды тектониканың ықпалына ұшырағаны байқалады., тұз күмбездері жер бетінде биіктігі 20-50 м-лік жайпауыт көтеріңкі төбелер күйінле кездеседі.
Геологиялық құрылысы. Облыс жер қойнауының геологиялық құрылысы Каспий маңы ойысы мен тұзды күмбезді тектониканың солтүстік бөлігіндегі жағдайынан туындайды, соған негізделеді.
Каспий маңы ойысының солтүтік бөлігі палеозой, мезазой және кайнозой шөгінділерінен түзілген. Тұзды күмбездер көтеріле жырымдаған беткейінде ғана жалаңаштанып, жер бетіне шыққан пермь шөгінділерінен басқа палеозойлық жыныстар қабаты 3,5-5 км-лік үлкен тереңдікте жатыр және олар солтүстік аудандардағы бұрғылау скважиналарымен ғана ашылады. Пермь шөгінділері сакмар және артин ярустарына жатады. Әдетте, бұл құмдық-сазды шөгінді қабаттары бар пелицепод және маржан түзейтін организмдер фаунасының, теңіз шөгіндісінің қалдықтары болып табылады. Бұл шөгінділер мұнайлы-газды болып келеді әрі олардың өнеркәсіптік құндылығы Батыс Теплов, Жданов, Ульянов, Цыганов және Қарашығанақ учаскелерінде дәлелденген. Қарашығанақта мұнай-газ шоғырлары 4-5 км-де, қалғандарында 3200-3600 м тереңдіктегі қабаттарда түзілген. Кейінгі пермь дәуірі өзінің төменгі бөлігінде кунгур ярусынан галогенді-сульфатты шөгінділерімен, жоғарғы жағында қызыл түсті құмдақ-сазды түзілістермен ерекшелінеді. Кунгур ярусы гипс, ангидрит және борға бай тұздармен қабаттаса келіп, тасты тұз, карналий, сильвиннен қалыптасқан. Каспий маңы ойысының бүйірлік зонасының тұсында бұлар сыналана сұғынып, бір-бірімен қабаттасқан сипатта жатады да, орталық бөлігіде тұз күмбездері кейпін иеленеді. Галогенді-сульфатты шөгінділерінің қалыңдығы Каспий маңы ойысының солтүстік бүйірлік зонасында 1 км-ге дейін, орталық жағы мен тұз күмбездерінде 5 км-не одан да қалың келеді. Мульдалар деп аталатын күмбездер арасындағы тұз қабаттары әдетте барынша өте жұқа болып келеді, бұлардың орташа қалыңдығы-2,5 км. Галогенді-сульфатты шөгінділернің түзілісі жердің терең қойнауынан шыққан тұз қышқылдарының әсерімен не көлтабандық жағдайлармен байланыстырылады. Аймақтағы жоғары пермь шөгіндісі кірпішті қызыл саз, аргиллит, мол споралы-тозаңды құмдақтар түрінде кездеседі. Бояғыштар алу үшін минералды шикізат ретінде әбден жарамды саз бен саздақтар, көмірге айналған қабаттар, ал мульдаларда өте тереңде жатқан битумға бай көмір қабаттары кездеседі. Жоғары пермь шөгінділерінің қалыңдығы тұз күмбездерінде бірнеше м-ден, мульдаларда 2-2,5 км-ге дейін болып келеді.
Триас шөгінділері сыртқы түстері жағынан жоғары пермьдіктерге ұқсас келеді, бірақ литологиялық құрамы олардан ерекше болады. Триастың карбонатты төменгі бөлігі – вятлуж және басқұншақ ярустары түрінде қалыптасқан және жоғарғы бөлігі негізінен аргиллитті, сазды және құмдақты келеді, қалыңдығы-300-400 м.
Юра шөгінділері сазды және құмдақты болады. Саз шөгінділеріндегі алғашқы түзілістерде көмірге айналған өсімдік қалдықтары, моллюскалардың қайраң сулық фаунасы аралас құмдақ қабаттарын түзген, жалпы юра шөгінділерінің қалыңдығы-250-350 м. Бор шөгінділері бір-бірінен айрықша ерекшеленетін төменгі-құмдақ-саздақ және жоғарғы-карбонатты жеке қабаттардан тұрады; карбонатты шөгінділер негізінен жазатын бор, мергелден, сирегірек пелиципод, теңіз кірпісі, белемнит және аммониттен, фауна қалдықтары араласқан әктастан тұрады. Бор шөгінділерінің қалыңдығы-250-300 м.
Палеогенді шөгінді опоко түріндегі саз, құмдақтардан тұрады. Тұз күмбездерінде палеоген жыныстары шайылып кеткен, тек күмбезаралық кеңістіктеріндеғана сақталып қалған; бұлардың қалыңдығы 400 м-ге жетеді.
Неоген шөгінділері саз,құм және конгломераттан, ұсақ екі бөліктен тұратын әлсіз жабысқан қиыршықтастың 3-4 қабатынан қалыптасқан. Конгломератты болуы олардың құлама тік жағалық теңіз жағалауында түзелгенін көрсетеді. Қалыңдығы-200-250 м.
Төрттік шөгінділер өзен, көл-батпақты түзілістер болып келеді. Литологиялық құрамы жағынан аллювийлі және золды ұсақ-малтасты, құмайт және саздақтарға ажырайды; қалыңдығы-100 м-ге дейін.
Өзендері. Облыстың негізгі су көзі - Жайық өзені болып табылады. Облыс шегіне Елек поселкесінің батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солтүстік Каспий маңын кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы-761 км, су жинайтын алабы-116678 км2. Жайықтың облыс аумағындағы салалары - Елек, Шыңғырлау, Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка, Бастастау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім бөлініп шығады.
Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К-0,54 км/км2 мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен торы тығыздығының коэффициенті К-0,26 км/км2. Бүкіл облыс үшін өзен торының тығыздығы Жайық өзенінсіз-0,036 км/км2, Жайықпен қоса есептегенде-0,040 км/ км2 коэффициентпен сипатталады.
Жалпы облыста үлкенді-кішілі 200-ден астам өзен бар, олардың 65-і жазда кеуіп, құрғақ арналарға айналады; ұзындығы 10 км-ден аспайтын шағын жылға-өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км-ден асатын өзен небәрі-8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек облыс жерінде тек өздерінің сағалық бөлігімен ғана ағады, олардың жалпы ағыны облыс шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан. Мысалы, Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті К-1,40, Шолаңқаты-К-1,04, Жақсыбай-К-1,071, Ащыөзек-К-1,75, Мұқыр-К-1,4-ке тең келеді.....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: