Қазақша реферат: Қазақ тілі | Сөйлеу тілінің фразеологиясы
Фразеологизмдер ең алғаш сөйлеу тілінде не жазба тілде қол-данылып жалпыға танылады. Қазақ тілінің фразеологизмдерінің дені жазба тіл дамымай тұрып, сөйлеу тілінің негізінде қалыптасқан.
Бұл топқа Қазақ тіліндегі идиом, мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жатады. Сөйлеу тілінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркес-терінің құрамында қарапайым, тұрпайы сөздер және кәсіби фра-зеологизмдерді жатқызуға болады.
Кәсіби сипаттағы фразеологияға шопанның әке таяғын ұстауы, студенттердің құлап қалу, оқытушылардың ашық сабақ сияқты тіркестерді атауға болады. Ескі қоғамға тән фразеологияға жау-гершілік, барымта, саудагерлік, пайдакүнемдікпен байланысты ту-ған тіркестер жатады: барымтаға қарымта, сауда сақал сипағанша, саудада достық жоқ, құрғақ қасық ауыз жыртады, алтын көріп періште жолдан тайыпты, есепсіз дүние жоқ т. б. Қарапайым, тұрпайы фразеологизмдердің қолданыду аясы тар: соқырға таяқ. ұстатқандай, ит жоқта шошқа үреді т. б.
Сөйлеу тілінің фразеологизмдері тек бір стильде ғана қолда-нылғандықтан, оның экспрессивті бояуы басым келеді. (Қоздыру — жел беру, шаршау — ит сілесі қату, ақымақ — көк ми.) Сонымен бірге бұл оның стильаралық фразеологизмдерге қарағанда қолданылу аясының тарлығын көрсетеді. Бірақ сөйлеу тілі фра-зеологизмдерінің экспрессивті стильдік бояуы құбылмалы болып келеді. Мысалы:
1. Әуелгі байлық — денсаулық
Екінші байлык, — он саулық
Үшінші байлық — ақ, жаулық.
2. Бір шүйке басқа жету үшін мен не істемеді дейсің! Киноға артық билет алып, жалғыз-жарым жүрген қыздарды қасыма отыр-ғызып та көрдім, бұзықтарға тап болған бикештерді арашалап та көрдім. Мундағы ақ жаулық пен шүйке бас “әйел” деген мағынаны береді, ал экспрессивті бояуы жағынан бұлар бірдей емес. Әсіресе соңғысы (шүйке бас) әр түрлі оттенкті^ білдіреді. Осы жерде шүйке бас — “Әркім сүйгенін шұнағым” тәрізді еркелету мағынасында қолданылған. Сөйлеу тілінің фразеологиясы осындай образ-дылығымен бірге қарапайым да болып келеді. Жел беру, көзге түрткі болу, ит қорлық, басты қатыру, құлағының етін жеу, құлағын сасыту, сымсыз телефон, қызыл ауыз, жез өкше, жел өкпе, көк езу, көк айыл т. б.
Сөйлеу тілі фразеологиясының жек сөздері, яғни эквиваленті (қыздыру — жел беру, тоғаю — жыланы қайту) өз ара мағыналас келеді де, бір-біріне синоним болады (мазалау — құлағының етін жеу, миын ашыту; жылдам кетіп қалу, тайып отыру, тайып тұрды, табанын жалтыратты, жонын бір-ақ көрсетті, шаңына ілестірмеді).
Сөйлеу тілінің фразеологиясы басқа стильдерге қарағанда ва-рианттар мен синонимдерге өте бай келетіні байқалады. Сәйлеу тіліндегі фразеологиялық синонимдер образдылығы және экепрес-сивті бояуы жағынан сан қырлы, құбылмалы келеді. Бұл қүбылыс сөйлеу тіліне айрықша бір эмоционалды рең береді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша реферат: Қазақ тілі | Кітаби сипаттағы фразеологизмдер
» Қазақша реферат: Қазақ тілі | Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер
» Қазақша реферат: Қазақ тілі | Фразеологиялық синонимдер
» Реферат: Ресми іс қағаздар тілі- қазақ әдеби тілінің бір тармағы
» Қазақша реферат: Қазақ тілі | Көнерген тұрақты сөз тіркестөрі

Іздеп көріңіз: