Реферат: Экономика | Байқоңыр
Үндеудің жазылған уақытынан қарап кейбіреудің: «Оу, ұйқысынан шошып оянғандай, мынаның мынаусы қалай?» деп менің баяғыда жазылған Үндеуді баспаға енді ғана ұсынып отырғаныма таң қалуы мүмкін. Мұның екі-үш себебі бар. Бір себебі - Ана тілімізді тірілту қандай ескірмейтін әңгіме болса, Жерімізді де тірілту сондай ескірмейтін әңгіме. Байқоңыр туралы мен «Байқоңырды Ресейге беретін болыппыз» деп әңгіме қалай шықты, содан бері жазып келем. Алғаш «Президентіміздің: «Жоқ, Байқоңырды Ресейге бермейміз!» дегенін бүкіл халық болып қолдайық!» деп осы Алматыда қазақ тілінде қанша газет бар, солардың бәріне хат жаздым. Бүгінде Байқоңыр туралы «құритын болдық, өйтетін болдық, бүйтетін болдық» деп тынбай мақала жазатын олардың бір де біреуі менің хатыма «ләм» деген жоқ. Жалғыз «Ана тілі» ғана екі мақаламды басты. Бірақ «жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» дегендей, жалғыз «Ана тілің» үнін кім ести қойсын? Ал, енді елі қолдамаған Президентіміз не істесін? «Бермеймін» деген Байқоңырды, амал жоқ, беруге мәжбүр болды. Бірақ, әлі де кеш емес. Байқоңырды әлі де болса өзімізге қайтарып алатын болсақ, сөйтіп 40-50 жылға жапсақ, халқымызды да, жерімізді де қайта тірілтіп алуымызға болады. Міне, баяғыда жазылған Үндеуді кеш те болса, баспаға ұсынуымның тағы бір себебі осы. Келесі себебі, мен бұл Үндеуді о кезде Байқоңырдың айналасында тұратын бір-екі қазақтың аузынан жан шошытатын не бір әңгімелерді естіп барып жазған ем. Сөйтіп, оларға: «мына Үндеуді сонда тұратын елдің бәріне қол қойдырып, маған жіберіңдер, одан арғы шаруаны мен өз мойныма алайын» дегем. Олар қуана-қуана «жарайды» деп кеткен. Бірақ, о шіркіндер со кеткеннен мол кетті. Бүгінге дейін олардан не хат жоқ, не хабар жоқ. Ал енді, одан бері қанша бала мүгедек болып туып, қанша бала тумай жатып өлді десеңізші?! Қанша жер күйіп, өртеніп, шөбі күлге, топырағы тасқа айналды десеңізші?! Қанша мал қырылып қалды десеңізші?! Қанша адам қазірдің өзінде өлім аузында жатыр десеңізші?! Біз - қазақ жаратылғаннан осындай халықпыз. Өлім аузында тұрып, сол өлімнен құтылайық демейміз. «Құдай салды, біз көндік» деп, аяғын буған қой құсап, тырп етпей жата береміз. Кейбір ағайындар бізді «баран» дейтіні де, олар «баран» дегенде біздің үндемей қалатынымыз да осы «барандығымыздан» болар, сірә. Ан, енді осы «барандығымыздан» арылмасақ, жеріміздің бәрі «Байқоңырға» аналып кетуі мүмкін. Ал ондай қауіп бар ма? Бар. Қазақ радиосының жақында бір айтуына қарағанда, Құдай берсе салған Парламентіміз қазір Қазақстанның тағы біраз жерін Ресейге «Байқоңыр» ғып беру жөнінде келісімді қараған көрінеді. Ал енді осының бәрін естіп, көріп-біле отырып, қалай ғана шыдарсың?! Міне, бұл – менің «түсімнен шошып оянуымның тағы бір себебі.
Қазақ біреуден күдер үзсе: «Әп, бәрекелді! Жарайсың!» дейді. Мен де сол қазағым құсап, Құдай бере салған Парламентімізге: «Әп бәркелді! Жарайсың! Осы бетіңмен тарта бер. Құдай осы бетіңнен жарылқасын!» демекпін.
Бұрынғы мақтаныш
Ғарышты қарышты игеру кезеңі болған соң 40 жылдың ішінде Байқоңырдан бәкенелеу «Востоктан» бастап, буырқанған «Боранға» дейінгі мыңдаған зымырандар ұшырылды. Кез келген ғарыш көлігін орбитаға шығаруға ең кемі екі двигатель пайдаланылады. Космостық техника тілінде оларды мәре двигатель пайдаланылады. Ғарыштық техника тілінде оларды мәре двигателі (стартовый двигатель), жөңку двигателі (маршевый двигатель) немесе 1-саты, 2-саты деп атайды. Жердің тарту күшін жеңіп беретін осы бірінші сатының қуаты ядролық жарылыстан кем түспейді, пайдаланатын отынның құрамы да күрделі. Өз міндетін атқарғаннан кейін мәре двигательдерді ғарыш кемесінен бөліп, жерге құлайды. Жер болғанда кәдімгі Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы малшы ағайындардың жайлауына жығылады. Бірлі-жарым ауытқып кеткендері анда-санда Торғай топырағының да апан-топанын шығарып тастайды. Масалы, 1996 жылдың мамыр айының 14-де «Комета» атты серігін орбитаға шығаруға тиіс болған «Союз» зымыран тасығышының апатқа ұшырап, Арқалықтан 120 шақырым жерге құлағаны баршаға белгілі.
Сексенінші жылдардың ортасына дейін әлемде баянды бейбітшілік орнату үшін жасалынып жатыр» деген кеңес үкіметінің кесірлі саясатының, жалаң патриотизмнің, жалған намыстың, жел сөздің жетегінде жүрдік. Қайран идеологияның қуаты-ай, ғарышқа зымыран ұшқан сайын біз де бөркімізді аспанға атып, алақанымызды ауырғанша соққылап, «астам державалық» саясаттың айқайшы тобырына қалай айналып кеткенімізді де сезбей қалыппыз. Төңірекке төпей төгілген «темір жаңбыр» елді есеңгіретіп, жерді жүдетіп, кеңістікті қаңыратып, ананы аңыратып, орны толмас опаттың құрсауында қалғанда ғана есімізді жинаған болып жатырмыз.
Аспаннан жауған металдың астында жатқан ел кеңес үкіметі өз азаматтарының денсаулығына тікелей залал келтіретін жұмыс жұргізіп жатыр деп ешқашанда ойлаған емес. Ойламақ түгіл, Мәскеуге, «ұлы халыққа» деген сенімнің күші сезікке жол бермеді. Ауылдағы аңқау ағайындар жалтыраған жеңіл металдан жасалған зымыран қаңқаларын үйлерінің маңына сүйретіп әкеліп, малқора ретінде пайдаланды, асхана қылды, көздің жауын алатын қаңылтырларынан шатырлар жасап, оның ішінде дүркіретіп тойлар да өткізді.
Енді осы зымыранды «жаңбыры» астында қалған аймақтарға қатысты мына деректерге назар аударайық:
Ресми құжаттарда тіркелген бір-біріне ұқсас осындай үрейлі деректерді үйір-үйірмен келтіре беруге болады. Баспасөз бетінде құлаған зымырандарға байланысты «радиациялы», «қауіпті», «зиянды», «улы» деген сияқты жалпылама «айыптаулар» аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес үкіметі ғарыш техникасына қатысты барлық мәліметтерді құпиялық құрсауына қамап ұстады. Ол үкімет енді жоқ, сондықтан құпияны неге аштың деп ешкім айыптай қоймас, өзімізге әбден белгілі ғарыш кемелерінің негізгі отыны болып табылатын гептил (химиялық атауы - нитрозодиметиламин) жайлы ғарыш әскерлеріне арналған инструкциядан алынған мына сипаттама (характеристика) көптеген жайлардың бетін-ашып береді:
«Неитрозодиметиламин (гептил) – айрықша сасық иісті түссіз сұйық. Ол ауадағы оттегімен жылдам реакцияға түседі де, суда шексіз еритін тотықтардың түр-түрі пайда болады. Айналаға тез тарайды, жер бетінде де, топыраққа сіңгенде де өз қасиеттерін жоймай ұзақ сақталады. Тірі организмдерге, өсімдіктерге жедел сіңіп кететін болғандықтан, қоршаған ортаға аса зиянды. Қауіптілігі жағынан бірінші дәрежелі улы заттардың қатарына жатады. Адам ағзасына ас жолы, тыныс мүшелері арқылы жылдам тарайды, денеге тиіп кетсе, тері арқылы да тез сіңеді. Сондықтан адамға қатері орасан. Ойламаған жерден есіріп кету, тыныс тарылу, бұлшық еттердің тартылуы, орталық жүйке жүйесіндегі және қан қысымындағы ауытқулар, бауыр мен бүйректің бұзылуы сияқты аурулар гептилмен уланудың клиникалық белгілері болып табылады. Сол сияқты нитрозодиметиламин ұрықты жатырда жатқанда-ақ ауруға шалдықтырады, адамдардың ұрпақ әкелу қабілетін төмендетеді, қатерлі ісіктердің пайда болуына және жедел өсуіне әсерін тигізеді».
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған мыңдаған зымырандардың алғашқы сатыларының барлығына жуығы осы аймаққа түсетіндігін және олардың әрқайсысында жанып үлгермеген 1 тоннадан 3 тоннаға дейін гептил болатындығын ескерсек. Ұлытау жерінің қаншалықты уланғандығын шамалауға болады. Бұрынғы шүйгін шабындықтар, жазира жайлаулар қу тақырға айналып, өсімдіктердің көптеген түрлері мүлдем жойылды. 1979 және 1990 жылдары табиғатты белгісіз тажалдан ақбөкендер жаппай қырылып, өлке өлімтікке бөгіп жатты. Зерттеп-зерделеген адамға бұл өңірдегі қасқырлардың өзі бір деңенің шалығына ұшырағандай күдік тудырады. 1993 жылы Кумола өзенінің бойында қой қоздатып отырған Сарбаев Жұмабайдың әкесі Сейтен ақсақалды талтүсте үйінің іргесінде қасқыр талап, қан-жоса қылып кетті. Бұл жалғыз оқиға емес, осы аймақта қасқырлардың ауылға кіріп, адамға шабуы, бала-шағаны жеп кетуі аз кездеспейді. Зымыран сатылары үзбей жауатын аумақтың қасқырлары да биологиялық ауытқуға бой алдырған сияқты.
Биоресурстар және экология министрлігінің есебі бойынша Байқоңыр ғарыш кешенінің ықпалына ұрынған аумақтың жалпы көлемі 330,4 мың шаршы шақырым екен. Оның 70 проценті Қарағанды облысының үлесіне тиеді. Облыста кеңес дәуірінде картаға түспеген, шартты түрде «Ташкент-4» деп аталған, қоршаған ортаға әсері жөнінен Байқоңырдан бірде кем түспейтін тағы бір полигон бар. Ол - Балқаш жағасындағы Приозерск зымыран сынау айлағы. Бұл кешеннің жұмысы жайлы шындық экологиялық құжаттарда да баспасөз бетінде де толық айтылмағандықтан әңгімені әріден бастауға тура келеді.
Бүгінгі қасірет
Ұлытау аймағының оңтүстік-батыс бөлігінде зымыран сынықтары шашылмай жатқан жер жоқ деуге болады. Тек бұрынғы Қарсақпай кеңшарының аумағында ондаған жерге жиналған (жиналмағаны қаншама!) зымыран техникасының жалпы салмағы - 20-30 мың тоннадай (1995 жылғы есеп бойынша). Тіршілік пен тілшілік қарекетімен өзіміз әр жылдары жүріп өткен жерлерде зымыран сынықтарын және құлаған тұтас зымыранды Жайрем кентінің оңтүстігіндегі Кенжебай-Самай жайылымынан бастап, облыстың батысындағы Бозшакөл өңірінен одан да әрі жатқан Қостанай облысындағы Ақкөл атырабынан. Ақтөбе облысының Балта шабындығының төңірегінен кездестірдік. ....

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: