Реферат: Психология | Бала асырап алу

Реферат: Психология | Бала асырап алу

Он төрт жасқа толмаған балалардың тұрғын үйін иеліктен шығаруға, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасасуға жол берілмейді.
Балалардың тұрғын үйін кім есепке алады?
Органдар балалардың тұрғын үйінің бар-жоғын анықтайды және оларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алады.
Балаларда тұрғын үйінің бар екені анықталған жағдайда, органдар:
1. тексерілетін тұрғын үйде тіркелген адамдар, сондай-ақ нақты тұратын адамдарды көрсете отырып, тұрғын үйдің техникалық, санитариялық жай-күйі туралы актіні;
2. әрқайсысының ерекше белгілерін көрсете отырып, тұрғын үйдегі мүліктің тізімдемесін жасайды.
Тізімдеме мен акт 2 данада жасалады:
1. бір данасы тиісті тұрғын үй орналасқан аумақтағы органда;
2. екінші данасы баланың заңды өкілдерінде болады.
Балалардың тұрғын үйіне қорғаншылықты кім белгiлейді?
Органдар балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру қажеттілігі туралы белгiлi болған сәттен бастап бiр ай iшiнде балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгiлейдi.
Тұрғын үйге қорғаншылық органның тұрғын үйге қорғаншылық белгілеу туралы шешім шығаруы жолымен белгіленеді. Аталған шешім аумақтық әділет органдарына осы мәмілелер жасауға тыйым салу туралы қорғау хаттарын жолдау негізінде шығарылады.
Заңнама жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беруге тиым салмайды.
Баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен балалардың тұрғын үйін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі шарт негізінде жалға (жалдауға) бере алады.
Тұрғын үйді жалға (жалдауға) беруге келісім алу үшін баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органға мынадай құжаттарды береді:
1. еркін нысанда ресімделетін балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беру үшін рұқсат алуға өтініш;
2. 10 жасқа толған, тұрғын үйге меншiк құқығы немесе тұрғын үйді пайдалану құқығы бар кәмелетке толмаған баланың келісім-анықтамасы;
3. заңды өкілдің және балалардың жеке басын куәландыратын; балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру немесе білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру туралы құжаттардың көшірмесі;
4. тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
Балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беруге органдардың келісім беруі құжаттар келіп түскенін сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Заңды өкілдер тұрғын үйді жалға алу (жалдау) шарты бойынша алынған ақшаны балалардың банктік шотына аударға тиіс.
Балалардың тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беру шартын жасау немесе оның қолданысын тоқтату (бұзу) кезінде тұрғын үй балалардың заңды өкілдерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, жалға алушының (қосымша жалдаушының) қатысуымен қабылдау-беру актісі бойынша беріледі.
Балалардың заңды өкілдерінің балалардың тұрғын үйін сақтау бойынша міндеттерін орындауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес органдар жүзеге асырады.
Баланың заңды өкілдері тұрғын үй есепте тұрған органға алты айда кемінде бір рет осы тұрғын үйдің жай-күйі, тұрғын үйге қатысты жүзеге асырылатын іс-әрекеттер туралы мәліметтерді қамтитын қамқорлығындағы баланың тұрғын үйін басқару жөніндегі еркін нысандағы есепті береді.
Баланың заңды өкілдері тұрғын үйді сақтау бойынша міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда, қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган заңды өкілдерді олардың міндеттерінен шеттетеді.
Асырап алу шарттары
Бала асырап алуды ресімдеуге тәжірибелік ұсыныстар
Бала асырап алам деуші ата-аналар көбінесе қандай құжаттар дайындау керектігін, қанша уақыт алатынын, қайда барып сұрайтындарын білмей, бірден Балалар үйіне немесе сәбиханаға, емханаға және т.б. жерлерге телефон шалып сұрап жатады. Сіздерге көмектесу, болашақ балаңызбен тез арада қауышу үшін “Баланың отбасында өсу құқығы” ақпараттық бағдарлама аясында Әйелдердің творчестволық бастамашылық лигасы бала асырап алудың рет-жосығы және бірнеше тәжірибелік кеңес жөнінде жалпы ақпарат ұсынады. Ең бірінші сіз қала әкімдігі Білім беру департаментінің балалар мекемелері бойынша бас маманына баруыңыз қажет. Ол бас маман сізбен алдын ала сөйлесіп алып, қажетті құжаттардың тізбесі мен баратын жерлдеріңізді көрсетіп береді.
Бала асырап алам деуші азаматтарды есепке қою үшін қажетті құжаттар:
Үлгі бойынша нотариус растаған өтініш (2 қосымша);
Неке туралы куәліктің көшірмесі (егер де сіз некеде болсаңыз);
Жеке куәліктің көшірмесі;
Жұмыс орнынан алынған еңбекақысы көрсетілген анықтама (еңбекақысы, кірісі);
Тұрып жатқан үйі құжаттарының көшірмесі;
Тұрмыстық-тұрғын үй жағдайын тексеру актісі (асырап алушылар тұрып жатқан аумақтағы мектептің қоғамдық инспекторы жасайды; актіні мектеп директоры растайды) (3 қосымша);
Тұрғылықты жерінен анықтама (№3 үлгі);
Басқа қалалықтар үшін – тұрғылықты жерінен қамқоршылық және қорғаншылық органының қорытындысы;
ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика орталығы берген сотталмағаны жөніндегі мәліметі (4 қосымша);
Медициналық тексеру (психиатр, нарколог, дермато-венеролог, терапевт және басқалар) (5 қосымша).
Сіз әрбір ықылас білдіруші бала асырап алушы бола алмайтынын білгеніңіз жөн. Егер бекітілген аурулар тізбесіндегі сырқаттар сізде болса, онда бала асырап ала алмайсыз. Бұл мынадай аурулар:
1. Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромын (СПИД) және иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар (ВИЧ).
2. Психикалық аурулар.
3. Маскүнемдік, нашақорлық, уытты заттарға әуестік.
4. Туберкулез.
5. Жыныстық қатынаспен таралатын аурулар.
6. Алапес.
7. Дәнекер тіндердің ауыр сырқаттары.
8. Мүйізденуі бұзылған ауыр дерматоздар.
9. Созылмалы ауыр буллезды дерматоздар.
10. 1, 2 топтағы мугедектік (қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімі бойынша).
Құжаттарыңызды дайындап Білім беру департаментіне өткізгеннен кейін Сізге аңсаған ұлыңызды немесе қызыңызды тауып алу үшін балалар мекемелеріне жолдама беріледі.
Сіз баратын мекемелерде “арнайы конкурс” болмайтынын бірден ескере кетеміз. Әрине сіз қалайтын баланың жасы, ұлты, көзі және т.б. жөнінде сізден сұрағанымен, бала таңдауда ең бастысы баланың жағдайын, денсаулығын, тарихын басшылыққа алады. Сіздің басқа мекемелерге барып басқа бала іздеу құқығыңыз бар.
Егер де Сіз бала таңдап алған болсаңыз, баламен танысатын, бір-біріңе үйренетін ең жауапты, ең тамаша уақыт басталады. Екі жұма бойы Сіз баламен серуендеуге келіп тұруыңыз қажет. Егер де бала сізге үйрене алмай, сізден қорқып қалса да, сіз шыдамдылық сақтаңыз. Баланың шартын орындаңыз, қатты табандылық көрсетпеңіз, тәрбиешілермен достасып алыңыз, олар баланың мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсінуге сізге көмек көрсете алады.
Танысу кезеңі өткеннен кейін сіздің және балалар мекемесі басшысының қорытындысы жазылған баланың құжаттары сотқа жіберіледі. Отырыс күні белгіленеді. Белгіленген күні Білім беру департаменті қамқоршылық және қорғаншылық органының өкілі және балалар мекемесінің басшысы, сонымен бірге прокурордың қатысуымен соттың жабық отырысы басталады.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Бала асырап алу туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Бала асырап алу на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Психология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Бала асырап алу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]