Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі


Сөйлем құрылысын жіптіктей етіп айтудың бір амалы — сөйлем мүшелерін дүрыс орналастыру. Өз орнында тұрмаған сөз оқушыға оғаш көрініп тұрады немесе сөйлем мағынасы өзгеріліп кетеді.



Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалай болуы жазушының, сөйлеушінің ықтиярындағы нәрсе емес. Ол жайында әрбір тілдіқ өзіне тән ішкі заңы, ережелері болады. Сөйлем құрағанда, соларды ескеріп, әр сөзді орнына қойып айтуда үлкен мән бар. Дұрыс қүралған сөйлемнің түсінігі де дұрыс, кісіге етер әсері де өзгеше болады. Әдеби тілде қалыптасқан сөйлем құрылысын бұзып, оның басын аяғына келтіріп жазу, әрине, шеберлікке жатпайды — дөре-кілік. Кейбіреулер солай екенін сезбей ме, әлде сөйлемнің аяғын аспаннан келтіріп айтуды қызық көре ме, әйтеуір қалай болса, со-лай жаза береді. Мысалы:



Шіркін, тың жер … Біз төсіне келгелі өтті’, міне, он жыл да … ’Ашушаң, долы апрельдің мінезі емсс, бірақ, бұл. Қателескен ұлы-ның жазасы алған анадан(Ә. Қалмырзаев).



Кейде сөйлемдегі сөздерді өз орнына қойып айтпағандықтан, өрескел қателер кетіп жатады. Мысалы: Ұзын мүйізді немістің қы-зыл сиыры жайылып жүр.Мұнда ұзын мүйізді деген анықтауыш өз орнында тұрмай сөйлемнің басына шығып кеткендіктен, “ұзын мүйізді неміс” болып тұр. Дұрысы — немістің ұзын мүйізді қызыл сиыры жайылып жүр.

Сол сияқты мына сөйлемдөрде де анықтауыштар өз орындарын-да тұрмағандықтан, басқа сөздерді анықтап теріс ұғым тудырып тұр:



Көп тараған қазақтың халық музыкасынан концерт береміз (Радио, 28.1.1961). Дұрысы — Қазақтың жұртқа көп тараған халык, музыкасынан концерт береміз. Орындағанда үлкен шеберлікті керек ететін Рахманиновтық фортепьянолық пьесалары … (Ра-дио, 14.ХІ.1961). Дұрысы — Рахманиновтың орындағанда үлкен шеберлікті керек ететін фортепьянолық пьесалары …



Л. Н. Толстой айтқандай, сөз суреткерлерінің шеберлігі “бірден-бір керекті сөзді тауып қолданып, оны дұрыс орналастыра білуде”. Сөйлем құрауда сөзді дұрыс орналастыруды шеберлік деп тану үшін де, сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап жазу үшін де бұл жайында Қазақ әдеби тілінің ережелерін білу керек.



Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, жалпы алғанда, тұрақты, орыс-тіліндегідей еркін емес, жалпы ереже бойынша — баяндауыш сөйлемнің ең соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Ауызекі сөзде, көркем әдебиетте сөйлем мүшелері-нің бұл орын тәртібі, әрдайым жоғарыда айтқандай болып келе бермейді, инверсия жасалып (орын ауысып) та орналаса береді. Бірақ осылай етудің стильдік мәні болады. Мысалы, грамматика-ларда “анықтауыш анықтайтын сөзінен соң тұрмайды” десе,



Ғ. Мүсірепов “Қазақ солдатында”: “Осындай да табан бола ма екен қырық тесік” деп анықтауышты (қырық тесік) анықтайтын сөзінен (табан) кейін қойған. Дәл осы арада автордың бұлай етуі өте орынды. Ол солай ету арқылы Бораштың тілім-тілім жаралы аяғын көріп Шегеннің таңданғанын, сол айтқан сөздерінің интонациялық өңі қалай екенін білдірген. Сол сияқты, Қолыңды тарт дегенді, айтушының ашулана, көтеріңкі дауыспен айтқанын білдіру үшін

М. Әуезов Тарт қолыңды! деп жазған. Бұл да — өте дұрыс жасалған инверсия.



Сөздердің айтылу әуенін, ой екпінінің қай сөзге түсетінін білді-ру үшін, жазушы Ғ. Мұстафин де (басқалар да) өз шығармаларында сөйлемдегі сөздердің орын тәрібін өзгертіп қолданады. Әсіресе “Қарағанды” романында ондай инверсиялар көп. Бірақ олардың азын-аулағы болмаса, көпшілігі-ақ жоғарғыдай белгілі мақсатқа лайық басқа сөздермен орын ауыспай, қалай болса, солай жазыла салған сияқты. Мысал келтірейік.



… Сергей Петрович ойымен осылайша болып келе жатты да, отыра қалды бір тасқа. Талдырмаш, ақ құба жігіт алып-ұшқан жүрегінің әуенімен асығыс шықты үйден. Алысқа жіберді көзін, Мейрам… атынан түсіп жаяу келді бұларға… Ганеев экспедициясы келіпті бұл араға. Атырапқа жіберді көзін. Бұл тәрізділер диалог ретінде айтылған сөйлемдер болса, бірсәрі ғой,— автордың атынан айтылған сөйлемдер. Автор әдейі’ сөйлемнің ортасында, аяқ шенін-де тұруға тиісті сөздерді онын, аяқ жағына қоя берген. Тіпті орын ауыстырура болмайтын тұрақты фразалық тіркестердің де (мысалы, көзін алысқа жіберді) орын тәртібін өзгертіп жазған. Бірақ солай ету Қазақ тілінің синтаксистік заңын бұзбай ма, сөйлемді солай құрауда не көркемдік, не стильдік өң бола ма?



Сөйлеу тілінде, ел аузында айтылғанның бәрі әдеби норма бо-

ла бермейді. Онда (ауызекі сөйлеу тілінде) сөйлем мүшелері ауы-

сып айтыла береді. Ал әдебиетте тілдік биік нысана болу керек қой.

Сол нысанамыз әдеби норма болса, оны жөні жоқ бұза бермесек керек.



Сөйлем мүшелерін қалай болса солай орналастыру жазушының өз еркіндегі нәрсе емес. Сөйлемнің бастауышын қай жерге қойып айту кісінің, субъективті көзқарасымен емес, тілдің белгілі бір нор-масымен, заңдылығымен байланысты. Сондықтан сол заңды жете білмесе де, тілдің табиғатынан тыс, құлаққа жат естілетін үнін се-зетін кісілер сөйлем мүшелерін дұрыс орналастырады.



Бастауыштық жайылма сөйлемдегі қалыпты орны үш түрлі болады:



1. Жайылма сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелер баяндауышқа қатысты болса, бастауыш сөйлемнің басында тұрады. Мысалы, Жі-гіттер білектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Осындағы бастауыш — жігіттер^ баяндауыш — кірісті. Сол екеуінің ортасындағы сөздер — тұрлаусыз мүшелер. Олар баяндауышқа қатысты: баяндауышты пысықтайды (білектерін сыбанып), баяндауышты толықтайды (жұмысқа). Ал осы қалыпты орнын өзгертіп, сөйлем мүшелерінін, орындарын ауыстырып айтуға да болады. Мысалы, Білектерін сы-банып жігіттер жұмысқа кірісті, білектерін сыбанып жұмысқа жі-гіттер кірісті. Бұлар қай уақытта осылай айтылуы .мүмкін? Бас-тауышқа ой екпіні түсіп, оны басқа сөзден гөрі басым мағынада айту үшін осылай болуы мүмкін. Бұл — бір.



2. Сөйлемде бастауыштың да, баяндауыштың да маңында тұрлаусыз мүшелер болса, бастауыштың қалыпты орны сөйлемнің ортасы болады. Мысалы,Университетте оқып жүрген жігіттер бі-лектерін сыбанып жұмысқа кірісті. Бұл сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырып айтуға бола ма?— Болады, бірақ онша жатық болмайды. Дегенмен, былай десек: Білектерін сыбанып университетте оқып жүрген жігіттер жұмысқа кірісті. Мұнда білектерін сыбанып —оқып жүргенге қатысты болады, сөйлемнін мағынасы өзгеріледі.



3. Тұрлаусыз мүше (мүшелер) тек бастауыштың маңында болып, баяндауышқа қатыспайтын болса, онда бастауыш баяндауыштық дәл алдында тұрады. Мысалы, Университеттс оқып жүрген жігіттер көмектесті десек, сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып айтуға көнбейді (өлеңді сөйлемнің жөні бір басқа).



Осылардан нені аңғарамыз? 1) Бір мүшенің сөйлемдегі орны басқа мүшелердің сөйлемдегі орнына қарап белгіленеді. 2) Сөйлем мүшелерінін, қалыпты орнын өзгөртіп айтуға болатын болса, солай еткенде, қалай да сөйлемнің бұрынғы мағынасына өзгеріс енеді.



Сөйлем мағынасын осылай түрлендіріп, ондағы жеке мүшеге ерекше стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыс-тырып айтуды и н в е р с и я дейміз.



Инверсия мақсатты болу керек. Олай етпей, сөйлеу тілінде кез-деседі екен деп немесе сөйлем құрылысы әр алуан болсын деп, сөйлемді шәлкес, теріс құруға болмайды.



Бұл жөнінде де тілдің нәзіктігін ескеріңіз: анықтауыш, жалпы ереже бойынша, анықтайтын сөзінің дәл алдында тұрады. Егер бір заттың бірнеше, әр алуан анықтауышы болса, оның қайсысы бұрын, қайсысы соң тұру керек? Мұнда да тиянақты ереже бар: зат-тың түпкілікті, ең негізгі сапасын білдіретін анықтауыш сол заттың дәл қасында тұрады да, өзгелері одан бұрын орналасады. Мысалы, торы, ақсак, деген сындарды бие сөзінің анықтауыштары етіп айтқымыз келсе, ақсақ торы бие дейміз, керісінше,торы ақсақ бие демейміз. Себебі биенің, торылығы жусаң да кетпейтін түпкілікті, негізгі сапасы, ал ақсақтығы — қосымша, көлденең, міні,



Осындайды тіл айырады. Сондықтан үш терезелі биік үй дегенді “биік үш терезелі үй” деуге, тәртіпті жуас бала демей, “жуас тәртіпті бала” деудін, жөні жоқ. Сонда да осындайды сезбеген кісі дұрыс-терісін талғамай жаза береді.



Сөйлем құрау шеберлігінің бір ұшы инверсия жасай білуде жатқандықтан, әрбір сөйлем мүшесінщ бұл жайында қандай мүм-кіншілігі бар екенін айтайық.



Бастауыштың сөйлемдегі қалыпты орын тәртібі қалай болуға тиісті екені жоғарыда айтылды. Сол айтқанымыздай болмай, бас-тауыш кейде сөйлемнің ен. соқында тұратын да орайы болады:



1. Диалогты сөйлемге автордың, берген түсінігінде бастауыш сөйлемнің соңында да, диалогтың алдында да түра береді, мысалы:

— Жастардың саяси тәрбиесіне партия алдында комсомол жа-уапты,— деді Әбдікәрім.

— Самолет ұшуға әзір!— деді звено технигі Таися Вахрамиевна (X. Досп.).

Аман ішіп отырған асын тастай сала

-:Мынау эншіні көріп қалайықшы,— деп тұра жүгірді (¥. Мұс-тафин).

Асан:.

–Әкем көп жылдан бері колхоздың жылқысын бақты, –деді

(С. Бақбергенов).

Төл сөз бен автор сөзінің осылай орналасып, бастауыштың сөй-лемнің соңында не басында тұруы — оның. үйреншікті қалыпты орны. Мүндайға инверсия жасау үшін төл сөздің арасына автор сөзі қыстырылады:

— Тоқта!— деді ол,— Үшқұмбезден кетерде,— мен не деп едім, есіңде ме?

— Мен,— деді Асқар,— сені жақсы көремін. (С. Мұқанов).

2. Қынжыла, күйіне айтылған лепті, сұраулы сөйлемдердің бас-тауыштарын соңына шығарып айтуға болады: Келмей қойды бүгін ол! Айтып едім ғой сағанмен! (Айтпап па едім саған мен?!) Үміт-тен айрылса, не болар еді адам? (С. Мүканов).



Хабарлы сөйлемдерде, осы тәрізді, бастауыштарға екпін түсіре, оларға ерекше мән бере айту үшін олардың орнын басқа мүшелер-мен ауыстырамыз.

Б а с т а у ы ш қ а л ы п т ы Б а я н д а у ы ш қ а

о р н ы н д а и н в е рс и я ж а с а л ғ а н

Қарымсақ Зылиханы іздеуге- Зылиханы іздеуге Қарым- шықпақшы болды. сақ шықпақшы болды.

Қарымсақ інісінің үйіне қа- Інісінің үйіне қарай Қарым-

рай жүгірді сақ жүгірді

Келіні пештің мұржасын Пештің мұржасын келіні

ашып жүр екен. (Б. Майлин ). ашып жүр екен

Абай Айқұдықтағы аулына Айқұдықтағы аулына Абай

салқын түсе жетті. салқын түсе жетті



Сөйтіп, бастауыштың керегінде орнын өзгертіп айтудың үлкен мәні бар өкен. Ол қалыпты орнын өзгертіп, баяндауыштың жете-гіндегі сөздің орнында тұрғанда, оған логикалық екпін түседі де, бастауыштың бұрынғы орнына қойылған сөздер де бұрынғысына қарағанда, басым мағынада айтылады. Ал өз орнында тұрған сөз-дердің ешқайсысы, әдейілеп дауысты құбылтып, көтеріңкі дауыс-пен айтқанда болмаса, оларға ой екпіні түсіп, сөйлемдегі басқа сөздер шумағынан бөлектенбейді. Олардың құрылысын өзгертіп бастауышты баяндауыштың жетегіндегі тұрлаусыз мүшелердің ор-нына қойғанда, орын ауысқан сөздердің айтылу ырғағы да, ло-гикалық екпіні де өзгертіледі. Сонда баяндауыштың қасында тұрған бастауыш ерекше басым әнуенмен айтылады.



Баяндауыштың үйреншікті орны — сөйлемнің соңы. Сол орнын, өлеңді сөйлемдерде болмаса,— көп өзгертпейді. Дегенмен, оған да инверсия жасауға болады:



Баяндауышқа ой екпінін түсіре, басқа сөздерден басым мағы-нада айту үшін, кейбір ұранды, лепті сөйлемдерде оны бірінші орынға қойып айтуға болады.



Жойылсын жауыздар! Жасасын сүйікті Отанымыз! Жоғалсын өлім! Жасасын өмір! (3. Шашкин).

— Тарт қолыңды!

— Отыр орныңа!

— Көне алмаймын оның зорлығына! (М. Әу^зов).

— Тарт тіліңді! Жоғал көзіме көрінбей!— деп Ысқақ кимелеп кетті (С. Ерубаев).

— Өшір үніңді, оңбағанның баласы! (Ә. Сәрсенбаев).

— Қой әрі балалықты! (Ғ. Мұстафин).

— Қайтейін бұрын кім болғанын? (С. Мұқанов).



Толықтауыштардың сөйлемдегі қалыпты орны — баяндауыш-тың алды. Бұлардың да ол орнын басқа мүшелермен ‘ауыстыруга болады.



Толықтауыштар бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде болма-са, хабарлы сөйлемде баяндауыштармен орын ауысып, баяндауыш-тың соңында келе бермейді.Келе жатыр ол үйден. Ол отыра кетті орындыққа. Қатты сағындым қарындасымды дегендей сөйлемдер әдебиетте кездеседі, бірақ оларда пәлендей стильдік қызмет жоқ.



Бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдерде баяндауышты күшті ек-пінмен, көтеріңкі дауыспен айту үшін, сөйлемнің басына, ал то-лықтауыш, пысықтауыштарды одан кейін қоямыз. Ондайда баян-дауышпен орын ауысқан толықтауыштар да бұрынғы мағынасында қалмайды:



— Бар, осынымды айт дегендегі толықтауышты баяндауышпен орнын ауыстырып: Бар, айт осынымды! деуге болады. Алдыңғы сөйлем жай хабар ретінде айтылса, соңғы сөйлем ерекше ырғақты әуенмен күйіне сөйлеген кісінің сөзі болып ұғынылады. Ол айыр-машылық толықтауыш пен баяндауыштың орын ауысуынан болып отыр. Ондайда толықтауыштардың да ерекше екпінмен басым ма-ғынада айтылатынын мына мысалдардан көруге болады:



— Не ақысы бар менде? Дұшпан сөзіне еріп дұшпан боламысың Нұржанға? Бердім атты! (С. Мұқанов). Қөрсетпе көз жасыңды! (М. Әуезов).



Толықтауыштарға көбірек инверсия жасалатын сөйлем — диа-логты сөйлем. Диалогты сұраулы сөйлемнің мазмұнына лайық оғаш берілетін жауап толықтауыштан басталса, онда оған инверсия жасалып, басқа сөздерден гөрі басым мағынада айтылған-дағысы.

— Кімді кутіп отырсың?

— Амантайды күтіп отырмын.

— Бұл ақшаны кімге берейін?

— Рабиғаға бере гой.



Анықтауыш, пысықтауыштар көбінесе басқа сөздермен қатар тұру арқылы байланысатындықтан, оларды әрі-бері жылжытуға болмайды, болса да, ондай мысал көп кездеспейді. Ал ілік жалғауы жалғанған анықтауыштар мен барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларындағы пысықтауыштарра толықтауыштардай инверсия жасауға болады. Сондай-ақ инверсия жасай беруге көнгіш пысықтауыш — мезгіл үстеулері мен көсемшелерден жасалған пы-сықтауыштар:

1. Үлкен кісісің ғой, апа, көпті көрген (С. Мұканов).



Осындай да табан бола ма екен қырық тесік! (Ғ. Мүсірепов). Сақижан, жүр тезірек! (Ғ. Сланов).

Бүгін, міне, қарасам, бір көш кетіп барады (Жамбыл).

Тэңірі сұлулықтың, ақын Сара, үйректің сұңқарындай тудың дара (X. Жұмалиев). Ақырындап ат қозғалды (Б. Майлин). Кетерде Боржадай маған амандасқан жоқ, мен оған амандасқаным жоқ



(С Мұқанов).’Дұрысы—… менімен амандасқан жоқ, мен онымен амандасқаным жоқ.



Заттың түрін, түсін білдіретін бірыңғай анықтауыштардың орындарын өзгертіп айтуда мән болмайды. Сондықтан қайсысын бұрын» койсам екен? деп қиналмайсың. Мысалы: сары, көк, жасыл түс (жасыл, көк сары түс), күшті, қарулы, епті жігіт (қарулы, епті, күшті жігіт), түлкі тымақты, барқыт қамзолды, ақ сақалды кісі (ақ сақалды, түлкі тымақты, барқыт қамзолды кісі).



Егер бірыңғай анықтауыш біркелкі болмай, түрлі-түрлі сапа болса, және бір заттың маңында әр түрлі бірнеше анықтауышы болса, олардың ішіндегі заттың ең негізгі сыны болатыны басқа анықтауыштардан кейін, анықталатын сөздің қасында тұрады:



Дередей үлкен жұп-жұмыр ақ тай — қысырдың тайы. Сары қыз әдемі сары келіншек болыпты. Жасында ат жақтылау, қыр мұрын-дылау сияқты еді, қазірдөңгелек көзді, май мұрындылау, ет-жеңді, толық әйел болуга бет алыпты (Ғ. Мұстафин).





Оң жақ бұрышта ешбір сэнсіз, ретсіз үйіле салған үлкен пеш тұр … Үстінде ыждаһатты қолмен жиылған сұрғылт түсті, көнетоз-дау екі-үш көрпе, жастық (М. Әуезов).



Сөзді дұрыс орналастырудың стильдік қызметі ерекше бола-тындықтан, соның жайын көбірек айттық. Бұдан сөйлем мүшеле-рінің сөйлемде орналасу, орын ауысу тәртібі қалай болатынын аңғаруға болар. Одан сөйлемді тек осылай құр деген ұғым тумау керек. Тілдің’ бұл жайында да мүмкіншілігі мол. Соларды таңдай, талғай білу — үлкен өнер. Сөздің қит етсе, қисық кететін, дөп түс-се, жымдаса кететін сырын сезгіш, білгіш болу керек.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]