Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Сөзжасам туралы жалпы түсінік


Сан есімнін, сөзжасамы тіліміздің сөзжасам жүйесінщ жеке бір мәселесіне жатады. Сондықтан сан есім сөзжасамының тілдің жалпы сөзжасам жүйесімен ортақ мәселелері, заңдылықтары болатыны сөзсіз. Осы жағдай ескеріліп, алдымен тілдің жалпы сөзжасамы туралы қысқаша мәлімет беріп, содан кейін сан есім сөзжасамына көшуді дұрыс көрдік.



Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі бар тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам объектісіне сөз жасаушы тәсілдер, сөз жасаушы тілдік элементтер, сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөзжасам үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық зандылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі мәселелер жатады. Бір сөзбен айтқанда, сөзжасам тіл-дің сөзжасам жүйесін зерттейді.



Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі ті-лінен (ең көне жазба ескерткіштер тілі) басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен.



Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жагқан тілдік құбылысқа жататыны белгілі. Түркі тілдерінін ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Қөне жазба ескерткіштер тілінде негізгі тұбір сөздермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуң түрінде кездеседі. Басқаша айтқанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалды (күн-түз, Темірқапығ, Қара-құм, Ілтеріс, арқыш-тіркіш, секіз он, йеті йуз), сол сияқты бір сөз-дің бірнеше мағынада қолданылуы да сөзжасам жуйесіне жатады: (қат, 1) қабат, к,атар, 2) жеміс, 3) жануардық аты, 4) щату, 5) араластыру). Келгірілгея мысалдар көне туркі тілінде сөзжасамның сиитетикалық, аналитикалық, семантикалық тәсілдері болғанын анық көрсетіп тұр.



Ғ. Айдаров жазба ескерткіштер тілінде сөзжасам тәсілдерінің турлілігін, оның тілдің даму тарихында біртіндеп қалыптасқанын айтады1. Сонымен бірге ол көне жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның қазіргі тірі формаларының бәрі дерлік барын және өлі формалардың да кездесетінін айтады.



Бұдан тілдің сөзжасам жуйесі көне құбылыстарға жататыны анық байқалады. Өйткені сөз жасаушы элементтер, сөз жасаудың тәсілдері, модельдері кунде құбыла-тын, кунде жаңаратын құбылыстар емес. Алайда сөзжасам жуйесі тілдің даму процесінен де тыс қала алмайды. Сондықтан сөзжасам жуйесінде де өзгеріс болады, бірақ ол өте баяу болады және ол көбіне тілде бар модельдердің белгілі бір кезеңде активтенуі, не пассивтенуі, мағынасының кеңеюі, кейбір типтердің қолданудан шығуы сияқты өзгерістер ретінде болады. Мысалға көне жазба ескерткіштер тіліндегі туьшды сөздер санымен қазіргі тілдегі туынды сөздер саны бір емес, қазіргі тіл туынды сөздерге өте бай. Тілдің туынды сөздермен толығуының экстралингвист-икалық факторларға қатысын былай койғанда, оның сөзжасам жуйесіне де тікелей қатысы бар.



Көне жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның син-тетикалық тәсілі болды, бірак әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді. Ал қазір де синтетика-лық тәсіл сөзжасамда үлкен қызмет атқарады, тіл сөз тудырушы жұрнаққа өте бай, сөзжасам жуйесі жүрнақтар арқылы толыққан, бірақ сөзжасамдық жұрнақтардың тілге қосылғанын өте көне жазба ескерткіштер тілі мен қазіргі тілді салыстыру арқылы көру жеңіл, осы екі арада талай ғасырлар өткенін еске алсақ, мұндай дамудың өте баяулығын байқауға болады. Сөйтіп, тілдің сөзжасам жүйесінің сөзжасамдық жаңа элемент-

‘ Айдаров Г. Язык орхонских памятников древнетюркской письменности VIII века. Алма-Ата, 1971. С. 157 термен, әсіресе, жаңа қосымшалармен толығып отыруы жиі болып тұратын құбылысқа жатпайды. Сощы 40—50 жылдың ішінде Қазақ тілінің сөзжасам жүй-есіне қосылған жұрнақтар өте мардымсыз. Жаңа жұрнақтар аркылы сөзжасам элементтерінің соқғы кезендерде көбеюіне – хана сияқты жұрнақтарды келтіруге болады. Ал ол арқылы тілде талай сөздер жасалды: емхана, кітапхана, баспахана, жатақхана, наубайхана т. б. орыс тілінен енген сөздердің құрамында біраз жұрнақ-тар енді, мысалра фамилияға қатысты жұрнақтар Қазақ тілінде әбден орнықты.



Сөзжасамдық жұрнақтардың толығуы жүрнақтардын, бір-бірімен тұлра, мағына жағынан кірігуі арқылы да болып отырады, оған тілдегі күрделі жұрнақтарды кел-тіруге болады. Мысалы: -дас<-да+с, -лан<-ла+н, -ғанша ,ған+ша-, -маль-ма+лы, -ушы-у+шы,-дықтан<-дық+тан т 5.



Тілдің сөзжасам жүйесінің күрделенуі баюы, толыгуы көбіне сөзжасамдық жүрнактардьщ мағыналық құра-мыньщ кенеюі арқылы болады.



Қосымшалардын, мағына жарынан дамуы өте ерте басталған. Мысалы -ғы, -қы қосымшасы ен көне жазба ескерткіш — орхон жазбаларында да әрі заттық мағына, әрі сындық мағына берген. Ал -ығ, -іг жұрнары көне жазба ескерткіштердің өзінде көп марыналы қосымша болған. Мысалы, біліг сөзінде дерексіз заттық ұрым жасаса, учук, дегенде жанды заттың атын жасаған, яғни ол құс деген сөз. Сондай-ақ бітіг дегенде жазу, жазба деген ұрым беріп, жорарыдары келтірілген марыналардан да басқа ұрым турызьш тұрғаны көрініп тұр.



Бұдан шыратын қорытынды Орхон жазбалары кезе-ңінде қосымшалардың семантикалық жарынан даму процесі болран. Бүл процесс тілдіқ даму тарихында үздіксіз жүріп отырран, сондықтан оны тіл дамуына тән негізгі зандылықтардын, бірі ретінде қараран дүрыс. Осы заңдылыктың нәтижесінде тілде көп марыналы қосымшалардың саны көбейген. Қазіргі тіліміз көп мағыналы қосымшаларға өте бай. Мысалра -дық/-дік, -тық/-тік, -лық/лік жұрнары Қазақ тілінде екі сөз табына жатады. Олар — зат есім және сын есім. Осы жұрнақтың екі сөз табына бірдей қатысты болуы оньщ сөзге заттық марына беріп, зат есімдер жасауына және заттың сындық белгісін біл-діріп, сын есім сөздер жасауына тікелей байланысты.



Одан қосымшаның мүлдем екі басқа мағына беретін омоним қосьшша екенін көруге болады. Рас -лық қосымшасының мундай дәрежеге жетуі көне дәуірге катысты. Ал олар қазір екі қосымша болғанымен, төркіні бір екені

— ғыльшда дәлелденген мәселе. Бірақ бұл қосымшанын мағынасы мұнымен бітпейді. Зат есімнің өзінде ғана ол

— бірнеше турлі мағына беретін көп магыналы косымша. Мысалы: ауыздық, мұрындық сияқты сөздерде -дық журнағы үй малына қолданылатьш құралдың атын, орындық, қазандың дегендерде үй заттарының атын жасаған. Қымыздык,, өсімдік дегендерде өсімдіктерге қатысты атаулар, егіндік, шабындык, шаруашылыққа катысты атаулар, жазықтық, терістік, оңтустік дегендерде геогра-фиялық атаулар, белдік, желдік, тундік дегендерде киіз үй жабдықтарының атаулары, тұздық дегенде тағам аты, жемтік жемге тасталған заттың аты, көптік, жіктік, тэуелдік, септік дегендерде терминдер, оқулық, сөздік дегенде кітаппен байланысты заттың аты, көрімдік, қалыңдық дегендерде салтпен байланысты атаулар, шындық, жастық, шаттық, достық, озбырлық дегенде дерексіз заттык ұғым атаулары жасалған. Келтірілген аз мысалдардың өзінен бір зат есімнің өзінде бұл жұрнақтың турлі-турлі атаулар жасап, талай мағына беретіні көрінді. Мұнда зат есімнің келтірілген журнағының мағыналары толық қамтылмағанын да ескерте кету керек. Бұл осы журнақтың мағына көлемінің молдығын, көп мағына беру қабілетін анық көрсетіп тұр.



Жазба ескерткіштерде -лық жұрнағы заттық және сындык мағына ғана берген. Оның қалған мағыналарының бәрі — кейін қосылған мағыналар.

Сол сияқты -ыс, -іс, -с жұрнағын алайық. Бұл жұрнақ та қазір екі сөз табына (етістік және зат есімге) катысты. Етістікте бұл жұрнак ортақ етіс жасап, қимылдың бірнеше субъектіге қатыстығын білдіреді. Зат есімде етістіктен зат есім жасап, одан заттық мағына туғызады. Сөйтіп, екі сөз табында бул журнак баска-басқа мағы-налар береді, ол казір омоним қосымша дәрежесінде. Тарихи тұрғыдан алғанда, олардың алғашқы бір қосымша екені белгілі. Ортақ етістің журнағы өз мағына-сының үстіне заттық мағына білдіретін болып, тағы бір мағына қосып алған. Сөйтіп, оның мағынасы кедіген, екі сөз табының керсеткіші дәрежесіне жеткен. Егер де оның мағынасында өзгеріс болмаса, бурынғы мағынаның устінетағы бір мағына қосылып, оның семаншкалық жүгі артпаса, ол тілде екі қосымша болып танылмас еді. Сөйтіп, бұл арада -ыс морфемасының мағынасынын, кеңеюі арқылы зат есімнің -ыс жұрнағы қалыптасып, тілге ол жаңа қосымша ретінде қосылған. Мұның барлығы синтетикалық тәсілдің күрделеніп отырғанын көрсетеді.



Бірсыпыра жұрнақтардың қолданудан шығып кал-ғаны да белгілі. Оларға орхон-енисей жазбаларындағы -меч жұрнағы жатады. Мысалға енисей жазба ескерткіш-теріндегі -ег түбірінен -меч жұрнағы арқылы жасалған егмеч (тәте) сөзін келтіруге болады2.



Тілдегі сөз жасаудьщ көне тәсіліне жататын аналити-калық тәсіл де совет дәуірінде ғылымның, техниканын. өсуіне байланысты талай терминдердің жасал-уына негіз болып, қызметі артты, актив тәсілге айналды. Мысалы: сірке суы, сірке қышқылы, радиохабар, радиоқабылдағыш, таңдай безі, көркемөнер, радиотехника, сутегі, та-мыр жүйесі, үш бурыш, агрономия, азот кымқылы, халықаралық, социалистік жарыс, оқшау сөздер, зат есім, сын есім т. б. осылар сияқты сөздер жасалып, тілімізді байытты.



Семантикалық тәсіл де тілдің сөзжасам жүйесінде кө-не замандардан бар. Бірақ бұл тәсілдің де қызметінін, өте активтенген кезеңі бары анық. Ұлы Октябрь револю-циясынан кейінгі алғашқы қырық-елу жылдарда тілде бұл тәсілдің атқарған қызметі ерекше. Сөздің дыбыстық құрамын, тұлғасын өзгертпей, оның бұрынғы мағынасы-ның үстіне тағы да жаңа мағына қосу, сол арқылы бір сөзге бірнеше сөздін қызметін атқарту тілде кең өріс алды. Мысалы: құн, буын, одақ, таңба, тұлға көрме, негіз, түбір, шығыс, дыбыс, тарау, үндеу, әцгіме т. б. сөздердің де ғылымның түрлі саласында термин сөз кызметіндегі мәні мен мазмұны олардың тілдегі жай сөз ретіндегі мағынасынан өзгеше. Мұндай сөздер тілімізде казір мол.

Тілдің сөзжасам жүйесі біршама тұрақты болғаны-мен, ол қатып қалған құбылыс емес. Қазақ тілінде Октябрь революциясынан кейін аналитикалық тәсілдің көлемі ұлғайды, оған сөздерді қысқарту тәсілі қосылды. Октябрь революциясынан кейін тілімізде күрделі атаулар кәбейді, байыды, оны айтуда, жазуда ықшамдап қысқарту кажет-тігі туды. Бұл үшін орыс тілінің сөздерді қысқарту тә-

2 Есенқұлов А. Қөне түркі жазба ескерткіштеріндегі косымшалар. Алматы, 1976. 108-6.жірибесін пайдалануға тура келді. Орыс тілінде кең қолданыльш журген сөздерді қысқарту тәсілі және оның жолдары Қазақ тіліне де кірді. Мысалға ауылісовет, ау-партком, обком, колхоз, совхоз, ҚПСС, МТС, РТС, партком, местком, партбюро, сберкасса т. б. осылар сияқты қысқарған сөздер тілде молынан қолданылатын болды. Тілімізде жиі қолданылатьш бул тәсіл арқылы алғаш қазақтың байырғы сөздері де кысқартылып журді, бірақ көбіне орыс тілінен қысқарған қалпында тілге ену куштірек. Қазақ тілінде сөз қысқарту тәсілі Октябрь революциясына дейін мулдем болмаған деген пікірден аулақпыз. Бұл тәсіл тілде бурын да болған. Ол адам аттарында қолданылып, оған сый-қурмет, үлкейту, кішірейту, еркелету мәнін қосатын. Ол қазіргі тілде де өте жиі кездеседі. Мысалы: Жәке, Мәке, Сэке, Сызаң, Сэбе, Айнаш, Жанат, Қантай, Жантай тағы басқа осы сияқты қолдануларды алайық.



Мұндағы қысқартудың бір ерекшелігі кісі аты тек қа-на қысқартылып қоймайды, оған -ке, -еке, -аң, -а, -е, -ш, -тай сияқты белгілі морфемалар қосылады. Сэйтіп, мұнда да сөздердің белгілі тобы қысқаратыны, қыскаратын сөздің алғашқы буыны сақталатыны және оларға белгілі морфемалардың қосылатыны сияқты белгілі заңдылық бар. Сөйтіп, күрделі атауларды қысқартудың белгілі тәртібі тіліміздің заңдылықтарьшың бірі ретінде енді. Сөздерді қысқартып қолдану жаңарды, жаңа мазмун алды. Сондықтан бұл сөзжасам жүйесіндегі елеулі жаңалық деуге болады.

Бірақ мұндай жаңалықтар көп кездесе бермейді. Жоғарыда айтылғандардан сөзжасам жуйесін сипаттайтын ірі құбылыстарға сөзжасам тәсілдері жататыны анықталды. Бірақ сөзжасамның әр тәсілі белгілі тілдік элементтерге негізделетінін естен шығаруға болмайды. Олай болса, тілдің сөзжасам жуйесіне сөзжасам элементтері де жатады. Тілде сөз жасауға қатысатын нақтылы элементтер бар. Сөз жасау процесі тілде бар элеменпердің негізінде ғана болады.



1. Тілдік элементтерге суйенбей, жоқтан ешбір сөз жасалмайды. Ол жөніндегі ғалымдар пікірі бойынша да және турлі тілдердің сөз жасау тәжірибесінде де жоқтан сөз жасау кездеспейді. Сол сияқты туркі тілдерінің, Қазақ тілінің сөз жасау тарихы жаңа сөз тілде бар элементтердің негізінде ғана жасалатьшын дәлелдейді.



2. Қазақ тілінде сөз жасауға қатысатын элементтерге т\бір және қосымша жатады. Түбір тілде түрлі аспектіде қаралып жүргенімен, дәл сөз жасаушы негізгі элемент-тердің бірі ретінде толық зерттелді деуге келмейді. Ал түбірсіз ешбір сөз жасалмайды, сондықтан ол — сөзжасамдағы негізгі тұлға.



Түбірдің сөздің сөзжасам жүйесінде өзіндік белгілі қызметі бар. Алдымен түбірлердің сөз жасаушы негізгі элементтін бірі ретінде танылуы оның жаңа сөздің мағынасын белгілеуде атқаратын қызметіне байланысты. Сөзжасам процесіндегі түбірдің негізгі тұлға болып санала-тын себебі түбір сөздің лексикалық мағынасы жаңа сөз-дің лексикалық мағынасына арқау болады, өйткені тілде бір лексикалық мағына екінші лексикалық мағынаның негізінде жасалады. Сөздін, мағынасының негізінде туынды сөздің жаңа мағынасы жасалады. Мысалы: бала-\~лы, бала–лық, бала+ң, бала–жан, бала–пан т. б. Келтірілген бес туынды сөздің бәрінің мағынасында жақындық бар, себебі олардың бәрінің мағынасының жасалуына бала деген бір сөз негіз болып түр. Міне, ол осы бес туынды сөздін, мағынасына арқау болғандықтан, оларда мағына ұқсастығы, жақындығы бар, олардын, мағына байланысы көрініп тұр. Сөйтіп, түбір сөздің мағынасы мен ол арқылы жасалған туынды сөздің мағынасы өте тығыз байланысты және ол кездейсоқ құбылыс емес, сөз жасауда үнемі сақталатын заңдылық. Оның сөзжасамдағы ролі өте күшті. Сөзжасамға түбір сөз ретінде қатысатын сөздердің бәрі лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан, оларға тілде дербес сөз түрінде қолданылып жүрген сөздер жатады.



Өте сирек жағдайда туынды түбір құрамында тілде жеке қолданылмайтын негіз сөздер де кездеседі. Мұндайда негіз сөздің лексикалық мағынасы анық байқалмай-ды. Бірақ бүл тілдің қазіргі кезеңіне, дәуіріне, сатысына байланысты. Мысалы: ұял, үят, оян, жүбан, жүбат, шалқала, шалқасынан, шалқалай, момын, момақан сияқты туынды түбірлерге негіз болып тұрған ұя, оя, жұба, мом элементтерінің қазір лексикалық мағынасы анық көрінбейді. Олар қазір тілде жеке лексикалық единица ретінде қолданылмайды, сөздік корда ол сөздер оақталмай, қолданудан шығып қалған. Сондықтан олардың лексикалық марынасы байқалмайды, бірақосы туынды түбірлер жасалған кезде олардық лексикалық мағынасы болган. Лексикалық мағынасы болмаса, одан туынды тубір жасалмас еді.



Жаңа сөз жасауға тілдегі түбірлердің барлық турі қатысады. Оларды атағанда, мынадай. негізгі тубір, туынды тубір, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз. Сөзжасамға негіз сөз қызметінде қатысатын бұл тубірлердің көбі (негізгі тубірден басқасы) — сөзжасам процесінің нәтижесінде туған туынды сөздер. Сондықтан туынды сөздер де сөзжасам саласының объектілерінің бірі. Туынды сөздер арнайы тоқталуды қажет етеді. Бұл арада туынды сөз жасауға осы тубірлердің негіз сөз қызметінде қолданылуы сөз болып отыр. Аталған түбірлердің сөз жасауға катысы бірдей дәрежеде емес. Сондықтан тілдің сөзжасам жуйесіндегі түбір сөздердің атқаратын қызметінде де ерекшелік бар.



Мәселен, негізгі, туынды тубірлер — сөзжасам проце-сіне ен актив қатысатын түбірлер: бас-тық, көз-де, ақ-та, жи-ып, бас-қар-ма, егін-ші, жинал-ыс, басқару-шы т. б. Ал біріккен сөз, қос сөздер мен кысқарған сөздер жаңа сөз жасауға пассив қатысады: бугін-гі, биыл-ғы, колхоз-шы, совхоз-шы, бес-алтысыз, алпыс-жетпіссіз, екібастұз-дық, белбеу-лі т. б.



Сөзжасам процесіне тілдің сөздік құрамындағы сөз атаульшың қатысы бірдей дәрежеде емес. Тілімізде байырғы сөздермен қатар басқа тілден енген сөздер де өте көп. Осы екі топтағы сөздердің сөзжасамға қатысын салыстырғанда, оларда да айырма бар. Байырғы сөздердің сөзжасам процесіне қатысы актив түрде болса, басқа тілден енген сөздер одан әлдекайда пассив түрде катысады. Бірақ осы екі топ сөздердің өз ішінде де сөзжасамға қатысында бірсыпыра айырма бар. Мысалға байырғы сөз-дерге жататын кісі, бас деген сөздерді алсак, олардың туынды сөз жасаудағы нәтижесі әр турлі. Кісі деген сөз он алты-он жеті туынды сөздің құрамында кездессе, бас деген сөз жетпістен астам туынды сөздің кұрамында кез-деседі. Мұнда тек синтетикалык тәсіл арқылы жасалған туынды сөз ғана есепке алынды.



Сөз таптарының да сөзжасамға қатысу қабілеті әр турлі. Зат есім, сын есім, етістіктер сөзжасам процесіне басқа сөз таптарынан әлдеқайда актив турде қатысады. Бұл сөз таптары өз ішінде ғана емес, басқа сөз таптарының да жасалуьша негіз болып, олар бірінен-біріне ауысып жатады. Түбір сөздер сөзжасамдык тәсілдердіи, «ар-лык. түріне де қатысады.

Тілдің сөзжасам жүйесінде түбір сөздер басқаша тұрда да қызмет атқарады, оны жана сөздің аналитика-лық тәсіл арқылы жасалуынан көруге болады. Аналити-калық тәсіл бойынша жаңа сөз ен, кемі екі түбір сөзден жасалады, яғни бұл тәсілдін. сөзжасамдық элементтері — түбір сөздер. Мысалы: үш бұрыш, қызыл ала, он жеті, алып кел, келіп кет т. б. Оған семангикалық тәсілде де сөзжасамдық элемент тек қана түбір сөз екенін (түбір, буын, күн т. б.) қоссақ, тілдің сөзжасам жүйесінде түбір сөздердің қандай орын алатыны анық көрінеді. Тек сөзжасам жүйесінін, өзінде түбір сөздердің атқаратын кызметі орасан зор.

3. Тіліміздің сөзжасам жүйесінін, тағы бір негізгі элементіне қосымша, атап айтқанда, сөз тудырушы жұрнақтар жатады. Сөз тудырушы жүрнақтардьщ тілді жаңа сөзбен байытуда атқаратын қызметі өте зор. Ол сөзжасам жүйесіндегі синтетикалық тәсілдің шешуші элементіне жатады. Тілімізде сөз тудырушы жұрнакдар өте көп.



Сөзжасам жүйесіндегі жұрнақтардьщ әрқайсысының өзіндік мағынасы бар. Ол мағына түбір сөзге жалғанғанда ғана көрінеді, жұрнақ жеке тұрып мағына бермейді, сондықтан жеке қолданылмайды, түбір сөздін, құрамында ғана қызмет атқарады. Мысалы: малшы, өлеңші, дэрігер, өнерпаз, майла, қазақша т. б. Синтетикалық тәсіл жұрнақтың осы ерекшелігіне негізделеді.



Сөзжасам жүйесінін, жұрнақтары өзі жалғанран түбір сөздін. лексикалық мағына-сыньщ негізінде одан басқа лексикалық мағына, басқа сөз жасайды. Жоғарыда кел-тірілген мысалдағы мал мен малшы, өлең мен өлеңші, дәрі мен дәрігер, өнер мен өнерпаз, май мен майла, Қазақ пен қазақша лексикалық мағынасы арқылы ажыра-тылатыны белгілі, бірақ осындағы әр пар сөздердің мағына байланыстылығы да анық көрініп түр. Сонда олардағы лексикалық мағына өзгешелігі жұрнақ арқылы туып, лексикалық единица жасалса, олардын, мағына байланыстылығына түбір сөз негіз болған. Бұл — сөзжасам жүйесіндегі жұрнақтардьвд негізгі ерекшелігі.



Сөзжасам жүйесіндегі жүрнақтардың ішінде сөзге үстеме мағына беріп, сөзді мағына жағынан түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, үйшік, кітапша, сарғыш, т. б. Мұндай жұрнақтар ғылымда талас та турызып жүргенірас өйткені мұнда сөз мағынасы мүлдем өзгеріп кетпейді. Бірақ осындағы үй мен үйшік, кітап пен кітапша, сары мен сарғыш деген сөздердің әрқайсысы тілде өзінше лексикалық единица ретінде қолданылады, сондай қызмет атқарады, солай танылады да. Олардың әрқайсысы тілдегі дайын турған калпында сөйлемге енеді. Сондықтан оларды да сөзжасам жүйесінің элементтері ретінде қараған дурыс. Басқа тілдердің тәжірибесінде ол осы турғыда қаралып жургенін де ескеру кажет. Орыс тілінде оларды сөзжасам жуйесіне жатқызған3.

Тілдегі сөзжасам жұрнақтарының өзіндік бір ерекшелігі — олар әр сөз табына телулі болады. Әр сөз табының өз журнақтары бар. Зат есім журнақтары, сын есім журнақтары, етістік журнақтары, устеу журнақтары т. б. Сонымен бірге журнақ-тардың бірнеше сөз табьша ортак больш келуі де кездеседі. Бұл көбіне журнақтардың мағыналық жағынан дамуымен байланысты болады. Жұрнақтардың мағынасы кеңіп, бір мағынаның үстіне екінші мағынаны қосып алуы тілде өте жиі кездеседі, тілімізде көп мағьшалы жұрнақтар өте көп. Осы процестің нәтижесінде бір сөз табының журнағы екінші сөз табының мағынасын қосып алады да, бұрынғы мағынасын сақтай отырьга, екі сөз табында да қызмет атқарады. Сөйтіп. бұл журнактардың бірнеше сөз табына оргақтык қасие-тін қалыптастыратын жолдың бірі болып саналады. Жұрнақтардың тілде атқаратын кызметі бірдей смес. Олар өте өнімді больга, сөз талғамай белгілі тоигағы сөздерге жалғана береді. Мысалы: малшы, егінші, жазушы, колхозшы, үгітші, әнші, өлеңші, етікші, суретші, қасапшы, биші т. б. Ал бірсыпыра жұрнақтар сөз талғап, белгілі сөздердің құрамында ғана кездеседі, сөз жасау жағынан өнімсіз болып келеді. Мысалға тілде көйлекшеқ, байпакшаң, бешпентшең, мәсішең сияқты сөздердегі -шаң, -шең жұрнағы көйлек, байпақ, бешпент, мәсі киген деген ұғымды білдіреді. Осы жұрнақ басқа киім аттарына жалған-байды, көйлекшец, бешпентшең деуге болганьшен, сол сияқты киім аты шапан, тон сөздерінен шапаншаң, тонпақшақ сияқты туынды тубір жасалмаған. Сол сияқты байпақшаң, мәсішең болғанымен, етікшең, кебісшең деген жоқтын қасы.



Кейде тілдегі синоним журнақтардың мағына жақын-

3 Русская грамматика. М., 1982. Ч. 1. С. 200—218 дығына қарамастан, олардың бірінің орнына екіншісі қолданыла бермейтіні белгілі. Мысалы: орақ, елек, қай-рак,, күрек сөздері -ақ, -к, -қ жұрнақтары арқылы жасалған құрал атаулары. Ал дәл осындай мына кұралдардын, атаулары өшіргіш, сүзгіш, қырғыш -ғыш, -гіш жұрнақтары арқылы жасалған. Туынды түбірдің, қай үлгі арқы-лы жасалуы тілдің ішкі заңдылығы арқылы шешілгені байқалады. Бірақ жұрнақтардьщ қызметінщ өкімді, өнімсіз, актив, пассив болуы қатып қалған нәрсе емес. Олардың қызметі бірде активтеніп, бірде пассивтеніп отыруы тілде кездесіп отырады. Мысалға жұрнакгардың қызметін келтіруге болады, Жұрнақтардың кызметі де үнемі бір қалыпта қалмаған. Орхон жазба ескерткіштерінде өнімді

-іг жұрнағы кейіннен өнімсіз жұрнаққа айналды. -шы жұрнағы — тілдегі өте өнімді актив жұрнақтардың бірі. Солай бола тұрса да, оның XIX ғасырдьщ бірінші жарты-сында сөз жасамдық қызметі сәл пассив болғаны байқалады. Бұл кезде ол адамның әдеті, қабілеті сияқты (өтірікші, өсекші, қамқоршы, ақылшы, әңгімеші, ертегіші, қайыршы) мағынада көбірек кездесе4, XX ғасырдын, басында мамандық мағынасын білдіре бастайды, яғни оньщ мағынасы да кеңейді. Мысалы: тарикшы, диханшы, сауыншы, жұмысшы, соқашы, қырықтықшы, қайықшы, балықшы, бұрғышы, емші, үйші, темірші т. б. 1930 жылдардан бастап -шы жұрнағының қызметі бұрынғыдан да ак-тивтенді. Ол басқа сөздермен қатар терминдердің жаса-луына актив қатысады. Мысалы: айыптаушы, тергеуші, қорғаушы, шабуылшы, щақпашы, тарихшы, тілші, жазушы, бакылаушы, жазалаушы, аудармашы, т. б.

1920—1930 жылдар арасында -шыл, -паз, -ма, -лық, -ды, -ыс жұрнақтарынын, қызметі артты5. Мұндағы -ды жұрнағы көне ескерткіштер тілінде өнімсіз жұрнақтарға жатқан. Ал совет дәуірінде -лық жұрнағы өте активтеніп, оньщ қызметі орасан артты. Сондықтан тілімізде қалалық, кәсіптік, сенбілік, авторлык,, мерекелік, европалық, албырттық, білімділік, бағалылық, жержүзілік, қажеттлік, элеуметтік, құнарлылық, студенттік, социалистік, өлкелік, дәрігерлік, оқытушылық т. б. осы сияқты бір тип-тес сөздер тым көбейіп кетті. Бір сөйлемде мұндай сөз-дердің бірнешеуі қолданылуы да кездесетін кездері бай-

4 Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпешсов Е. Қазақ әдеби тілінін, тарихы Алматы, 1968. 55-6.

Сонда қалды. Аталған жағдай кейінгі кезеңде -лық жұрнағының қызметін аздап тежеуге әкелді.



Аталған журнақтар — жалпы алғанда, өнімді жұрнақтар. Соған қарап, тек өнімді жұрнақтар ғана актив болады деген ұғым тумау керек. Оған дәлел ретінде -ман, -мен, -шең жұрнағьш келтіруге болады. Бұл журнақтар тілдің даму тарихында онша актив қызметі арқылы бұрын көзге туспеген. Соңғы кезде -ман, -мен, -шең жұрна-ғының қызметі біраз активтенді. Ол арқылы оқырман, көрермен, тыцдарман, өміршеқ сияқты т. б. сөздер жасал-ды. Мұндай ерекшелік -нама, -гер журнағының кызметіне де қатысты. Мысалы: есімнама, тарихнама, қабылнама, кейіпкер, талапкер, жүлдегер, бапкер, мауапкер, иегер т. б.



Тілдің сөзжасам тәжірибесіндегі -лық журнағының сөзжасамдық кызметін аздап тежеу -ман, -нама, -гер жұрнақтарының қызметін активтендіру сияқты процестегі әдебиет қайраткерлері, ғалымдар т. б. азаматтардың саналы турдегі ықпалын еске алсак, тілдің сөзжасам процесі өзінен-өзі қалай болса, солай өте бермейтіні де байқалады, оған адамдар ықпал етіп, белгілі бағыт беруі де мумкін екені тәжірибеден байқалды. Тілімізде -лық журнағы арқылы жасалған сөздердің қауырт өсуі, осы типтегі сөздердің тілге лек-легімен кіріп, олардың тым көбеюі тіл білімі ғалымдарының, әдебиет қайраткерлерінің т. б. бұл процесті аздап тежеу жөншде шара қолдануына әкелді. Бір типтегі сөздердің тілде орынсыз көбеюінің өзіндік қолайсыздығы бар, сондықтан тілдің сөзжа-сам процесінде байкалған мундай жағдайларды белгілі дәрежеде ретке келтіріп отыруға әбден болады. Қорыта келгенде, тілдің сөзжасамдық модельдері мен типтерінің активтену мен пассивтенуі адам ырқынан тыс нәрсе емес, оны адамдар керегінше бағыттап та отыра алады.



Қорыта келгенде, тілдің сөзжасам жүйесі көне замандардан бері карай дамьш курделеніп, қазір әбден қалып-тасқан. Тілдің сөзжасам жүйесі бірден өзгеріп кетпейтін қубылыс болғандықтан, оны біршама тұрақты деп сана-ғанмен, ондағы болып отырған уздіксіз даму, сандық өзгеріс ретіндегі жылжымалық оның әр саласының қызметі әр дәуірде құбылып туратыны жоғарыда анық байқалды.



Алайда тілдің сөзжасам жуйесінде өте турақты қатаң сақталатын, тілдің даму тарихы бойында өзгеріссіз келе жатқан заңлылықтар да бар. Мысалы, қосымшаның тубірге жалғануы — түбір сөздін, бұрын, қосымшанын, одан кейін жалғануы тілде көне замандардан бері келе жаткан, әбден қалыптасқан заңдылық. Осы заңдылықты сөзжасам жүйесіндегі өте тұрақты құбылыс санауға әбден болады, өйткені жұрнақтық сөздегі бұл орнын өзгертуге болмайды, жұрнақ түбір сөздің алдынан қолданылмайды.



Басқа тілдерден енген, кейбір түбірден бұрын тұратын қосымшалар тілде қалыптасқан негізгі зандылықты толқыта алмады. Олар аз сөздердің аясында ғана қалды би-саясат, бей-шара, на-құрыс, бей-уақыт, бей-күнэ, бей-кам, бей-маза, бей-таныс, бей-берекет, бей-мәлім т. б.



Рас, бұл заңдылық тек сөзжасам жүйесіне ғана қатыс-ты емес, сонымен ғана шектеліп қоймайды, онын, аясы өте кең, тілдін, грамматикалық жүйесіне толық тарайды. Бірақ бұл жағдаят оның сөзжасам жүйесінін, де зандылығына жататынын жоққа шығара алмайды.



Сөз тудырушы жұрнақтың туынды сөз құрамында түбір сөздің соңында тұруы Қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі басқа да тәсілдерге қатысты. Бұны аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерден де көруге болады. Мәселен, қызмет ет, жэрдем ет, көмек ет, әлек ет, себеп ет, звонит ет, мак,сат ет, еңбек ет сияқты құранды етістіктердің, құрамындағы ет көмекші етістігін алайық. Ет көмекші етістігі арқылы жоғарыдағы құранды етістіктердін, жасалғаны белгілі. Осыньщ бәрінде ол есім сөзге қимыл мағынасын қосып, есімнен етістік жасайтын жұрнақтың қызметін атқарып тұр. Оны анық көрсету үшін, оларды жұрнақ арқылы жасалған сөзбен салыстыруга болады: жэрдем ет — жәрдемдес, көмек ет — көмектес, әлек ет — әлектендір, себеп ет — себептес, звонить ет — звонда, ең-бек ет — еңбектен т. б.



Мұндай аналитикалық сөздердің жасалуына негіз болған тірек компонент екінші орында тұр. Оны басқа күрделі сөздерден де көруге болады: көріп кет, жүріп кет, алып кет, беріп кет, айтып кет, соғып кет, жөндеп кет, жазып кет т. б. Осындағы кет етістігі — күрделі етістік жасаушы тірек компонент. Ол басқа етістіктердін, соңына тіркесіп, олардан күрделі етістік жасап тұр. Бұл күрделі қимыл тілде бір ұғым болып түсіндіріледі, күрделі етістіктің құрамындағы әр компонент білдіретін қимыл жекелік мәннен айрылған Сондықтан олардың әрқайсысы жеке ұғымды білдірмейді. Тірек компонентті аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасаудағы негізгі тұлға ретінде қарасақ, оның да күрделі сөз құрамында көбіне екінші орында тұруы бұл заңдылықтың тілде кең тарағанын, жалпылық ерекшелігінің молдығын көрсетеді. Әрі өте турақты, әрі тілге өте кең таралған бұл зандылық — түркі тілдерінің тек сөзжасам жүйесінің ғана емес, жалпы грамматикалық құрылысының ерекшеліктерінің бірі.



Міне, сөзжасам жүйесінің заңдылықтары дегенде осындай сөз жасау ушін тілде әбден қалыптаскан құубылыстарды айтамыз. Жаңа сөз жасау осындай сөзжасам жүйесінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы ғана жүзеге асады. Әркім өз ойына келгенінше, қалай болса солай сөз жасай алмайды. Заңдылық ретінде әбден кальш-таспаған құбылыстар тілдің сөзжасам жүйесіне жатпайды, оның сипатын білдіретін белгі ретінде саналмайды.



Қазақ тілініқ сөзжасамы жеке сала болғанымен, сөз-жасамдық құбылыс әр сөз табымен байланысты, өйткені сөзжасамдық злементтер барлық сөз табына ортак болмай, жеке сөз табына қатысты. Сөзжасамдық элементтер белгілі сөз таптарының мағынасын береді, сондыктан олар сол сөз табына қатысты ғана сөз жасайды. Осымен байланысты сөзжасамдық элементтердің белгілі сөз табына қатысы айқындалады да, олар белгілі сөз табының көрсеткіші саналады.

Сөзжасамның бұрынырақта әр сөз табының ішінде қаралып келгені де осымен байланысты. Қазір сөзжасам жеке қаралып жургенімен, оның сөз табына қатысьш жокқа шығаруға болмайды.

Қазақ тіліндегі барлық сөз табының сөзжасамдық мүмкіндігі бірдей емес. Зат есім, сын есім, етістік сиякты сөз таптарының сөзжасамдық қабілеті өте күшті. Олар сөзжасамдық элементтерге де өте бай, тілдің сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі де бұл сөз таптарьша қатысты. Сан есім, үстеу сияқты сөз таптарының жоғарыда аталған сөз таптарынан сөзжасамдық мүмкіндігі сәл төмен. Есімдік, одағай, еліктеуіш сөздер сияқты сөз таптары сөзжасам жағынан тым елеусіз, сөзжасамдық қабілеті жоқтың қасы. Ал шылау сияқты сөз табының сөзжасамдық элементтері де жоқ.

Сонымен бірге әр сөз табының сөзжасамдық өзінше ерекшелігі де болады. Бұл турғыда еліктеуіш сөздер мен сан есімді атауға тура келеді. Мысалға еліктеуіш сөздерде қосымша бірлі-жарым болып, қосақтау тәсілі негізгі орын алады. Сан есімде қосымшалар аз, негізінен аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Бұл ғана емес, сан есімнін, аналитикалық тәсіл арқылы жасалуында да өзіндік ерекшелік бар, ол осы жүмыстан көршеді.



Тіліміздегі сөз таптарыньщ көбі өзінщ құрамын сөзжасам процестері арқылы толықтырьш, байығыт отырады, олар үшін сөзжасам процесі — үздіксіз болып отыратын құбылыс. Бірақ сөзжасамдық процестін, үздіксіз болып отыруы барлық сөз табына қатысты емес. Сөз таптарының сөзжасам жүйесіндегі осы ерекшелігіне қарап, үнемі дамудағы сөз таптары және белгілі деңгейдегі сөз таптары деп бөлуге де болады. Бірінші топқа зат есім, сына есім, етістік, үстеу жатады. Екінші топқа есімдік, сан есім, одағай, еліктеу сөздер, шылаулар жатады.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]