Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Сан есімнің сөзжасам жүйесі туралы
Сан атаулары — өте көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды барлық көне жазба ескерткіштерден кездестіруге болады. Сан есімдердін көнелігіне байланысты тілдегі барлық сан атауларыньщ калай жасалғаны анық көріне бермейді. Ал марксизм-ленинизм қағидасы бойын-ша жалпы сандық үғымньщ қалыптасуы ақиқат өмірмен байланыстырылды. «Понятие числа и фигуры взяты не откуда-нибудь, а толъко из действительного мира. Десять пальцев, на которых люди учились считать, т. е. производить первую арифметическую операцию, представляют собой все, что угодно, только не продукт свободного творчества разума. Чтобы считатъ, надо иметь не только предметы, подлежащие счету, но обладать уже способностью отвлекаться при рассматривании этих предметов от всех прочих их свойств кроме числа, а эта способность есть результат долгого, опирающегося на опыт, исторического развития»6, — дейді Ф. Энгельс. В. В. Виноградов осы қағидаға негізделе отырып, — орыс тіліндегі сан атаулары зат есім мен сын есімнен бөлініп шыққан7, — дейді. Түркологтарда да осы пікір кездеседі, Н. А. Баскаков: «Сан есімдер — есімдерден бөлініп шыққан сөз табы, олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағьшасын білдіреді»
Қазақ тілінде сан есімді зерттеген Ә. Хасенов осы пікірді] қуаттай отырып: «Түрік тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір шындығынан, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл жалпы сандық ұғымдардын, дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажеттігінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі*Екіншіден, белгілі бір құбылыстьщ өт-кен тарихын қазіргісімен салыстыра, оның қазіргі формаларын зерттей отырып ашуға, тануға болады дейтін марксистік қағиданы басшылыққа алсақ, қазіргі тілдік фактілер, мәселен жоғарыда келтірілген сандық семантикалы есімдер мен сөз тіркестері, түрік тілдеріндегі негізгі сан атаулары зат есімдерден бөлініп шықты деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды»9, — дейді. Бұл келтірілген пікір — жалпы тілде сан есімнің пайда болуы жөніндегі жорамал. Бірақ ол сан атауларының нақтылы қалай жасалуы жөніндегі мағлұмат емес.
Сан есімдер де — өзіндік сөзжасамдық жүйесі бар сөз табы және сан есімнің сөзжасамдық жүйесі өте ертеде қалыптасқан. Сан есімнің сөзжасам жүйесінің өзіндік сөзжасам элементтері, модельдері, типтері бар. Сан есім сөзжасамында тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдер-дің біразы қолданылады, бірақ бәрі емес. Мысалға сан есімде семантикалық тәсіл қолданылмайды, синтетикалық тәсіл өте өнімсіз, ал сөзжасамның аналитикалық тәсілі сан есім сөзжасамында негізгі қызмет атқарады.
Сан есім сөзжасамдық элементтерінің қызметі белгілі заңдылықтарға негізделген. Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы белгілі қосымшалармен ғана бай-ланысты. Сан есім — қосымшаға өте кедей сөз табы. Сан есімнің сөзжасам қосымшаларының қолданылуының тілде өзіндік заңдылығы қалыптасқан. Мыс: сан есім жұрнақтары басқа сөз табына жалғанбай, тек сан есім сөздерге жалғанады да, одан сан есімнің түрлі семантикалық топтарын жасайды. Басқа сөз таптарының қосымшалары өз аясында тұйықталмайтын болса, сан есімде оның сөзжасамдық қосымшалары өз аясынан шықпайды. Сан есім қосымшалары жаңа сан атауларын жасай алмайды, тек сандық атауларды түрлендіріп, оған мағына үстейді. Мысалы:
Екінші, үшінші күндері ағаш отыргызушылардын, тобы көбейе түсті. Иә, айтты — айтпады, өткен жылы төртінші бөлімше колхоз бойьшша мемлекетке астық сату жоспарын бірінші болып орындады (Қ. Боранбаев) Осындағы екінші, үшінші, төртінші, бірінші деген сан есімдердін, құрамындағы -нші, -інші жұрнағы реттік сан есімдер жасайды, яғни сан есімніқ бір семантикалық то-бынын, жұрнағы. Мұнда осы сөздерге негіз болып түрран сан атауларынан басқа сандық ұрым, атау жасалмаған. Негіз сөздін, сандық үғымыньщ үстіне реттік мағына қосылған.
Мұндай сан есім қосымшалары көп емес, оларға реттік, жинақтық сан есімдердіқ қосьшшалары жатады. Сан есімнін, түрлі семантикалық топтары жасалу үшін, басқа сөз таптарыньщ қосымшалары да пайдаланылады. Бұл құбылыс та тіл заңдылығы-нан негізгі орын алмағаны-мен, тілде бар жағдай. Тілдік элементтердін өз кызмет-інен басқа да түрлі қызмет атқаруы кездесіп отырады. Сан есімніқ семантикалық топтарыньщ жасалуында бұл біраз орын алады. Мысалы: Жасы сол кезде қырык-тарды алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді (С. Мүқанов). Жасы отыздардағы, кыр мүрыннын, астьша шоқталап мұрт қойған сірінде қара жігіт (Ж. Жұмақанов). Мұнда қырықтар, отыздар деген болжалдық сандар сан есімге көптік жалғау жалғану арқылы жасалған. Сан есімнің болжалдық семантикалық тобыньщ жасалуына зат есімнін, көптік жалғауы қатысып тұр.
Сонымен бірге сан есімнін. синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы тілдің жалпы завдылықтарымен ұштасып жатады. Айталық сан есім қосымшаларыньщ сөзде ала-тын орны тек сан есім қосымшаларына ғана катысты завдылық емес, ол — жалпы қосымшаларға ортақ заңдылық. Бүл сияқты тілдін, жалпы зандылықтарынан сан есім қосымшалары тыс қала алмайды.
Сөзжасамдық элементтер тек қосымшалар ғана емес екені жоғарыда айтылған. Сан есім сөзжасамвның тұтқасы қосымшаларда емес, түбір сөзде, сандық атаулар-да. Сан атауларына тіліміз өте бай. Қандай болмасын сандық ұғымды дәлме-дәл білдіруге тіл байлығымыз» сандық атауларымыз жеткілікті. Осы байлық негізінен бір сандық атау мен екінші сандық атаудьвд бір-біріне тіркесуі аркылы жасалған, яғни аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Басқаша айтқанда, сан есімде сөзжа-самдық негізгі элементтер — сан атауларының өзі, өйткені сан есімде сан атауларын туғызу, жасау тек қана бір сандык атау мен екінші сандық атаудың тіркесі арқылы ғана жасалған. Олай болса, сан есімде жаңа сандық ұғым негізінен күрделі сан есімдер, күрделі сан атаулары арқылы ғана аталған. Сондықтан да сан есім сөзжасамьшың негізгі кілті сандық атау сөздерде, олардың тіркесінде деп санаймыз.
Сандық атаулардьщ негізгі жасалу жолы аналитикалық тәсілмен байланысты болғандықтан, бұл тәсіл арқы-лы сан есімдердің жасалуының өзіндік жолы, тіркесу
реті, модельдері бар. Сан атауларын бір-бірімен тіркестіретін морфемалар, жалғастырушы қосымшалар түлде жоқ, сан есімнің жасалуы таза аналитикалық тәсілге жатады. .Сондықтан сан есім сөзжасамының аналитикалық турінде сөз-жасамға қатынасатын компоненттердің орьш тәртібінің маңызы өте зор. Мысалы; он бір, он бес,отыз алты, елу сегіз, тоқсан тоғыз т. б. Осы сандық ұғымды білдіру ушін компоненттердің осы орны сақталу керек. Олардың орнын өзгертуге болмайды. Мысалға жоғарыдағы сандардың компоненттерінің орнын өзгертіп бір он, бес он, алты отыз, сегіз елу, тоғыз тоқсан түрінде алсақ, жоғарыдағы мағына сақталған жоқ, мулдем басқа мағына туды. Бұдан сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жаса-лымында компоненттердің орын тәртібі өте тұрақты, оның ерекше мәні бар.
Сан есім кез келген сандардың бір-бірімен тіркесуі арқылы жасалмайды. Мұнда қальштасқан белгілі заңдылық бар. Ол заңдылық бойынша тілімізде сан атаулары-ның қайсысының қалай тіркесуі қалыптасқан. Оны курделі сандардың тіркесу модельдерінен көруге болады, ал сан есім сөзжасамдық модельдерге өте бай. Айталық ондық пен бірлік аралас сандардың жасалу моделі мен жуздіктердің моделін салыстырып қарайык. Ондық пен бірлік аралас сандар он және бірлік компоненттен тұратын ондық-^-бірлік туріндегі модель арқылы жасалады да, мағына компоненттердің мағынасының қосындысы-нан туады: отыз бес, қырық жеті, елу алты, сексен жеті т. б. Ал жуздік атаулар бірлік (жуздік моделімен жа-салады да мағына компоненттердің мағынасының көбейтіндісінен туады. Мысалы: екі жуз, бес жүз, алты жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз т. б. Әр турлі сандық атаулардың турлі-турлі нақтылы модельдері бар. Ол модельдердің әрқайсысының белгілі құрамы бар, оған қатысатын компоненттер — тек сан есім сөздер ғана. Әр модель бір топ сандардың атауларын жасайды, яғни мұнда нақтылы сан атаулары жасалады. Ол модельдерге кейінірек арнайы тоқталамыз, өйткені сан есімнің сөзжасам модельдері гылымда сөз болған емес.
Сан есім сөзжасамдық модельдері күрделі сан атауларының жасалуын көрсетеді, ал сан есім семантикалық топтары да аналитикалық тәсіл арқылы жасалады, бірақ мұнда компоненттердің тек қана сан есім болуы міндетті емес, өйткені оған басқа сөз табы, яғни шылаулар да қатыса береді. Мысалы: Оның құны көп болса, он-он бес сом (С. Мұқанов). Айналасы отыз шақты ғана үйлік төрелер бірі мен бірі айнала құда (С. Мүқанов). Осы мысалда сан есімнің болжалдық тобына жататын екі мысал бар. Оның біріншісі он және он бес сандарының қосарлануы арқылы жасалған, компоненттерінің екеуі де сан есімнен, ал екіншісі есептік санға шақты деген шылаудың тіркесі арқылы жасалған. Бұдан тағы да сан есімнің семантикалық тобыньщ жасалуына басқа сөз табының қатысы көрініп тұр.
Сан есім құрамында кездесетін көне қосьшшалардың жағдайы басқашарақ. Олар: -ыз/-із (сегіз, тоғыз), -ты/ -ті (алты, жеті). Бұл морфемалардьщ этимологиясы бел-гісіз. Қосымша сөзде жиі кездесетін элемент, бірақ ол басқа сандарда қайталанбайды. Ал сан есім сөздердін, құрамында кездесетін басқа жымдасқан морфемалардың түп негізі белгілі сөзге барып тіреледі. Бұл заңды, өйткені сан есім сөзжасамынын, негізі — синтегикалық тәсіл емес, аналитикалық тәсіл. Оған дәлел ретінде құрамы күрделі морфемадан түратын алпыс, жетпіс, сексен, тоқ-сан атауларын келтіруге болады. Н. Қ. Дмитриев кейбір жеке сөздердіқ этимологиясына келсек, алтмыш (алпыс), етмеш сөздері алты, ете (жеті) сөздерінен -мыш, -меш жұрнақтары арқылы жасалған, ол алғаш он дегенді біл-дірген болу керек. Мұндай сан есім формалары көптеген түркі тілдеріне қатысты дейді. Ол сексен, тощсан сөздерін сегіз, тоғыз сөздерімен байланыстырады да, олардың құрамындағы екінші компонентті он сөзінің өзгерген түрі деп санайды.
К. Мұсаев та осы пікірді қуаттап, кейбір сан атаулары этимологиясы түрғысынан күрделі сан есімдерден шыққан, мысалы: алты-мыш, йет (и) -миш, сексен (секиз он), тохсан (тоғуз-он)» дейді.
Қазақ тілінің мамандарынан Ә. Хасенов осы пікірді куаттай отырып былай дейді: «мыш-міш формаларын айкындауда еске алынуға тиісті бір жағдай бар. Ол казіргі чуваш тіліндегі реттік сан аффиксі -меш. Мәселен чуваштарда бірінші, оныншы сияқты формалар перемеш, вунамеш турінде қолданылады. Бұл форма турік тілдері-нің басқа ешбіреуінде жоқ. -мыш аффиксі өте көне аффикс. .. Дегенмен -мыш «он» ұғымын білдірген деген пікірді туркологияда толық дәлелденген пікір деуге тарихи дерек жоқ»12.
Алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сандарыиын, жасалуы туралы пікір өте ертеден келе жатқанымен13, Ә. Хасеновтың бұл мәселе әлі «толық дәлелденген деуге тарихи де-рек жоқ» деген сөзіне қосылуға болады, өйткені осы пікір айтылғаннан бері қанша уақыт өткенімен, оған әлі ұтымды, жаңа дерек косылған жоқ. Бірақ жоғарыдағы пікірлердің бәрі ондық атауларының жасалуын бірлік+ ондық моделіне апаратыны анық. Көне түркі тілінде ондық атауларының жасалуында осы модельдің қолданыл-ғаны ақиқат шындық. С. Е. Малов орхон жазбаларында ондықтардың бірліктермен тіркесте жиырма, отыз, елу, алпыс сияқты атаулары қолданылса, бірліксіз таза он-дық түрінде екен, үшон, төртон, бесон, алтон сияқты атаулары қолданылғанын айтқан. Ондык, атауларының алғашқысы қазіргі түркі тілдерінің көбінде сақталса, соңғысы аздаған тілдерде ғана сақталған. Олар: сары ұйғыр, тофалар, тува, алтай, якут, хакас тілдері.
С. Е. Малов ондық атауларының жиырма, отыз, алпыс, жетпіс сияқты турлері екіон, үшон, алтыон, жетон атауларына қарағанда көне деп санаған14. С. Е. Малов бул пікірде алғашқылардың этимологиясының белгісіздігін, соңғылардың зтимологиясыньщ анықтығын негізге алған. Сөздердің морфемдік құрамының сақталмауы — оның көнелігіне көрсеткіш бола алатыны тіл білімінде танылған қағида. Сондыктан С. Е. Малов пікірімен келісуге және оны төмендегіше толықтыруға да болатын сиякты.
Тіліміздегі сөзжасам жүйесінін. заңдылығы бойынша жаңа сөз тілде бар модель-мен жасалады. Олай болса ондықтардын, соқғы атаулары да бұрын ондықтар жасал-ған модель бойынша жасалған. Бұдан соңғы атаулар жасалған бірлік+ондық моделі оның алдындағы алпыс, жетпіс сияқты сан атаулары жасалған модель деп танылу қажеттігі шығады. Егер бұл дұрыс болса, онда алпыс, жетпіс сияқты сандардың құрамындағы -пыс, -мыс компоненттерін түркологтардын, он ұғымын берген сөз деген пікірі растала тұседі.
Сонымен бірге ондықтарға екінші ат беру неге керек болды, деген сұраққа да жауап беру өте қажет. Ол жөнінде екі түрлі жорамал келтіруге болады. Біріншіден, ондықтар құрамындағы -мыс ондық ұғымындағы өте көне морфема болу керек. Ол — орхон жазбаларыньвд кезінің өзінде көнерген форма, өйткені ол сол кездің өзін-де жеке қолданылмаған, осы ұғымда сол кезде он сөзі қолданылғаны көне жазба ескерткіштерден белгілі. Сондықтан кейінгі он сөзі арқылы бұрынғы модель бойынша ондықтардын, екінші аттары пайда болуы мүмкін жағ-дай. Екіншіден, жиырма, отыз, елу атаулары бірліктер-мен бірге ғана қолданылғанын да білеміз. Мысалы: бір отыз (жиырма бір), екі отыз (жиырма екі), бес отыз (жиырма бес). Сан атауының бұл түрінде бірліктін, кай ондықтын, бірлігі екенін көрсеткен. Осыдан бірліксіз жеке келген толық ондықты атау қажеттігі де туғаны анық. Міне, осы жағдайлар ондықтардын. екінші атауларын туғызған деуге болады. Олар: үшон, төртон, бесон т. б.
Сөйтіп, аталған ондықтардың құрамындағы морфемдік күрделілік олардын, қосымша арқылы емес, бірлік пен ондық ұғымды білдіретін сөздерден ондық атаулары жасалғанын көрсетеді. Қазір қүрамы әбден жымдасқан бүл сөздердің аналитикалық тәсіл арқылы екі санньщ тіркесінен, олардын, біріне-бірі көбейтілуі арқылы ондық-тардың атын жасағаны көрінеді. Аталған тәсіл сан есім сөз-жасамында өте ерте кең тараған. Негізі ерте қаланған аналитикалық тәсіл күні бүгінге дейін сан есім сөзжасамынан негізгі орын алады. Ешбір сөз табының сөз-жасамынан ол сан есімдегідей орьш алмайды. Бұл сан есім сөз табының даму тарихының барлық кезеңіне қатысты деуге әбден болады.
Қорыта келгенде, сан есім сөзжасам жуйесінен мына-дай жағдайлар анық байқалады. Нақтылы сандық атаулардың жасалуына қатысатын элементтер — тек қана сан есімдер. Ал сан есімнің семантикалык топтарының жасалуына сан есімнің өз көрсеткіштерімен қатар басқа сөз таптарының кейбір көрсеткіштері де актив қатысады. Әрине, сан есім семантикалық топтарының жасалуына кез келген қосымша қатыса бермейді. Ондай қызметке араласатын қосымшалардың турлері де, саньг да белгі-лі, олар әр семантикалық топтың жасалуында айтылады, бұлардың негізгі қызметтерімен бірге сан есім семанти-калық топтарын жасау қызметі де өте тұрақты, әбден қальштасқан. Сондықтан оларды сан есім семантикалық топтарын жасайтын көрсеткіштер қатарында тануға әбден болады. Енді сан есім сөзжасамы-ның өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Жоғарыда сан есім сөзжасам жуйесіне берілген сипаттамалардан сан есім сөзжасамының басқа сөз таптарының сөзжасамы-мен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі молдығы байқалды. Буларды жинақтай келгенде, төмендегі ерекшеліктерді атау қажет. Ол ерекшеліктердің бірі — сан есімнің сөз тудырушы, сандық уғьш жасаушы журнақтары жоқ. Сондықтан сан есім басқа сөз таптарын жұрнақ аркылы сан есімге айналдырып, өз құрамын толықтыра алмайды, басқа сөз табынан сан есімге айналдыратын аффикстер сан есімде жоқ. Ешбір сөз табы сан есім сөзжасамына негіз болмайды.
Тілде бір сөз табынан екінші сөз табьг жасалыгг, бір сөз табы екініш сөз табында жаңа сөз жасауға негіз бо-лып, сөз таптары тілді жаңа сөзбен байытуда улкен қыз-мет атқаратыны белгілі. Мысалға етістіктен зат есімдер жасалу, керісінше, зат есімдерден етістік жасалу, сын есімнен зат есім не етістік жасалу сияқты құбылыстар тілдің сөзжасамындағы негізгі заңдылықтарға жатады. Тілдің сөзжасам жуйесіне кең тараған негізгі жолға жа-татын бул қубылыс сан есім сөз жасамында кездеспейді.
Сан есім өзінің құрамын басқа сөз табы арқылы толықтырмайды. Сан есім сөзжасамының басқа сөз таптарының сөзжасамынан негізгі ерекшеліктерінің бірі де осы белгіге байланысты. Сан есім сөзжасамына тек сан атаулары ғана негіз болады, басқа сөз таптары сан атауларының жасалуына негіз бола алмайды. Басқаша айт-қанда, сан есім сөзжасамы сан есім аясынан шықпайды.
Сан есімдер өзінің ішкі мүмкіндігі арқылы ғана байып, толығып, басқа сөз табының қатысын керек етпейді. Мұндай ерекшелік басқа сөз таптарында кездеспейді. Сондықтан оны сан есім сөзжасамына байланысты негіз-гі ерекшеліктердің бірі санауға әбден болады.
Бірақ бұған қарап, сан есімде ешбір қосыміла жоқ де-ген пікір тумау керек, өйткені сан есімнің өзіне ғана тән аздаған қосымшалары бар. Олар жаңа сандық ұғым туғызбағанымен, санға үстеме мағына қосып, сан есімнің турлі семантикалық топтарын жасайды. Сан есім қосымшалары тексан есімдерге ғана жалғанады, басқа сөз таптарына жалғанбайды, яғни мұнда негіз сөз тек сан есім ғана болуға тиіс. Бұл жағдай сан есім сөзжасамының өзі ішінде тұйықталуын туғызған, басқаша айтқанда, сан есім сөзжасамы өз аясында қалады, бұл да сан есім сөзжасамының бір ерекшелігі.
Сан есім сөзжасамының осы ерекшелігі көне заман-дардан қалыптасқан. Оған сан есім сөздердің морфемдік құрамы да толық дәлел болады. Сан есім сөздердің мор-фемдік құрамындағы кей сөзде ғана қосымшаға ұқсас морфема бар, олар: -пыс -піс (алпыс, жетпіс), -із/-ыз (се-гіз, тоғыз).
Сан есім сөзжасамында тағы бір ерекшелік өзіне на-зар аударады. Сан есім сөзжасамындағы негізгі модельдер мен тәсілдер қазір өз қызметін тұйықтаған, өте пас-сивтенген, олар тілді сан атауларымен қазір күнделікті толықтырып отырған модельдер мен тәсілдер емес. Анығырақ айтсақ, сан есім сөз жасамының модельдері мен тәсілдері бір кездерде өте актив қызмет атқарып, тілдегі сан атауларын жасаған. Тілімізге орыс тілінен миллион, миллиард, триллион сияқты сан атаулары енген кезде де олардың тіркесімен талай сан атауларын жасауда сан есім сөзжасамының тәсілдері мен модель қызмет атқарды. Бірақ сан есім сөзжасамының тәсілдері мен модельдері қазір жаңа сан атауларын жасап,тілге жаңа сан қосып, үздіксіз қызмет етіп отырға7 олардың қызметін зат есім, сын есім, таптарының сөзжасам модельдері, тәсілдерімен салыстыруға келмейді. Сондықтан да сан есім етістік сияқты сөз таптарымен салыстырғанда, тұрақты деуге болады. Аталған жағдайлар сан есім сөзжасаманының өзіндік ерекшелігін танытады.
Зат есім сияқты сөз таптары өз құрамын басқа тілден енген сөздер арқылы да толықтырып отырады. Бұл құбылыс та сан есімде жүйелі түрде больш тұрмайды. Бірақ сан есімде ол кездеседі, мүлдем жат емес. Ұлы Октябрь революциясынан кейін Қазақ тілінің сан есім кұрамына орыс тілінен аздаған ғана сөздер енді: миллион, миллиард, триллион. Бұлардың ішінде миллион, миллиард сандары тілде жиі кездеседі, көп қолданылады. Мысалы: Біз қырық-елу гектар ексек, әлденеше миллион сом кіріс енгізеді (Ғ. Мұстафин). Мал шаруа-шылығында өзгерістер байқалды: сүт өндірудің жылдық орташа мөлшері 7,4 миллион тонна, ет—1,4 миллион тонна, жұмыргқа — 4,6 миллиард дана көбейді (СҚ.).
Тіліміздегі сан есімдердің басқа тілден енген сан атаулары арқылы толығуы өте өнімсіз және тілдің баска тілден сан атауларын кабылдауы жүйелі түрде болып тү-ратын кұбылыс емес. Бұл жолмен де сан есім толығып, байып отырмайды. Сан есім сөздер сырттай қарағанда, өте аз болып көрінеді, өйткені көпшілік бұл сөз табына бірлік, ондық атаулары мен жүз, мың сияқты сөздер ғана жатады деп ойлап қалады. Шындығында сан есімге жататын сөздер жиырма шақты дара сөздермен ғана шектеліп қоймайды, оның кұрамы бұлардан әлдеқайда мол. Сандық ұғымдарды білдіретін сөздер басқа ешбір халықтың тілінен кем емес. Қазақ тіліндегі аналитика-лық тәсіл арқылы елу сегіз модель бойынша миллионға дейін 999980 күрделі сан атаулары жасалған, сан есімді сөз табы дәрежесіне көтеретіндер де — осы күрделі сан атаулары. Бірақ олар санаттан тыс қалып, сөздіктерде көрінбей жүр. Сан есім атауларынан сөздікте небәрі жиырма шақты дара сандардың атаулары ғана беріледі.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Алғы сөз
» Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Есептік сандардың сөзжасамы
» Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Реттік сан есімнің сөзжасамы
» Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жинақтық сан есімнің сөзжасамы
» Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Топтық сан есімнің сөзжасамы
» Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Алғы сөз
» Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Есептік сандардың сөзжасамы
» Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Реттік сан есімнің сөзжасамы
» Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жинақтық сан есімнің сөзжасамы
» Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Топтық сан есімнің сөзжасамы
Іздеп көріңіз: