Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Топтық сан есімнің сөзжасамы


Топтық сан есімдердін. көне замандардан келе жат« қан -ер жұрнағы бар. Бұл жұрнак. арқылы Қазақ тілінде бірер деген жалғыз сөз ғана жасалады. Бірак бұл жұр-нақ басқа түркі тілдерінде Қазақ тіліндегіден әлдеқайда өнімді қызмет атқаратыны байқалады. Осы жұрнақтың бірсыпыра түркі тілдерінде -ар, -әр дыбыстық вариант-тарымен қатар -сар, -сер,-шар, шәр варианттары да бар. Олардан татар, башқұрт, түрік, қарақалпақ, гагауз, қарачай — балқар тілдерін атауға болады. Ал осы қосым-шаның бұл тілдерде қолданылу жайына келсек, Қазақ тілінде топтық сан есімнің -ер қосымшасы арқылы жасалуына жалғыз бір сан есімі ғана негіз болса, басқа түркі тілдерінде топтық санға негіз болатын есептік сандар біздің тіліміздегідей санаулы емес, ол тілдерде бұл семантикалық топ біздің тілімізден өнімді. Кейбір түркі тілдерінде осы аффикстер арқылы онга дейінгі есептік саннан, ал кейбіреулерінде оннан кейінгі күрделі санға да жалғанып, олардан топтық сан есім жасайды. Түркі тілдерінің басым көпшілігіне тән бүл аффикстің Қазақ тілінде бір ғана дыбыстық варианты және бір сөзде ғана сақталып, ол көнерген өнімсіз аффикске айналған және оның ешқандай топтау мағынасы сақталмаған.



Қазіргі Қазақ тілінде топтық сан есім жасалатын негізгі көрсеткіш шығыс септік жалғауы. Шығыс септік жалғауы сөз жасаушы қосымшаға жатпайтыны белгілі, ол — сөздерді байланыстырушы косымша. Бірақ бұл қосымша есептік санға қосылғанда, өзінің негізгі синтаксистік қызметін атқармайды, есептік санды сөйлемде басқа сөзбен байланыстыру қызметінде емес, есептік санға топтау мәнін қосады. Мысалы: Күніне үшггч, төрттен бордақы семіз қойларды сойғызып, үйіткізеді (М. Әуе-зов). Неге екені белгісіз, Сикорский келгсн жігіттерді жиырмадан топтап, бөле бастады (Ғ. Мүсірепов). Абай бұл үйге кіргенде, әр үстелдің айналасында екіден, үштен отырьш, кітапқа үңілген жандарды байқады (М. Әуезов). Бір күн отырып, төрттен, бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырды. (М. Әуезов). Сол күні скі жақтан ‘ үшеуден алты ғана кісі шақыртып алды (М. Әуезов).



Қайталама қос сөзден тұратын болжалдық сан есімдерден шығыс есптік жалғауы арқылы топтық сан жасалады. Мысалы: Дәулетінің молдығы Нұртазаны жүз орап алатын Әлти жалшыны екіден-үштен емес, елуден-алпыстан жалдайды (С. Мұқанов). Жүз-жүзден шоғырланып аттанран жігіттер Амантай қосын айнала қор-шаған кезде, туды Темірбекке ұстатып, Амантай да атқа мінді (С. Мұқанов). Жиренше мен Оразбай қастарына бес-бестен кісі ертіп, жақын отырған Керей мен Сыбанды екеуі екі жақтан аралап шықты (М. Әуезов).



Топтау саны, топтау ұғымы сан есімнен кейін тіркескен өлшем мағынасындағы га, кг; метр, пұт, литр, центнер т. б. сөздерге шығыс септік жалғауы қосылу арқылы да жасалады. Мысалы: Алдағы жылда гектарына екі жүз центнерден астық аламын

(Ғ. Мұстафин). Гектарынан жүз жиырма бес центнерден алғанда, тары басын көтере алмай кұлап қалған (Ғ. Мүстафин).



Морфологиялық құрамы жағынан топтық сан есімдер де дара және күрделі болады. Бұл топтық сан есімдердін, жасалуына негіз болған есептік санның дара және күрделі болуына байланысты. Мысалы: он+-нан, жүз+ден, алты+дан, төрт+тен, отыз+дан, елу+ден, жиырма бес+тен, жүз елу+ден, алпыс үш+тен, екі жүз елу алты+дан, бес + бес-(-тен, он+он+нан т. б.



Қорыта айтқанда топтық сан есім шығыс септік жалғауы арқылы есептік сандардан талғамай жасалады, топ-тық сан жасалатын есептік сандарға, оның құрамына шек қойылмайды, тек -ер жұрнағы арқылы топтық сан жасалуда ғана шек бар. Шығыс септіктің, топтық сан жасаудағы қызметі өнімді, мағынасы жағынан алғанда, шығыс септік мұнда өз мағынасынан мүлдем айрылған, онда қимылдың басталар нүктесін білдіру мағынасы мүлдем жоқ. Топтық санда шығыс септік өз мағынасынан айрылып, заттардың сан мөлшерін топтап көрсетеді, сондықтан оның синтаксистік қызметі де сақталмаған. Шығыс септіктегі сөз сөйлемде мекен пысықтауыш, кейде толықтауыш болса, топтық сан есімдер сын-қимыл пысықтауышы болады. Мысальг Қаладан келді, жақсыдан — шарапат. Олар он бес-жиырмадан келеді. Келтірілген мысалдарда қаладан — мекен пысықтауыш, жақсыдан — толықтауыш, он бес-жиырмадак — сын-қимыл пысықт ауыш.



Топтық сан есімдер сөз турлендіруші қосымшалармен түрленбейді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]