Реферат: Төлеген Айбергенов (1937 - 1967)

Реферат: Төлеген Айбергенов (1937 - 1967)

Дүниеге өзінің аппақ, тап.таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов 1937 жылы Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туды. 1959 жылы Ташкент педагогикалық институтын бітірген соң, 1965 жылға дейін мектеп
мұғалімі, мектеп директоры болды.
Төлеген Айбергенов алғашқы жазған өлеңдерінен.ақ қазақ поэзиясына тың серпіліс, жаңа бір екпін әкелді. Оның туған жерге деген сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы өлеңдері 1961 жылы шыққан жас ақын.жазушылардың "Жас дәурен" жинағына кірді.
Бұдан кейінгі "Арман сапары", "Өмірге саяхат" (екеуі де 1963 жыл), "Құмдағы мұнаралар" (1974 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын алды), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Бір тойым бар" (1981, 1989) жинақтарында замандастарының бейнесі, ол аралаған қазақтың өлкесінің сыры мен кені, даладағы ұлы тіршілік ақынның бір жапырақ жүрегінің сүйіспеншілігіне бөленген.
Поэзияда оны Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Жарасқан Әбдірашев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахым т.б. жас ақындар ұстаз тұтты.
1987 жылы Т.Айбергеновтің "Мир созвездий" атты таңдамалы жырлары орыс тілінде жарық көрді.
Арқалы ақын, адалдық пен арды ту қып көтерген азамат 1967 жылы Нүкіс қаласында қайтыс болды. Бүгінде Қазақстан Жазушылар одағының жастарға арналған поэзия саласындағы әдеби сыйлығы Төлеген Айбергенов атында.

Төлеген Айберген
Мансабы: Ақын
Ұлты: Қазақтар
Жанры: Әдебиет
Сюжеттері: Табиғат, әсемдік, тәлім.тәрбие, махаббат


Төлеген Айберген . қазақ халқының ақыны. Төлеген Айберген (3. 3. 1937 ж. т., Қарақалпақ АССР.і, Қоңырат ауд., "Қоңырат" с. . зы, . 29. 8. 1967, Нүкіс қ.) .ақын. Ташкент пед. ин.тын бітірген (1959). 1959.62 ж. ' Қоңырат ауд.ндағы орта мек.тепте мұғалім, 1962.65 ж. Шымкент обл.ның Сарыағаш ауд.ндағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанын.дағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. А. өлеңдері респ. баспасөзде 1957жыл.дан жарияланды. Туған жерге деген албырт са.ғыныш пен мелдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 ж. шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары . "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Қумдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған рашық едім" (1970), "Ама.нат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет.кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай.ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдама.лы өлеңдері аударылып басылды. А.тың "Ақ серке", "Ақ жайық", "Жаңғырран Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол ту.рапы жазылран "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.


Сағындым жаным, мен сені!
Көркіңді жүрген қуаныш қылып, мендей ме екен бар ағаң,
Шын інім болсаң, бас бұрма, жаным, өсек . ғайбатқа бораған.
Қажет жерінде қатыгездік пен қаталдық керек десек те,
Адамның заңғар ұлылығын сен сағынышымен есепте.
Онсыз сен тіпті тұлпар да болсаң, қосыла алмайсың қатарға
Әуелі әбден сағынып алмай шығушы болма сапарға.
Сағынбай барсаң, теңіз де сенің тебіренбес жастық шағыңдай,
Бұлбұлдың дауысын есіте алмайсың, бауларға кірсең сағынбай.
Сағынбай барсаң, таулар да сенің алдыңнан шықпас асқақтап,
Ойлауың мүмкін дүниені мынау кеткен екен деп тас қаптап...


Айтулы толғауды осы бір жерден үзеріміз үзіп алып, әрі.сәрі күйге түстік. Көз жауын алардай жауһарды сындырып алғандай, соның сіздерге тек бөлшегін ұсынғандай пұшайман болдық. Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын, бірінен.бірі туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып атқыған сезім серпіні үзуге, іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Жыр жүйрік. Апшы қуырған асау ағыс. Аяғына дейін жіберіп, ат басын ағытқан осынау бір тұлпар шабысты тек тамашалай бергің келеді. Тамсана бергің келеді. Ақын үніне үн қосып, сөз шығындап жатқың келмейді. Мың құбыл шұғылалы жыр жауһарларын назарларыңызға бірінен.кейін бірін ұсынып, айберен толғауға үнсіз ден қойып отыра бергің келеді, осынау сұңғыла шабысқа қосыла қол шапаттап отыра бергің келеді. Төрт аяғы тең жорға Төлеген жырларын, шашасына шаң жұқпас ақпа жырларға қара сөзбен түсініктер жазып сипаттап, суреттеп жату — бір әурешілік. Қазақтың арнасы кең жыр дариясына сонау алпысыншы жылдар аяғында бір бүйірден апшып келіп, бір ақжал толқын ұрғаны есте. Төлеген — толқын. Арқырап ақжалданып шиыршық атып келген толқын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
толеген айбергенов биография на казахском, толеген айбергенов реферат на казахском, төлеген айбергенов өмірбаяны реферат, төлеген айбергенов реферат, өмірбаян қазақша төлеген айбергенов, төлеген айбергенов өмірбаяны, төлеген айбергеновтың өмірбаяны, толеген айбергенов омирбаяны, беимбет майлин в биография на казахском, толеген айбергенов биография на казахском языке, толеген айбергенов казакша биография

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]