Қазақша реферат: Теміртау қаласы

Қазақша реферат: Теміртау қаласы

Теміртау - қала, Орталық Қазақстанның, Қарағанды облысында Нұра өзенінің бойында орналасқан. Ол бүкіл Қазақстанға, ТМД елдеріне өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі, өйткені Теміртау – республикамыздың ірі индустриялды орталығы, еңбеккер даңққа бөленген қала. Теміртаудағы «Миттал Стил» зауыты шойын, болат, агломерат және т. б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірістерді, өнеркәсіптерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өзінің өнімдерін 60-тан астам елдерге экспортқа шығарады.

Теміртауда еліміздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбек етті, өндіріске мол үлесін қосты, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қабырғасында білім алды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы қаладан шыққан.

Теміртау – облысқа бағынышты қала. Ол Республикамыздың орта бөлігінде орналасқан. Бұрынғы Самарқанд кентінің базасында 1945 жылы 1 қа-занда құрылған. Қала мен оның өнеркәсіптік нысандарын салу Қарағанды көмір бассейнін игеру кезеңімен байланысты.

Жаңадан ашылған көмір өндірісі электр қуатына мұқтаж еді, сондықтан Қарағанды қаласынан 30 километр қашықтықта орналасқан, 200 тұрғыны бар Самарқанд кентінің жанында, Нұра өзенінің бойында гидроузелдің құрылысы басталды. Оның құрылысы 3 жылдан кейін аяқталды.

1942 жылы ҚарГРЭС-те бірінші турбогенератор пайдалануға берілді. Соғыстың қиын жылдарында, КСРО-ның көптеген өндірістік аудандары басып алынған кезде Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Қарағанды қаласының жанында металлургиялық завод салу туралы шешім қабылдады. 1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия заводы жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарына қосылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 1 қазандағы Жарлығымен Самарқанд кенті Қарағанды қаласының қала маңындағы аймағынан шығарылып, Теміртау қаласы болып қайта құрылды. Қаланың аумағы 29610 га. Қала тұрғындарының саны – 2010 жылғы

1 желтоқсандағы мәлімет бойынша 178 723 адам.

Қаланың құрамына 6822 адам тұратын қалалық типтегі Ақтау кенті кіреді. Кенттің аумағында құрылыс материалдарын шығаратын үш кәсіпорын: «Central Asia Cement» ЖШС-і, «Қарцемент»ЖШС-і және «КЗАЦИ» ЖШС-і орналасқан. Өзінің экономикалық ерекшелігі жағынан Теміртау қаласы инфрақұрылымы дамыған ірі индустриалдық орталық болып табылады. Қалада 1500 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде: құрылыс ұйымдары - 382, сауда саласында - 337, өңдеу өндірісінде - 160, тау кен өндірісінде -7, көлік және байланыс кәсіпорындары - 71, электроэнергия, газ және су өндіру саласында - 28, ауыл шаруашылығында-1, басқалары - 514.

Қарағанды облысының жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінде Теміртау қаласы кәсіпорындарының шығаратын өнімдерінің үлес салмағы 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 32,4%-ті құрады, оның ішінде: жалпақ жайма 100%, қара металдан құбыр жасау - 89,2 %, жылу энергиясы- 42,8%, электр энергиясы - 25,0%, тас көмір - 47,2 %, цемент - 100%-ті құрады.

Теміртау қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 2010 жылы кәсіпорынның қолданыстағы бағасымен (шағын кәсіпорындар, көмекші шаруашылықтар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) (жұмыс,қызмет) 329,6 млрд теңгеге ) өнімдер (жұмыс,қызмет) шығарылды, айғақты көлем индексі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 97,4%-ті құрады.

Теміртау қаласының өнеркәсіптік өндіріс құрылымын келесі салалар құрайды: металл өңдеу және металлургия өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, тамақ және ұн тартатын өнеркәсіп, электроэнергетика, басқа да металл емес минералды өнімдер шығару.

Қала мен Ақтау кентінің тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ы, «ТЭМК» ЖШС-і, «Техол» ЖШС-і, «Central Asia Cement» ЖШС-і, «Карцемент» ЖШС-і, «КЗАЦИ» ЖШС-і, «Бидай-нан» ААҚ-ы, «Bassel Gruup LLS» ЖШС-і.

Қаланың дамыған инфрақұрылымы бар.

Автомобиль жолдарының ұзындығы -295 км., оның ішінде 259 км. жолдың беті асфальтталған, 36 км жолдың беті асфальтталмаған.

Теміртау қаласының жолаушыларын тасымалдау қаланың 11 ав-томобиль маршруттары арқылы күнделікті жүзеге асырылады, маршрут таксиі режімінде 5 маршрут және трамвай маршрутында 2, сонымен қатар Ақтау кенті және Мырза станциясы бағыты бойынша жүктерді және жолаушыларды тасымалдау іске асырылады.

Қаладағы үнемі жұмыс істейтін маршруттардан басқа жазғы уақытта жолаушыларды тасымалдау үшін жағажай бағытына 5 маршрут қатынайды.

Күнделікі жолаушылар автобусы маршруттарында сегіз негізгі тасымалдаушылар жұмыс істейді:

- «Daт - TS» ЖШС -і 6 маршрутта қызмет көрсетеді - №№ 7, 8, 10, 14, 22 және 25 (Бейбітшілік даңғылы,251, тел: 95-91-45);
- «TTS» ЖШС-і 3 маршрутта қызмет көрсетеді - №№ 6, 12 және 23 (Бейбітшілік даңғылы, 251, тел: 95-91-45);
- «Қала көлік» ЖШС - і 2 маршрутта қызмет көрсетеді - №№3,15 (Димитров көшесі 214. тел. 95-93-82, 95-91-48);
- ЖК Ж.Г.Мусин - № 6 маршрут таксиінде қызмет көрсетеді;
- «Стэка» ӨК-і маршруттық такси режімінде 3 маршрутқа қызмет көрсетеді - №№ 01, 02, 04 (Бейбітшілік даңғылы, 19, тел. 95-29-19);
- ЖК Т.Қ.Түнқатар - №05 маршрутқа қызмет көрсетеді (Димитров көшесі, 214 тел: 95-93-82, 95-91-48);
- ЖК А.Н.Голубничий Ақтау кенті – Мырза станциясы маршруттарына қызмет көрсетеді.
- «ТАУ-Профи» ЖШС-і 5 жағажай маршруттарына қызмет көрсетеді: «Уралочка», «Пионерские лагеря», «Сортопрокатное производство», «Строителей», «Черемушки» жағажайлары (Бейбітшілік даңғылы, 251, тел: 95-91-45).

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның трамвай паркі №№ 4 және 2 трамвай маршруттарына қызмет көрсетеді, трамвай жолының ұзындығы-48 километр. Парктің жылжымалы құрамы 35 вагоннан тұрады.

Теміртау қаласының тұрғын үй қоры 1160 көп қабатты, 6173 жеке тұрғын үйлерден тұрады.

Теміртау – жоғары мәдениетті қала, оның шығармашылық көркемөнер-паздар ұжымдары Республикамыздан тыс елдерге де танымал.Мәдениет мекемелері теміртаулықтар мен қала қонақтарына күн сайын толыққанды демалыс пен рухани қанағат сыйлайды. Олар:

- Балалар мен жасөспірімдер театры;
- Тарихи-өлкетану мұражайы;
- Қалалық мәдениет Сарайы;
- Мәдениет және демалыс паркі;
- Кереңдердің мәдениет Үйі;
- Қалалық кітапханалардың 7 филиалы бар орталықтандырылған жүйесі;
- Соқырлар мен нашар көретін азаматтарға арналған облыстық кітапхананың филиалы;
- «Ақтау» мәдени-бос уақыт өткізу орталығы;
- 2 жеке кинотеатр.

Теміртау қаласының аумағындағы 3 ескерткіш тіркелген, оның ішінде 2-уі сәулет ескерткіші, олар:

- балалар мен жасөспірімдер театрының ғимараты, 1955 жылы пайдалануға берілген, 2009 жылы күрделі жөндеу жүргізілді;
- мәдениет Сарайының ғимараты, 1972 жылы пайдалануға берілген,2010 жылы күрделі жөндеу жүргізілді.
Монументалдық өнер ескерткіштері:

- Ұлы Отан соғысында қайтыс болған теміртаулық жауынгерлер ескерткіші.Ескерткіштің іргетасына Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған теміртау-лықтардың және жауынгер-интернационалистердің есімдері жазылған плита орналастырылған. Ескерткіш 1974 жылы ашылған, авторы - С.Б.Назарян.
2000 жылы Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған кәсіпорын жұмысшыларына естелік Монумент ашылды (Жеңістің 55 жылдығының қарсаңында ҚарГРЭС-1-дің аумағында).

- 2001 жылы Металлургтер Монументі ашылды (авторы А.Билык, материалы - тот баспайтын болат және қола).
- 2002 жылы қызметтік борышын атқару барысында қайтыс болған Теміртау қаласы ішкі істер басқармасының қызметшілеріне естелік Монументі ашылды (ішкі істер басқармасының аумағында).

Теміртауда 34 үкіметтік емес бірлестіктер, 10 ұлттық-мәдени орталықтар, 4 саяси партиялардың өкілдіктері, 23 діни бірлестіктер мен топтар жұмыс істейді.

Қалада этноаралық және конфессияаралық қарым-қатынас тұрақты.

Қаланың ақпараттық кеңістігін 7 газет: «Теміртау», «Зеркало», «Магнитка плюс», «Металлург», «Второе счастье», «Вечерняя газета», «Темиртауский рабочий» газеті және 2 журнал: «Директор KZ», «Экстрасенс», 3 телеканал: «Сфера» ТРК, «29 канал» ТРК, «43 канал» ТК, «43 канал» сандық телевидение, 1 радиоканал - «Радио-102» құрайды.

Теміртау қаласында бір жоғарғы оқу орны: Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті, сонымен қатар медициналық, политехникалық және музыкалық колледждер, Қарағанды мемлекеттік университетінің Букетов атындағы колледжі, 4 кәсіби лицей жұмыс істейді.

Қалада 30 мыңнан астам адам дене шынықтыру және спортпен айналысады. 2005 жылы «Миттал Стил Теміртау» жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Спорт кешенінде баскетболға, волейболға, мини-футболға және гандболға арналған ойын залы, бокс пен күрес жаттығуларын өткізуге арналған залдар, біріктірілген 2 кіші зал жұмыс істейді. Жаттығу үшін нысанда арнайы жабдықталған зал жұмыс істейді.Үлкен залда көрермендер үшін 200 орындық қойылған. Спорт кешенінде су себезгі және киім шешетін орын жұмыс істейді. Спортшылар мен спорт әуесқойлары үшін қалыпқа келтіру орталығы жұмыс істейді.

2007 жылы қаңтарда «Арго» жеке жүзу бассейні (бұрынғы «Полимер») пайдалануға берілді.

Меморандумға сәйкес 2008 жылы «Металлург» стадионына күрделі жөндеу жүргізілді, оның ашылуына 2008 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты.

Стадионда жеңіл атлетика, футбол, шаңғы тебу бойынша жаттықтырулар жүргізіледі, шахмат-шашка клубы, мотоклуб, Тоғызқұмалақ ұлттық ойын секциялары ашылған, «Болат АрселорМиттал Теміртау» футбол командасының, Қазақстан Республикасының чемпионатының жоғарғы лигасына қатысушылардың оқу-жаттығу процесстері өткізіледі. Қыста стадион аумағында мұз айдыны жасалады, онда жалға коньки және шаңғы беру ұйымдастырылған. Жазда роликті коньки жалға беріледі. Қала тұрғындарының стадионда столдағы теннис ойнауына, сөйтіп бос уақыттарын тиімді пайдалануына мүмкіндік бар. Күнделікті стадионға 345 спортпен айналысатындар келеді.

2008 жылы Мұз сарайының үш жыл тоқтап тұрған тоңазтқыш жабдықтарына жөндеу жүргізіліп, 2008 жылы 4 қазанда салтанатты ашылып, хоккеймен, коньки тебумен, спорттық бимен және жалпы дене шынықтырумен айналысатындарға пайдалануға берілді. 2010 жылы 300 млн теңгеге Мұз Сарайын жөндеудің 1-кезеңі жүргізілді, оның 200 млн теңгесі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен жасалған Меморандум бойынша төленсе, 100 млн теңге облыстық бюджеттен бөлінді.

Қалада спорт ізбасарларын дайындау және өсіп келе жатқан ұрпақты сауықтыру мақсатында облыстық балалар-жасөспірімдер мектебі, спорттың есу түрлері бойынша олимпия ізбасарларын дайындайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, Әлия Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернаттың филиалы жұмыс істейді. Спорттың он түрі бойынша облыстық спорт мектептерінің бөлімшелері жұмыс істейді. Спорт мектептерінде 2838 оқушы спортпен айналысады.

«Жол картасы - 2009» Республикалық бағдарламасына сәйкес 2009 жылы спорттық нысандарға, атап айтқанда, балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне, «Строитель» стадионына, ату тирына және БЖСМ-нің ауыр атлетика залына, спорттың есу түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында «Жастар» жүзу бассейніне күрделі жөндеу жүргізілді, Ақтау кентінің спорт Үйі пайдалануға берілді.

2010 жылы қалалық деңгейде 69 көпшілік-спорт шаралары өткізілді, оған 11435 адам қатысты. Қаланың құрама командалары облыстық деңгейдегі 21 жарысқа және республиклық ауқымдағы 5 турнирге қатысты. Біздің спортшыларымыз облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленеді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту жұмысына көп көңіл бөлінеді, жұмыс 6 топта жүргізіледі, оған 78 адам қатысады. Олардың 7-уі пауэрлифтинг бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатына қатысты.

Әкімдік қызметкерлері, қалалық кәсіподақ, денсаулық сақтау мекемелері, балалардың аулалық клубтары, орта оқу орындары мен колледждер, балалар үйлері мен интернат оқушылары арасында үнемі бұқаралық спорттық спартакиадалар өткізіліп тұрады.

Балалардың аулалық клубтары арасында футболдан «Былғары доп», шайбалы хоккейден «Алтын шайба» жарыстары, жүзуден көпшілік шаралар өткізілді.

Грек-рим күресі бойынша біріншілік, Жеңіс күніне, Балаларды қорғау күніне, Денсаулық сақтау күніне арналып жеңіл атлетикадан эстафета, балалар мен ересектер арасында академиялық есуден Қазақстан Республикасы біріншілігі, есірткімен және есірткінің заңсыз таралуымен күрес күніне арналып спорттың 6 түрінен жарыс өткізілді. Отбасы күніне арналып «Мамам, папам және мен – спорттық жанұямыз» атты қызықты шара өткізілді.

Қалада жеке спорттық клубтар жұмыс істейді, олар: «Евразия», «Меруерт», «Адриналин», «Пекин», «Z-клуб», аталған мекемелерде жаттықтыру залы, бассейн, сауықтыру орталықтары бар, оларда 1420 адам спортпен айналысады.

Қазақстанның басқа қалаларының ішінде Теміртаудың алатын орны ерекше. Тарихи өлшем бойынша қаланың қысқа, түрлі оқиғаларға толы өмірі – Республикамыздың қалыптасуының ажырамас бөлігі.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
темиртау теміртау туралы реферат казакша, темиртау теміртау каласы туралы реферат казакша, реферат на тему темиртау теміртау на казахском языке скачать, темиртау теміртау қаласы туралы реферат, реферат казакша, казакша, реферат, темиртау теміртау каласы, реферат реферат на тему темиртау теміртау, темиртау теміртау туралы реферат, Қазақша реферат: темиртау теміртау туралы казакша реферат, реферат на казахском языке про темиртау теміртау город, темиртау теміртау туралы казакша реферат қазақша реферат, реферат на казахском языке про город темиртау теміртау, на казахском языке скачать, скачать, на тему темиртау теміртау, темиртау теміртау туралы, қазақстан қалалары туралы реферат, казакстан калалары туралы реферат казакша, реферат на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, реферат на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, реферат на тему казакстан калалары, города казахстана реферат на казахском скачать, temirtau temirtau turaly referat kazaksha, temirtau temirtau kalasy turaly referat kazaksha, referat na temu temirtau temirtau na kazahskom yazyke skachat, temirtau temirtau қalasy turaly referat, referat kazaksha, kazaksha, referat, temirtau temirtau kalasy, referat referat na temu temirtau temirtau, temirtau temirtau turaly referat, Қazaқsha referat: temirtau temirtau turaly kazaksha referat, referat na kazahskom yazyke pro temirtau temirtau gorod, temirtau temirtau turaly kazaksha referat қazaқsha referat, referat na kazahskom yazyke pro gorod temirtau temirtau, na kazahskom yazyke skachat, skachat, na temu temirtau temirtau, temirtau temirtau turaly, қazaқstan қalalary turaly referat, kazakstan kalalary turaly referat kazaksha, referat na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, referat na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, referat na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana referat na kazahskom skachat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]