Қазақша реферат: Депозиттік операциялар

Қазақша реферат: Депозиттік операциялар

1. Депозиттік операциялар түрлері
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивтi операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады. Коммерциялық банктің пассивтi операциялары келесi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн:
— банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебiнен аударулар;
— басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
— депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Депозиттік операцияларды жүргізу кезiнде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегiнде келесi ережелерге негiзделедi:
— депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда табуға мүмкіндік жасауға негiзделiп ұсынылады;
— депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерiсiнде депозиттік операциялар субъектiсiнiң ар түрлiлiгiне және депозиттердің әр түрлi нысандардың үйлесiмдiлiгiне ұмтылыс болады;
— депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер мен несиелiк салымдардың мерзiмдерi мен сомалары бойынша несие ұсыну операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын қамтамасыз ету қажет;
— депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерiсiнде банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары деңгейде қамтамасыз ететiн мерзiмдiк депозиттерге ерекше назар аударған жөн;
— депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік шоттардағы бос қаржы резервтерінің ең аз болуына талпынуы керек;
— депозиттердi тартуға әсер ететiн банктiк қызметтерді дамыту және қызмет керсету сапасы мен мәдениетiн жоғарылату шараларын қарастырған жөн.
Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының басты көзi болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға табысты негiзде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар, акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз қаржыларын коммерциялық банктерге салады.
Халықаралық банктiк тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлiнедi:
— мерзiмдi депозиттер;
— талап етiлмелі депозиттер;
— жинақ салымдары;
— бағалы қағаздар.
Бiрiншi топ — талап етiлмелi депозиттер, олар сондай-ақ чектiк депозиттер деп те аталады. Талап ету депозитi түрiнде қаржы тарту кезiнде банк пен салымшы арасында келiсiмшарт жасалады .Чектiк депозит — бұл міндетті түрде өтелуге тиiстi, салымшыға чек жазуға құқық беретiн шот. Чектiк депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауiпсiздiгiмен және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсiндiрiледi. Сонымен катар олар бiрiншi талап бойынша накты ақша алуға мүмкiндiк бередi. Чектiк депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің айтарлықтай көлемi керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін төлем белгiлейдi. Бұл кезде төлем мөлшерi бiр ай көлемiнде жазылатын чектер саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруiмен өзгертiледi. Егер салымшы бiр ай көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын жеткiлiктi баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбiр кездерде бұл төлемдердi алудан бас тартады.
Талап ету депозиттік шотының ерекшелiктерiне мыналарды жатқызуға болады:
— ақшаны салуға немесе алуға шектеудiң болмауы;
— ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегiмен алынуы мүмкiн;
— шот иесi банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбiр жазылған чек үшін коммисия төлеуі;
— Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзiмдiк депозиттермен салыстырғанда үлкен үлесінің сақталуы.
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары есептелетiн контокоррент — бірыңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі. Контокорренттi шот ерекше сенiмдiлiк белгiсi ретiнде тек сенiмдi клиенттерге және бiрiншi сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесi шығындардың түсiмдерден артуы кезiнде әрбiр жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ банкпен жасалған келiсiмге сәйкес анықталған сома шегiнде несие алуға мүмкiндiгi бар.
Талап ету депозитiне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт — банк пен клиент арасындағы келісiмге сәйкес, банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемiнен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бұл да несие алмасуды бiлдiредi Овердрафтың контокорренттен айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетiн жайт, овердрафт шоты қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкiндiгiн шектемейдi. Овердрафт ағымды шоты жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.
Талап ету депозитінің басқа бiр түрі — нау-шоттар — пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау-шоттар — бұл қолма -қол ақшаны қолдану шоттары оларды ашу кызметтер кешенiн ұсынады.
Депозиттік шоттардың келесi түрі — автоматтық аудару шоттары (АТS-шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретiн, чектердi жабу үшін чектiк депозиттерге пайыз әкелетiн депозиттің түрі. Банктер салымшының келiсiмiн жетекшiлiкке ала отырып пайыз әкелетiн шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектiк шоттардағы ең аз балансты көтеру талабы туыдаған кезде автоматты түрде қосады. Мұндай тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейiн сақтауға және бiр мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға мүмкіндік бередi.
Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулерiне «банк қызметкерi жазған чектер және куәландыратын чектер» деп аталатын шағын баптар енгiзiлiп жүр. Куәландырылған чектер — банк қызметкерлерi беретiн төлемi кепiлденген чектер. Банктер чектi куәландыру кезiнде, куәландырылған чекте керсетiлген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке шотта ұстайды. Сонымен қатар, чектi банк қызметкерлерiнің бiрi немесе банктің меншiктi шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол бойынша төлемдердің жүргiзiлуiн күте отырып, қызметкерлер жазған чек сомасына теңестiрiп депозит құрайды. Талап ету депозиттерi бойынша эксплициттiк пайыздың кiрiстер төленбеуiне байланысты банктің көтеген клиентттсрi осы типтес депозиттердегi қаржыларының мөлшерін төмендетуге тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы әдістерiнің бiрi автоматты тазалау шоттары қолданылатын мүмкіндіктердi пайдалану. Мұндай шоттармен ағымдағы операцияларды жүргiзе отырып, банк клиентпен келiсiлген аз шектен асатын кез келген ақша сомасынан шотты “тазартады” немесе оларды аударады, оларды пайыздық кiрiс әкелетін қаржылық құралдарға орналастырады, мысалы, қайта сатьш алу туралы мәмiлеге, яғни операцияны банк күнде iскерлiк күн соңында орындайды. Мұндай жағдайларда, банкке бұл операцияны өткізуге қажеттi чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан талап ету депозитiне аударылады.
Көптеген банктер өзінің клиенттерiнен компенсациялық балансты ұстануды талап өтедi, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кiрiс әкелмейтiн нысанды, яғни банктерге банктiк қызметтердi төлеу үшін қажет. Компенсациялық баланс яғни ақша корларын тартуға орташа шығындарды азайту жолымен қорлардың орташа құнын төмендету айтарлықтай тиiмдiлiк бередi. Кейбiр жағдайларда компенсациялық баланс неие ұсыну, сондай-ақ банктiк карыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келiсiмдi ұстану қызметтерi үшін төлемдi ұсынады.
Депозиттің келесi тобы — жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келiсiм (1 -қосымша) негiзiнде ашылады. Қазiргi кезде жинақ депозиттерiнің басты типi жинақ кiтапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар — бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетiн чектiк емес депозиттер.
Олардың ерекшелiктерiне мыналар жатады:
— кiтапшалы жинақ салымында тұрақты мерзiмiнің болмауы;
— банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол талапты аз қояды;
— шоттың жоғары шегiн белгiлеу мүмкіндiгi;
— салым иесiнің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргiзiлген операциялардың барысы жазылатын жинақ кiтапшасын ұсыну міндеттемесi;
— шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың болмауы.
Жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шотттар жинақ кiтапшаларындағы шоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы кезеңдiк жазбалар жазбаның жүргiзiлу тұрғысынан жинақ кiтапшаны ауыстырады. Олар бойынша осындай пайыз төленедi және олар осындай функцияны орындайды.
Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгiзілген жинақ салымдарының бiр түрін ұсынады. Қазiргi кезде оларда жинақ кiтапшасындағы шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшерi нарықтың пайыздық мөлшерлерiнiң өзгеруiмен реттелетiндiгiн және бұл шоттарды қолдану кезiнде операцияларды тiркеу үшін жинақ кiтапшасының тосылмайтындығын есептемегенде,көптеген ұқсас сипаттары бар.
Жинақ салымдарының ерекшелiгi мынадай:
— бұл шоттардың анықталған мерзiмдерi жоқ;
— салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бiрдей ала алады;
— бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етiлген, қазiр банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы;
— осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын жазуға құқылы;
— бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында қолданылады;
— банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесiнен белгiленген төлем алынады;
— егер салымшылар — корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша белгiленген резервтi сақтауға мiндеттi.
Кең тараған топтардың бiрi — мерзiмдiк салымдар, оған мерзiмдiк салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кiредi. Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзiмге, яғни бiр айдан кем емес мерзiмге салынады. Салымшылар басқа депозиттерге қарағанда неғұрлым үлкен пайыз алады және салым салымшыға алдын ада келiсiмде көрсетiлген мерзiмде қайтарылады. Банктер салымды өз жарауы бойынша келiсілген мерзiм ағымында толық пайдалана алады. Депозиттің бұл типiн ашу үшін мерзiмдiк депозит туралы келiсiм жасалынады ( 2- қосымша). Бұл салымдар қабылданатын мерзiм 4 топқа бөлiнедi:
— 30 күннен 89 күнге дейiн;
— 90 күннен 179 күнге дейiн;
— 180 күннен 359 күнге дейiн;
— 360 күннен жоғары.
Мерзiмдi салымнан қаржы алу үшін банкке күнi бұрын хабарланған салымшының арнайы өтiнiшiнiң түсуi талап етiледi, оның мерзiмi келiсiмде көрсетiледi. Бұл мерзмге сәйкес пайздық мөлшер белгiленедi. Егер клиент банктi қаржы алу туралы хабардар етсе, банк болатын өзгерістердi ескере отырып, өзінің активті операцияларын басқа көз есебiнен қайта қаржыландырады, қаржыларды алу кейбiр шығындармен байланысты, сол себептi банк клиент кiрiсiн азайтуға құқылы.
Депозиттердің төртiншi тобы — бағалы кағаздар, депозиттер түрі ретiнде былайша бөлінедi:
— аталған банкке тиесiлi кәсіпорындар мен ұйымдардын, кооперативтің, акционерлiк қоғамдар мен компаниялардың акциялары және облигациялары;
— сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялар мен облигациялар;
— шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар;
— Депозиттік сертертификаттар.
Депозиттік сертертификаттар қаржылық құралдардың ең бір кең тараған түрі.
Депозиттік сертификат — эмитент банктің ақша қаржыларының салымы туралы,салымшы немесе оның құқық кабылдаушының мерзiмi аякталғанда салым бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын куәландыратын жазбаша куәлiк.
Депозиттік сертификат — кiрiстi бағалы қағаздың бiр түрі, сол себептi ол сатылған тауар немесе көрсетiлген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ оларды бiр заңды тұлғадан екiншiсiне жолдауда шектеулер болады. Талап ету құқын ұсыну — цессия, ол Депозиттік сертификаттың сырткы бетінде екi жақта мәмілемен ресiмделедi: өз құқын ұсынушы тұлға — цедент пен құқық алушы цессионарий. Сертификатты қайтару мерзiмi жеткенде, банк сертификатты және қаржы түсетiн шот көрсетiлген салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету құқын ұсыну туралы келiсiмнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкiлеттi тұлғалар аты-жөнiн, мөрінің және қолдарының сәйкестiгiн тексередi.
Депозиттік сертертификаттардың екi түрі болады:
— жолданбайтын — салымшыда сақталады және төлем мерзiмi жеткенде банкке ұсынылады;
— жолданатын — екiншi нарықта сатылуы немесе басқа тұлғаға өтуi мүмкін.
Жолданатын депозиттік серсертификаттар капиталды кез келген мерзiмге тиiмді инвестициялауға көмектеседi ал қажет болған жағдайда сертификаттардыды тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады.
Сертификаттар келесі белгiлерi бойынша бөлінедi:
• Шығарылуыбойынша:
— бiр рет;
— сериямен шығарылатын.
• Ресiмдеу тәсілі бойынша:
— арнайы;
— ұсынушыға.
• Төлеу шарттары бойынша:
—анықталған есеп айыру кезеңі аяқталғанға дейiн пайыздың мөлшерi үнемі
• Төленіп тұратын сертификаттар;
— сертификатты өтеу кунi пайызы төленетiн сертификаттар.
Депозиттік сертификаттарды жаңа шығарымдармен, салымның басқа түрлерiне немесе талап етiлмелi депозиттерiне қолма-қолемес аударымдармен және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.
Банкте шығарылатын сертификаттарды баспалық тәсілмен шығарылуы және осы сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Сертификаттарда мiндеттi түрде келесi деректемелер болуы тиiс:
— аты;
— сертификатты ұсыну себебi;
— ұсыну күні;
— салым сомасы;
— депозитке енгiзiлген соманы қайтаруға банктің сөзсiз мiндеттемесi;
— сертификат сомасын талап ету күнi;
— пайыз мөлшерi және есептелетiн пайыз сомасы;
—эмитент банктiң аты және мекен-жайы;
— банк мөрiмен бекiтiлген осындай мiндеттемелерге қол қоюға өкiлеттi екi тұлғаның қолы.
Банк сертификаттар шығарады және меншiктi сертификаттарды шығару мен орналастыру шарттарын еркін дайынайды. Өз сертификаттардын тиiмдi орналастыру үшін банктер келесi мiндеттемелерді назарға алады:
— инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
—салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;
— пайыздық мөлшер қайта қараудың икемді механизмі;
— шығарымды стандартты шарттарын ;
— номинал құны және қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;
— кең жарнаманы.
Жай депозиттiк сертификаттармен рәсімделген мерзімдік салымдармен салыстырғанда, сертификаттар бірнеше артықшылықтарға ие:
—сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржылық делдалдардың үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейеді;
— екiшi нарық аркылы сертификат иесі үшінші тұлғаға,сақтаған мерзімі
үшін кiрiс ала отырып, банк ресурстарының көлемiн өзгертпей-ақ жедел сатуы мүмкін.
Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелi шоттары мен мерзiмдiк салымдардағы кірістерге сияқты табыс салығы салынбайды.
Мерзiмдiк салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетiспеушiлiгi оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы.


2. Депозиттерді сақтандыру жүйесі мен қорлары
Депозиттерді қорғау жүйесіне Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 601 жыл. Салымдарыды кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ,Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.
Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жалпылама қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшыраған жағдайда да, үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі. Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады, бір немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік жүйеге түгелдей қауіпті шудан құтылуға болады.
Бұл кезде банктердiң мiндетiне сақтандыру қорларында белгiленген көлемдегi депозиттердi сақтау бойынша төлемдердi жасау кiредi. Шығындарды жабу үшін сақтандыру жарналары жетiспеген жағдайда мемлекеттiк бюджет қаржылары қолданылады. Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерiн қайтару кепiлдiгiн беру банктiк жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бiрi болып табылады. Банк жүйесіне деген сенiмдi арттыру мақсатында Қазақстанда депозиттердi мiндеттi сақтандыру жүйесін енгiзу жұмысы жүргiзiлдi. 1999 жылы қарашада екiншi деңгейлi банктердегi жеке тұлғалардың салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру немесе сақтандыру ережесi, ал 1999 жылы ЖАҚ “Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi” банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк берудің қазақстандық қоры құрылды. Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор құрылтайшысы -Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі,ал оның мақсаты — депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екiнші деңгейлі банктерге салнған жеке тұлғалардың мерзімдiк салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету. Тор жұмысының ең басында қатысушылар болып Қазақстанның ең iрi және тұрақты банктерi тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық жағдайы қауiп тудырмайтын, активтерi күн сайын ұлттық банктің банктiк қадағалауымен бақыланатын жүйелi банктер.
Қор Ұлттық банк атынан, мемлекет атынан салымдарды орналастыруға негізгі кепiлшi болып табылады және егер банктердің қызметi соңғы есеппен табыс iздеуге әкелсе, онда қор қызметi өзінің жақсы гуманитарлық қағидаларын ұстанғаны. Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнде жеке тұлғалардың салымдарына мiндетті ұжымдық кепiлдiк беру ережесiне негіз болған.
Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады. Салым үш валютаның бiрiнде жүзеге асырылуы мүмкін: теңгеде, АҚШ долларында және еурода. Кепiлдеу объектiсi болып, сыйақы мөлшерi бекiтiлген, мөлшерден артық емес салымдар бойынша келесi сыйақы мөлшерi белгіленiп, қайтару мiндеттемесiн қор кепiлдеген:
2001 жылдың 1 шiлдесiнен:
—теңгеде жылдық есеппен 16 пайыз;
— доллар және еурода жылдық есеппен 9 пайыз.
— 2001 жылдың 1 қазанынан:
— тедгеде жылдық есеппен 14 пайыз;
— доллар және еурода жылдық есеппен 8 пайыз.
Салымдар және олар бойынша есептелген сыйақы сомалары мiндеттi түрде салым қай валютада болса, сол валютада толық қайтарылады.
Қор әрбiр салымшыға қайтарылуы мiндетті салым мөлшерін төлеп отырады, олар келесiдей көлемде:
Мерзiмдi салымдар (депозиттер) бойынша:
Теңгеде — салынған салым (депозит) сомасы, бiрақ 400 мың тенгеден артық емес, сондай-ақ қатысушы банктің Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнің 50% шегінде банктiк операцияны жүргізуге лицензияны қайтарып алғанға дейiн есептелген сыйақы мөлшерi.
АҚШ доллары және еурода — салынған салымның (депозиттің) 90% сыйақысыз, бiрақ 360мың теңге шетел валютасына балама сомасынан артық болса.
Талап ету салымы бойынша теңгеде — салынған салым (депозит) сомасы қайтарылады.
Бiр салымшы әр түрлi валютада салынған мерзiмдi салымдар (депозиттер) бiр салым түрі ретiнде қарастырылып, аныкталған ережелерге сәйкес төленедi. Сонымен қатар, қайтару есебi салынған мерзiмдi салым сомасының 400 мың теңгеден аспайтын көлемінде жүзеге асырылады.
Салымшы өзінің әр түрлi валютада салған мерзiмдi салымы бойынша төлемдердi қайтару кезегін өзi анықтауға құқылы.
Жинақталған резервтер салымдар бойынша жетiспеген соманы қалпына келтiруге жеткiлiксiз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы есебiнен төленедi, ал қалғаны қор есебiнен қарызға алынады. Қор өз несиесiн таратылушы банкке қойылатын регрестiк талаптар арқылы, қатысушылардың шектен тыс жарнасы есебiнен қайтарып алады. Қор мен қатысушы банк мiндетін күнтiзбелiк және басқа да жарналар енгізу тәртiбi мен мерзiмдерi және негізгі ережеге сәйкес банк төлемдерi туралы келiсiм жасауы тиiс. Сондай-ақ аталған келiсiмшарттарының орындалуы үшін жауаптылық, соның iшiнде қордың күнтізбелік мерзiмде төленбеген ақша сомасын, басқа да жарналарды және төлемдердi банк келiсiмiнсiз алу құқығын қарастырылған.
Мiндетті күнтiзбелiк жарна мөлшерi әр қатысушы банк үшін олардың қаржылық жағдайына ұлттық банк бекiткен әдiспен және бекiтiледi және салымдар (депозиттер) мен ол бойынша қосылған сыйақы бойынша мiндеттi күнтізбелік жарнаны енгізу алдындағы есептiк тоқсанның соңғы күнiне 0.125 пен 0.375 пайызға дейiн мөлшердi құрайды, оларды қайтару 13 сәуiрден 2002 жылғы ҚР екiнші деңгейлi банктерiндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру ережесiмен кепiлденедi.
Қордың 80 пайыздан кем емес бөлігін Қаржы министрлiгінің бағалы қағаздарына қосу қарастырылған, оның мiндеттемесi бүгінгі күні Қазақстанда резерв қаржыларын инвестициялау үшін ең сенiмдi құрал. Сонымен қатар құралдар тiзiмi, қорға инвестициялауға болатын ұлғайту жұмыстары жүргізiлуде.
Ұжымдық сақтандыруға Халықаралық стандартттарға еөу бойынша бiрiншi топқа енетiн банктер және сақтандыру жүйесінің мүшелерiне жойылатын талаптарға жауап берiлген басқа да банктер қатыса алады. Қатысушы банктердің бiрi ықтиярсыз таратылған жағдайда салым туралы барлық ақпараттар бекiтiлген тiзiмге сәйкес қорға жолдануы тиiс.
Барлық банктер ұжымдық сақтандыруға қатысуға тырысады, өйткенi сақтандыру жүйесіне қатыспайтын банктер, өздерiнің жарғылық капиталынан аспайтын көлемде ғана депозиттер тарта алады. Ал мүше банктерге мұндай шектеу қойылмайды. Кез келген банк өз қалауы бойынша депозиттердi ұжымдық сақтандыру жүйесінен еркiн шыға алады.
Шетелдiк тәжiрибе елде қалыпты жұмыс iстейтiн банктiк жүйе қалыптасқанда ғана депозиттердi сақтандыру жүйесінің кызмет ету мәнi бар екенiн көрсетедi.
Барлық дамыған елде депозиттердi сақтандырудың бiр немесе басқа да нысандары қолданылады. Швейцария банктiк ассоцияциясы ассоцияциясының қатысушы-банктердің клиенттерiне жинақ салымдарын және 30 мың швейцария франкiне дейiнгі мөлшерде клиенттердің есеп шығару шоттарын төлеуге кепiлдiк бередi. Егер банкке қарсы күйзелiс процедурасы басталса, аталған сома салымшыға бiрден төленедi.
Францияда бiр салымшыға кепiлдiк 400 мың француз франкiн құрайды. Бұл кезде шетел валютасындағы мерзiмдiк аманаттар кепiлдiкке жатқызылмайды. Сонымен қатар бiр банкке қатысты депозиттi 200 млн франктен аспайтын жалпы кепiлдiк шегі бар. Франция банктерiнiң ассоцияциясы сақтандыру төлемi түрінден қалыпты жарналарды ұстамайды. Нақты төлем сомасы ассоцияция мүшелерiмен Франция банктiк жүйесінден олардың менiшiктi депозиттерiнің мөлшеріне үйлесiмдi жүргізiледi.
Германияда немiс банктерiнің федералдық ассоцияциясы жетеiкшiлiгіндегі депозиттi қорғау қорына кiру ерiктi сипатта. Аталған қорға қабылданудың мiндеттi шарты немiс коммерқциялық банктерiнің аудиторлық ассоцияциясына мүше болуы. Ол банктердi жиi аудиторлық тексеруден өтуге және капиталға, кадрларды басқару бiлiктiлiгіне және пайдаға қатысты талаптарды сақтауға мiндеттейдi. Жыл iшiнде қорға аударулар, банкаралық салымдарды қоспағанда банктің сомалық мiндеттемелерiнің 0,03 пайыз құрайды.
Жапония, Испания, Канада, Ұлыбритания және АҚШ-та депозиттерді сақтандыру бағдарламалары мемлекет бақылауында. Сонымен қатар Испания, Голландия және Ұлыбританияда қалыпты жарна төлеу қарастырылмаған, ақша шығындарды жабу қажеттiлiгіне және қор көлемiнің жоспарлы деңгейiне жеткенге дейiн енгізу қарастырылған. Канада, Жапония және АҚШ-та банктер қалыпты жылдық жарнаны төлейдi.
Канада банктерiнің депозиттердi сақтандыру бойынша Канада қорпорациясына төлейтiн сақтандыру жарнасы банкте орналастырылған депозиттердің 0,1 пайызын құрайды. Бұл кезде салымшыға 60 мың Канада долларына дейiнгі көлемде сақтандыру есебiнен клиенттердің барлық салымдары өтеледi.
Жапонияда банктің депозиттер бойынша сақтандыру сомасы бiр салымшыға 10 миллион жапон йенiне дейiнгі көлемде өтеледi. Сақтандыру қорының бастапқы жарнасы Қаржы министрлiгінен, Жапон банкiнен және жеке меншiк банктерден енгізiлген. Банктердiң қорға жарнасы басында өте төмен болған депозит сомасының — 0,012 пайыз мөлшерінде, алайда соңғы кездері жапон банктiк секторы проблемаларының қорытындысында олар ұдайы көтерiлген.
Депозиттердi сақтандырудың федералдық бағдарламасы бойынша АҚШ-та банк шығындары жоғары. Басында жылдық жарна салымдардың жалпы сомасынан 0,083 пайыз құраған, 1990 жылы ол 0,12 пайызға дейiн ал 1991 жылы — 0,15 пайызға дейiн өстi. Заң бойынша жарналардың жоғары шегі банктiк салымдардың жалпы сомасынан 0,325 пайыз құрауы тиiс.
Салымның жоғары сақтандырылатын жарнасына шек кою себептерiн түсіндірсек. Бiрiншiден, депозиттердi сақтандыру бағдарламасы мемлекеттiк больп табылатын елдерде сақтандыру жағдайлары бойынша бюджеттің әр түрлi мүмкін болатын қосымша шығындарын төмендету мақсатында, банктердiң кепiлденген мідеттемелерiне шектеу қойылады. Мысалы, АКШ-та депозиттердi сақтандыру жүйесінде депозиттер әр жеке шотта 100 мың АҚIШ долларына дейiн сақтандырылады, алайда бiр салымшы көрсетiлген сақтау сомасы көлеміндегі бiрнеше шоттың иесi болуы мүмкін. Екiншiден, депозиттердi сақтандыру бағдарламасы мемлекеттiк емес елдерде сақтандыру төлемдерiнің үлкен болуынан банктер өздері күйзелiске түскен банктердің барлық қарыздарын өтеуге қабiлетті болмауы мүмкін. Банктің жүйеде ақша қаржыларын жинақауға ынталандырудың келесi механизмi банктiк құпияны қатаң сақтау. Дамыған елдерде банктiк құпия —құқықтың жеке объектiсi, жасырын ақпараттың жеке түрі. Бiздің республикамызда банктiк құпияны сақтау үшін заң негіздерi бойынша шаралар қарастырылған.
Соңғы кездері ел зкономикасына тұрғындардың бос ақша қаржыларын тартудың депозиттері сақтандырудан басқа тәсілдерiнің бiрi ретiнде капиталдар амнистициясы ұсынылады.
Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының одан әрi дамуына әсер етушi келесi факторларды атап өткен жөн. Бұл факторларды шартты түрде екi топқа бөлуге болады. Бiрiншi топты Қазақстан Республикасының Ұлттық банк жүргізiп отырған ақша несиелiк саясатынан шығатын факторлар құрайды. Оған резервтеу мөлшерін (депозиттер бойынша), қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн және басқаларды жатқызуға болады.
Резервтеу мөлшерi факторының ерекшелiгі депозиттерді тарту құнын банк операциялары сияқты ұлғайтады. Бүгінгі күнгі салым және депозиттермен жұмыс iстеуде Ұлттық банк айтарлықтай нормативтiк талаптар қоюда. Резервтiк қорға депозиттер бойынша аударым мөлшерінен өсуi несиелер бойынша да мөлшерлеменің өсуiне, сондай-ақ депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің азаюына әкеледi. Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме айырмасының көлемiне банктің тиiстi шығындары мен қажеттi табыстылығы кiрмейдi. Сондықтан қолданылып жүрген нормативтер банк белсендiлігін сақтайды, оның қызметiн депозиттер нарығында әлеуеттi инвесторлар үшін тартымды етедi. Қазақстанда резервтеу мөлшерi депозит түріне байланысты емес, сол себептi мерзiмдiк депозиттердi тарту тиiмдiлігін төмендетедi, Республикада резервтеу механизмi жетiдiрiлетiн болады, сол себептi аталған кезеңде қалыптастан банктiк жүйе тәжiрибесiн қолдану өте орынды.
Коммерциялық банктер жүргізетiн депозиттік саясатта әсер етушi факторлардың бiрi Ұлттық банк бекiтетiн қайта қаржыландыру мөлшерлемесi болып табылады.
Депозиттік операциялардың дамуына әсер етушi факторлардың екiншi тобына депозиттік саясатты, ұзақ мерзiмдi жинақтау қорларын енгізудi және солармен қатар пайда болатын салымдар индексациясы мәселесiн, банк беделiн және басқаларды жатқызуға болады. Маңызды тежегіш факторлардың бiрi — салымдарды индексациялаудың тиiмді және шынайы механизмнің болмауында. Осы мәселе банктердің iрi жинақ жобаларын жүзеге асыруда өте орынды. Ұзақ мерзiмдi жинақтау тәжірибелерiн енгізу бағдарламасы, инфляция жылдық есеппен 12-15 пайыз деңгейiнде болғанда ғана тиiмдi болып саналады. Қазіргі кезде банктердің депозиттік қаржыны талап ету және қысқа мерзiмдi депозиттер құрағанына қарамастан, болашақта коммерциялық банктер салымшылар қаржыларын неғұрлым ұзақтау мерзiмге қосуға болатын жинақ, сақтық және басқа да жобаларды ұсына алады.
Депозиттер нарығын одан әрi жетiлдiру мен кеңейтудің маңызды факторларының бiрi — банктің басқа қаржылық ұстамдармен салыстырғанда беделдi және басқа салым түрлерiмен салыстырғанда пайыздық мөлшерлердiң бәсекеқабiлеттiлiгі, сондай-ақ депозиттердің бiр түрінің аумағында банктің қызмет спектрын ұлғайту — арнайы депозиттерде, өйткенi осы депозит салымшылар мүддесiн қорғауда жоғары икемдiлiкке ие.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Депозиттік операциялар, бойынша, сақтандыру, депозиттер, депозиттік, талап, пайыз, банктің, банктер, немесе, басқа, жинақ, туралы, банктiк, салым, Депозиттік, шоттар, болады, банктердің, дейiн, алады, депозиттік операциялар туралы түсінік, депозиттік операциялар туралы реферат, депозиттик операциялар туралы реферат казакша, депозитные операции реферат на казахском языке, депозитные операции реферат казакша, депозиттик операция туралы реферат казакша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]