Қазақша реферат: Талдықорған қаласы
Талдықорған (1993 жылдың 4 мамырына дейін Талды-Қорған) — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Жетісу Алатауының батыс жағында орналасқан қала, Алматы облысының орталығы.
Тарихы
Ең алғаш қазіргі Талдықорған аумағында орналасқан XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни 1869 жылы Гавриловка селосы бой көтерді. Бұл өңірді алғаш рет қоныстаған казактар болды. Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 (кейбр деректерде 1921 жылы) Гавриловка селосының атауы ресми түрде Талды-Қорған селосы деп өзертіліп, Қапал уезінің орталығы дәрежесін алады. 1930 – 1944 жылдар аралығында Талды-Қорған Қазақ КСР-ның Алматы округі, Талды-Қорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944 жылы Талды-Қорған селосына қала дәжересі беріліп, Алматы округінен бөлініп кеткеннен кейін, 1944 жылдан 1959 жыл аралығында және 1967 жылдан 1997 жылдар аралығында Қазақ КСР Талдықорған облысының орталығы дәрежесін алады. Ал 1993 жылы қала атауы ресми түрде Талдықорған деп өзгертілді. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, Қазақстан Республикасы Алматы облысының орталығы болып саналады.
Географиясы
Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстың орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында (теңіз деңгейінен 570-600 м биіктікте), Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан. Қаланың жер аумағы 74 км² құрайды.
Климаты
Қаланың климаты континенттік. Қысы қоңыржай салқын, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -11 - 13°С, жазы ыстық және қуаң, шілдеде - 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері - 350 - 400 мм. Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс (34%), солтүстік (16%) бағыттан соғады. Жылына 50 күнге дейін қуаңшылық байқалады. Тұрақты кар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды.
Өсімдіктері
Талдықорған бұта аралас сулыбас, бетеге, боз, эфемерль бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгул, қарағай, сиягүл, жаңғак сабынкеп, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өpiк, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан, т.б. шөптесіндер өседі.
Әкімшілік ұйымдастырылуы
Қалалық әкімшілік аумаққа қарасты елдімекендер: Еркін, Заречный, Өтенай, Заря, Еңбек, Пригородное, 3-шi және 5-бөлімше және экономика-технология колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы.
Ұлттық құрамы
Қаланың ұлттық құрамы (2010 жылдың 1 қаңтары ):
қазақтар — 93 157 адам. (64,96 %)
орыстар — 36 532 адам (25,47 %)
корейлер — 5 172 адам (3,61 %)
татарлар — 2 783 адам (1,94 %)
немістер — 1 581 адам (1,10 %)
украиндар — 1 071 адам (0,75 %)
ұйғырлар — 962 адам (0,67 %)
шешендер — 354 адам (0,25 %)
өзбектер — 302 адам (0,21 %)
белорустар — 177 адам (0,12 %)
әзірбайжандар — 130 адам (0,09 %)
поляктар — 123 адам (0,09 %)
қырғыздар — 102 адам (0,07 %)
басқалар — 962 адам (0,67 %)
Барлығы — 143 407 адам (100,00 %)
Өнеркәсіп
Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіп кәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны — 1055, 72 АҚ, 82 егістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ipi кәсіпорындарға "Қайнар", "Teмip", "Қазақаккумулятор", "Темірбетон", "Ажар", "Нан", "Өрнек", "Аққу", "Сайман", "Қаласүтзауыты", "Мирас", т.б. акционерлік қоғамдар жатады. Ауыл шарушылығы бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғамдар бар. Қалада әр турлі салаларға маманданған "Гамма" АҚ, "Механикаландырылған жұмыстар" ЖАҚ, "Құрылысшы" АҚ, "Шымыр" ЖАҚ, "Ақ сұңқар-ай" ЖАҚ, "Талдықорған электр желілері құрылысы" АҚ, "Ақжол" ЖАҚ, "Қалалық жол құрылысы" ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. Сондай-ақ, 64 көлік мекемесі, 406 сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Талдықорған қаласына қарасты жер аумағының (82333 га) ауыл шаруашылығына жарамды бөлігі 92,1%, оның ішінде егістігі 7527 га, жайылымы 65429 га, шабындығы 873 га.
Әлеуметтік инфрақұрылым
Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы жақсы дамыған. С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы, В.Маяковский атындағы кітапхана, М. Тынышпаев атындағы өлкетану музейі, І. Жансүгіровтің әдеби музейі, І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, 7 халықтық көркемөнерпаздар ұжымы бар. Сондай-ақ, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi, медицина колледжі, Қ. Байсеитов атындағы музыкалық колледж, агро-техникалық колледж, 3 кәсіптік-техникалық лицей мен мектептер, жалпы білім беретін 22 мектеп жұмыс істейді. Қала аумағындағы республика және облыстық деңгейде қамқорлыққа алынған мәдени-архитектура ескерткіштері санатында "Даңқ" ескерткіші (1968 ж. салынған), "Атамекен" кинотеатры (1950 ж.), Пионерлер үйі (көркем-сурет галереясы, 1957 ж.), № 3 кәсіптәк-техника мектеп ғимараты (1958), Сән ательесі (1959), қалалык әкімшілік ғимараты (1950), Аяқ-киім фабрикасы (1952), І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғимараты (1975), Ақ мешіт (1996), С.Сейфуллин атындағы кітапхана (1982), М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкелік мұражай (1980), т.б. бар. Калада Б. Римова атындағы облыстық драма театры, "Алтын дән", "Туған тел", "Ачимноуль", "Контраст", Ардагерлер хоры, Қуыршақ театры, "Улыбка", "Солнышко" атты көркемөнерпаздар тобы жұмыс істейді. Қала аумағындағы автокөлік жолының ұзындығы 352 км, оның ішінде 247 км-не асфальт төселген, 96 км-i тас жол. Талдықорған арқылы Алматы-Өскемен, Семей-Алматы, т.б. бағыттарға автокөлік өтеді. Қалада темір жолы стансасы 1949 ж. салынды. Одан Көксу, Текелі, Қарабұлақ темір жолы стансаларына жүк поездары қатынайды. 19 емдеу-сауықтыру орындары: қалалық емхана, жүрек ауруларын емдейтін орталық, қалалық, санитарлық-эпидемиология станса, облыстық онкология диспансері, әйелдерге дәрігерлік көмек беретін орталық, облыстық перинатальдық орталығы, облыстық аурухана, қалалық облыстық балалар ауруханасы, жұқпалы аурулар ауруханасы, туберкулез диспансері, облыстық наркология диспансері, қалалық жедел және шұғыл жәрдем көрсету стансасы, қалалық қан орталығы, қалалық бөбектер үйі, т.б. жұмыс істейді Талдықорған қаласынан Астана қаласына дейін қашықтық 758 км, Алматы қаласына дейінгі 279 км. Тұрғындар саны 129,6 мың адамды құрайды. Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін әуежай, теміржол станциясы бар. Жалпы мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тораптарының жүйесі арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен байланысып жатыр.
Білім, мәдениет, туризм орталығы және халықаралық, өңіраралық өндірістік-қызмет көрсету орталығы ретінде аса тартымды қала. Қалада 4 жоғарғы оқу орны, 12 орта кәсіби білім мекемелері, 25 жалпы білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қалада драма театры, филармония, мұражайлар, мәдениет және демалыс парктері, кітапханалар мен кинотеатрлар, стадиондар, спорт кешені, аквапарк және ипподром бар.
Қаланың құрылыс индустриясын дамыту, балаларға арналған тағамдар, электр сорғылары, сүт өнімін, керамика-граниттан жасалған плиталар, жұмыртқа және құс етін өндіру әлеуеті бар.
Талдықорған - қала (1944 ж.), Алматы облысының орталығы (2000 ж.), темір жол станциясы.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: