Реферат: Биология | Балантидиаз
Балантидиаз (balantіdіosis) — балантидиаз [Balantіdіum colі, грек. balantіdіum – қап], адам және жануарлар ағзасында, қоздырғышы Balantіdіum colі ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін, тоқ ішектің зақымдалуымен және дизентерияға ұқсас белгілері бар, ұзақ және созылмалы түрде өтуімен сипатталатын зооноздық антропургиялық қарапайымдылар тудыратын инвазиялық ауру. Қоздырғышы инфузориялар класына жатады. Бірінші рет іші өтетін аурудан паразитті бөлген швед дәрігері P.Malmsten (1857).
Вегетативтік түрі – созылыңқы, көбінесе жұмыртқа тәрізді, өлшемі 30-150х30-100 мкм. Әртүрлі тағам бөлшектерімен, ішек бактериялары және саңырауқұлақтар, қанның элементтері ж.т.б. қоректенеді. Вегетативтік түрлері және цисталары қоршаған ортада өте төзімді, нәжісте 5-6 сағат 2 айға дейін сақталады, қалың екі қабатты, 50-60 мкм циста құрайды. Карбол қышқылының 5% су ертіндісінде 3 сағатқа дейін, формалиннің 10% ертіндісінде – 4 сағатқа дейін өмір сүреді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: