Реферат: Биология | Секпіл


Секпіл (ephelіdes) — адамның терісіне түсетін пигментті ұсақ дақтар. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде пайда болады. Секпіл тері клеткаларында пигмент — меланиннің көп жиналуынан болады. Секпілдегі ақшыл қоңыр, қара қоңыр, пішіні дөңгелек, сопақша не белгілі бір пішінсіз болып келеді. Әсіресе, көктемгі және жазғы маусымда секпілдің көбейіп кететіні соншалық, олар бір-бірімен қосылып, тұтас қоңырқай даққа айналады. Секпіл адамның бала кезінде пайда болып, жас ұлғая келе, көбіне 30-дан асқаннан кейін өздігінен жоғалады. Көп жағдайда ақ құба, сары не жирен шашты, терісі жұқа адамдарда кездеседі. Емі: ең алдымен секпіл тудыратын гинекология, асқазан, ішек-қарын ауруларын, эндокринді, жүйке жүйесі жұмысының ауытқуын емдеу қажет. Тәулігіне 1 граммнан 3 рет аскорбин қышқылы беріледі. Дақ бар жерге лимон сөлі, лимон қышқылы, сірке қышқылы, 30%-дық пергидрол, 10%-дық сынап, 5%-дық гидрохинон майлары жағылады. Секпіл түскен жерлерді күн сәулесінен қорғау қажет.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Секпіл туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Секпіл на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]