Реферат: Биология | Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары
Асқазанның қимылдық әрекеттерінің бұзылыстары
Асқазанның бүл әрекетінің бұзылуы перистальтикасының (грек. peristaltikos — қуыс ағзалардың тегіс еттері жиырылуынан болатын тамақтың қойыртпасын жан-жағынан қоршап, қысып қозғалуы) және еттің тонусының өзгерістерімен, қарыннан тамақты ішектерге ығыстыру бұзылуымен, құсумен көрінеді.
Перистальтиканың ұлғайуы гастрит, асқазанның ойық жара ауруы кездерінде байқалады. Бұл кезде ет талшықтарының кейбір топтарының қатты жиырылулары нәтижесінде асқазанда ауыру сезімі пайда болады.
Әдетте асқазанның қимылдық әрекеті күшейгенде асқазан сөлінің қышқылдығы да ұлғайады. Бұл кезде қышқыл тамақ қарыннан ұлтабарға түсуіне байланысты пилорустың қысқышы ұзақ уақыт жабық болады және асқазаннан тамақтың ұлтабарға ауысуы баяулайды.
Асқазанның қимылдық әрекеті төмендеуі (гипокинез) жиі гастрит кезінде, іш қуысы ағзаларының орнынан төмен ығысуларында (гастроптоз, спланхптоз), жүдегенде және дененің жалпы әлсіздігінде кездеседі. Сонымен бірге тым майлы немесе дәмі нашар тамақ ішу, қорқыныш, қайғы-қасірет, жағымсыз эмоцияларда асқазанның қимылдық әрекеттерін төмендетеді.
Оңеш пен асқазан арасындағы сфинктер (грек. sphinkter — қысқыш) әлсірегенде асқазанның ішіндегі қышқыл заттар өңешке қайтып, төс астында жүрек қыжылы сезіміне әкеледі.
Пилороспазм кезінде асқазаннан тамақтың ұлтабарға ауысуы бұзылуына әкелетін қарынның ауыр қимылдық бұзылыстары байқалады. Бұндай жағдай асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, кейбір гастриттердің, пилородуодениттің, асқазан полипозы ж. б. іш қуыс ағзаларының дерттері кездерінде болады. Бұл кезде перистальтиканың компенсациялық күшейуі қарынның еттік қабығының гипертрофиясын туындатады. Артынан пилораспазмның нәтижесінде асқазанның ұлтабарға ауысатын жерінде гипертрофиялық тарылу (стеноз) байқалады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Биология | Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары
» Реферат: Биология | АСҚАЗАН МЕН ҰЛТАБАРДЫҢ ОЙЫҚ ЖАРА АУРУЫ
» Реферат: Биология | Гастрит
» Реферат: Биология | Ас қорыту бұзылыстарының этиологиясы
» Реферат: Биология | Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасын емдеу жолдарының негіздері

Іздеп көріңіз: