Реферат: Биология | Бауырлық сарғыштану

Реферат:  Биология | Бауырлық сарғыштану

Бауырлық сарғыштану



Этиологиясы. 1. жұқпалардың (вирустық гепатит А, В, С, Е, В, сепсис, іш сүзегі), уланулардың (саңырауқұлақтармен, химиялық улы заттармен, алкогөлмен, кейбір дәрі-дәрмектермен) әсерлерінен бауыр жасушаларының тікелей бүліністерінде;

2. ұзақ мерзімде өттің бауырда іркіліп қалуында;

3. ферменттердің гекетикалық ақаулары нәтижелерінде бауырлық сарғыштану дамуы мүмкін.

өттің бір бөлшегі өт шығаратын өзектерге, екінші бөлшегі қанға түседі. Қабынудың нәтижесінде ісінген бауыр жасушалары өт өзектерін қысып, оның ішекке қарай өтуін бұзып, қанға кері сорылуын ұлғайтуы мүмкін.

Бауырлық сарғыштану үш сатыда өтеді:

1. Сарғыштану алды сатысы. Бауыр жасушалары бөліністерінің ең бірінші көрінісі болып қанда және зәрде уробилиногеннің пайда болуы есептеледі.

2. Сарғыштану сатысы. сау жасушаларда өндірілген өт қан тамырларына түсіп, қанда өт қышқылдарының, тура билирубиннің деңгейін көтереді. Тура билирубин бүйрек арқылы зәрге шығады, содан зәрдің түсі қою қоңыр болады.

3. Кома алды сатысы. Бауыр жасушалары тура емес билирубинді тура билирубинге айналдыру қабілетін мүлде жоғалтады. Осыдан қанда тура емес билирубиннің деңгейі көтеріледі, тура билирубин азайады, уробилиноген толық жоғалады. Артынан бауырлық кома дамиды (жоғары қараңыз).

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Бауырлық сарғыштану туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Бауырлық сарғыштану на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]