Реферат: Биология | Гломерулонефрит

Реферат:  Биология | Гломерулонефрит

Гломерулонефрит



Гломерулонфрит-инфекциялық аллергиялық ауру, бүйректің домалақшаларының қабынуымен сипатталады.



Этиологиясы: Стрептококктар, стафилококктар, вирустар. Баспа, қызамық, вирусты инфекциялар баланың қорғаушы күштерін төмендетеді де, 1-3 аптадан кейін бүйректе қабыну процесстері пайда болады. Бұл аурумен мектеп жасындағы ер балалар жиірек ауырады.



Клиникалық айқындалуы:



1. Ауру жедел немесе баяу баланың жалпы жағдайының бұзылуымен басталады: әлсіздік, көңілсіздік, тәбетінің төмендеуі, ыстығының көтерілуі, лоқсу, құсу, терісінің және шырышты қабаттарының бозаруы. Бала зәрді сирек, аз шығаратын болады, белі, іші ауырады.



2. Бұл ауруға тән белгілердің бірі-ісік синдромы немесе нефротикалық синдром. Бүйрек ауруы кезінде ісік әуелі көздің қабақтарында пайда болады, әсіресе таңертеңгілік көзі, беті ісініп тұрады. Ауру асқынған кезде кеуде мен құрсақ қуыстарында сұйық жиналады, ал өте ауыр жағдайларда ісіну процесстері бүкіл организмге тарап анасарка дамиды.



3. Бұл ауруға байланысты қан қысымы көтеріліп, жүректің көлемі улкейіп, соғуы әлсіз болады. Басы қатты ауырып, ұйқысы бұзылып, денесі құрысып-тырысуы мүмкін.



4. Зәрдегі өзгерістер. Зәрмен организмнен су, минералдық тұздардың артығы, зат алмасудың қалдық заттары шығарылады. Бүйректе қабыну процесстері дамығанда домалақшалардың қан тамырларынынң қабырғаларынан эритроциттер мен ақуыздар өтіп кететін болады. Ақуыздардың зәрде пайда болуы-протеинурия, эритроциттердің пайда болуы-эритроцитурия немесе гематурия деп аталады. Эритроциттер зәрге көм мөлшерде өткен кезде зәрдің түсі ет жуындысына ұқсас болады, мұны макрогематурия дейді. Эритроциттерді тек микроскоппен ғана көрсе-микрогематурия дейді.







Осы синдромдардың қайсысы алдыңғы орынға шығуына байланысты гломерулонефриттің 3 түрі бар:



1. Гематуриялық формасы-гематурия және гипертониямен сипатталады.



2. Нефротикалық формасы-ісіктер және протеинуриямен сипатталады.



3. Аралас формасы-гематурия, протеинурия, гипертония, ісік болады, бұл аурудың ең ауыр өтетін формасы.



Өтуіне байланысты-жедел, созылмалы, латентті /симптомсыз/ болып бөлінеді.



Асқынуы: бүйректің жедел жетіспеушілігі – бүйректің қызметінің бұзылуы, олигурия, анурия дамып бала организмінің зат алмасудың қалдық заттарымен улануы.



Клиникасы: Баланың жағдаы күрт нашарлайды: тәбеті жоқ, басы ауырады, лоқсиды, құсады, денесінің құрысып-тырысуы пайда болады, есінен айрылады. Зәр шығаруы төмендеп, мүлдем тоқтап қалуы мүмкін.



Соңғы кездерде қанды уыттардан тазартуға «жасанды бүйрек» аппараты қолданылады /гемодиализ/.



Емі: Этапты өткізіледі:



1-ші этап- арнайы бөлімшеде.



2-ші этап- емханада диспансерлік бақылау.



3-ші этап-санаторлы-курорттық ем.



І. Нефрология бөлімшесіндегі ем:



3-4 апта қатаң төсек режимі.

Диета. №7 стол-жеміс, бал, варенье беріледі. Сұйықтық мөлшері азайтылады, тұзы шектелген.

Антибактериалды ем-пенициллин т.б.

Антигистаминді дәрілер.

Витаминдер комплексі.

Кальций препараттары.

Қан қысымын төмендететін препараттар-резерпин, дибазол.

Зәр бөлуді жақсартатын препараттар-гипотиазид, фуросемид.

Калий препараттары, гармондар.

Симптомдық ем.

Күтімі: 1.Баланың диета және режимін сақтауын қадағалау.



Баланың жеке бас гигиенасын сақтауын қадағалау.

Қан қысымын, салмағын бақылау.

Анализдерін дұрыс жинау.

ІІ. Жедел түрі 5 жыл, созылмалы түрі өмір бойы диспансерлік бақылауда тұрады. Денешынықтыру сабағында арнайы топта шұғылданады.



ІІІ. Санаторлық емдеу-6 айдан кейін



Алдын алуы:



Баланы дұрыс тамақтандыру, шынықтыру.

Созылмалы ауруларды мұқият емдеу.

Барлық балаларды диспансерлік бақылауға алу.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Гломерулонефрит туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Гломерулонефрит на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]