Реферат: Биология | Дизентерия

Реферат:  Биология | Дизентерия

Дизентерия



Дизентерия-тоқ ішектің ішкі қабатын зақымдап қанды ірің аралас болып ішті өткізетін жалпы инфекциялық ауру.



Қоздырғышы-шигелдер класына жататын микробтар тобы. Кең ттараған түрлері Зонне, Флекснер, Нюкестл, Григорьев штаммдары. Шигелдер тіке түскен күн сәулесінің әсерінен 30 минут арасында, 60*С ыстық ортада 10-20минут;ал 5% фенол ерңтіндісінде 1-2 минут ішінде өленді, суда 5-6 күн, топырақта бірнеше ай бойы тіршілік ете алады.



Эпидемиологиясы: 1. Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш тасымалдаушы.



2. Таралу жолдар-су, тамақ арқылы және жуылмаған қол арқылы, жуылмаған жеміс-жидектер арқылы.



3. Сезімталдық-3 жасқа дейінгі балалар.



4. Маусымдылық-жаз,күз айлары(июль-октябрь).



5. Иммунитет-тұрақсыз, әр-түрлі микробтарға бөлек.



Клиникалық белгілері: Жасырын кезеңі 1-7 күн. Ауру тез басталады, баланың дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады, тәбеті төмендейді, басы ауырады, жүрегй айнып құсады, іші бүріп ауырады, тәлігіне 10-15 ретке дейін қанды іріңді, содан кейін қиы аз сулы, кеінірек тек ірің бөлінуі мүмкін. Ішектің түйілуіне байланысты аурудың әлсін-әлсін үлкен дәретке отырғысы келе береді, оны тенезмдер дейді.



2 Жасқа дейінгі балалардағы дизентерияның ерекшеліктері:



1. Ауру өте ауыр түрде өтеді.



2. Баланың дәретіне көбіне қан араласпайды.



3. Дәретке отырған кезде баланың беті қызарып ктеді, бұл тенезмнің эквиваленті.



4. Жиі құсып және іші өтуі организмнің су, минералды тұздар жоғалтуына әкеліп соғады. Осының салдарынан баланың дене салмағы тез азайып, көзі үңірейіп, терісі және шырышты қабаттары құрғап, ерні кезеріп жарылады. Организмнің суды жоғалтуын-эксикоз дейді. Оның үстіне организмгеқан арқылы тараған улы заттардың әсерінен жүректің қызметі нашарлап,тамыры жиі соғады, қан қысымы төмендейді, денесінің бұлшық еттері құрысып-тырысуы мүмкін. Бұны токсикоз дейді.



Асқынуы-өкпенің, құлақтың, бүйректің қабынуы.



Диагноз қою: 1. Эпидемиологиялық анамнез жинау.



2. Аурудың клиникалық белгілері.



3. Лабораториялық зерттеулердің нәтижелері:



а) үлкен дәреттің копралогиялық зерттеуінде көп мөлшерде лейкоциттер айқындалады.



Б) үлкен дәреттің бактериялық анализі-антибиотиктер тағайындалмастан бұрын іріңді шырыш бар жерлерінен төсектің қасында алынып жылыдай консерванты бар пробиркаға салынып бактериялық лабороторияға жіберіледі.



В) қанның серологиялық анализі.



4. Тік ішектің ректороскопиясы.




Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Дизентерия туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Дизентерия на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]