Реферат: Биология | ЖТБ-ның тері және кіндік аурулары

Реферат:  Биология | ЖТБ-ның тері және кіндік аурулары

ЖТБ-ның тері және кіндік аурулары. Сепсис.



Тері және тері асты май қабатының АФЕ-рі

Теріауруларының инфекциялық және инфекциялықемес түрлері.

Дамусебептері, клиникалық байқалуы, емі, күтімі және алдыналуы.

Кіндікаурулары: терілікіндік, кіндік жарасы, омфалиттер, айқындалуы, емі, алдыналуы

Сепсис, себебі, клиникасы, айқындалуы, емі, алдын алуы.





ЖТБ-ның тері асты майлы қабатының АФЕ-рі, ерекшеліктері:



ЖТБ-ның тері қабаты жұмсақ, нәзік, қызғылт түсті, қан тамырларына бай, тез жарақаттанғыш. Мүйізді қабаты жұқа, эпидермис пен дерма байланысы нашар, аурулар пайда болғанда эпидермисі тез ажырап, дерма ашылып қалады.



Терінің қызметі:



Дене температурасын реттегіш қызметі балада жақсы дамымығын, сондықтан кішкене балалар тез тоңып, тез қызады. Осыны ескере отырып бөлменің температурасын біркелкі 20-220С градуста ұстап, баланы қымтамау керек, ал серуенге шыққанда үлкен кісілерден көрі жылы киіндіру керек.



Қорғаныс қызметі де жақсы дамымаған, микробтар тез еніп балаларда терінің іріңдегіш аурулары, сепсис жиі болады. Сондықтан баланың күтім жабдықтары, киімі, күтуші адамның қолы өте таза болуы керек.



Демалу қызметі жақсы дамыған. Тері арқылы оттегі еніп, көмірқышқыл газы бөлінеді.



Бөлу функциясы жақсы дамыған. Тері су және зат алмасу заттарын бөліп шығарады. Бұл функцияларын жақсы орындауы үшін тері таза болуы керек. Сондықтан 6 айға дейін балаларды күнде шомылдыру, дәретке отырған сайын астын жуып, емген сайын бетін жуып тұру керек.



Д витаминін түзу функциясы жақсы дамыған



Балалардың тері аурулары оның күтімі дұрыс болмағанда немесе баланы қыздырып жіберген кезде пайда болады.



Баланың терісінің баздануы /опрелость/ -



Тері қыртыстарында пайда болады. Тері қыртыстары /мойын, қолтық, шап, шынтақ және т.б./ қызарып, ісініп, суланып кетеді, кейде терісі ысылып түседі.



Емі: 1. Бөлме температурасын реттеу.



2. Баланы шешіндіріп 1-2 минут ауа ваннасын өткізу.



3. Баланы бос жөргектеу.



4. Баланы түймедақтың қайнатпасына, әлсіз калий перманганатының ерітіндісіне шомылдыру.



5. Тері қыртыстарын қайнатылған сұйық маймен майлау.



6. Ультракүлгін сәулесімен емдеу.



Терінің инфекциялық ауруларына іріңді бөрту /везикулез, везикулопустулез/ және көпіршіктену /пузырчатка / жатады.



Себебі: стафилококктар, стрептококктар. Инфекция балаға іште жатқанда, туылу кезінде, туылғаннан кейін санитарлық ережелерді сақтамағанда жұғады.



Терінің іріңді бөртуі-баланың денесіне ұйыма ірің толған кішкене бөртпелер шығады, олардың арасындағы тері өзгермеген, бөртпелердің айналасы қызарып жиектелген.



Терінің көпіршіктенуі- баланың денесіне мөлшері бұршақтың үлкендігінен грек жаңғағының үлкендігіне дейін ұйыма ірің толған көпіршіктер пайда болады, олардың арасындағы тері қызарып, ісініп кетеді. Ауру баланың дене қызуы көтеріліп, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, өкпесі қабынып, сепсис болып қабынуы мүмкін.



Емі: бөртпелерді спирттелген мақтамен жарып, 5% перманганат калий ерітіндісімен, 2% бриллиант жасылының спиртті ерітіндісімен өңдеу керек. Сонымен қатар балаға антибиотиктер, иммундыпрепараттар, витаминдер егіледі.







ЖТБ-ның кіндік аурулары:



1. Суланушы кіндік-кіндік қалдығы түскеннен кейін кіндік жарасы көпке дейін жазылмайды, одан қанды су шығып, ол кепкенде қабыршықтанып тұрады, кіндік сақинасы өзгермеген.



2. Іріңді кіндік-кіндік жарасынан ұйыған ірің шығып тұрады, баланың жалпы жағдайы бұзылмайды.



Емі: Кіндік жарасын 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісімен жуып, 5% калий перманганат немесе 2% бриллиант жасылының спиртті ерітіндісімен өңдеу керек.



3. Кіндік қабынуы , омфалит- ауру процессі кіндік сақинасының айналасындағы тері асты майына тарайды.



Катаральды омфалитте кіндік сақинасы қызарып, оның айналасындағы теріні қан кернеген, ісінген,серозды сұйықтық бөлінеді.



Флегманозды омфалитте қабыну процессі тереңдейді, баланың жалпы жағдайы ауырлайды, кіндік жарасының айналасынан басқанда ірің шығуы мүмкін.



Емі: Жергілікті емдеу хирургиялық әдіспен өткізіледі. Сонымен қатар балаға антибиотиктер егіледі, витаминдер беріледі, қажет болса қан, плазма құйылады.



Іріңді мастит-баланың гигиеналық күтімі дұрыс болмағанда физиологиялық ісінудің негізінде пайда болады. Бір жақ кеуде безі үлкейеді, қызарады, ісінеді, ірің пайда болып флегмонаға ауысуы мүмкін.



Емі: хирургиялық.



Іріңді коньюктивит-көздің шырышты қабаты қабынып қызарады, ісінеді, іріңді бөлініс пайда болады.



Емі: көз тамшыларын тамызу- 20% сульфацил натрий ерітіндісі, антибиотиктер ерітінділері. Көзді калий перманганат ерітіндісімен жуу.






Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат ЖТБ-ның тері және кіндік аурулары туралы реферат биология казакша на казахском, реферат ЖТБ-ның тері және кіндік аурулары на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]