Реферат: Биология | Колиентерит
Колиентериттер.
Колиентериттер-ащы ішектің шырышты қабатының қабатының қабынуымен сипатталатын жалпы инфекциялық ауру. Бұл аурумен көбінесе емшек жасындағы балалар, әсіресе шала туылған және қолдан тамақтандырылатын балалар ауырады.
Қоздырғышы-ішек таяқшасының О26, О66, О111 штаммдары.
Эпидемиологиясы:
1. Ауру көзі-ауру адам-және қоздырғыш тасымалдаушы.
2. Таралу жолы-қарым-қатынас(су, тамақ, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, лас қол, шыбын-шіркейлер арқылы).
3. Сезімталдық-1 жасқа дейінгі балалар.
4. Маусымдылық-жыл бойы.
5.Иммунитет-тұрақсыз, микробтың әр шаммына бөлек.
Клиникалық белгілері: Жасырын кезеңі 1-22 күнге созылады, орта есеппен 3-6 күн. Ауру жедел басталып дене қызуы көтеріледі, улану белгілері пайда болады, баланың көңіл-күйі бұзылып, тамаққа тәбеті төмендейді, жүрегі айнып құсады, жылап мазасызданады. Баланың іші күніне 5-20 рет сұйық сары, кейде көк-жасыл түсті шырышы аралас көбіктеніп өтеді. Ауыр түрлерінде эксикоз және токсикоз дамиды.
Диагноз қою дизентерияда сияқты.
Ішектің инфекциялық ауруларын емдеу принциптері.
Ауырған балалар ауруханада емделеді.
1. Оларға төсек режимі, тыныштық тағайындалады.
2. Диета-10-12 сағат тамақ бермей, әртүрлі сұйық сусындарды молынан ішкізу керек: қайнаған су, шай, физиологиялық және Рингер ерітінділері, суға пісірілген күріш, ұсақ жармадан жасалынған ботқалар беруге болады, сонан кейін баланың жасына сәйкес тамақ беріледі.
3. Антибактериальды терапия-левомицетин, канамицин, полимиксин, гентамицин, ампициллин т.б. Сульфаниламид препараттары-сульгин, фталазол, фуразолидон т.б.
4. Эксикоз және токсикозға қарсы баланың көк тамырына әр түрлі ерітінділер құйылады: 5% глюкоза ерітіндісі, физиологиялық және Рингер ерітінділері, полигюкин т.б. Сонымен қатар сусындар көп мөлшерде ішкізіледі.
5. Ас қорытуды көтеру үшін әртүрлі ферменттік препараттар:фестал, панзинорм, мексаза және т.б. беріледі.
6. Витаминдер комплексі.
7. Биологиялық препараттар: лактобактерин, колибактерин, бифидумбактериндер.
8. Симптомдық терапия.
Күтімі:
1. Палатаны жиі желдетіп тазалық сақттау.
2. Әрбір үлкен дәреттен кейін ішек аузын жылы сумен жуып, құрғатып, стерильденген сұйық маймен майлау.
3. Сұйықтықты жеткілікті ішкізу.
4. Ауру ошағында эпидемияға қарсы шараларды өткізу.
Ішек инфекциялық ауруларының алдын алу.
1.Ауру адамды оңашалау.
2. СЭС-ке №58 форма бойынша хабар беру.
3. Ауру адаммен қарым-қатынаста болған адамдардың денеқызуын,дәретін 7 күн тексеру, клиникалық бақылау өткізу, үлкен дәретін бактериологиялық анализге тексеру.
4. Ауру ошағында дезинфекция жүргізу.
5. Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.
6. Балаларды тазалық сақтауға баулу, шыбындармен күресу.
7. Бала бақша, балалар үйі, тамақ өнеркәсіптерінің жұмысшыларын уақтылы тексеріп тұру.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: