Реферат: Биология | Медициналық сұрыптауды ұйымдастыру мен жүргізу
Медициналық сұрыптауды ұйымдастыру мен жүргізу
Апат ошағында сұрыптау бірінші кезекте тірі қалғандарды шығару қағидасы бойынша жүргізіледі. Өмір сүру қабілеттілік жағдайын жүрек соғысының болуына, тыныс алуына, қозғалу белсенділігіне байланысты бағалайды. Шығару кезектілігінде артықшылық балалар мен жүкті әйелдерге беріледі.
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуде медициналық сұрыптаудың негізіне өмір сүруді қамтамасыз ету қызметінің бұзылу дәрежесін диагностикалау, зақымдалу сипаты, оның өмірге қауіптілік дәрежесі, мүмкін асқынулардың дамуын болжау және тірі қалуды болжау жатады. Өздігінен жүретін зақымдалғандар үшін құрамында дәрігер, медбике, тіркеуші бар сұрыптау бригадасы құрылады.
Сұрыптау бригадасын қажет етуді есептеу мына формула бойынша есептеледі:
ПСБ= (К х Т): t
мұнда ПСБ (потребность в сортировочных бригадах) – сұрыптау бригадасына қажеттілік; К – бір тәулікте медициналық эвакуация кезеңіне түскен зақымдалғандар саны; Т – сұрыптау бригадасының жұмысының ұзақтығы (12 сағат); t – бір зақымдалғандарды сұрыптауға қажет уақыт (5 минут).
Бірінші таңдау әдісін қолданады, яғни көзбен байқау арқылы медициналық көмекті неғұрлым бірінші кезекте қажет ететіндерді табады: киімі жанып жатқандар, ішкі және сыртқы қан кетулер, шоктағылар, есі таңғандар, аяқ-қолдары жарақаттанып жұлынғандар, ашық сынық алғандар, ашық пневмоторакс болғандар, балалар, босанушылар.
Таңдау сұрыптаудан кейін бригада қалған зақымдалғандарды бірте-бірте кезекпен байқауға көшеді. Сыртқы байқау мен сұрастыру барысында анықтайды:
- жарақаттың орнын (бас, мойын, төс, іш, жамбас, аяқ-қол, омыртқа);
- жарақат сипаты: механикалық, термиялық, оқшауланған, көп, біріккен;
- бастың зақымдануы;
- жағдайлық ауырлық дәрежесі: ақыл-есінің болуы (болмауы), ақыл-есінің бұзылу формасы, геодинамика мен тыныс алудың бұзылу формасы, өздігінен қозғалу мүмкіндігі;
- қажет медициналық көмектің сипаты, оны көрсету уақыты мен орны, одан әрмен эвакуациялаудың тәртібі.
Сұрыптау бригадасы бір уақытта екі зақымдалған адамды қарайды: біреуінде дәрігер, бірінші медбике мен бірінші тіркеуші болжау, екіншісінде екінші медбике мен екінші тіркеуші болады. Бірінші зақымдалған адам бойынша сұрыптау шешімін қабылданғаннан кейін дәрігер екіншісіне көшеді. Одан кейін бірінші медбике мен бірінші тіркеуші үшінші зақымдалған адамдарға адамдарға көшеді. Екінші медбикеден дәрігер мәліметтерді алып, оны өзінің тексерулерімен толықтырады, одан кейін сұрыптау үшінші зақымдалушыға көшеді.
Носилка тасушылар тізбегі дәрігердің шешімін сұрыптау маркасына сәйкес өткізеді. Бұндай әдіспен жұмыс істегенде сұрыптау бригадасы 1 сағат ішінде 30-40 зақымдалғандарды сұрыптау мүмкін. Соңғы нәтижеде бұл кезеңде сұрыптау болжамдық сипатқа ие және өзінің мақсаты тезірек көмек көрсету, эвакуация кезеңділігін стационарлыққа өтуін анықтау болып табылады. Сондықтан жалпы жағдайда бағалау кезеңінде, жарақат сипатына байланысты, пайда болған асқынулардың негізінде және зақымдалудың соңын болжауды есепке ала отырып зақымдалғандарды бес сұрыптау тобына бөлген жөн:
1-ші сұрыптау тобы - өте ауыр, өмір сүруі екіталай, жарақат алған зақымдану мыналар. Болжамы жағымсыз. Бұл топ қиналуды жеңілдетуге бағытталған күтім мен емдеуді қажет етеді. Эвакуациялауға келмейді.
2-ші сұрыптау тобы – ағзаның маңызды қызметтерінің бұзылулары болатын, оны жою үшін тез емдеу шараларын жүргізуді қажет ететін ауыр жарақатты зақымдалғандар. Егер шұғыл медициналық көмекті сәйкес көлемде көрсеткен болжамы қолайлы болуы мүмкін. Зардап шеккендер шұғыл өмірлік көрсеткіші бойынша көмекке мұқтаж болғандықтан уақытша көлікпен тосуға жарамсыз. Оларды эвакуациялау жағдайы бірқалыпты болғаннан кейін ғана мүмкін.
3-ші сұрыптау тобы - Өмірге тікелей қаупі жоқ айқын функциональдық бұзылыстармен жүретін ауыр және орташа ауыр жарақаттары бар зақымдалушылар. Болжамы салыстырмалы түрде қолайлы. Медициналық көмек екінші кезекте көрсетіледі немесе белгілі бір уақытқа кейінгі қалдырылады (дегенмен өмірге қауіпті асқынуларды болу мүмкіндігін естен шығарылмайды). Бұл топтағы адамдарды бірінші кезекте эвакуациялайды.
4-ші сұрыптау тобы – жеңіл және орташа ауырлықтағы зақымданулары бар, функциональдық бұзылыстары айқын емес немесе жоқ зақымданушылар. Өмір үшін болжамы қолайлы. Қауіпті асқынулардың дамуының болу мүмкіншілігі аз. Оларды эвакуациялау екінші кезекте жалпы мақсаттағы көлікпен жүргізіледі.
5-ші сұрыптау тобы – жеңіл жарақат алғандар, еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру қолайлы, тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық емдеуді (байқауды) қажет ететіндер. Эвакуациял

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Биология | Медициналық сұрыптау Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары
» Реферат: Биология | Медициналық сұрыптаудың түрлері мен типтері
» Реферат: Технология | Массив элементтерін сұрыптау
» Реферат: “Пациент” туралы түсінік
» Реферат: Биология | Төтенше жағдай ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар

Іздеп көріңіз: