Реферат: Биология | ТАМЫР ІШІНДЕГІ ШАШЫРАНДЫ ҚАН ҰЮ

Реферат:  Биология | ТАМЫР ІШІНДЕГІ ШАШЫРАНДЫ ҚАН ҰЮ

ТАМЫР ІШІНДЕГІ ШАШЫРАНДЫ ҚАН ҰЮ

СИНДРОМЫ (ТШҚҢ — СИНДРОМЫ) НЕМЕСЕ ТРОМБОГЕМОРРАГИЯЛЫҚ СИНДРОМ.

Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы жиі кездесетін дерттік көріністерге жатады. Ол көптеген дерттік жағдайларда: сепсис, вирусемия кездерінде, қатерлі ісіктер мен шоктардың барлық түрлерінде, әсіресе кардиогендік шок кезінде, ауыр жарақатпен, әсіресе қансыраумен қабаттасатын хирургиялық әрекеттерде, акушерлік патологияларда, үлкен күйіктерде, үсіктерде, сүйек сынықтарында, жұмсақ тіндердің жаншылуларында, бүйрек, бауыр, ұйқы безі бүліністерінде, тез дамитын тамыр ішіндегі гемолиз бен лейкоциттердің цитолизінің барлық түрлерінде, гемобластоздарда, созылмалы миелолейкозда, жүйелі қызыл жегіде, түйінді периартеритте және басқа иммундық ауруларда, геморрагиялық васкулитте, көп мөлшерде гемотрансфузияларда т. б.жағдайларда кездеседі.

ТШҚҰ — синдромы екі сатыда дамиды.

Бірінші сатысында қанның ұюы артып, гиперкоагуляция дамиды. Бұл саты қысқа мерзімде болуы мүмкін және ол көптеген тамырлардың ішінде қан ұйып қалуынан ішкі ағзалардың (өкпе, бүйрек, бауыр, бүйрек үсті безі, жүрек, ми ж. б.) майда тамырлары бітеледі. Осыдан гиперкоагуляциялық шок дамып, ауырған адам кенеттен жан тапсыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда гиперкоагуляция баяу түрде байқалмай өтеді.

Шашыранды тамыр ішіндегі қан ұю синдромының екінші сатысында терең гипокоагуляция дамиды. Бұл кезде жиі ауыр қан кетулер болады. Сондықтан толық синдромды тромбогеморрагиялық синдром деп те атайды.

Қауырт тромбогеморрагиялық синдром кездерінде адамның өлімі 30—60%-ға жетуі мүмкін.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат ТАМЫР ІШІНДЕГІ ШАШЫРАНДЫ ҚАН ҰЮ туралы реферат биология казакша на казахском, реферат ТАМЫР ІШІНДЕГІ ШАШЫРАНДЫ ҚАН ҰЮ на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]